Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ормандар орман экономикалық ресурсы
Қазақстан Республикасындағы ормандар орман
экономикалық ресурсы
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында сандық телерадио-хабарларын таратуды дамыту бағдарламасы әзірленуде. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттік құралдарды ұсынатын бұқаралық ақпараттық қызмет көрсету сапасының артуын қамтамасыз ету болады.
Қоршаған ортаны қорғауға шығыстардың құрамында халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты және Қазақстан Республикасы экологиялық жүйелерін іске асыруға бағытталған, мынадай негізгі бағыттарда қаражат құрайтын болады:
қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның орнықты экологиялық дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру, табиғи ортаға арта түсіп отырған антропогенді әсерді азайту;
жердің шөлейттену және құнарсыздану үдерісін тоқтату және алдын алу;
тұтастай алғанда Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, оның ішінде жекелеген өңірлер мен республиканың экологиялық жай-күйінің автоматтандырылған мониторингін жетілдіру;
елдің экономикалық әлеуетін дамытуды ұтымды аумақтық ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.
Су ресурстарын, орман мен жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану бойынша 2010 жылға дейінгі бағдарламасы және “Жасыл мұнай” жүйелерін енгізу бойынша шаралар кешені әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасы бойынша, биологиялық әралуандық бойынша БҰҰ Конвенциясына және климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясына Киот хаттамасына қол қою мәселелерін пысықтау жоспарланып отыр.
2008-2010 жылдары орман қорын, жануарлар әлемін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған шығыстар құрылымында ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру үшін, орман ресурстарын ұтымды және жүдетпей пайдалану, оларды қорғау, сақтау және молықтыру, орман шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, мемлекеттік табиғи-қорықтық және орман қоры объектілерінің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету, тұяқты жабайы жануарлар мен киіктердің сирек және жоғалып бара жатқан түрлерінің олардың кәсіпшілік санына және жыл сайынғы өсімінің биологиялық негізділігіне қол жеткізу үшін табиғи еркіндік жағдайында таралымын сақтауға жағдайлар жасау бойынша шығындар негізгі орын алатын болады.
Қазақстан Республикасының су шаруашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының көлемі мен қүрамы су ресурстары тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтау деңгейін арттыру және халықты ауыз сумен қажетті көлемде және кепілдендірілген сапада тұрақты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясаттың мақсаттары негізінде айқындалатын болады. Бұл еліміздің шектеулі су ресурстарын үтымды және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Халықты сапалы ауыз сумен одан әрі қамтамасыз ету және су ресурстарының тапшылығын қысқарту Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі экономиканың су секторын және су шаруашылығы саясатын дамыту тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы №93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған “Ауыз су” салалық бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 маусымдағы №1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
2008-2010 жылдары бюджеттің қосымша қаражаты жер асты сулары объектілерін қорғауды және өнеркәсіптік төгінділерді тазартуды дамытуға және Қазақстанның қалаларында су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталатын болады.
2008 жылы су құбырлары желісінен су ағуларды табу үшін және қалалық су арналары зертханалары мен бақылау-қадағалау қызметтері үшін жабдықтар сатып алуға, Ертіс өзені мен жер асты суларына улы заттардың түсуін алдын алу жолымен Өскемен, Семей, Павлодар қалаларының және Ертіс өзенінің бойында орналасқан елді мекендердің халқының тұрмыс деңгейін арттыру және денсаулығын жақсарту мақсатында мониторинг және егжей-тегжейлі жобалау бойынша қызметтер көрсетуге келісім-шарттар жасауға қоршаған ортаны қалпына келтіруге және өңірдің экологиясын жақсартуға қаражат бағытталатын болады.
Су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар бюджет қаражаты есебінен құрылыс, құнарландыру техникасымен және технологиялық жабдықтармен кезең-кезеңімен жарақтандырылатын болады, бұл өндірістік міндеттерді шешу, қаржылық сауықтыру, өнімділікті арттыру және еңбек жағдайын жақсарту жолымен суды үзіліссіз беруді қамтамасыз етеді.
Тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету және жылжымайтын мүлік нарығын дамыту да әлеуметтік бағдары бар (тұрғын үймен ең бірінші кезекте аз қамтылған азаматтарды қамтамасыз ету) және 2005-2007 жылдары қолданыста болған мемлекеттік бағдарламаның кемшіліктері ескерілген, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын Үкіметтің дәйекті саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Түрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу қар¬жы-лан¬дырудың тиімді тетіктерін дамыту есебінен, оның ішінде ипотекалық кредит беру және тұрғын-үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болады. Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет кредиті есебінен тұрғын үйлер салуы жалғасады, сондай-ақ индустриалды тұрғын үй құрылысын дамы¬ту, тұрғын-үйдің жалгерлік секторы, тұрғын-үй құрылысы салынатын аудан¬дардың инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымы, тұрғын-үй құры¬лы¬сының сапасын жақсарту бойынша жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылданады.
Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің адами капиталды дамытуға шығыстары жалпы шығыстар көлемінің кемінде 61% құрайды, бұл Үкіметтің экономиканың мәселелерін шешкен кезде өзінің басым артықшылықтарын пайдалануға бағытталған саясаты – елдің адами капиталын іске қосуды растайды, бұл Ұлттық экономиканың барынша өсуіне және болашақта одан асып түсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бір немесе бірнеше секторлардың басымдықтарынан бас тартуды және экономиканың жаңа бәскелестік секторларын құруды көздейтін Ұлттық экономиканы әртараптандыру міндеті жоспарланып отырған орта мерзімді кезеңде өзекті болып қала береді және экономиканың жедел дамуын қамтамасыз ететін салиқалы қадамдарды қабылдауды және осы үдерісті одан әрі ынталандыру бойынша мақсатты күш-жігерді талап етеді.
Саяси, экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық шаралардың жиынтығы, экономикалық саясаттың қағидаттары, басымдықтары ретіндегі Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде экономиканың құрылымында индустриаландырудан кейінгі және ілгері инновациялық дамуға қарай сапалық өзгерістер жүргізуді қамтамасыз етуге арналған негізделген іс-шаралар жүргізілетін болады.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін зияткерлік және инфракұрылымдық негізді құрайтын салалар бюджеттік инвестициялар басымдықтары қатарында қала беретін болады. Олардың болуы корпоративті көшбасшылардың орнығуы үшін ғана емес, тұтастай алғанда іскерлік және инвестициялық белсенділіктің күшеюінің маңызды жағдайы болып табылатын қажетті базалық инфрақұрылымның дамуының бұл арада аса елеулі мәні бар.
Осы шаралардың есебінен атқарылатын жұмыстардың сапасын міндетті түрде бақылауды жүзеге асыра отырып республикалық маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу жұмыстарының теңгерімі, жергілікті маңызы бар автожолдарды күрделі жөндеу қамтамасыз етілетін болады.
Экономиканың өсуін қолдауға және басқаруға көмек көрсететін халықаралық техникалық стандарттарды тездетіп және кеңінен енгізуге мынадай іс-шаралар ықпал ететін болады:
1) қазіргі бар стандарттарды талдау және жүйелеу жөніндегі:
2) мыналарды әзірлеу жөніндегі;
темір жол саласындағы, автомобиль жолы мен көлік саласындағы стандарттарды;
көмір саласындағы каталогтар мен жіктеуіштерді;
өнеркәсіп саласындағы эталондарды;
энергия жабдықтарын пайдалану, жөндеу, монтаждау және реттеу кезінде электр энергетикасы мен электр энергиясы қондырғыларының сенімділігі саласындағы және қауіпсіз пайдаланылу мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық құжаттамаларды;
энергия тұтыну нормативтерін;
3) мыналарды өткізу:
2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бюджет шығыстары Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кірген кезде ауыл шаруашылығының барабар жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, мыналардың негізінде айқындалатын болады:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы шешімімен мақұлданған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы №654 қаулысымен бекітілген оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы №963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру мал ауруларының аса қауіпті жұқпаларының туындауынан экономикалық зиянға жол бермеуді қамтамасыз етуге және республика өңірлерінде эпидемиологиялық нашарлаудың алдын алуға, ветеринарлық-санитарлық жағынан қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
2008-2010 жылдары табиғи су қоймаларының су биоресурстарын сақтау, молықтыру және тиімді пайдалану, тауарлы балық шаруашылығын дамытуға жағдайлар жасау есебінен балық шаруашылығы кешенінің тұрақты жұмыс істеуі негізінде салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен балық ресурстарын қорғау және молықтыру шараларын іске асыру жалғасуда.
Балық шаруашылығын дамытуға арналған шығыстар көлемі Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, экономиканың балық саласын сақтауды және жаңғыртуды, сондай-ақ балық шаруашылығы кешенін басқару құрылымын оңтайландыруды ескере келе айқындалатын болады, бұл тұтастай алғанда балық шаруашылығын басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге және бәсекеге қабілетті және сапалы қосымша құны жоғары отандық балық өнімдерін жасауға көмектесетін болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамы-тудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру шеңберінде елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, визалық және тіркеу рәсімдерін оңайлату, туристік қызметтерді халықаралық сапа стандарттарына сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады, соның ішінде:
Қазақстан өңірлерінде туристік кластерлерді дамыту;
туристік инфрақұрылымы дамыған және Қапшағай су қоймасы жағалауы мен Шучье-Бурабай курорттық аймағында ойын-сауық объектілері бар туристік орталық құру;
Шығыстар саясаты дамуға бағытталған бағдарламалар жағына ауыстырылатынын ескере келе, санға емес сапаға көңіл аударылады, ол бюджет заңнамалары ережелерін сақтау және мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Басым бағыттардан басқа, орта мерзімді кезеңге арналған шығыстар саясаты сондай-ақ экономикалық және бюджет саясаты басымдықтарына қарамастан – елдің қорғаныс, құқықтық, соттық, қүқық қорғау, қаржылық, сыртқы саяси қызметтері мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру – олар бойынша міндеттемелерді мемлекет көтеретін функцияларды қамтамасыз етуге де бағытталған.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла¬масы әзірленетін болады, соның шеңберінде Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен қоршаған ортасын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, зақымдаудың қазіргі заманғы құралдары мен террорлық актілер салдарынан қорғау, олардың алдын алу мен жою күштері мен құралдарын дамыту жүйесі тиімділігін одан әрі жетілдіру және көтеру жүргізілетін болады ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экология | Қазіргі қоғам өміріндегі экологияның рөлі
» Географиядан сабақ жоспары: Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау (8 сынып, III тоқсан)
» Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті
» Реферат: Информатика | ҚР Ақпараттық ресурстарды қорғау туралы заңдары
» Географиядан сабақ жоспары: Экологиялық таза өндірістерді жобалау №2 (10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: