Реферат: Экономика | Маркетингтік орта

Реферат: Экономика | Маркетингтік орта

Макроорта фирманың қоршап тұратын және қалыптасуына әсер ететін фак – торлардан тұрады. Ф.Котлер бойынша, макроорта факторларына демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми – техникалық, саяси және әлеуметтік – мәдени факторлар жатады.
Демографиялық орта. Демографиялық ортаның зерттелуі бүкілдүние жүзі біртұтас әлемдік нарыққа айнала бастауымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде демогра-фиялық ортада мынадай өзгерістер болып жатыр.
А. Халық санының өсуі. Әлемдік демографиялық дүмпу болып жатыр. Егер 1981 жылы жер шарындағы адам саны 4,5 млрд адамболса, 2004 жылы ол 6 млрд -қа жетті.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, республикамыздағы халық саны 1993 жылы 18 млн, 1997 жылы 16,5 млн, 2000 жылы 14,8 млн, ал 2004 жылы 15,01 млн адамды құрады. Нарықтық экономикаға өту кезеңі халық санының аза –юы, экономиканың құлдырауы, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, көші – қон про –цестері, бала тууыдың азаюы, өлім санының көбеюімен сипатталады. Миграция –лық тасқынның өсуі 1994 жылы байқалды. Бұл жылы елімізден 410 мыңға жуық адам қоныс аударды.
Б. Халықтың жас шамасы құрылымы. Әлем бойынша халқы ең жас ел – Мексика, ал ең кәрі ел – Жапония. Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы туу са-ны 1980 жылы 23,9, 2001 жылы 14,9, ал 2004 жылы 16,7 адамнан келеді. Сәбилер-дің дүниеге келуінің азаюы балаларға арналған тауарлар шығаратын фирма қыз –метіне өз ықпалын тигізіп, фирманың тауар стратегиясын қайта қарауға мәжбүр етеді.
Экономикалық орта. Нарықтың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейім –делу мақсатында маркетингтің макроорта факторларын әрдайым бақылап отыру қажет. Бұл факторлардың ішінде фирма жағдайына әсер ететін ең маңыздысы – экономикалық фактор болып табылады.
Жетілген техника, технология және шаруашылықты жүргізу тәжірибесінің шеңберіндегі экономикалық факторларға өндіріс пен қызмет көрсетудің құрлымы мен ауқымы, тұтынушылардың сатып алу қабілеті, жан басына шаққандағы табыс шығындар, инфляция деңгейі, жұмыссыздық және т.б. жатады. Нарыққа көшу ке -зеңіндегі өндірістің құлдырауы, экономикалық күйзеліс, табыстың төмендігі, ин –фляция деңгейі, жоғары баға және несие алудағы қиыншылықтар халықтың сатып алу қабілетіне әсер етеді.
Нарыққа көшудің бастапқы кезеңіне қарыздар, төленбеген төлем, ақшалай суррогаттар, бартерлік қатынастар және тағы басқа айналым – ауыспалар тән бол-ды да, олар көлеңкелі экономиканың тамыр жаюына, экономиканың долларлану –ына және капиталдың шетке шығуына мүмкіндік береді. Осылайша, республика –дан капиталдың «жылыстауы» 1994 жылы 337 млн, ал 1995 жылы 142 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан ең ірі капитал жылыстауының жасырын түрі 1993 жылы 849 млн долларға жетті. Өтпелі экономика жылдары капитал елеулі жылыстады, халық тұтынатын валютаның негізгі бөлігі «желқайықтар» операция-сында қолданылып, көлеңкелі айналымға қызмет көрсетті және шетелге кетті.
Қазақстанда жүргізілген реформа тәжірибесі жетілген нарықтық экономика -ны құру үшін ойластырылған экономикалық саясат пен мемлекеттік реттеу шара -сы керек екенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтерді өндіру, ІЖӨ динамикасы, ха -лықтың жан басына шаққандағы табысы, инфляция деңгейі, жұмыссыздық сияқ –ты, макрожүйенің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді талдап көрейік.
Қазіргі кезде республика экономикасы өсу кезеңінде. 1999 жылдың екінші жартысынан бастап ІЖӨ мен өндіріс көлемінің тұрақты өсуі байқалады. ІЖӨ -нің тұрақты өсуіне Қазақстанның экспортқа шығарылған тауарларында қалыптасқан әлемдік бағаның жоғары деңгейі сияқты факторлармен қатар, отандық кәсіпорын-дардың іскерлік белсенділігінің артуы сияқты ішкіфакторлар әсер етті.
Болашақ бағдарламасы – инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту. Ол үшін туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдары сияқты клас –терлер дамытылады.
Қазақстандағы шетел инвестицияларының 80,3%-нан көбі тау – кен өнеркә -сібіне бағытталған.
Адамдардың өзімен бірге олардың сатып алу қабілеті үлкен маңызға ие бол -ды. Сатып алу қабілетінің жалпы деңгейі табысқа, бағаға, жинақ қаражатына және несие алу жеңілдігіне байланысты экономикалық құлдырау, жұмыссыздық, несие алу құнының өсуі сатып алуға қабілетіне қатты әсер етті.
Табиғи орта. Уақыт өткен сайын мұнай, көмір, түсті металл секілді табиғи ресурстарының жұтаң тартып, кеміп бара жатқаны байқалады. Мұның өзі табиғат қорларын ұтымды пайдалануды талап етеді. Су мен ауа таусылмайтын ресурстар секілді көрінгенмен, олардың да энергетикалық және шикізат ресурстары секілді бір күндері таусылары анық. Қазақстан ұлттық табыстың ¾ бөлігін минералды ре-сурстарды өндіру арқылы алады. Республикамыз дүние жүзі елдері арасында ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Маркетингтік орта туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Маркетингтік орта

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]