Реферат: Мамандырылған контейнер

Реферат: Мамандырылған контейнер

Мамандырылған темір жол контейнері – құрылымы жекелеген және соған байланысты жүктің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған контейнерлер.
Мамандарылыған контейнерлер брутто массасының ең жоғары көрсеткіші бойынша былай жіктеледі:
- шағын тонналық контейнер (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 2,5 тоннадан аз);
- орташа тонналық мамандырылған контейнер (2,5 тоннадан 10 тоннаға дейін);
- ірі тонналық мамандырылған темір жол контейнері (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 10,0 тоннадан жоғары);
Құрылымынң ерекшелігі бойынша мамандырылған контейнерлер былайша жіктеледі:
- параметрлері бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келетін;
- құрылым бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келмейтін;
- с.і. қатты, жұмсақ және құрастырылған.
Мамандырылған контейнерлердің әмбебап контейнерлерден құрылымдық ерекшелігі - салмақ түсетін қаңқа ішінде цистерна, бункер немесе жүк жайластырылатын басқа ыдыс орналасады.

Танк-контейнерлер (цистерналар) — сұйықтықтар мен сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған. Танк-контейнер арматурамен және салмақ күшімен де, қысыммен де түсіру құрылғыларымен жасақталған қаңқа (жақтау элементтері), цистерна түрінде болады.
Жүктің қолайлылығы және сақталуы

Танк-контейнерлер тасымалдауларды әлдеқайда жеңілдете түседі – олар тиеу және тасымалдау үшін өте қолайлы. 20 футтық контейнер (20’x 8’x8’6") негізгі көліктік модуль болып табылады, сондықтан танк-контейнерді автомобиль, темір жол және су көлігінде қолдануға болады. Танк-контейнерлерді пайдалану арқылы жүктерді тасымалдағанда олардың сақталуы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.


Танк-контейнерлерде тасымалдауға және сақтауға ұсынылатын азық-түліктер:

Азық-түлік өнімдері– спирті бар сұйықтықтар (сыра, шарап, коньяк, арақ), тамаққа арналған майлар, тамақ дәмдегіштері, құнарландырылған жеміс шырындары, минералды сулар, сүт.
Өнеркәсіптік өнімдер – мұнай және мұнай өнімдері, майлар және майлағыш заттар, сұйытылған газдар, химиялық заттар, бояулар, тұзды еріткіштер, майлы қышқылдар.


Сенімділік және сапа

Танк-контейнерлер тасымалданатын өнімдер әсеріне төзімді материалдардан жасалған және оларға әсер етпейді. Олар жылу оқшаулағыш және бумен жылытқыш жүйемен жасақталғандықтан, қысқы уақыттта түсіруді едәуір жеңілдетеді.

Танк-контейнер
Презентацияның мақсаты танк-контейнерлерді (цистерналарды) әртүрлі құйма өнімдерді тасымалдау және сақтау үшін пайдалану мүмкіндіктерін бағалау есебімен сипаттауға бағытталған.
Танк-контейнерлердің (цистерналадың) жалпы құрылымы:
Танк-контейнерлер сұйықтықтарды автомобиль немесе теңіз көлігімен тасымалдау, сондай-ақ өндіріс өнімдерін сақтау үшін қолданылады.
Контейнерлер 2 негізгі бөлімнен тұрады:
- қаңқа
- танк (цистерна).
Қаңқасының құрылымы:
Танк-контейнерлер құрылымының өлшемдері мен механикалық шектеулері басқа жалпы мақсаттағы дәстүрлі контейнерлер (құрғақ) сияқты МЕМСТ және ISO нормативтік құжаттардың негізінде анықталып, төмендегідей өлшемдері бар:
- ұзындығы20 '(20 фут = 6,06 м)
- ені 8 "(8 фут = 2,44 м)
- биіктігі 8'6''(8 фут 6 дюйм = 2,59 м)
Танк-контейнерлердің (цистерналардың) өндірісінде қаңқаның әртүрлі құрылымдары пайдаланылады. Олар өндірушіден өндірушіге қарай өзгеріп отырады. Дегенмен барлық танктер бірдей өлшемдерге ие болады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Мамандырылған контейнер туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мамандырылған контейнер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]