Реферат: География | Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
Мұздықтар – бұл өзіндік қозғалысы бар мұздардың табиғи шоғырлануы.Жер бетінің тау беткейлеріне атмосфералық қатты жауын-шашынның және қар жылда еритін мөлшерінен артық түсіп, еритін немесе буланатын жауын-шашынның мөлшерінен артық болғанда мұздықтар қалыптасады
Мұздықтар – табиғаттағы су айналымының маңызды түйіні.
Мұздықтар:
1) Тау мұздықтары – тау басындағы қар жиегінен жоғарыда жинақталған, қар тығыздығы күшінің әсерінен тау мұздығына айналып отыр. Мұздықтар тәулігіне 3 метрге дейін жылжиды.
2) Жамылғы мұздықтар – Антарктидада кездеседі. Ол мұздықтар 10-130 метрге дейін жылжып, мұхитқа сырғып түсіп, айсберг түзеді.
Мұздықтардың маңызы:
1) Мұздықтарда тұщы су қорының 97 %-ы жинақталған.
2) Өзендердің көпшілігі тау басындағы мұздықтардан бастау алады.
3) Мұздықтар дүние жүзілік су айналым процесінде ерекше орын алады.
Қазақстанның мұздықтары 2500 м биіктен жоғары басталады. Ірі мұздық - Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Корженев мұздығы – аса ірі мұздық. Оның ұзындығы - 12 км, қалыңдығы 210-300 м, 3560м биіктікте орналасқан, ауданы – 38,0 км², жалпы көлемі – 6,32 км³. Аңғарлық мұздығының қалыңдығы – 50-100 м.
Мұздықтар (мұздық 2724 (1987), жалпы ауданы 2033,3 км²)
Алтай жоталарында 328 мұздық, ауданы 89,6 км²
Сауыр жотасында 18 мұздық
Жоңғар Алатауы 1369 мұздық,ауданы 1000 км²
Тянь-Шань 1009 мұздық, ауданы 857 км²
Ең үлкен мұздық – Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы
Ағын су қорының негізгі көзі
Мұздықтар 3 топқа бөлінеді:
Аңғарлық мұздықтары (66 %)
Тау беткейлерінің мұздықтары (33 %)
Денудациялық (жұмыр,мүжілген шыңдар), тегістелген төбе мұздықтары (1 %)
Мұздықтардың типтері:
Қазақстанда мұздықтардың мынадай негізгі типтері кездеседі.
1) Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтегі аңғарлық мұздықтар. Бұл мұздықтың фири алаңдары жақсы дамыған және жіңішке бассейндері айқын көрініп тұрады.
2) Түркістан типі бұл да аңғарлық типке жатады, бірақ айырмасы қар көшкіндеріменг қоректенеді, қоректену бассейнінің ауданы кіші, мореналық шөгінділер дамыған. Бұл Тянь-Шань тау жүйесіне тән.
3) Қар типі. Ол Қазақстанның барлық таулы аймақтарында тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасады.
4) Аспалы мұздықтар. Олар беткейлерде немесе беткейлердің ойыс жерлерінде жатады.
5) Аспалы аңғарлардағы мұздықтар.
6) Жайнақ төбе мұздықтары. Биік таулы қыраттардың төбесінде пайда болады. Олар Жоңғар Алатауында кездеседі.
Қазақстан тауларындағы аса ірі мұздықтар
Мұздықтар Орналасқан жері Мұздық шетінің теңіз деңгейі-нен биіктігі (м) Ауда-ны (км²) Ұзын-дығы Мұз-дық көлемі (км³)
Корженевский Іле Алатауы, Шілік өзені алабы 3270 38 11,7 6,32
Богатырь Ілі Алатауы, Талғар өзені алабы 3420 30,3 9,1 4,50
Симонов Теріскей Алатауы, Текес өзені алабы 3491 28,1 9,1 4,02
Мәрмәр қабырға Теріскей Алатауы, Текес өзені алабы 3350 22,5 7,8 2,88
Жаңғырық Іле Алатауы, Шілік өзені алабы 3370 17,7 8,9 2,01
Дмитриев Іле Алатауы, Талғар өзені алабы 3400 17,4 5,7 1,9
Берг Жоңғар Алатауы, Лепсі өзені алабы 2850 16,7 8 1,83
Калесник Іле Алатауы, Талғар өзені алабы 2940 15,3 8,1 1,52
Воейков Жоңғар Алатауы, Шажа өзені алабы 2720 13,6 8,6 1,38
Абай Жоңғар Алатауы, Басқан өзені алабы 2830 13,2 1,9 1,1
Жаңа Күнгей Алатауы, Шілік өзені алабы 3370 13 6,4 1,29
Безсонов Жоңғар Алатауы, Қаратал өзені алабы 2903 12,6 6 1,21
Жамбыл Жоңғар Алатауы, Басқан өзені алабы 3120 11,2 6 1,01
Некрасов Жоңғар Алатауы, Тентек өзені алабы 3120 10,9 5,8 0,80
Шокальский Іле Алатауы, Талғар өзені алабы 3370 10,8 4,7 0,96
Үлкен Берел Алтай, Берел өзені алабы 1920 10,3 10,4 0,89
Тау-кен институты Іле Алатауы, Түрен өзені алабы 3450 9,8 4,5 0,83
Қарасай Теріскей Алатауы, Текес өзені алабы 3430 9,7 4,8 0,81
Короленко Жоңғар Алатауы, Тентек өзені алабы 3000 9,5 6,2 0,6
Оңтүстік Жаңғырық Күнгей Алатауы, Шілік өзені алабы 3370 9,2 8 –
Қазіргі мұздықтардың пайда болуы. Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар. Бұған олардың барлық жерде тез қысқара бастауы, мұз басу орталықтарының орналасу сипаты және мұздық типтерінің ерекшеліктері дәлел бола алады. Осы күнгі мұздықтардың сақталып қалуына орографиялық және геоморфологиялық жағынан биік таулы аймақтардың көлемділігімен тұтастығы, қар сызығынан жоғары кететін үлкен абсолюттік биіктіктер, жоталардың ендік бағытта жатуы, Солтүстік батыс ылғалды ауа массаларының тауаралық аңғарларға өтуге қолайлылығы себеп болған.
Қазақстанның тауларында қар жиегі ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігіне байланысты бірсыпыра биіктікте жатыр. Шығыс және оңтүстік-шығыс тау жүйелерінде оның биікті географиялық ендікке байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеріп отырады. Солтүстік таулы ауцдандарда қар жиегі оңтүстікке қарағанда едәуір төмен жатады. Мұнымен қатар әрбір таулы аймақта ол климаттіқ жағдайларға байланысты батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғарылап отырады. Қар жиегінің биіктігі орографиялық ерекшеліктерге байланысты.
Мұздықтардың геологиялық әрекеті. Белгілі пішіні бар, өлшемдері айтарлықтай өзен суы тәрізді ауырлық күші әсері мен пластикалық қасиеттердің әсерінен үнемі қозғалыста болатын кристалдық мұздың табиғи шоғыры мұздық деп аталады. Қар мұздықтар массасы қалыптасатын бастапқы материал болып табылады. Мұздықтардың түзілуіне қажетті жағдайлар бұрыс мәнді жылдық орташа мәнді температура, жаз бойында еритін қардың мөлшерінен қыс ішінде түсетін қар шамасынан айтарлықтай көптігі. Мұздықтар таулық, материктік, аралық типтерге ажыратылады.
Таулық мұздықтар биік тауларда қалыптасады және түрлі тау шатқалдарынан, ойыстардан түрлі ойымдардан орын алады. Көбіне мұз өзені түрінде аңғарды бойлай созылып жатады. Мұндай аңғарлардың әдетте науа тәрізді өзіндік пішін болады, олар трогтар деп аталады.Мұндай мұздықтар Кавказда, Памирде, Оралда т.б. орындарда кездеседі. Тау мұздықтарының қозғалу жылдамдылығы түрліше келеді, тәулігіне 0,1 метрден 7 метрге дейінгі жылдамдықпен Памирдегі Аю мұздығы қозғалады (1963 жылы оның тәулігіне қозғалу жылдамдығы 50 метрге жетеді ).
Материктік мұздықтар аралдарды немесе континенттерді толықтай жауып жатады.Бұл мұздықтар Гренландияда, Шпицбергенде, Антарктидада және қазіргі мұз басу дәуірі өтіп жатқан тағы басқа орында орналасқан. Мұз қабатының қалыңдығы Антарктидада 4200 метрге жетеді, Гренландияда 2400 метрден астам. Гренландия мұзының мұхитқа қарай қозғалу жылдамдығы тәулігіне 4 – 38 метрге жетеді. Мұхит жағалауына жеткенде мұз жарылып бөлшектенеді. Мұздың орасан зор жақпарларынан (айсбергтер) жел, ағыстар ашық мұхитқа ықтырып әкетеді, мұнда олар біртіндеп ери бастайды. Аралық мұздықтар жайпақ шыңды тауларда қалыптасады. Мұз бөлшектенбеген тұтас масса түрінде шоғырланады. Осы массадан мұздықтар шатқалдарды бойдай сүйірлене тарайды. Осы типтес мұздық қазір, жекелей алғанда Скандинавия түбегінде орналасқан. Жердің геологиялық тарихында материктік мұздықтардың үлкен аймақтарда, оның ішінде Ресейдің Еуропалық бөлігінде, талай рет дамығаны анықталды. Мұнда бес мұз басу іздері белгілі. Материктік мұздықтар Скандинавия түбегі жағынан қозғала бастаған. Қазір мұздықтар барлық құрлық бетінің 10%-ін алып жатыр. Мұздықтар бетінің 98,5%-і полярлық аймақтарға, тек 1,5%-і ғана биік таулы өлкелер үлесіне тиеді.
Мұздықтардың геологиялық әрекеті тау жыныстарын бұзып үгу, үгілген жыныс кесектерін көшіру, белгілі орындарда жинау.
Мұздықтардың бұзымпаздық әрекеті. Мұздықтар қозғалған кезде орасан зор бұзу жұмыстарын атқарады: жердің бетін үйкеп жырту арқылы қазаншұңқырлар, айғыздар, ой – шұңқырдар т.б тудырады. Бұлар мұз түсіретін ауырлық күшінің әсерінен болады. Қалыңдығы 100 метрдей мұз төмендегі әрбір квадрат метрге 92 тонна қысым түсіреді. Мұздың қалыңдығы артқанда оның түсіретін қысымы арта түседі. Бұзылып бөлшектенген жыныс кесектері мұз масасының ішіне түсіп, сонда қалып қояды. Мұз қозғалғанда да осы кесектер жер бетіндегі жыныстарды сындырып, үгіп әкетеді.
Мұздықтардың бұзымпаздық әрекеті экзарация (латынша «экзарацис» - жырту ) деп аталады. Экзарация нәтежесінде мұздық рельефтің карлар, трогтар, қоймаңдай және бұйра құздар түріндегі пішіндері пайда болады. Мұздық қозғалысының нәтежесінде таулы аудандар пайда болатын, беткейлері тік келген біршама шағын қазаншұңқырлар карлар деп аталады. Жайпақ беткейлері мұздықтың басталар жағына, тікбеткейлері оның қозғалу бағытына қараған оқшау құздар қоймаңдайлар деп аталады.олардың беттері үйкелуден жайпақталған, үшкір беттері қырналған, көбіне қырқылған күйде кездеседі.бұлардың бетіндегі көптеген айғыздар мен сызаттар мұздықтардың үйкеу, жону әрекеттерінің салдары болып табылады.осындай құздар өзінің пішіні жөнінен шыныда да қойдың маңдайына ұқсас келеді. Рельефтің ой – шұңқыларымен кезектесе келген қоймаңдай түріндегі грунттар бұйра құздарды қалыптастырады.
Шөгінділерді көшіру. Шатқалдар немесе басқа бір еңіс жазықтық арқылы қозғалған мұздықтар бөлшектеніп үгілген тау жыныстарын өздерімен бірге ілестіріп, мұздық массасына алмастырады, сөйтіп онымен бірге тоғазытады. Мұздықтар масасындағы жарықшаларды кесек жыныстар толтырады, бұл жыныстар мұздықтардың төменгі бөліктеріне де енеді. Сөйтіп кесек жыныстар мұздықтармен бірге қозғалып орын ауыстырады.
Мұздықтармен бірге көшіп келе жатқан немесе белгілі бір орынға жиналып әрмен қарай көшпейтін кесек тау жыныстары мореналар деп аталады. Қозғалмалы мореналар беткі, ортаңғы бүйірлік, ішкі және түпкі, шеткі болып ажыратылады.
Аккумуляция. Мұздық толығымен еріп біткеннен кейін оның орнында жоғарыда келтірілген мореналардың барлық типі жиналып қалады. Осылайша жиылған мореналар шеткі және негізгі болып ажыратылады. Шеткі морена мұздықтың ең күштірек еритін немесе мұздық тілінің аумағында жиылады. Шеткі мореналар рельеф төбелерін қалыптастырады. Материктік мұздықтардың шеткі мореналардың биіктігі бірнеше ондаған метр, ұзындығы бірнеше ондаған , жүздеген километр келетін қырқаларды қалыптастырады.
Негізгі мореналар мұздықтар тараған бүкіл аумақтағы жеке мұздықтардың жылдам еруі кезінде жиылады. Негізгі мореналар орын алған аймақтағы рельеф төбелі және жазықты болып келуі мүмкін. Жиылған мореналар құрамы жағынан шақпақ тастан, сыдырынды тастан, құмнан, құмайттан, саздақтан, құрамы әркелкі құмды саздан құралуы мүмкін. Құраушы жыныс құрамының әртектілігі кесек жыныстардың іріктелмегендігі және қабаттылықтың болмауы мореналардың ерекшелігінен саналады. Тұздың еруінен пайда болған су мореналық және басқа шөгінділерді шаяды. Шайылған жыныс кесектерін көшіре, оларды салмағына қарай іріктей отырып, рельефтің ойыстау немесе жазықты бөліктеріне жеткізіп жинайды. Осы процесстер нәтежесінде флювиогляциялдық шөгінділер түзіледі. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: География | Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
» Реферат: География | Алясканың экологиялық мәселелері
» Реферат: Физика | Жер асты суларының құрылу процестері құрамы және қасиеттері
» Реферат: География | Дүниежүзілік мұхит
» Реферат: География | Климаттық өзгерістер

Іздеп көріңіз: