Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі

Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Қазақстан Республикасындағы салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.
Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми баслымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
Салық Кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Салық Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады.
Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
Салық Кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (осы Кодекстің 69-бабы 7 тармағының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда) және (немесе) таратылуына, жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметінің тоқтатылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
Салық Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.

1.2 Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері
Салық төлеушінің құқықтары
1. Салық төлеуші:
1) Қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алуға;
2) Салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін жеке өзі не өз өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен білдіруге;
3) Салық бақылауы нәтижелерін алуға;
4)Салық бақылауы нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсіндірме табыс етуге;
5) жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай – күйі туралы көшірме алуға;
6) Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
7) салық құпиясының сақталуын талап етуге;
8) салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табыс етпеуге құқылы.
1-1. Салық төлеуші салық заңнамасында реттелетін қатынастарға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.
2. Салық төлеушінің Қазақтан Республикасының салық заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
Салық төлеушінің міндеттері
1. Салық төлеуші:
1) Осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындауға;
2) Салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беруге;
4) салық есептілігі мен құжаттарды осы Кодексте көзделген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттік бағалрды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелерін реттейтін заңдарында көзделген ақпарат пен құжаттарды табыс етуге;
5) осы Кодекске сәйкес қолма – қол ақшамен, төлемдік банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискальдық жады бар бақылау – касса машиналарын міндетті түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізуге;
6) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (осы Кодекстің 69-бабы 7 тармағының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда) және (немесе) таратылуына, жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметінің тоқтатылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

2. Жалпы салық түрлері
2.1 Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салықты есептеу уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Жұмыс орнын ауыстырған кезде жеке тұлға бұрынғы жұмыс орнынан аталған жеке тұлғаға кірістер төлеуге төлеушінің шығыстар сомасы туралы және осы шығыстардан төленген салық сомасы туралы есепті жаңа жұмыс орнына табыс етуге тиіс.
Қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер, жеке нотмриустар, адвокаттар өзі үшін үш айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлеген салық ставкаларды (1- кестеде көрсетілген) қолдану арқылы есептелген әлеуметтік салық сомасын Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдар сомасына азайтады. Арнаулы салық режимдерін қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салықты есептеуді Салық Кодексінің 374-390 баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүктілігі мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленген әлеуметтік жәрдемақылар сомасына кемітіледі.
Әлеуметтік салық жөніндегі декларация салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей тоқсан сайын тапсырылып отырады. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп – қисабын тапсырады.
1- кесте. Салық ставкалары

Қызметкердің салық салынатын табысы Ставкасы
15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
15-тен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

40-тан 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін Салық салынатын сомасынан 20 пайыз
15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз
40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 12 пайыз
200-ден 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 пайыз
600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 пайыз

Арнаулы салық режимдерін қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салықты есептеуді Салық Кодексінің 374-390 баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Әлеуметтік салықты есептеу уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
2.2 Жеке табыс салығы
Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша есептеп, төлейді және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етеді.
Жеке табыс салығы салынатын объекттер мыналар:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлеріне салық салынбайды:
а) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
ә) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
б) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу;
в) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар және борыштық
2.3 Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат. Белгілі бір арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті орган белгілейді. Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі. Салық төлеуші бүлінген патентті салық органына тапсыруға тиіс. Берілген патенттерді тіркеуді салық органдары патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді. Тіркеу журналындарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Жеке кәсіпкер – заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға.
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі.
Патент негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі
1. Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімделген кірістің 2 проценті мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.
2. Патенттің құны бюджетке мынадай түрде:
а) жеке табыс салығы – патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде;
б) әлеуметтік салық - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар соммасын алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігін мөлшерінде төленуге тиіс.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
а) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп
ә) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
б) патент негізіндегі арнаулы салық режимі
в) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
2.4 Қосылған құн салығы
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық салу объектілері:
а) салық салынатын айналым
б) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады
Қосылған құн салығын төлеушінің атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі атауы өзгерген соң он жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен ауыстырылуы тиіс.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкісі қатаң есеп беру бланкісі болып табылады және салық төлеушіге ақша төлетпей беріледі.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөніндегі куәлік қосылған құн салығын төлеушіде сақталады.
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуға тиіс. Қосылған құн салығын төлеуші мұндай құқықты өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екі жыл өткеннен кейін падалана алады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]