Реферат: Экономика | Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары-ақ ауыл шаруашылығанда теріс құбылыстар бой көрсете бастады, ол бірте-бірте болашақ дағдарыстың алғашқы алғы шарттарын жасады.
Мәселен, 1949—1953 жж. алынған астықтың жылдық орташа көлемі 4,9 млрд. пұт, елде орташа шығымдылығы гектарына 7,7 центнер болды, бұл 1910—1914 жж. сәл ғана артық еді (тиісінше 4,4 млрд. пұт, және гектарына 7,0 центнер). КОКП XIX сьезінің мінбесінен жарияланғанына қарама-қарсы 1952 жылы астықтың жалпы түсімі 8 млрд. емес, 5, 6 млрд. пұт болды (егер бункерден алынған салмағын есептемесек, сақтау негізінде бодған шығындарды қосқанда бұдан да аз еді). Колхоздар мен совхоздардан бүкіл тұқымдық қорды тартып алғанның өзінде 2, млрд. пұт ғана астық дайындалды, яғни астық тапшылығы айқын еді.
Соғыстан кейінгі бес жылдықта 1946—1950 х-ж. Казақстанда статистика астықтың орташа жылдық шығымдылығы 1913 ж. көрсеткішке (гектарына 5,6 ц.) тең болғанын тіркеді. Астықтын, жылдық орташа өнімі 1928 жылғыдан төмен болды. Мемлекетке сатқан астық (жылдық орташа есеп бойынша) көлемі жөнінен 1941 жылғыдан төмен еді.
Республиканың мал шаруашылығы мейлінше ауыр жаряайда болды. 1951 ж. бар болғаны 4,5 млн, ғана ірі қара, (1928 ж. 6-Д млн болған). 1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың түйе (1 млн.) болды.
Тек қой саны жөнінен ғана, олардың тез өсетіндігі есебінен, 1928 жылдың дәрежесіне жақындай алдық. 1951 ж. 18036 мың қой болса, ал 1928 ж. 18566 мың қой болған еді.
Соғыстан кейінгі бесжылдықта (1946—1950 жж.) елеулі алға басу байқалды, яғни ол белгілі дәрежеде халық шаруашылығын қалпына келтіріп, онан әрі дамытуға жәрдемдесті.
Алайда КСРО-ның соғыстан кейінгі дамуындағы «оң құбылыстар» болып керінгендер Германия мен Жапонияның — екінші дүниежүзілік соғыстан куйрей жеңілген елдердің соғыстан кейінгі жылдары дамуымен салыстыруға да келмейді. Бұл елдерде күйреген халық шаруашылыған қалпына келтіру (ал онан кейін оны «экономикалық гүлденуге» қарай шапшаң өркендету) шаруашылық саясатын реформаторлық жолмен нарыққа қарай қайта бағыттау арқылы қамтамасыз етілді. Ал біздің елде халық шаруашығын қал-пына келтіру негізінен Отанның игілігіне жан аямай ерлікпен еңбек еткен халықтың ынта-жігері мен отаншылдығы арқасында жүзеге асырылды.
Сырттай қарағанда жап-жақсы көрінген соғыстан кейінгі бесжылдықтың көрсеткіштері село еңбеккерлерінің азапты еңбегінің, жоқшылығы мен аштығынын, өмір жастары дәрежесі төмендігінің, балалар мен әйелдер еңбегін қанаудың, халықты шаршатып-шалдықтыруды ең жоғарғы шегіне жеткізудің нәтижесі еді.
Сайып келгенде, соғыстан кейін ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытудың нәтижелеріне баға бергенде мынаны айту қажет: бұл процестер бұқараның бойындағы күш-жігерін, халықтың табиғатына тән аса зор еңбек-ынтасын, тапқырлығын тұншықтырып келген жүйенің арқасында емес, оның еркінен тыс жүріп жатты.
КОКП Орталық Комитетінің қыркүйек (1953 ж.) пленумында шаруаларға экономикалық және саяси қысымды босаңсыту туралы алғаш рет сөз болды. Деревняны бұдан әрі шексіз тонай беруге болмайтынын түсінген Н. Хрущев парткялық шешімдерге мемлекеттік салықты азайту, аграрлық секторға инвестицияны көбейту туралы идеяларды кіргізе бастады. Осыған байланысты ұлттық табысты қайта бөлу жөнінде бірсыпыра шаралар қабылданды: салық саясаты өзгертілді, сатып алу және дайындау бағалары көтерілді.
Осымен бірге жана басшылық экономикалық тәсілдерден тыс зорлаудың тиімсіздігін түсінетінін керсете бастады. Бұл белгіленген міндетті түрде еңбек күн минимумын табу (1948—1952 жж.) 7 рінлегіден — іс жүзінде феодалдық жүйеден бас тартудан көрінді.
Сталиндік қатаң бағыттан бас тарту кешікпей өз нәтижесін берді. Аграрлық саясаттағы алғашқы түзетулерге жауап ретінде колхозшы шаруалар ауыл шаруашылық өндірісін елеулі түрде өсірді.
Сталин жасаған колхоз-совхоз жүйесі өмірінің барлық жылдарында іс жузінде үздіксіз дағдарыстан шыққан емес. Өзін өзі ұйымдастыруын жаш дамуының ішкі серпінінен айрылған мұндай экономика тек тоталитарлық-жазалау жүйесінің шеңберінде ғана итшілеп жұмыс істей алды. Зорлау-жазалау сал босаңсыса болды ол күпреп отырды. Сондықтан елсусіз реформаның өзі ауыл шаруашылығында олде қашан және көрінбей дамып келген мерезлермен терең қарама-қайшылықтарды көзге көрсетіп берді.
Халық санының, әсіресе қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі жағдайында астық қажеттігі тағы да шұғыл артты. Осыған қарамай жоғарыда көрсетілгендей, 1953 ж. 32 млн. тонна астық жұмсалса, 31 млн. тоннадан аз-ақ артық астық дайындалды. Жетпегені мемлекеттік қордан толтырылды.
Колхоздар мен совхоздар өзінің басты міндетін — қоғамды азық-түлікпен қамтамасыз ету міндетін орындай алмағанын жұрттың бәрі айтып жүрді.
Дағдарыстан шығу үшін түбегейлі шешім қабылдау, қатынастардың жүйесіне терең өзгеріс жасау, яғни нарықтық қатынасқа өту, сондай-ақ жеке меншікті шаруа мүдделілігіне жол беру қажет еді. Уақиғалардың бұл жолмен дамуы туралы мәселе тіпті талқыланбады да. Ол түсінікті еді.
Жүйе өзін-өзі сақтап қалу мақсатымен проблемаларды шешудің өзіне үйреншікті, экстенсивті сұлбасын тандап алды. Азық-түлік тапшылығын азайтуды (мұнан кейін жою үшін) дәнді дақылдар көлемін шұғыл арттыру есебінен шешу ойластырылды. Осыған байланысты елдің шығысында аса зор жер көлемін жырту бағыты белгіленді.
Осы мағынада алғанда тың игеру теріс фактор рөлін атқарды, өйткені ол талмаусыраған жүйенің жан қиналысын ұзақ жылдарға созып, оның қайта жандануына қызмет етті.
Мұндай көзқарастын қарсыластары әдетте Хрущевтің басқа амалы жоқ еді деп пайымдады, өйткені химия саласының, яғни тыңайтқыштар өнеркәсібінің дамымағандығы салдарынан дәстүрлі егін шаруашылық аудандарында ол уақытта астық өндірісін өркендету мүмкін емес еді.
Партия Орталық Комитетінің ақпан-наурыз (1954 ж.) Пленумы ұсынған Тың көтеру идеясының мүлде де болмай қоймайтын қажеттілік сипаты болған жоқ.
Егер тыңды қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси шындық тұрғысынан алып қарасақ, онда республика үшін оның рөлі күмәнсіз. Көбінше тыңның арқасында Қазақстан қазір халқының жан басына шаққанда 2 мың килограмнан астам астық өндіреді. Ал әлемдік практика бойынша азық-түлік проблемасын шешу үшін 1 мың килограмм төңірегіндегі көрсеткіш те жеткілікті. Мұндай елдер дүние жүзінде бірнеше ғана (Канада, Австралия, АҚШ, Дания, Франция, Венгрия, Румыния). Іс жүзінде Қазақ-станның өз қажеттерін ғана етеп қоймай, оның әлемдік астық рыногіне экспортер ел ретінде шығуға да барлық мүмкіндігі бар екені де мәлім. Бұл мүмкіндік егер мына жағдайды ескерсек онан да артады: бидай егілетін дүниежүзілік спс көлемінің 90—95 процентіне жұмсақ бидай егіледі. Ал Қазақстанның тың жерлерінде негізінен құрамында белогы көп қатты бидай, оның күшті сорттары өндіріледі. Оның бер жағында астықтағы белоктың құрамын бір процентке ғана көбейту жиналған астық бойынша оның шығым-дылығын гектарына 6—7 центнерге арттырумен пара-пар екені мәлім. Астықтын сапасы материалдық шығындардың өсуіне де әсер етеді. Мәселен, технологиялық сапасы төмен дәннен тартылған 100 кг. ұннан 91 кг. қоректігі жоғары нан жабылады. Демек әлемде тын, астығын сатып алғысы келетіндер аз емес екені айқын.
Алайда егер өтпелі сипаты бар бүгінгі проблемаларды былай қойып, мәселені экологиялық қолайлылығы, экономикалық пайдалылығы, әлеуметтік тиімділігі (жоғарыда саяси көзқарас айтылды) сияқты тұстар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда тың эпопеясының көптеген көленкелі жақтары да көрінеді.
Бұрын болып көрмеген көлемде жерді жыртып тастаудың салдарынан алғашқы жылдардың өзінде, 1957—58 жж. Павлодар облысынын жеңіл топырақты жерлерінде шаң бораны тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты ғана емес, ауыр топырақты жерлерді де қамтыды. 1960 ж. дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер жел эрозиясына ұшырады, бұл ол кезде Франция сияқты елдін, бүкіл ауыл шаруашылық жер көлеміне тең еді. Рас, мұнан кейін егіншіліктін, топырақ қорғау жүйесі, атап айтқанда жерді қайырмасыз түренмен жырту тәсілі жасалды. Алайда эколог мамандар атап көрсеткендей, қазіргі заманғы шаралардың барлық түрі де, қоршаған ортаны қажетті экологиялық қорғауды қамтамасыз етпейді, әдетте-экологиялық зардапты жеңілдетеді.
Жерді зор көлемде жырту глобальдық көлемде құрғақшылықтың артуына да әсер еткен (айталық 1960 ж. 1985 ж. дейін, яғни 25 жылдың 23 жылы ішінде Қазақстанның тың көтерген аудандарыңда, Төменгі Волга бойында және басқа жерлерде құрғақшылық болды).
Табиғатты пайдалануды глобальді мөлшерде кенейту стратегиясын бейнелейтін тың игеру бағытын жүргізген партиялық-мемлекеттік басшылық «жер — біздің ортақ үйіміз» деген жалпы адамгершілік принципті аяққа басты, сол арқылы өз мойнына болашақта болуы ықтимал экологиялық апаттарға моральдық жауапкершілікті арқалады.
Экономикалық тиімділігіне келсек, статистика қызметінің мұндай есепті жүргізбеуі салдарынан бұл тұрғыдан оны көзге елестету қиын.
Осыған қарамай егер тың жердін гектарына 1,5—2 ц.-ден дән себілетінін, (орта есеппен) 6—9 ц.-ден (1954—1958 жж. орташа түсім гектарына 7,3 центнерден, ал 1961—1965 жж. гектарына 6,1 ц.-ден келді) өнім жиналатынын ескерсек, онда экономикалық тиімділігі туралы мәселе барынша көкейтесті бола түседі. Өндіріс шығындарының көлеміне оған тартылған еңбек ресурстарының көлемі де әсер етті. Жыл сайын тың жерлерге астық жинауға көптеген студенттер, қала тұрғындары, басқа облыстар мен республикалардан комбайншылар, механизаторлар тартылды.
Әрбір орақ сайын тыңға ондаған армиялық автобатальондар, азаматтық өндіріскен алынған резервтегі жауынгерлердін, бөлімшелері жіберілді. Міне мұның бәрі сөз жоқ, астық өндірісінін, рентабельділігіне, онын, түсер құнына әсер етті. Энергетикалық шығындар да (жанар-жағар май) аса көп болды, олар тын совхоздары жер көлемінің аса кендігіне байланысты одан да арта түсті (астықты фгістіктен совхоз қырманына жеткізудің өзіне аса зор мөлшерде жанар-жағар май жұмсалды.)
Тын игеру әлеуметтік жағынан бірсыпыра теріс құбылыстарды туғызды. Ол Солтүстік Қазақстанда кең көлемдегі әлеуметтік жоқ өндірістік құралым жасауда, бұл өңірде жаңа қалалардың пайда болып, ескі қалалардың қаулап өсуінде, аса зор әлеуметтік-мәдени және этностар араласқан аймақтар жасауда, осының нәтижесі ретінде қоғамдық өмірдің интернационалдануында үлкен рол атқарды.
Осымен бірге тын, игерген аудандар халқы республикалар аралық көшіп-қону есебінен 61 процентке өсті. Жаңа қоныстанушылардың негізгі көпшілігі Украинадан, РСФСР-дан, Белоруссиядан, Молдавиядан келгендер болды. Солтүстік Қазақстанда халықтың тығыздығы бір шаршы шақырымына 3,3 адамнан 6,8 адамға дейін өсті, мұның өзін іс жүзіндс оң құбылыс деп санау керек.
Алайда көшіп келушілердің аса көптігінің теріс салдары да болды. Мәселен халқы көшт кетіп жатқан аудандар еңбекқолы артық ауданнан еңбек қолы тапшы ауданға айналды және бүгінге дейін оларда (мысалы, қара топырақты емес өңірде) жұмысшы күші тапшы. Осымен бірге тәртіптелш отырылмаған көші-қоныс республикада түпкілікті этнос үлес санының 30 проц. дейін төмендеуіне алып келді. Осының салдарынан қазақ этносынын, тіліне және әлеуметтік-мәдени институттарына, оның өмірін қамтамасыз ететін басқа факторларға обьективті қауіп төнді. Ал мұның өзі ұлтаралық қатынастың бүкіл комплексіне әсер етпей қойған жоқ.
60-жылдардың басында-ақ әміршіл-әкімшілдік жүйенің өзін-өзі толық тауысқаны анық сезіледі. Кәсіпорындардың инициативасы мен дербестігін кенейтуді, шаруашылық есепті нығайтуды, жоспарлау мен ұйымдық құрылымда түбегейлі өзгерістер жасауды өмір барған сайын күшті талап етті, ал Н. Хрущев жүргізіп жатқан бас-аяғы жоқ аласапыран қайта құрылыстар нәтиже бермеді.
Л. Брежнев бастаған партияның жаңа басшылығы, Н. Косыгин бастаған үкімет өз қызметін жүйенін, жекелеген элементтеріне кезекті өрлеуші реформа жасау әрекетінен бастады.
1965 жылға шаруашылық реформасына баға беруде қарама-қайшылық көп, бірақ, оларға ортақ нәрсе ол кезде қабылданған шешімдердің жартыкештігін мойындау. Ең алдымен реформа экономиканың кейбір салаларына қатысты болғанын атап көрсету қажет. Қайта құру қоғамның саяси жүйесін, әлеуметтік қатынастарын, рухани-идеологиялық өмірін қамтыған жоқ. Бірак экономикада да реформа экономикалық басқарудың жеке құралдарына ғана қатысты еді, ол шаруашылық механизмінің бүкіл жүйесін қамтыған жоқ. Көптеген атқарылмақ болған істер декларация дәрежесінде қалып қойды. Шаруашылық есеп идеясы бірте-бірте шағын көлемді тәжірибелер жасауға қарай көшіп барып, ақырында іске аспай қалды.
Осыған қарамай реформаның жекелеген элементтері экономиканың дамуына уақытша ғана жол ашты. Атап айтқанда мұны сегізінші бесжылдықтың (1966—1970 жж.) нәтижелері көрсетті, бұл ел тарихындағы ең жақсы бесжылдық болды.
Бұл жылдары Қазақстанда қоғамдық жалпы өнім 1,5 есе, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 есе өсті. Бесжылдықтың ақырында 1970 ж. өнеркәсіп секторында өнім өсімінің 70 проц. өндірістін тиімділігін арттыру есебінен алынды, ал бұл көрсеткіш 1%5 ж. 40 проц. еді.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде осы заманғы салалардың үлес салмағы артты. Мәселен, химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2,4 есе артты. Машина жасау өнімдері жаңғыртылды. Бұл кезенде машиналардың 300 жаңа түрі игерілді.
Энергетика қауырт өркендеді. Республикада бір адамға шаққанда электр қуаты көптеген жоғары дамыған елдердегідей (АҚШ-ты, Канаданы, Жапонияны қоспағанда) көп өндірілді.
Ауыл шаруашылығы да біраз ілгері басты. 60-ж. екінші жартысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі 28 проц. болды, ал колхоздар мен совхоздар еңбек өнімділігі алдыңғы бесжылдықпен салыстырғанда 1,8 есе өсті.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан экономикасынын аса зор потенциалы бар екенін жұрттың бәрі айтты.
Республика бірегей ауыл шаруашылық ауданына айналды. Оның үлесіне елдегі өндірістік потенциалдың 11 проц. тиетін еді.
Алайда, бүкіл осы аса зор халық шаруашылығы потенциалын қалыптасқан жүйе мен нарықтық емес қатынастар тұншықтырып, көп жағдайда экономикалық тиімділігін мардымсыз етіп, кейде бос жұмыс істетіп келді. Мұның бәрі, әсіресе соңғы жылдары, тарихқа тоқырау дәуірі деп кірген дәуірде шиеленісе түсті.
1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проц. жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 проц. артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі дәрежедегі рададсализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартықештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Осының салдарынан 70-жылдардың басьвда экономикалық реформаның қоғамдық өкдірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бүрмаланды.
Реформаның негізін мақсаты — кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту — тек керсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп салды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға — өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі такси саладағы демократиялардыру процесінің тежелуі балды. Ол тек экономиканың ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі — мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстан (1946-1950)
» Реферат: Тарих | Тың және тыңайған жерлерді игеру
» Реферат: Биология | Ас бұршақтың халық шаруашылығындағы маңызы
» Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының экономикасындағы ауыл шаруашылығын дамытудағы қаржының ролі
» Реферат: Биология | Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі

Іздеп көріңіз: