Реферат: Экономика | Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі

Реферат: Экономика | Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі

Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады. Әрине азаматтар ақшасын кәсіпорындарына өздері салуына да болады, бірақ инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) одан гөрі тиімдірек, қызметкерлері коньюнктураның құйтырқысын жақсы біледі, оның үстіне олар облигацияны анағұрлым арзанға алуы мүмкін.
Бүгінде Қазақстан үкіметі көптеген кәсіпорындарын дотация арқылы және болымсыз процентпен несие ұстап отыр. Ертең олар жекеменшікке ауысқанда соларға кеткен қаржы әлеуметтік салаларды қамтамасыздандыруға жұмсалмақ. Сондықтан елдің экономикасын көтеруде бағалы қағаздың маңызы зор.
2. Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі
Бағалы қағаздар рыногін жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың май айында 1996-1998 жылдар аралығындағы бағалы қағаздар рыногын дамыиу бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты рыноктың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады.Болашақта бұл бағдарламаға өзгертулер енгізіледі. Өйткені бағалы қағаздарды шығару орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол факгордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.
Бағалы қағаздар рыногындағы негізгі қаржылық - акциялар мен мемлекеттік құнды қағаздар.
1997 жылы 1 маусымда 3758 акционерлік қоғам акциялар шығарылымын тіркеуден өткізді. Олардың басым бөлігі акционерлік қоғамға айналған бұрынгы кәсіпорындар.
1995-1997 жылдардағы акциялар шығарылымы 304,421310 млрд теңге, 1997 жылы қаңтар-маусым аралығындағысы - 110,746 млрд теңге болды. Ал бұл аралықтағы жалпы өнім өндіру 358 млрд теңге болғанын атап кету керек.
Корпоративті құнды қағаздар рыногында талдау жасағанда, қайтара шығарылым кәсіпорындарының қор рыногы арқылы инвестиция алуға дайындығы бар екендігін білдіретін елеулі фактор ретінде аталады.
Қайтара шығарылым акциялары үстіміздегі жылдың 1 маусымында 63,3525 млрд теңге болды. Бұл барлық шығарылымның азғана мөлшерін (қаржылай түрде) еске ала келе, акциялардың әлі толық инвестициялық құрал болып үлгермегендігін, олардың шығарылымы тек жекешелендіру қорытындысын нығайтуға қызмет ететіндігін түйіндеуге болады. Мамыр айындағы (2003ж) дерек бойынша Халықаралық Қазақ қоры биржасына 4 акционерлік қоғамның мемлекеттік пакеттері қойылған. Осының біреуінің өзімен ғана осы уақытқа дейін 5041050 теңгенің саудасы жасалған.
Сөйтіп, жалпы алғанда бағалы қағаздардың бастапқы рыногы салыстырмалы түрде қалыптасып қалғанын, екінші рыногы баяу дамуда екенін байкаймыз. Қазір Халықтық банкіге салым салушылардың өсе түскенін байқауга болады. Ұлттық статистика агентгігінің мәліметі бойынша, үстіміздегі жылдың алғашқы 2 айында салымшылар 7,7%-ке өссе, наурыз айында салым 12,4 млрд теңгеге жетті.
Халық мемлекеттік бағалы қағаздарға сенім артуда. 1996 жылдың қыркүйегінен бері Ұлттық жинақ облигациялары 6 рет шықты. Жалпы құны 2,25 млрд теңге болды. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да мемлекеттік құнды қағаздарға сенім арта түсуде. Бұл біздің қаржы жүйеміздің тұрақталу тенденциясына оң ықпалын тигізе бермек.
Қаржылық жүйенің негізгі құралы, ақша айналымының басты өзегі, болашақта нарықты экономиканың дамуының ең маңызды буыны болғандықтан, құнды қағаздар нарығына деген қызығушылық туып отыр.
Жалпы бұл сала біздің елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері ғана құрылып, өзінің даму жолына түсіп отыр. «Қазақстандық қор биржасы» Қазақстан Республикасындағы қызмет істеп тұрған жалғыз биржа. Алайда, Қазақстан ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда, дамудың прогрессивті сатысында тұр. Шетел нарығына шығу, жеке кәсіпкерліктің дамуы, инвестиция тарту, осы құнды қағаздар нарығының, яғни қор биржасының қызметтілігінің тигізетін маңыздылығы зор.
Ұйымдастырушылық-құқықтық көзқарас тұрғысынан қарағанда, қор биржасы регламенттелген жұмыс режимі бар, сатушылар мен сатып алушылар арасында биржалық делдалдардың қатысуымен ресми бекітілген ережелер бойынша қор құндылықтарымен сауда мәмілелері жасалатын қаржылық делдалдық мекеме болып саналады. Бұл ережелер биржа заңдылығымен де (биржаның жарғысымен), мемлекет заңдылығымен де белгіленеді. Қор биржалары және оның персоналы құнды қағаздармен мәміле жасамайтындығын айта кету керек.
Ол тек мәмілені жасаушылар үшін жағдай туғызады, осы мәмілелерге қызмет көрсетеді, сатушы мен сатып алушыны байланыстырады, тұрғын жай береді, консультациялық және арбитраждық қызмет көрсетеді, технологиялық қызмет көрсетеді, қысқасы, мәміле жасалуы үшін барлық жағдайды жасайды.
Қор биржалары жеке компания ретінде (Англия мен АҚШ-та) акционерлік қоғам нысанында да құрылады. Мұндай биржалар өз бетінше дербес ұйымдар болып табылады. Биржада жасалатын барлық мәмілелер елде қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады, оны бұзу белгілі бір құқықтық жауапкершілікке алып келеді. Биржа саудасының тұрақтылығын және сауда мәмілелерінің тәуекелін кемітуді қамтамасыз ету жөнінде мемлекет өзіне ешқандай кепілдік алмайды.
Қор биржалары қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып отыр. Биржаның негізгі ролі қаржылық және саудалық капиталдар қозғалысына қызмет көрсету болып табылады: бір жағынан бұл капиталды жинақтап, шоғырландырады; екінші жағынан – мемлекетке және түрлі шаруашылық субъектілерге кредит береді және қаржыландырады.
Құнды қағаздарды пайдалану қазіргі кездегі икемді қаржылық құралдардың бірі болып табылады. Құнды қағаздар, әр тауарлық айналымның маңызды атрибуты болып қалыптасты. Өзі тауар бола тұра, кредит, төлем құралы ретінде, қолма- қол ақшалардың қызметін оңай атқара алады.
Бұрын, жоспарлы экономика жағдайында, құнды қағаздар мүліктік қатынаста ғана қолданылатын. Қазіргі кезеңде, экономиканы нарықты ұйымдастыруға және құнды қағаздар нарығын тұрақтандыруға көшкенде, құнды қағаздарды қайтадан жаңарту және олардың түрлігін қолдануды қажет етті.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығының дамуы 1991-1994 жылдар аралығында, еліміздегі бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға айналдырылуынан бері басталды. Қор нарығының бұдан басқа да элементтері мен институттары, соның ішінде Қазақстан Республикасының құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы құрылып, жұмыс істей бастады. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшелігі нарықта негізінен мемлекеттік құнды қағаздарды орналастыру жөніндегі аукциондар ғана өткізіліп отырды.
Мұнан кейінгі кезеңде (1995-1998 жылдар) Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығын дамыту туралы алғашқы бағдарлама қабылданып, соған сәйкес қор нарығының заңдық базалары қалыптастырылып, нарықтық инфрақұрылымдарын құру жұмыстары толық аяқталса, үшінші кезеңінде (1999-2000 жылдар) негізгі назар шаруашылық субъектілерін құнды қағаздар нарығына тарту мәселесіне арналды.
Кейінгі жылдарда да осы іс жалғасын тауып, нарықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, оның ауқымын кеңейту мақсатындағы жұмыстар жүргізіліп келеді.
Сонымен Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі қандай, ол толық жұмыс істеп тұр ма? Бұл сұрақтарға берілетін жауаптардан аталған мәселе жөніндегі көзқарастардың әртүрлі екендігі байқалады. Рас, мамандардың пікірінше, Қазақстандағы құрылған қор нарығының инфрақұрылымдары ТМД елдері арасында ең үздіктердің бірі болып табылады. Бірақ олар қаржы секторымыздағы банк қызметі секілді жедел дамып кете алмай отыр. Ал бұл кемшілік тек бізге ғана емес, бүкіл ТМД елдеріне тән деуге болады. Мәселен, Ресей қаржыгерлері өз елдеріндегі осы құнды қағаздар нарығының тартымдылығының төмендігі салдарынан N-дік мөлшердегі қаржылары айналымға шығарылмай, жай жатқандығын айтып жүр. Ел экономикасының кәдесіне аспай тығулы жатқан мұндай қаржы бізде де аз болмаса керек.
Сондай - ақ қаржы секторымыздың тағы бір құрамдас бөлігі сақтандыру қызметімен салыстырғанда да біздегі құнды қағаздар нарығы халық арасында оншама танымалдыққа, яғни тартымдылыққа ие бола алмай келеді.
Дегенмен, осындай кемшіліктерімізге қарамастан кейбір мамандар еліміздегі қор нарығының, соның ішіндегі мемлекеттік құнды қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейін де жаман деп айтпайды. Бірақ та, осы қуатты мемлекеттік құнды қағаздар нарығының қасында корпоративтік бағалы қағаздар, яғни акциялар шығару мен тарату кешеуілдеп қалып отырғандығын жұрттың бәрі мойындаса керек.
Мәселен, бізде акционерлік қоғамдар саны соншама көп болғанымен олардың акцияларының кеңінен қолданысқа ие болып, саудаға түсіп жатқандығын біз әлі естігеміз жоқ. Ал мемлекеттік бағалы қағаздар негізінен жинақтаушы зейнетақы қорлары секілді арнаулы ұйымдар ортасында ғана таратылады. Неге десек, көптеген салыстырмалы түрде дамыған компаниялар өздерінің құнды қағаздарын дамыған елдердің ең беделді болмаса да, өсуі қарқынды жүріп жатқан мықты қор нарықтарының биржаларына апарып салады. Әрине, одан отандық нарыққа қарағандағы көп пайда алу мақсатын іздеп, үміт тартады.
Шыныменен де пайда, пайда тек сондай нарықта, құнды қағаздардың диверсификацияланған жерінде ғана түседі.
Міне, осындай себептерге, яғни еліміздегі құнды қағаздар нарығының тар ауқымдылығына байланысты біздің халқымыз өздерінің қолында басы артық қаржысы болса, оны сақтау мен көбейтудің қаржы секторындағы бірден бір сенімді жолы тек банк депозиттері ғана деп біледі. Сондай-ақ, көптеген адамдар ақшасын құнсыздануға ұшыратпай сақтап қалу және одан пайда түсіру үшін саудамен айналысуға мәжбүр болуда. Бұл тәсіл, әсіресе, ауылды жерлерде кеңірек дамыған. Ал қалалықтар, егер шамасы келсе, бағасы жылдан жылға шарықтап келе жатқан жер және пәтер секілді жылжымайтын мүлік немесе кейіннен құнын арттырып қайыра сатуға боларлықтай басқадай да өтімді заттар алып қоюға тырысады. Қазіргі кезде Қазақстандық ипотекалық компаниясы шығаратын корпоративтік облигациялардан да халыққа пайда болмай, оны тек мықты корпорациялар ғана иеленіп отыр. Әйтсе де мұны құнды қағаздар нарығындағы бірден бір жетістіктер деп айтсақ та болады.
Кәсіпорындарға да банктен кредит алып, оны пайыздық өсімімен қайта қайтарғаннан гөрі акциялар шығарып, қажетті инвестициялық қаржыны осы арқылы тартқан әлдеқайда пайдалы екендігі түсінікті. Себебі, акция қарыз болып саналмайды. Ендеше Қазақстандағы отандық және шетелдік компаниялар мен акционерлік қоғамдардың басшылары осы мүмкіндікті неге пайдаланбайды деген сұрақ өзімен өзі туады.
Көптеген мамандар жоғарыдағы сұрақтың туындау себебін компаниялар мен акционерлік қоғамдар басшыларының өз кәсіпорындарының нақты қаржы жағдайын және осыған қатысты барлық есептерді халықтың алдында ашып көрсеткілері келмейтіндігімен түсіндіреді. Үкімет оларды осындай шараларға, яғни кәсіпорынның ашықтығын қамтамасыз ете отырып, қор нарығына шығаруға итермелеп келе жатқанымен, кәсіпорындар басшылары бұған мүдделі болмай отыр. Өйткені олар акциялар пакеттерінің бөлінбеген толық күйінде кәсіпорынның өзінде сақталғандығын қалайды. Әсіресе, еліміздегі компаниялары табысты жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлар шамасы келсе, акцияның мемлекеттік пакетіне ешкімді ортақтастырмай бірте-бірте бәрін де өздері иемденгенді жөн көреді.
Бұл бір мәселе болса, екіншіден акциялар еркін саудаға шығарылған жағдайда ертеңгі күні қоғам ішінде білікті акционерлер пайда болуы және акционерлік қоғам басшылығының алдында өз талаптарын қоя бастауы мүмкін. Өйткені, шығарылған акциялар тартымды болуы үшін компанияның табысты жұмыс істеп, жақсы болашақты мақсат етіп тұруы шарт. Ал корпоративтік басқару дегеніміз, топтық мүддені білдіреді. Бұл жағдай басшылықты үнемі ізденіспен жұмыс істеуге, біліктілікті ұдайы арттырып отыруға мәжбүр етіп, заман талабына сәйкес корпоративтік менеджменттің қалыптасуына алып келеді.
Сонымен, қаржы мәселесінде бір арнада тоғысқан топтық, яғни корпоративтік мүдде акция шығарушы кәсіпорындар басшыларының алдына жаңаша жұмыс істеу міндетін қояды. Өздерін өздері үздіксіз жетілдіріп отыру, бар күш-жігері мен ақыл-ой қабілетін компанияның жетістіктері жолына сарқа сығып беру даусыз ақиқатқа айналады. Қазіргі кәсіпорындар мен компаниялар басшылығының бәрі дерлік корпоративтік басқарудың осындай ауыр сынына сәйкес келе алатындығына күмәнсіз емес. Мамандардың пікірінше, кәсіпорын басшыларының қор нарығына қарай қадам басқылары келмейтіндігінің бір сыры, міне, осында жатса керек.
Сонымен экономиканың қарқынды дамуының нәтижесінде оның әр саласы бойынша үлкен өзгерістерге жол ашылып отырғанымен, Қазақстандағы қор нарығы әзірге оның кәсіпқой қатысушылары мен қаржы топтарының арасында ғана өріс алып келе жатқандығы сезіледі. Көптеген кәсіпорындар мен қарапайым халық бұл рыноктан тысқары қалуда. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы қор нарығының қазіргі жағдайы мүшелерінің саны шектеулі мөлшерден аспайтын жабық акционерлік қоғамның жұмысын еске салады. Оның қыры мен сыры, даму барысы көпшілікке мәлім емес. Өйткені бұл нарықта көпшіліктің мүддесі қозғалмаған.
Егер қор нарығының қалыптасуы осылай созылмалы сипат алып, жағдай өзгеріссіз күйінде қала берсе, мұның өзі экономиканың тежеуші факторларының біріне айналмақ. Мұндай жағдайда мұнай мен металл сатудан ішке келіп жатқан қаржыны экономиканың бойға сіңіру мүмкіндігі шектеледі, халық пен институционалдық ұйымдардың (жинақтаушы зейнетақы қорлары, т. б.) қолындағы қаржы да көп пайдаға аса қоймайды.
3. Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері

Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бүл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкімшілдік және нарықтық механизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жок. Бұл шешім қазіргі кезенде біздің аталмыш проблемалардың теориясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр.
Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:
- экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады.
- бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ, әлде кәсіпкерлердің өз ынтасымен құрылған шағын және орта кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау.
Егер де осы қорытындылауды қарастыра отырып, шетелдік экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдаланылатын болса, онда келесі негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады:
1. Экономикалық саясатты ғылыми негіздеу, стратегияны анықтау, шаруашылық даму тактикасын, мақсатын және басымдылығын айқындау инвестациялық-құрылымдық, ғылыми-техникалық, құқықтык сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланылады.
2. Кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес субъектілерінің нарықтық инфрақұрылымдар қызметтерінің мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындарының тиімді бағытта дамуын ынталандырылуы мақсатында ұсынушы-реттеушілік жоспарлауды жүзеге асырады.
3. Әкімшілік, заң шығару, қаржы-несие, салық және баға белгілеу механизмдерін кеңінен қолдана отырып, қоғамдық тауарлар, заңды және жеке тұлғалар табыстарының, трансакциялық шығындар "қозғалысын" тікелей мемлекеттік реттеу.
4. Сыртқы экономикалық саясатты жүргізуде мемлекеттің экспорттық потенциалын жоғарылатудың басыңқылығын мойындау және оның әлемдік шаруашылық интеграциялық процесіне "жеңіл" кіруін іске асыруды қамтамасыз ету.
1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен зандарға қол қойды. Бірақ осы жарлықтарды жүзеге асыру жолында әлі де көптеген объективті және субъективті түрдегі кедергілер бар.
Шет елдегі баға белгілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік беру түрінде құрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі корсеткендей дағдарыс жағдайынан шығу жолында үкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсірссе халықтың тауар тұтынуын бақылауын кұшейтгі. Қазір біз өндіріске және өндіріс құралдары мен тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы бағалардың: толық ырықтандырылу, соңдай-ақ ауыл шаруашылығын материалды өндіріс саласы ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайтын, экономиканың аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу және баға мәселелерін Үкімет көз алдынан тыс қалдыруда.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]