Реферат: Тарих | Мауераннахр мемлекеттің тарихы
МАУЕРАННАХР, М ә у р е н н а х р (араб. "өзеннің арғы жағы") — Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығындағы жерлер. М. атауы 7 — 8 ғ-лардағы арабтардың Орталық Азияға жорықтарынан кейін пайда болды. М. жеріне арабтар 705 ж. басып кірді. Араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 710 — 712 ж. Бұхара мен Самар-қандты, 714 ж. Шаш (Ташкент) пен Фарабты (Отырар) алып, ислам дінін, араб тілін енгізді. М. халқы Жетісу түріктерімен одақтасып, басқыншыларды Әмударияның арғы бетіндегі Мервке бірнеше рет ығыстырды. 8 ғ-дың 40-жылдарында Хорасан мен М-дың соңғы өміршісі Наср ибн Сейяр жергілікті халықтар көтерілісін басу үшін Самарқанд, Шаш, Фарабқа жорық жасап, Әмудария мен Сырдария аралығындағы жерлерді түпкілікті бағындырды. Сөйтіп бұл жерлер М. деп аталды. 8 ғ-дың аяғында қарлұқтар М-дың солтүстігіндегі жерлер үшін арабтарға қарсы күресті. 9 — 10 ғ-ларда М. ирандық Самани әулеті (892 — 999) құрған мемлекет құрамында болды. 10 ғ-дың аяғынан бастап М-ға Қарахан билеушілері бірнеше жорық ұйымдастырып, 990 ж. Самарқанд мен Шашты, 992 ж. саманилер астанасы болған Бұхараны бағындырды. 1005 ж. Қарахандар қолына М. түпкілікті көшіп, кейін мұнда Батыс Қарахан қағанаты құрылды. 12 ғ-да Хорезм шаһтарына бағынып, 13 ғ-да М. Шыңғыс хан империясының, 14 ғ-дың 70-жылдарынан бастап Әмір Темір мемлекетінің құрамында болды. 16 ғ-да Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияға жорығынан кейін М. көшпелі өзбек мемлекетінің қол астына өтті. 16 ғ-дың аяғында қазақ ханы Тәуекел Әндіжан, Ташкент пен Ферғананы басып алып, М-дың солт. бөлігін Қазақ хаңдығының құрамына қосты. М-дың қалған бөлігінде Аштархан әулеті (1601 — 1756) үстемдік етті. 17 ғ-дың 2-жартысынан бастап мұнда Бұхара, Хиуа, Қоқан сияқты Орт. Азия хандық-тары құрылды. М-дың Самарқаңд, Бұхара, Ходжент сияқты қ-лары Орт. Азиядағы ірі сауда және мәдениет орт. болды. М-дан ғылым мен мәдениетке үлкен үлес қосқан Әбу Әли ибн Сина, Бұхари, Рудаки, Ұлықбек, т.б. шықты.
XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке - шығыс және батыс бөліктерге бөлінді: Шағатай ұлысы қоныс еткен Мауеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды.
Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін ислам дінін қабылдаған. Сонымен бірге ол өзіне қарасты ел арасында ислам дінін таратуға батыл шаралар қолданған. Мұның өзі Тоғылық Темірдің беделін арттырып, елдегі үстемдігін нығайта түсті. Осыдан кейін ол бұл кезде феодалдық ыдырау жолына түскен Мәуеренахарда Шағатай әулетінің билігін қалпына келтірмекші болды. Сөйтіп, бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билікті жүргізуді кексеген Тоғылық Темір Мәуеренахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. 1358 жылы ол астыртын кісі жіберіп Қазаған өмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мүрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуеренахр бірнеше тәуелсіз иеліктерге бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. Өзінің алғашқы жорығына Тоғылық Темір Жетісудан 1360 жылғы ақпан-наурыз айларында аттанды. Әскерлерімен Ташкентке жақын жерде тоқтап, Тоғылық Темір хан ілгері қарай барлаушы тобын жіберді. Ол Сырдариядан етіп, Шахрисябз қаласына қарай жүріп кетті. Тоғылық-Темірдің өзара жауласып жатқан жергілікті өмірлер өзіне қарсылық көрсетпейді деген есебі ақталды. Солардың бірі - Орта Азияның болашақ билеушісі Әмір Темір Тоғылық Темірге бағынатынын білдіріп, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен өзіне басқаруға алды.
Алайда, Моғол әскерлерінің одан әрі ілгерлеуіне Тоғылық-Темір әскер басыларының арасындағы алауыздық кедергі келтірді. Олар әуелі хан ордасына келіп, содан соң бүлік шығарып, Моғолстанға қайтып кетті. Моғол ханы Мәуеренахрды бағындыру жөніндегі одан арғы әрекетін тоқтатуға мәжбүр болды. Моғолстан әміршілерінің бүлігін басқан соң, Тоғылық Темір 1361 жылы көктемде тағы да Мәуеренахрға аттанды. Тоғылық әскерлеріне Мәуеренахрдың әміршілерінің бірі Хожа-Барлас жөнді қарсылық көрсете алмай қашқанда Темір оған ілеспеді. Ол Тоғылық Темірге тағы да өзінің бағынышты екенін мойындады, сөйтіп Шахрисяб түменінің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұның өзі оған Барлас тайпасына көсем құқығын берді. Бұл тұста ол 25 жаста еді. Мәуеренахрға екінші рет шабуыл жасап, оны бағындырған Тоғылық өмір оған билеуші етіп баласы Ілияс-қожаны қалдырды. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Осындай тынымсыз шайқастардың бірінде оның екі саусағы кесіліп, бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша - ақсақ) Ақсақ Темір атанды. Ақсақ Темір мен Хұсайын Моғолстан әскерлерін талқандап, Мәуеренахрдағы жергілікті өмірлерді тізе бүктірді.
Тоғылық Темірден кейін Моғолстанның ханы болған Ілияс-Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге әрекет жасады. Темір өз өскерлерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында Батпақты деген жерде қарыс алды. Бұл жерде өткен белгілі «Батпақ шайқасында» Өмір Темір жеңіліп қашып құтылды. Шайқас кезінде екі жақтан 10 мыңға жуық адам қаза тапты.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: