Реферат: Қаржы | Қазақстанның Ұлттық банкі оның мақсаты мен міндеттері қызметінің бағыттары пайдасы
Қазақстанның Ұлттық банкі,оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, пайдасы.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың ролі мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқру құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша несиелік және валюталық саясатты анықтайды,оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық Банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттың банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктер орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.
Тәжірибеде жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізіледі, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк-ақша резервтетінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банктің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар.
- оның капиталының қалыптасуы 100 пайыз мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым ( мемлекеттің қатсыуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Неізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкке тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қарлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен манеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады.Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- Банктік және басқа неиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттыры:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік,есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкиялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуесіз балансын жасау;
- Ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
- Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай кызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасы аумағында шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берүшісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетүге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісім және банк операцияларын жүргізүге лицензия береді;
- Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіп пен міндетті сараптауын жүргізеді;
- Ол банктерге несие берүге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие берушы болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі пруденциялдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге береді;
- Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізүін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізүге болады;
- Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
- Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдікғ валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп брудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
- Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілермен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
- Ұлттық банкке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
- Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
- Қазақстан Респупликасы банктерінің жиынтық балансын құруда және тұрақты түрде жариялайды;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құруда және тұрақты түрде жариялайды;
- Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
- Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
- Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айрысу және Ұйымдардың кассалық қызмет көрсетумен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
3. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макро экономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияга (қаржылық) орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатгы несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылык ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі; екінші категория мәселелеріне банктердің "сапасыз" (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардын қаржылық ресурстарга қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың өміршен емес (шығынды) кәсіпорындардан пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың I тоқсанында несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің - 11,3%-ын құраса, ал 4 тоқсанда - 29,8% кұрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттык банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың I тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы - 6,7%-ды кұраса, IV тоқсанда - 17,8%-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқьшы орталыктандырылған әкімшілдік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің нашар несиелерден кұрылуына әкеліп соқтырады.
1993 ж. Ұлттық банктен 7,5 млрд теңге сомасында орталықтандырылған несие берілді, 5,6 млрд теңгесі - үкіметке, олардың үлесі 75%-ды құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын сома 138,5 млн теңгеге немесе 3,9%-ға тең болды, қалған бөлігiнің мерзiмі ұзартылған болып табылды.
Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінін жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор - бұл төден пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктін көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланды. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500%-дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін жоғарылағанда, ал инфляция 1000%-ды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.
Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіруі - мерзімі өтіп кеткен қарыздардың ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.
Төменгі пайыз мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан қорғайтын ең басты құрал болып табылды. Салымдар үшін төлейтін банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығынның орнын жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне байланысты, несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.
Несиелік ресурстарды улестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі әсері ықпалын тигізді. Субсидиялық несиелер деп – кәсіпорындардың өздеріне тән шығындарының орнын толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен бірге, кәсіпорының дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар т.б. Олар Ұлттық банктің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 ж. 4 тоқсанында 65% төмен) мөлшерлеме бойынша берілді. Қаражаттандырылған несиелер саясаты кәдімгі несие мен мемлекеттік дотация арасындағы айырмашылықты мүлде жойды. Бұл қарыздарды кәсіпорындар өтемеді.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарға және есеп айырысуда өзара есептесуді жүргізу үшін жеңілдікті несиелерді беру тәжірибесі кеңінен қолданады. 1992 ж. Ұлттық банктің бұндағы несиелерінің үлесі барлық қайта қаражыландырған несиелердің 70%-ын немесе барлық несиелік салымнын 42%-ын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.
Ұлттық банк кәсіпорындар қарыздарының жаппай есеп айырысуын (клиринг) жүргізу кезінде қарыз-кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 ж. осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелердін 30%-зы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.
Дегенмен жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартуға берілгенімен де, олар кәсіп-орындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық - қаржылық алып сатарлыққа мүмкіндік туғызды.
Несиелік нарықтын мәселелері қолма-қолсыз есеп айырысудың бұрынғы жүйесі және есеп айырысу құжаттары бойынша несиелеу жойылған кезде байқалды. Кәсіпорындар өздерінің өнімдерін алушыларға жабдықтаудың келісімі мен жоспарына сәйкес жөнелтіп, олардың төлем қабілеттілігін тексермеді. Егер сатып алушының шотында ақша қаражаты болмаса, онда банк оған бірден несие беретін, бұл кезде төлемсіздік тәуекелі деген болмайтын. Бұл жуйені алып тастаган соң (кәсіпорындар несие төлеуге қабілетсіз болса, оларға банктер несие бермейтін болды) төлемсіздік дағдарысы орын алады; төлемдерді кешіктіру немесе бірқатар кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер үшін төлем төлей алмауы - төлемсіздік тізбегін туғызды.
1993 ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:
- Ұлттық банктің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай-несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай-несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банктің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді;
- экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;
- банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;
- республикалык бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылык нарыктарда инфляциялық емес әдістер аркылы қаржыландыруға көшу;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында төлем-дердің қауіпсіз, уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы кызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту;
- орта және ұзақ мерзімді инвестициялык жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесінің негізін калау.
1995 ж. бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге беретін несиелерінің негізгі массасы аукцион аркылы ресурстар 3 ай мерзімйе берілсе, екінші жартысында операциялардың барлық ауыртпалыгы мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығы дамыды. Қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңiнде Ұлттық банк айналысқа бағалы қағаздарды шығару (нота) жолымен ақша массасының өсімін стерилизациялап отырды.
Ақша массасыньщ көлемін тиімді мөлшерде ұстау қажеттілігімен туындайтын банктің өтімділігін реттеудегі мiндетті резервтер деңгейі, 1995 ж. наурыз айында, теңге және шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің деңгейінін 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің балама тәртібіне көшкен банктердің резервтері үшін төлемдік принципін сақтады және оған төлейтін ақы мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 25% деңгейде қалды.
1995 ж. Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1995 ж. айналыс мерзімі 3 айлык қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд теңгені құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер -0,8 млрд теңге көлемінде айналысқа шығарылды. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: