Реферат: Экономика | Қазақстан-2030 даму стратегиясы
Қазақстан-2030 даму стратегиясы
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Бүгін мен сіздерге еліміз бен қоғамымыздың одан әрі дамуы жайындағы өз пайымымды баяндамақпын. Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік туғызады.
Әңгіме еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі жөніндегі нақты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында алдыңғы Жолдауда да айтылған еді.
1997 жылы сіздер мен ұсынған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын қолдадыңыздар, онда біздің қоғамның келешек мүмкіндіктері мен біздің мемлекеттің ұлық мұратына деген көзқарас таныстырылған болатын.
Бұл әлі қанаты қатая қоймаған жас тәуелсіз мемлекеттің ұлы таңдауы еді. Сол кезде осы Стратегия турасында күмән аз бола қоймағанын білемін.
Сол уақытта, естеріңізде болар, біздің жинақтаған қорымыз негізінен зілбатпан әлеуметтік-экономикалық проблемалардан және егеменді даму мен либералдық реформалардың азын-аулақ алғашқы тәжірибелерінен ғана тұратын.
Сол тұста, 10 жыл бұрын, біз өз таңдауымызда қателескен жоқпыз.
Нақ сол уақыттан Қазақстан нарықтық экономиканың теоремалары мен демократиялық дамудың аксиомаларын бірінен кейін бірін игере отырып, дәйектілікпен ілгері адымдай бастады.
Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демокра¬тиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік.
Біз ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп, өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде орнықты.
Біз үшінші дүниенің мемлекеті болуды қойдық. Бұл өткен 10 жылдағы жұмысымыздың басты қорытындысы.
Енді келесі онжылдықтағы одан арғы жұмысымызды белгілеп бергім келеді.
“Қазақстан-2030” Стратегиясын дәйектілікпен орындау өзіміздің алдағы ілгерілеуіміз үшін берік негізді қамтамасыз етті. Бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, біз мұндай тарихи мүмкіндікті уысымыздан шығармайтын боламыз.
Сол үшін де Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдап алынды.
Бұл – біздің бұдан былайғы дамуымыздың бірден-бір дұрыс арнасы.
Біз осы заманғы әлемде Қазақстанға және қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын қамтамасыз ету үшін сыртқы рыноктарға шығып, сенімді орнығуға міндеттіміз.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:
Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;
Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек.
Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Және мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы.
Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге экономиканың барлық деңгейінде – бүгінгі де, сол секілді ықтимал мүмкін болатын нақты да перспективалы бәсекелестік артықшылықтарымызды қажеттілікпен әрі сарабдалдықпен анықтауға және пайдалануға тура келеді.
Жүйелілік – біздің осы заманғы әлемде таяудағы онжылдықта алға жедел жылжуымыздың басты қағидасы, міне, осы.
Бұл үшін бізде барлық алғышарттар бар.
Біздің иелігімізде: орасан зор аумақ; ұтымды географиялық және коммуникациялық-көліктік орналасуымыз; елеулі табиғи ресурстарымыз бар.
Біз өңірлік экономикада көшбасшылық шептерге шықтық, халықаралық әріптестерімізбен сындарлы қатынастар орнаттық, саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіздік.
Осыдан он жыл бұрын – 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сендік. Біз қателескен жоқпыз.
Біз бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты.
Күн тәртібіне еліміз дамуының ой қисыны, сонымен қатар кең ауқымды сипаттағы терең мағынасы бар барынша байыпты түбегейлі қоғамдық міндеттер қойылып отыр. Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастардың бүкіл жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды табанды түрде қажетсінеді, мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді.
Қазақстанның көптеген проблемаларының, айталық, табиғатты қорғау сияқты проблемасының, шекарааралық сипаты бар. Оларды өзіміздің көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесіп, бассейндік қағидаттың негізінде ғана шешуге болады. Бұл үшін халықаралық қатысумен, Дунай, Альпі және Анды келісімдерінің үлгісі бойынша тұрлаулы дамудың шекарааралық аймағы құрылуға тиіс.
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап, індеттер мен экологиялық апаттарға қарсы күреске дейінгі өміршең маңызды мәселелерді шешуде басқа елдермен ынтымақтаса отырып, біз өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде өзіміздің рөліміз бен беделімізді алдағы уақытта да нығайта беретін боламыз.
Мұның бәрі де біз үшін басымдықты болып табылатын Ресеймен және Қытаймен арадағы тату көршілік өзара қарым-қатынастарымыздан, АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті, Еуропа Одағы елдерімен көп тарапты ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігіміз бен бұл бағыттағы практикалық қадамдарымыздан айқын көрінеді.
Дамыған деген мемлекеттер қатарына кіру үшін, сатып алушылық қабылетінің паритетіне қарай есептелінетін, жан басына шаққандағы жалпы ұлттық кіріс мөлшері, белгілі бір шекті мәнінен асатын болуы керек. Онда «бойына» қарай тұрғызу бар. Қазақстан, жан басына есептегендегі жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көрсеткіші бойынша, жан басына есептегендегі кіріс мөлшері орташа көрсеткіштен жоғары елдердің қатарына жатады. Бұрындары өтпелі экономикалар деп аталған Ресей, Қазақстан және басқа да посткеңестік республикалар, қазір дамушы рыноктар деп сараланған. Және біз әлемдегі дамыған деген елдер қатарына еш кіре алмаймыз.
Осы арада, бұрынғы социалистік лагердің Еуроодаққа кірген барлық елдері дамыған деген елдер қатарына автоматты түрде жатқызылды. Бірақ шын мәнінде жан басына шаққандағы ЖҰӨ мөлшерінің белгілі бір шекті мәнін қанағаттандыратын тек қана Словения мен Словакия. Және БҰҰ табыс деңгейі бойынша елдерді саралау үшін шекті мәндерді волюнтаристік тәсілмен емес, дамудың нақты көрсеткіштерін қортындылап анықтаған.
Сатып алушылық қабылетінің паритеті тұрғысынан, жалпы ұлттық табыс көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 95 орында екенін айтқым келеді. 207 мемлекеттің 95 орнында. Ол дегеніміз бір жылда адам басына ІЖӨ-нің $9700 келеді деген сөз. Біздің алдымызда Беларусия, $10 740 – 87 орында, Ресей адам басына $14440 – 73 орында, Ал бұл көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орында Люксенбург – оларда адам басына $63 500-ден келеді.
Егер рейтингі үшін ТМД-ның үш елін ғана алып, біз олардан асып түстік десек, ол факт емес. Бұл, жұмсақ айтсақ, мүлтіксіз салыстыру емес.
Қазір сәнге айналды - әрбір министірлік, мекеме, десаулық сақтау саласы, білім беру және басқалары да, біз рейтигі бойынша 50-ліктің ішіне кірдік деп мәлімдей беретін болды.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Тарих | Қазақстан-2050 стратегиясы
» Реферат: Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
» Реферат: Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
» Реферат: Экономика | Қазақстан мен Германия
» Реферат: Холдингтер құрастыру қажеттілігі маңызы және түрлері

Іздеп көріңіз: