Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының экономикасындағы ауыл шаруашылығын дамытудағы қаржының ролі
Қазақстан Республикасының экономикасындағы ауыл шаруашылығын дамытудағы қаржының ролі
Ең біріншіден қаржы түсінігі туралы айтатын болсақ , онда қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үдерісіндегі экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржы өндірісті тұтыну қажеттіліктеріне сәйкес икемдеу, шаруашылық саласында үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне мүмкіндік беру үшін қажет. Қоғамдық қажеттіліктерінің артуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі ақша қорларының құрамы мен құрылымының өзгеруіне әкеледі. Қаржысыз өндірістік қорлардың кеңейтілген нысандағы жеке және қоғамдық өндіріс айналымын қамтамасыз ету, экономиканың аумақтық және салалық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді жедел енгізуді ынталандыру және қоғамның басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес.
2003ж-2005ж арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламаны қабылдар қарсанындағы үш жылды қатарына «ауыл жылдары» деп жариялаған атақты жолдауында Елбасы құжаттың мақсаты мен маңызын айқындап берген болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Республикалық бюджет есебінен 150 млрд.теңге қарастырылып, әр жыл сайын бөлінген қаржы көлемі 9-10 млрд.теңгеге өсіп отырады деп жоспарланды. Сондай-ақ бағдарламада белгіленген барлық шаралар өз нәтижесін беріп отыр. Кодекс жүзеге асырыла бастаған өткен жылдың өзінде ғана екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығына 125 млрд. теңгенің несиесін құйды. Ал оның алдында банктерден біздінң сала үшін 1 млн.теңгенің несиесін алудың өзі үлкен мұн болатын Сондықтан аталған бағдарламаның маңызын республикалық бюджеттен бөлінген 150 млрд.теңгемен ғана есептеуге болмайды. Оның тигізген пайдасы бұдан әлдеқайда зор. Өйткені осы құжатта белгіленген шараларды жүзеге асыру арқылы саланың әлеуметтік қуаты арттырылады. Ауыл шарушылығының тиімді жүйесі құрылып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Құжаттың сондай-ақ саланы жаңа техникалармен жарақтандыруға , оның бәсекелестік қабілеттілігін арттырып, ішкі рыногымызды жаулап алған импорттық өнімдерді ығыстыруға, экспортына қарай бағдарлануына үлкен көмегі тиді. Осы үш жылдың ішінде бұл сала, мемлекеттік лизинг арқылы алынғаны, шаруашылықтардың өздерінің сатып алғандары бар, жалпы жиыны 4380 комбайнмен, 3490 трактормен, басқа да көптеген ауыл шаруашылығы техникалармен байыды. Республика облыстарында 14 МТС құрылып жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы осы үш жылдың ішінде ауыл адамдарының тұрмыс – тіршілігі жақсара түсті.
Мұның сыртында Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны қабылдаған болатын. Ол мынандай келесі мақсаттарды көздейді: экономикалық қызметті дамыту жобаларын қарастыру, құрылыстар, ремонт және әлеуметтік, инжинерлік инфрақұрылымдық объектілерін реконструкциялауы, ауыл шаруашылық территориялардың экономиеалық қауіпсіздігі және әлеуметтік-экономикалық ұйымдардың мониторнигінің дамуы, жердік ресурстардың бағалауы, нормативтердің қалыптасуы және ауыл шаруашылық халықтың орнын ауыстыру бағдарламасының ұйымдастырылуы болып табылады. Бұл мақсаттар екі этапта жүргізіледі: Бірінші этап: 2004Ж-2006ж мынаны қарастырады : әлеуметтік және инженерлік қамтамасыз етілуі ұлттық стандарттың ауыл шаруашылығына табыс және халықтың оптимальді модель қызметі құны арқылы жүзеге асырылады.
Осы соңғы бағдарламада да тиісті қаржымен қуатталып отыр. Оны жүзеге асыруға екі жылдың ішінде мемлекеттен 51,3 млрд.теңге қарастырылып, бұл қаржы игерілу үстінде.
Дегенмен, қазірдің өзінде жүзеге асқан істердің бар екенін айтуға болады. Мәселен, өткен жылдың өзінде бағдарлама аясында республикалық бюджет қаржысымен 33 мектеп, 33 денсаулық сақтау нысаны салынды. 439 ауылдық елді мекен республикалық телеарналар мен радиобағдарламаларды көріп-есту мүмкіндігіне ие болып, 277 елді мекен «Қазақтелеком» қаржысы арқылы байланыс қызметімен қамтылды. Ал жергілікті бюджеттер есебіне іске қосылып, жөндеулен өткізілген білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері қаншама. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруға бас көз болу үшін Министірліктен Ауылдық аумақтар істері жөніндегі коммитет құрылып, лған 2004жылы мониторингін жүргізу тапсырылған болатын.
Еліміздің нарық жолына түсіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне қосылуы экономикамыздағы терең өзгерістерді бастап берді. Осыған сәйкес халықаралық рынок қажет етіп отырған өнімдерін бере алатын салалар неғұрлым тез қарқынмен даму үстінде. Елімізде соңғы жылдары мұнай өндіру көлемі үш есе өсті. Бұл жағдай осы секторды үлкен қозғалысқа келтірді. Осыған мысал ретінде, соңғы оң жылдықтарды дүниежүзі бойынша әлемдік экспорттағы азық-түліктің үлесі 13-9%-а , ал ауыл шаруашылығын шикізаттың 7-2,5%-ға төмендеді. Кез-келген Ұлттың өмірі мен қауіпсіздігі үшін азық-түлік басты қажеттіліктердің бірі болып саналатындықтан, көптеген мемлекеттер , сонымен бірге бізбен көрші елдер, соңғы кездерден бері, өздерін жеткілікті қамтамасыз етудің, осы мақсатта ішкі рыноктарын импорттық өнімдерден қорғаудың барлық амалдарын қарастыруда. Дамушы елдерде ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15-16% ға жеткенде, неғұрлым дамыған елдерде бұл көрсеткіштің бар болғаны 2-3% құрауы айғағы. Ауыл халқының азайып , урбанизацияның белең алуы қазір бүкіл әлемге тән құбылыс.1910 жылы Америкада халықтың 35% –ы аграрлық секторда жұмыс істеген екен. Енді 3-4%-ы ғана қалды. Біздегі ауыл шаруашылықтар саны дәл осындай қысқарғанымен біраз уақыт өткеннен кейін оның мөлшері 20%-ға дейін төмендейтіндігіне сенім мәлім. Халық азайғанымен ауыл шаруашылығы өндірісі көлемі өспесе, төмендемейді. Әлемнің ірі астық секілді Қазақстанның да бұл тұтыеу рыногынан үлкен үміті бар. Себебі, біз алыптың дәл іргесінде тұрмыз. Екіншіден астық өндірісін дамытудағы еліміздің ішкі мүмкіндіктері қазіргі 13-14 млн.тоннамен шектелмейді.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының болашағынан үлкен үміт күттіретін ең үлкен фактордың бірі еліміздің жалпы экономикалық жағдайының тұрақтануымен және қарқынды түрде алға болуымен байланысты болып отыр.
Біз қазір мемлекеттік қолдау нәтижесінде ғана ауыл шаруашылығында агротехникалық шараларды өз мәнінде жүргізе бастадық. Мыал үшін айтсақ, бізге барлық егіншілік тұқымының сапасын толықтай сараптамадан өткізуге және шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мүмкіндігін беріп отыр.Егер 2002 жылы барлық сепкен тұқымымыздың 33% ғана кондициясы болса, биыл бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізгені, соның ішінде 1-2 кластың үлесін 70%-ға дейін арттыра алғандығында осы шаралардың нәтижесі.
Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысымен Бүкіл Сауда Ұйымына кіру бойынша келіссөз барысын нығайту, Қазақстанның өз көзқарастарынқорғап қалуына ықпал ету мақсатында импортқа салынатын кеден баждарының көлемі көбейтілді.
Ауыл жылдарындааграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына республикалық бюджет есебінен 2024 млрд.теңге бөлініп, әр жылға орта есеппен алғанда 64,5 млрд.теңгеден айналды. Лизингтік бағдарламаны жүзеге асыру есебінен саланың малшатрактор паркін жақсартуға жеке қаржыларды тартудың сәті түсті. Бүгінгі күні республика бойынша жарғы қорының жиынтығы 2,9 млрд.теңгені құрайтын 130 ауылдық несие бірлестігі жұмыс істеуде. Оларда 4,3 мың ауыл щаруашылық тауарларын өндіруші құрылтайшы есебінде тіркелген. Бұл несие серіктестіктерін 9 млрд.теңгеге жуық несие бөлінді.
Мұның сыртында 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын қаржыландыруға соңғы екі жылдан бері 56 млрд.теңге қарастырылды. Ауылдық инфрақұрылымын жетілдіруге, соның ішінде ауыз суға-14 млрд.теңге, мектепке-17 млрд.теңге, денсаулық сақтау-15,2 млрд теңге болды. Ал 2006 жыл үшін ауыл шаруашыылқ министрлігі 91 млрд. теңге шамасы қарастырылып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтерді қоса 2005 жылдың қаңтар – желтоқсанында тұтастай республика бойынша ағымдағы бағада 764,8 млрд.теңгені құрады. Бұл 2004 жылдың тиісті кезеңіндегі 6,7-ға көп , оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері -408,8 млрд.теңге, ал мал шаруашылығы өнімдері-365,0 млрд.теңге.
Қорыта келгенде, еліміздің ауыл шаруашылық саласы жылдан жылға алға басып келеді. Ол өзінің тиімді даму жолына енді түсті. Статистикалық деректерінің көрсеткіштеріне қарайтын болсақ ауыл шаруашылығының жалпы өнімің көлемі 2005ж қаңтары мен 2004ж желтоқсанымен 55,8 болып отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жалпы бюджеті 7,9 млрд.теңгенің құрағандығын, мұның 6,3 млрд.теңгені агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жұмсалғандығын еске алсақ, соның аз қаржы емес екендігіне көз жеткіземіз яғни ауылға деген мемлекет қолдауы соңғы 5 жылда 10 еседен өсіп отыр.
Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы, оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.
Қоғамдық қайта өндіруді анықтайтын фактор бәсекелестік болып табылады. Ол бәсекелестік процесске қатысушыларды сұраныспен бейнеленетін қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейді. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін көтереді.
Қазақстандағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы экономикалық өсудің негізгі шарты болып отыр. «Қазақстан-» даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді.
Сыртқы нарықтарда тұтыну үшін күрес шын мәнде бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Сол себептен де тауадың бәсекеқабілеттілігі мен оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекетті, экономиканы құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі БСҰ кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. жылдың 19 наурызында елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауы соған дәлел болып отыр. Ол жолдауда мынандай сөздер келтірілген:
“Мемлекеттің бәсекеге қабілетті елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделінің артуынан мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің бараныша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып отыр. Біз бұған өз еліміздің бәсекеқабілеттілігін арттыру арқылы елімізді дамытудың дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экономика | Құндық категория ретінде қаржының ұғымы оның мәні мен қажеттігі
» Реферат: Экономика | Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары
» Реферат: Экономика | Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
» Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар нарығында баға белгілеу
» Реферат: Экономика | Қаржының мәні

Іздеп көріңіз: