Реферат: Экономика | Қазақстан Экономикасының салалары
2008 жылы қазақстандық почта ұлттық экономиканың дербес сегменті ретінде осы саланың бөлінгеніне 15 жыл толуын атап өтетін болады. Бұл Қазақ¬стан Республикасындағы почталық ау¬мақ¬та мамандандырылған құқық кеңіс¬тігін қалыптастыруға және әр түрлі мен¬шік нысандарымен почталық оператор¬лардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай¬лар жасауға мүмкіндік туғызды.
1999 жылдан бастап 2000 жылға дейінгі кезең Қазпочта үшін күрделі бол¬ды, яғни акционерлікке өту жүрді, өйт¬кені почта саласы қызметінің барлық жақтары өзгеріске ұшырады. Мемлекет¬тік кәсіпорын нысанынан акционерлікке өту бюджеттен еңбекақы төлеуден өзін-өзі қаржыландыруға көшуге, материал¬дық-техникалық базаны жаңғырту үшін сырттан қарыз алудың дербес саясатын дайындауға, компанияның рыноктағы позициясын күшейтуге, оған қоса кең та¬раған қызмет түрін көбейту және жаңа түрлеріне игеруге бағытталған стратегия¬лық даму бағыттарын әзірлеуді талап етті.
Жаңа экономикалық жағдайға өту менеджменттен шешім қабылдауда креа¬тив¬тікті, барлық жұмыскерлерді алға қой¬ылған мақсаттарға жетуге жұмылуды және компаниядағылармен қатар ауыл тұрғындары тұрпатында біздің ең көпшіл тұтынушыларымыздың әлеуметтік қорға¬луын қамтамасыз етуді қажет етті. Екін¬ші жағынан, сыртқы жағдайлар компа¬ния¬ның және клиенттің үміті мен сұра¬ныстарына сәйкес келетін сапалы дең¬гей¬дегі қызметтердің кең ауқымын көр¬се¬ту үшін бизнес-ортаға шоғырландыру¬ды талап етті. Қазақстан Республикасы¬ның егемен мемлекет ретінде қалыптасу аясында халықаралық алаңда танылуға көп көңіл бөлінді, бұл халықаралық одақтар мен ұйымдардағы мүшелікке қо¬сылуды білдіреді және барлық мемлекет¬тер үшін стратегиялық маңызды сала¬ларда өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолданыста болатын бірыңғай ере¬желер жинағын қабылдау ниетін қарас¬тырады. Қазақстан почтасы үшін мұндай сыртқы саясат бағыты: қысқа мерзім ішінде халықаралық почта кеңістігінде біздің мемлекетті толық құқылы әрі лай¬ықты серіктес ретінде танытуды көздейді.
Байланыс желілері мен құралдарын үндестіру, почталық технологияларды нарықтық жағдайларға бейімдеу мақса¬тында 1991 жылғы желтоқсанда ТМД елдерінің байланыс әкімшілікте¬рінің басшыларымен байланыс саласын¬дағы аймақтық достастық (әрі қарай – АБД) құрылған болатын. Оның жұмысы почта байланысын пайдалану, техникалық саясат және жаңа озық технологияларды енгізу, почта байланысын дамыту жөнін¬де бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекет¬аралық почта алмасуда жаңа қызмет түрлерін енгізу мәселелеріне байланысты өзара қарым-қатынасты ұйымдастыруға бағытталған. АБД өзінің қызметімен халықаралық деңгейде кеңінен танылды, Халықаралық электр байланыс одағында және Дүниежүзілік почта одағында бақылаушы мәртебесіне ие болды. 2005 жылы Астана қаласында өткен почта байланысы жөніндегі АБД комис¬сия¬сының 19-шы мәжілісінде “Қазпочта” АҚ басқарма төрағасы АБД почта байла¬нысы бойынша операторлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл халық¬аралық аренада Қазақстан почтасының мәртебесі мен елеулілігі ұдайы өсіп келе жатқандығының айғағы еді.
1992 жылы Қазақстан Республикасы дүниежүзілік почта желісінде еркін жұмыс істеуді және сапалы деңгейде ха¬лық¬аралық почта алмасуды ұйымдас¬тыруды қамтамасыз ету үшін әлемнің 190 елін біріктіретін Дүниежүзілік почта одағына ресми түрде қабылданған болатын.
Почта одағын құрудың бастауы 1874 жылы Швейцарияда 22 ел өкілдерінің Берн шартына қол қоюдан басталды және содан бері барлық елдер 9 қазанда Дүниежүзілік почта күнін атап келеді. Бұл әр текті почта қызметтері мен ере¬же¬лерден өзара хаттармен алмасу мақса¬тында бірыңғай почта ережелерін құруға мүмкіндік туғызды. Халықаралық почта¬ның еркін өтуіне бөгет болған кедергілер мен шектеулер алып тасталды. Үш жыл¬да Одақ мүшелерінің саны тез өсіп, 1878 жылы Дүниежүзілік почта одағы болып қайта аталды.
Дүниежүзілік почта күнін мерекелеу¬ге және еліміз экономикасының дербес сегменті ретінде почта байланысы саласы-ның 15 жылдығына байланысты айрықша мәнді оқиғалар қарсаңында қазақстандықтарды соңғы жеті жыл бойы негізгі іргетасы қаланған, әрі қарай үдемелі дамуын алып жүретін почта қыметінің жетістіктерімен таныстырғым келеді.
2000 жылы почта индустриясын дамыту жөнінде ДПО ұсыныстарын алға тарта отырып, Қазақстан Республикасы почталық индустрияны дамыту жөнінде Дүниежүзілік почта одағының ұсыныс¬тарын ұстанып, почта-жинақ моделін негізге қабылдаған, бұрынғы кеңестік елдер арасында бірінші ел болды. Почта қызметінің ауқымды әртараптанды¬рылуы почталық қызметпен қатар қаржы¬лық қызмет көрсету арқылы оны ком¬мерциялауды көздейді. Қызмет түрле¬рін көбейтіп дамыту арқылы келесі нәтижелерге қол жеткізілді: соңғы жеті жылда Қазақстан Республикасында жаз¬баша хат-хабарлар көлемі 3 есе, сәлемде¬мелер – 75%, мерзімдік баспасөз басы¬лым¬дары – 2 есе, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу – 600 есе, зейнетақы және жәрдемақы – 5,2 есе, қабылданған коммуналдық төлемдер мен салықтар қабылдау – 47 есе, депозиттер – 50 есе, ақша аударымдары – 3 есе өсті. Мысалы, еліміздің бір тұрғынына шаққанда ақылы ақша аударымының саны жылына 6,4-тен 14,2 бірлікке дейін, қаржылық қызмет көлемі 8 есе өсті. Ком¬па¬нияның табысын көрсетілетін қызмет¬тердің көлемі 4 есе өсіруге септігін тигізді, яғни 2006 жылы 12,8 млрд. теңгеден асты, таза табыс – 125 есе, яғни 2,2 млн. теңгеден 275,7 млн. теңгеге дейін жетті. Компанияның негізгі жетістіктері ретінде еңбек ресурстарын күшейтуін атап өтуге болады. Еңбек өнімділігінің 3 есе өсуі соңғы 7 жылда жұмыскерлердің еңбекақы¬сын 2000 жылғы 8,9 мың теңгеден 2006 жылдың қорытындылары бойынша 32,8 мың теңгеге дейін немесе 3,7 рет көтеруге мүмкіндік берді. Қосымша 5 865 жаңа жұмыс орны ашылды.
Почта-қаржы қызметтерінің кең ауқы¬мы еліміздің бүкіл аумағын қамтитын, тармақталған почталық бөлімшелердің желілері базасында олардың қолжетімді болуымен қамтамасыз етіледі, оған қоса 3 096 тұрақты бөлімшелердің 2 498-і немесе 80%-ы ауылдық жерлерде орналасқан.
Тармақталған почта желісі компа¬нияның әлеуметтік маңызды қызметтер рыногында басым болуына мүмкіндік туғызды. Мысалы, “Қазпочта” АҚ-тың зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі үлесі 50%, еңбекақы төлеу – 26%, төлемдерді қабылдау – 25%, оның ішінде республиканың ауылдық елді мекендерінде – 100%-ды құрайды. Мер¬зім¬дік басылымдарды тарату және жазылу қызметінің рыногында “Қазпочта” АҚ үлесіне республикада таратылатын және жазылатын мерзімдік баспа басылым¬дарының 85%-ға жуық таралымы келеді. Біздің компаниямыздың маңызды басым¬дылығы көрсетілетін қызмет сапасын арт¬тыру болып табылады, оған қол жеткізуге барлық жұмыскерлер тартылған.
Бүгінгі күні қала-аудан деңгейінде почталық жөнелтімдерді тасымалдаудың орташа жиілігі аптасына 5,4 ретті, аудан-ауыл – 3,4 ретті құрайды, жеткізу мерзімі барлық бағыттар бойынша 1 күнге қысқар¬ды және таяу жылдары әр елді мекенге хат-хабарлардың күнделікті жеткізілуіне қол жеткізуге ниеттіміз.
Почталық қызметтер бойынша еліміз¬дің барлық облыс орталықтарында орна¬тылған, ІPS Lіght халықаралық қадағалау жүйесі базасында Қазақстан Республи¬касының аумағы бойынша ішкі және халықаралық жөнелтімдерді қадағалаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы ЕМS Kazpost курьерлік қызмет көрсету технологиясы жетілдірілді. Бұл почталық жөнелтімдердің тұрған орны туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді, яғни оның жоғалып кетпеуін қамтамасыз етеді. Қоғам ЕМS-қызметін Қазақстан Республи¬касының барлық аумағындағы 334 пунктте көрсетеді. 2006 жылдың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік Почта одағының ЕМS кооперативімен “ЕМS қызметін сертификаттау бойынша Қазпочта” АҚ-қа “қола деңгейі” берілді (196 қатысу-шылардың ішінен 36-шы орын).
2007 жылдың маусым айынан бастап “Қазпочта” АҚ “Сrіcket” жүйесі бойынша Интернет базасында кіріс сәлемдемелерді іздестіру жөнінде шетел почта әкімші¬ліктерінің салған сұрауына электронды жауап беру жүйесіне қосылды.
Ұлттық банкаралық төлем карточка¬лары жүйесін дамыту бағдарламасы шең¬берінде қалалық жерлерде және ірі ауыл¬дық елді мекендерде орналасқан почталық байланыс бөлімшелерінде банкоматтар мен POS-терминалдар орнату арқылы почталық төлем карточкалары жүйесін енгізу жө¬нінде жұмыс атқарылды. Барлығы 15 190 почталық төлем карточкасы шығарылды. Халықаралық Vіsa және Master Card жүйелеріне қосылу базасында төлемдер мен почталық аударымдар қабылдауға үстеме қосымшаларды қолдану техноло¬гиясы әзірлене бастады.
Тұтынушылық қарыздар беру және почталық байланыс бөлімшелерімен банктердің шоттарына депозиттер қабыл¬дау жөнінде екінші деңгейлі банктермен агенттік келісімдер жасаудың арқасында берілген несиелердің көлемі 40,0 млрд. теңгеге, депозиттер – 5,1 млрд. теңгеге дейін өсті. “Қазпочта” АҚ халықтан және компаниялардан олардың пайдасына төлемдер қабылдау жөнінде көптеген банк¬термен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. “Қазпочта” АҚ сонымен қатар төрт жыл қатарынан он бір бюджеттік жіктеу коды бойынша бюджетке салық төлемдерін тегін қабылдайды.
Азаматтарға әлеуметтік жағдайына, жасына және географиялық орналасуына қарамастан, қаржы құралдары мен қор рыногының қызметтеріне бірдей шартта қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін халық¬тың инвестициялық мәдениеті мен қаржы¬лық сауаттылығын көтеру құралы ретінде қолданылатын трансфер-агенттік желі құрылған. Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғаларға бағалы қағаздар бойынша мәмілелерін тіркейтін 223 пункт қызмет көрсетеді. 2006 жылы “Қазақтелеком” АҚ акциялары ойдағыдай өткізілді.
Ұялы байланыс қызметінің төлем¬дерін қабылау жөнінде “Kmobіle”, “Beelіne”, “Dalacom” “Pathword” сияқты ұялы байланыс операторларымен ынты¬мақтастық қарым-қатынас кеңейтілуде.
Барлық қазақстандықтар үшін ком¬пьютерлік сауаттылықты көтеру және Интернет-ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін “Қазпочта” АҚ ауылдық жерлерде жұртшылық Интер¬нет желіні еркін пайдаланатын 45 пункт ашты. Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 70 пункт ашу жоспарланып отыр. Енді қазір Интернет арқылы фи¬лବтелиялық өнімдерді сатып алуға және “Интернет-жазылым” арқылы мерзімді басылымдарға жазылуға болады.
“Қазпочта” АҚ “Посылторг”, “Katorg”, “Otto”, “Ридерз Дайжест”, “Nіckermann” компанияларымен ынты¬мақтастық қарым-қатынас жасау арқылы Қазақстанда каталог бойынша сауда-саттықты дамытып келеді, “оқулық-поч¬та¬мен” каталогы бойынша жалпы білім беретін әдебиеттер мен оқулықтарға жазылу мүмкіндігі беріліп отыр.
Аталмыш жетістіктер почталық-қаржы инфрақұрылымын кешенді жаңғыртуға негізделген, яғни 2000 жылдан қоса алғанда 2007 жылға дейінгі кезеңде 12,0 млрд. теңгеге жуық сомаға инвестициялар тартылды. Соның нәтижесінде почталық байланыс бөлімшелерінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу және техникалық жайластыру деңгейі көтерілді, жұмыс орындары кассалық техникамен, ком¬пьютерлік және банктік құрал-жабдық-тармен жарақталды, автокөлік және почта вагондарының парктері жаңар¬тылды, қазіргі заманға сай бағдарла¬малық өнімдер сатып алынды.
Жоғарыда аталған жетістіктер Қазақ¬стан Республикасының почта-жинақ жүйесінің саласында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында белгіленген іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.
Біздің компанияның стратегиялық даму жоспарларында таяудағы бес жылда негізгі күш халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетілетін, почта-жинақ жүйесінің нақты экономикалық қызмет секторына және халыққа еркін мүмкін¬дік беруге жұмсалатын болады. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін қазіргі технологияларды енгізу базасында почта-жинақ жүйесін жаңғырту үшін экономикалық және технологиялық жағдай жасау жөнінде басымдылықтар анықталған. 2011 жылға қарай норма¬тив¬тік талаптарға сай келмейтін барлық ауылдық почталық бөлімшелер¬дің техникалық және күрделі жайластыруды аяқтау, онда Интернетке көпшілік (ұжымдық) қол жеткізетін пункттерді ашуды ұйымдастыру (бұдан әрі –КҚП), сондай-ақ ауылдық жерлерде ХҚО ашу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Бюджеттік қаржыландыру есебінен 1 489 ауылдық почталық байланыс бөлім¬шелерін салу, сыртқы қаржыландыру есебінен – 622 ауылдық почталық бай¬ла¬ныс бөлімшелерін салу жоспарланып отыр; Дүниежүзілік Почта одағының елдері арасында Қазақстан Республи¬касы почта ағындарының транзитін қамтамасыз ету үшін Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында 3 автоматтан¬дырыл¬ған логистикалық-сұрыптау орталығын ашу жөнінде байқау жобаларын жүзеге асыруды аяқтау; халықаралық деңгейге сәйкес келетін, “Қазпочта” АҚ толық функционалды орталықтандырылған ақпараттық-логистикалық жүйені құру; тұтынушылардың сұранысын қанағат¬тан¬дыруға бағытталған жоғары техно¬логиялық қызметтерді енгізу арқылы өнім қатарын кеңейту; 2012 жылға қарай қала мен ауыл арасында қызмет көрсету сапасына байланысты алшақтықты қысқартатын, барлық ауылдық почталық байланыс бөлімшелерінде халықаралық стандарттар деңгейінде почталық-қаржы қызметінің стандарты тізбесін көрсетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан почтасына белгіленген жоспарларды жүзеге асыру Достастық елдері арасында көшбасшы позициясын алуға және біздің бұдан былай ниетіміз – позициямызды халықаралық деңгейде де нығайтуға мүмкіндік туғызады.
Әрине, бұл 20 мың жұмыскерден тұратын, үлкен ұжымның ерен еңбегі мен кәсіби біліктілігінің жемісі. Жұмыс¬керлердің келешекке нық қадаммен адым¬дауы, қоян-қолтық еңбек етуі осын¬¬дай күрделі де маңызды жоспар¬ларды жүзеге асыруға жол ашатындығын атап өткім келеді.
Мен өз әріптестерімді және барша қазақстандықтарды ортақ кәсіби мере¬кемізбен шын жүректен құттықтай оты¬рып, барлықтарыңызға еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін!
ҒЫЛЫМДЫ ӨНДІРІСПЕН ҰШТАСТЫРЫП
Елбасымыздың халыққа Жол¬дауында мемлекетіміздің келе-шектегі даму стратегиясының басты бағыттарының бірі ретінде – ғылыми жетістіктерге негіз¬дел¬ген отандық өндіріс орындарын, оның ішінде мәшине жасау сала¬сын дамытудың қажет екені айтылған. Осыған сәйкес, бүгінгі ел экономикасының қайнар көзі болып отырған жерасты табиғи қазба-байлықтарын іздестіру, сапа¬лы барлау және өндіру ша¬руа¬ларында ұңғы бұрғылау жұ¬мыс¬тарының алатын орны ерекше.
Егер КСРО кезінде елімізде ұңғы бұрғылау қондырғыларын, құрал-саймандарын жобалау, іске асыру жұмыстары мүлде болма-ғанын ескерсек, үстіміздегі жылы Мемлекеттік сыйлыққа “Жайлау” компаниясы” ЖШС және “Ал¬мас” ғылыми орталығы” ЖШС бірлесе ұсынған еңбек “Тау кен және өндіру саласында ұңғы құ¬рылысында қолданылатын құрал-саймандардың ғылыми жаңа¬лық¬тарға негізделген түрлерін жоба¬лау, жасап шығару және өндіріс¬ке енгізу” – осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған серпінді қадам.
Оның ішінде, бұрғы қондыр¬ғысының салмағының және қасиеттерінің өзара байланысын зерттеу алгоритмы бойынша жаңа тәсілмен жобаланған, отандық қондырғы УБГ–800-дің үлес салмағы үлкен. Басқару жүйесі сұйықтың қысымымен қызмет атқаратын, айналмалы, жылжы¬малы қозғалтқышы бар, тереңдігі 800 метрге жететін ұңғыларды бұрғылауға арналған қондырғы УБГ–800 жұмыс көрсеткіштері жағынан шетелдік қондырғылар¬дан кем емес. Ал еңбек өнім¬ділігін айқындайтын қасиеттері – айналмалы қозғалтқыштың жүру жолының ұзындығы, айналу жиілігі бойынша олардан көш ілгері.
Алматы және Қарағанды қаласы өндіріс орындарында дайындалған УБГ–800-дің үлгілері біраз жылдан бері Орталық Қазақстандағы кен орындарын барлау жұмыстарында пайдаланып келеді. Бақылаушы мамандардың пікірінше, қондыр¬ғының жұмыс сенімділігі, тетікте¬рінің үйлесімдігі және еңбек қауіп¬сіздігі жоғары деңгейде. Қазір бұл қондырғыларға өндіріс орындары¬нан сұраныстар баршылық.
Әлемдегі кен орындарын бар¬лауда ұңғы бұрғылаудың үздік тех¬нологиясын қолдануға бейімделген ССК атты құбырлар құрамасы кеңі¬нен пайдаланылды. Оны жетіл¬діру, жаңа үлгілерін жасау жолында әйгілі “Лонгиер” (АҚШ), “Крис¬тенсен” (Швеция), “Аккема Дрилл” (Жапония), тағы басқалары ондаған жылдар бойы зерттеу, жобалау жұ¬мыс¬тарын жүргізгенде¬рімен, ССК-ның қолдану аясын шектейтін ше¬шіл¬мей келе жатқан екі кедергі бар еді. Бірі – құра¬маның жер қой¬науындағы қатты, аса қатты тау жы¬ныстарын бұрғы¬лауға жарамсыз¬дығы, екіншісі – көлбеу ұңғыларды жүргізу мүмкін¬шілігі жоқтығы.
Көрсетілген кедергілерді жою үшін, ғалымдарымыздың ұзақ жылдар бойында жүргізген зерттеу жұмыстары жемісін беріп, тау жыныстарын тесудің дәлелденген тың теориясы дүниеге келді. Оның негізінде жасалынып, ССК құра¬масын жасақтаған алмас қашау¬лар-дың жаңа түрлері қатты және аса қатты тау жыныстарын бұрғылауға мүмкіндік берді.
Ал ССК құрамасының көлбеу ұңғыларды бұрғылау мүмкіншілігін іздестіру үшін гидравлика ғылы¬мында бұрын кездеспеген, цилиндр бейнелі, ұзыншақ қатты денелердің шектеулі кеңістіктегі қысымды сұйықта қозғалу құбылысын анық¬тайтын кешенді зерттеулер орын¬далды. Нәтижелері зертханалық сынақтардан өткізіліп, ғылыми тұрғыда ашылған заңдылықтары бойынша ССК құрамасының жаңа конструкциясы жасалды. Өзге құра¬малардан ерекшелігі – тау жы¬ныстарын толтырған ішкі құбырды әдеттегідей көтергіш қондыр¬ғылармен сүйреп шығару емес, су қысымымен итеріп шығаратын өте тиімді әдіс.
Сонымен елімізде тұңғыш рет ұңғы бұрғылауда қолдану аясы шексіз, ерекшелік құрылысы ғы¬лыми жаңалықтардан туындайтын ССК құрамасы жобаланып, өнді¬ріс¬ке еңгізілді.
Бүгінде отандық ССК құрамасы белгілі кен орындары Қызыл-шо¬қы, Қамқор, Жекедуанда қол¬да¬нылуда.
“Жайлау” компаниясы” ЖШС және “Алмас” ғылыми ор-талығы” ЖШС және де бір жо¬басы – ық¬шам, жеңіл, геология¬лық ізденіс ұңғыларын бұрғы¬лауға арналған қондырғылар – БШ-25/1, БШ-25/2. Белгілі шетелдік “Азимут Энерджи” компания¬сының тап-сы¬рысымен жасалған бұл қондыр¬ғы¬лардың тиімді жұ¬мыстарының нәтиже¬сінде Солтүс¬тік Бозашы, Құмкөл, Небит-Даг (Түркімен¬стан) кө¬мірсутекті ай¬мақ¬тарында ондаған мың ұңғылар бұрғыла¬нып, келе-шегі болуы мүмкін кен орындары анықталды.
Сонымен бірге, ғалым¬дары¬мыздың өміршең жобаларының қатарына – мемлекеттік серти¬фикацияға ие болған аса дәл өл¬шеу құралдары МИГ, МИГ-47М, қызмет түрі көп, ұңғылардың бағытын жедел өзгертетін және бақылайтын аспап МФК, ше¬телдік фирмалардың үлкен сұра¬нысын туғызған таңбалы тау жыныстарын алу КМ 59/76 құралын жатқызуға болады.
Жоғарыда аталған зерттеулер¬дің нәтижелері әлемдік баспа орындарында жарық көрген – монография, 45 мақалада айтыл¬ған, ашылған жаңалықтар Қазақ¬станның және шетелдің 17 патен¬тімен қорғалған.
Қортындылай айтқанда, көп жылдар бойы жүйелі түрде жүргі¬зілген ғылыми-зерттеу жұмыс¬та¬ры¬ның негізінде елімізде тұңғыш рет әлемдік бәсекелестікке қабі¬летті өнім шығара алатын бұрғы мәшинелерін жасау саласы пайда болды. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экономика | Маркентингтік зерттеулердің мәні
» Реферат: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
» Реферат: Холдингтер құрастыру қажеттілігі маңызы және түрлері
» Реферат: Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
» Реферат: Саясаттану | Саясаттанудың зерттейтін мәселесі

Іздеп көріңіз: