Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасының төлем жүйелері.
Қазақстан Республикасы аумағында келесідей төлем жүйелері жұмыс істейді:нақтылы уақыт режиміндегі бүтіндей (жалпы) есеп айрысу жүйесі (ақша аударымдарының банкаралық жүйесі);
клирингтік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі).
Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ)
Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін бүтіндей (жалпы негіздегі) төлемдер жүйесі Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ).
ІТЖ жетілдіру және оны дамыған шет елдердің жұмыс істеп тұрған жалпы негіздегі есеп айрысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлттық Банк тарапынан жұмыстар жүргізілді. 2000 жылдың соңында ІТЖ жүйе қатысушыларының есепшотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақыт режимінде есеп айрысуларды жүргізетін (RTGS – нақтылы уақыт режиміндегі есеп айрысулар) және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негіздегі төлемдер жүйесіне қойылатын барлық негізгі талаптарға жауап беретін ақша аударымдарының банкаралық жүйесі болып кайта құрылды. Кез-келген ел үшін RTGS жүйесін құру қаржы сферасында ең жоғары басымдыққа ие. Мұндай жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды. ААБЖ-ң мақсаты осы жүйе пайдаланушыларының Ұлттық Банктегі шотындағы ақша қаражаттарын қолдана отырып, және осы қаражаттардың шегінде операциялық күн ішінде ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айрысуларды қамтамасыз етуден тұрады. ААБЖ-де ірі және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.
Ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері:
ААБЖ-де мәліметтерді беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен жүзеге асады.
ААБЖ-де электронды мәліметтерді беруді куәландыруға және оларды беру кезінде қателерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар, жіберілген және қабылданған электронды мәліметтердің есебін қамтамасыз етіп, оның бақылауын жүргізеді. ААБЖ-де өңделетін барлық электронды мәліметтер аудиторлық із қалдырады.
Жоғарыда аталып өткендей, ААБЖ-де төлемдер пайдаланушылар шотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақытта жүзеге асырылады. Пайдаланушы позициясында төлем құжатында көрсетілген сомаға сәйкес төлем жасауға ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігі жағдайында ҚБЕО-да төлем тапсырымдары кезекке тұрады. Кезекте тұрған құжаттар басымдылық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдылық кодтары шеңберінде кезекте тұрған төлем тапсырымдарының орындалуы FIFO – бірінші келген, бірінші шығысқа қағидасы бойынша, олардың кезекке келіп түсу тәртібімен жүзеге асады. Пайдаланушылар төлем тапсырымдарының орындалу кезектілігін белгілеуге және өзгертуге құқылы. Пайдаланушылардың кезекке орналастырылған төлем құжаттарын қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. ААБЖ-де мәліметтерді өңдеу жылдамдығы орташа алғанда секундына 5-7 өңделген трансакциялар.
Жүйенің операциялық күні және жұмыс істеуі туралы толығырақ ақпарат ҚБЕО - ның сайтында келтірілген: www.kisc.kz.
Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ)
Бөлшек төлемдер жүйесі - клирингтік палаталар (клирингтік жүйе)арқылы кішігірім сомадағы төлемдердің электрондық аударымдарының жүйесі.
Бөлшек төлемдер жүйесінің негізгі ерекшелігі мұнда төлемдер жеке дербес негізде емес, операциялық күн ішінде жүйе қатысушыларынан келіп түскен төлемдер бойынша олардың өзара талаптары мен міндеттемелері бойынша таза айырмашылықтары анықталып, тек сол анықталған әрбір жүйе қатысушысының таза позициялары көлемінде ақша аударымын жүзеге асырудан тұрады.
1995 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың қарашасына дейін клирингтік палата ретінде ҚБЕО-ғы клиринг қатысушыларына күнделікті дебеттік және кредиттік шектеулер қойылатын (қазіргі уақытта бұл шектеулер алынып тасталған) облыстық клирингті жүзеге асырды. Мұндағы тәуекелдіктерді басқару жүйесі мен жұмыс істеу қағидалары клирингке қатысушылар шеңберін ірі екінші деңгейлі банктердің аздаған санымен шектеді. Дегенмен, банк жүйесінің өсіп келе жатқан қажеттілігі Қазақстанның барлық қаржылық ұйымдары мен аймақтары үшін ашық клирингті құру қажеттілігіне алып келді.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚБЕО-нда Қазақстанның барлық банктерін және Казначейлік, Зейнетақы қорларын қоса алғанда, басқа да банкілік емес мекемелерді қосуға мүмкіндік беретін жаңа клирингтік жүйе пайдалануға берілген болатын.
1999 жылдың тамызына дейін БТЖ кішігірім сомадағы банкаралық төлемдерді жүзеге асыратын ҚБЕО жанындағы Алматы клирингтік палатасы мен Ұлттық Банктің облыстық филиалдары жанындағы клирингтік палаталардың желісінен тұрған болатын. Қазіргі кезеңде банкаралық клирингті ҚБЕО-ғы мен ЖШС «Тимей» қаржы өндірістік компаниясы аймақтық клирингтік палатасы жузеге асыруда (2003 жылдың маусым айынан бастап ЖШС «Тимей» банкаралық клирингті жүзеге асыруын тоқтатты). 1998 жылдың соңынан бастап Алматы клирингтік палатасы АҚШ автоматтандырылған клиринг палатасы нұсқасына сай жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта ҚБЕО-ғы төлем жүйесінің пайдаланушыларына байланыс арналарының барлық түрлерін ұсынатын озық коммуникациялық жабдықтарға ие.
Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының клирингтік жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері
ҚБЕО-ң клирингтік жүйесінде банкаралық клиринг есеп айрысу үшін алдын-ала ақша депондаусыз көпжақты негізде жұмыс істейді.
Төлемдер жүйеге тәулік бойы (24 сағат) жіберіле алады және осы төлемдерді жіберуші-жүйе қатысушысы белгілеген басымдық кодтарына сәйкес кезекке тұрады. Әрбір қатысушы операциялық күн ішінде нақтылы уақыт режимінде өздерінің жүйеге жіберген барлық төлемдері жайында ақпаратқа қол жеткізе алады. Банкаралық клирингке құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүреді және оның нәтижесі бойынша қатысушылардың таза позицияларын анықтау мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәулігіне бір рет сағат 15.00 пен 16.00 аралығында жүреді. Пайдаланушылар операциялық күн жабылғанға дейін клирингке жіберген төлем құжаттарын кері қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Егер операциялық күн соңында қандай-да бір пайдаланушының шотындағы ақша қаражаты клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымдарын жасауға жеткіліксіз болған жағдайда, пайдаланушының төлемдері жеткіліксіз ақша көлемінде орындалмастан жойылып, қайта есептесу жасалады. Мұндай нұсқа қатысушыларға өзініњ өтімділігін басқаруға және қарсы төлемдер ағынын барынша пайдалануға мүмкіндік береді.
Клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымдары клиринг қатысушыларының таза позицияларын анықтағаннан кейін ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде жүзеге асырылады.
Одан басқа, бұл жүйеде клиринг қатысушылары болашақ күнгі төлемдермен, бірақ үш күннен ары емес (Т+3), төлем құжаттарын жіберулеріне болады. Бұл қатысушыларға өздерінің өтімділігін ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйеде жасалатын бір төлемнің жоғарғы сомасына 3 млн. теңге шектеу қойыл
Банкаралық клиринг есебі
Біздің елімізде банктер арасында есеп айырысуларды түпкілікті жақсартудың басты бағыты- банкаралық клирингті дамыту болып табылады.
Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген тауар және қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу жүйесі болып табылады. Банктік жүйеде клирингті негізінен банктердің корреспонденттік шоттары құрайды. Клиринг әсерінен есеп айырысулар жеңілдетіледі, арзандатылады және жеделдетіледі, қолда бар ақша қаржысы және осының есебінен есеп айырысуға қатысушылардың пайда және өтімділік деңгейі көтеріледі. Оған баруға негіз болңан басты ерекшелігі- шынайы ақшаға деген қажеттілік.
Клирингтің екі үлгісі қарастырылады: ақша қаржыларын алдын ала депозиттеумен және депозиттеусіз. Классикалық клирингтің екінші үлгісі есеп айырысу жүйесі дамыған елдерде кең таралған, бірақ қаржыларды алдын ала депозиттеуді талап етпейді. Егер клиринг сеансының аяғында қатысушылардың ең болмаса біреуінде дебеттік сальдо болмаса, бірақ оның қаржы табуңа мүмкіншілігі бар болса, онда клирингтік сеанс нәтижесі тоқтатылады. Классикалық үлгінің мынадай ерекшеліктері бар: ол қаржы айналымдылығының жылдамдығын және деңгейін ұлғайтуға, қаржылардың бірінші үлгіде резервтеуді талап ететін түрлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірінші үлгіде есептік операциялар алдын ала депозиттелген қаржыларды қолданып жүргізіледі. Осы дерек сеанс қатысушыларына нәтижені өзгерту мүмкіндігінсіз өзара есеп кепілдігін береді. Аталған жағдайда клиринг мекемесі банк ретінде қатысушы банктердің депозиттік шоттарын, өзіне жинай отырып қызмет етеді. Соған сәйкес,клирингті бірінші модель бойынша жүзеге асыру үшін,шоттарда жұмылдырылған қаржылары болуы керек.
Банкаралық клирингті ұйымдастырудың бай тәжірибесі АҚШ, Ұлыбритания, Германияда жинақталған.
Банктерде құжат айналымын жетілдіру және шығындарды азайту әдістерін іздестіру үнемі жүргізіледі. Болашағы бар нысандардың бірі-чектер трансакциясы, яғни чектің әрекетін одан әрі өңдеу үрдісінде оның деректерін магнитті жеткізушілерге жазу арқылы тоқтату. Бұл мәліметтер компьютерге енгізіледі, одан соң мәліметтерді таратуға немесе автоматты есеп айырысу палатасына жолдауға қолданылады.чектің өзі микрофильмденеді немесе банк мұрағатында сақталады, не болмаса жойылады. Бұл чектерді өңдеу немесе сұрыптауға байланысты шыңындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Клиринг екі банк арасында біріншісінің қарыз талабы екіншісінің қарыз міндеттемесі болып, ал екіншісінің қарыз талабы біріншісінің қарыз міндеттемесі болып табылатын жағдайларда. Сондай–ақ көп жақты талаптарға ие міндеттемелер кезінде де қолданылады. Бұл кезде маңыздысы клирингтің әр қатысушысының барлық қатысушыға қатысты қарыз талаптарын және олардың алдынғы міндеттемелерін ескеруіне және олар кезеңмен жағымды және жағымсыз шамада өтелуінде. Шынайы ақшамен тек есептелмеген ақша төленеді. Бұл кезде ескеретін нәрсе: клиринг қатысушылары арасында жүзге жуық және одан көп операциялар жүргізіледі, олардың әрқайсысы бойынша құжаттар өтеу үшін клиринг орталығына түседі және қатысушылардың дербес шоты бойынша есептеледі.
Клирингтік техникалық орталық бірнеше клирингтік сеанстар жиынтығын ұсынады: реттеушіжәне қорытындылаушы сеанстарды және төлемдерді өңдеудің барлық үрдісін қамтиды– тексеру, есептеу, сальдолау, жөнелтуші мен алушыны ақпараттау.
Клирингтің артықшылығы:
• Шынайы ақша қаржыларына деген қажеттіліктің аздығы;
• Өз міндеттемелері өз кінәрат– талаптарымен өтеу арөылы есеп айырысуды жеделдету;
Клирингтің кемшіліктері:
• Клирингтік сеансқа қатысу үшін өзара қарсылама міндеттемелердің болу қажеттілігі;
• Бірінші үлгі клирингін жүзеге асыру кезінде қаржыларды міндетті түрде депозиттеу;
• Өзара есеп айырысудың оңтайлы нұсқасы, бірақ бұл нақты төлемдерді жүзеге асыруға сәйкес келмейді. Бөлшек төлем дер жүйесі қарсылама төлемдер қағидасын қолданады, төлемдерді жүзеге асыру уақыты бір операциялық күнге тең.
Электрондық аударымдардың банкаралық жүйесінің мәні
Халықаралық сауда– қаржылық айналымда SWIFT электронды төлемдер жүйесі қолданылады.
SWIFT–әлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қауымдастығы–қаржылық телекоммуникация саласында жетекші халықаралық ұйым болып табылады. SWIFT қызметінің негізгі бағыты банктер үшін жедел, сенімді, шешімді, құпия және санкцияланбаған кіруден қорғайтын телекоммуникациялық қызметті ұсыну және қаржылық ақпаратты алмасу әдістемелері мен нысандарын стандарттау бойынша жұмыс жүргізу.
1950– жылдардың аяғында халықаралық сауданың күрт өсуі нәтижесінде банктік операциялар саны көбее бастады. Банктер арасында қалыптасқан байланыс банктік ақпарат көлемі мен қызметін келістіре алмады. Әр банктегі әр түрлі банктік рәсімдер құжаттар сәйсессіздігін туғызады, банкаралық операцияларды өткізудегі қателіктерді қайталап түзетуге көп уақыт жұмсалады. Қағаз жеткізушілердегі ақпараттардың шексіз өсуіне қалыпты реакция автоматтандыру болып табылады. Банктік автоматтандыру жүйесінің даму қарқынына байланысты банктік жүйелер арасында қағазсыз ақпарат алмасу қажеттілігі туындады. Сол кездегі іс қағаздарының ерекшеліктері мен құрылымындағы айырмашылығы жеткілікті сенімді деңгейде жұмыс істейтін интегралды байланыс жүйесі мен ақпаратты өңдеуді ұсына алмады. Сонымен қатар банкаралық қатынастарды стандарттау жүйесі болмады.
SWIFT– бұл иелері мүше–банктер болып табылатын акционерлік қоғам. Қоғам Бельгияда тіркелген және Бельгия заңы бойынша әрекет етеді. Жоғары органы– мүше банктердің және оның өкілдерінің жалпы жиналысы. Барлық шешім ассамблея қатысушыларының көпшілік дауысымен: бір акция–бір дауыс қағидасымен қбылданады. Директорлар кеңесінде жетекші орынды Батыс Еуропа және АҚШ елдері банктерінің өкілдері иемденеді. Акция саны ұсынылатын хабарлар трафигіне сәйкес таратылады. Акцияның басым саныАҚШ, Германия, Швецария,Франция, Ұлыбританияда.
Ұлттық заңға сәйкес халықаралық банктік операцияны жүзеге асыруға құқы бар кез келген банк SWIFT мүшесі бола алады. Мүше банктермен қатар SWIFT торабын пайдаланушылардың тағы екі санаты бар: қауымдастырылған мүшелері және қатысушылары. Біріншілер санатында мүше банктер филиалдары және бөлімшелері қызмет етеді. Қауымдастырылған мүшелер акционер бола алмайды және қоғам ісін басқаруға қатысу құқынан айырылған. SWIFT аталмыш қатысушылары әрқилы қаржылық институттар: торапқа қатысуға 1987 жылдан рұқсаты бар делдалдық және сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар.
SWIFT –ке ену екі кезеңнен тұрады:қоғамға мүше болуға банктің дайындығы және қоғамның іскер мүшесі ретінде банктің торапқа қосылу дайындығы. Бірінші кезеңде банк SWIFT –ке келесі құжаттар кешенін толтырып жолдайды.: кіру туралы өтініш, SWIFT жарғысын орындауға және қоғамның шығындарын қалпына келтіруге банктің міндеттемесі; банктің және қоғаммен байланысқа жауапты тұлғаның мекен жайы, банктік хабарлаулар кестесінің сипаты. SWIFT директорлар кеңесі құжаттарды талқылайды және банкті қоғамға қабылдау туралы шешім қабылдайды. Кандидат банк бір жолғы жарнаны төлеуге және қоғамның бір акциясын иемденуге құқық алады.
SWIFT–тің басты кемшілігі оған кірудің қымбаттылығы. Банктің SWIFT–ке кіру шығындары 160-200мың долларды құрайды. Бұл ұсақ банктер үшін қиындық әкеледі. Кемшілік ретінде белгілі деңгейде ішкі ұйымның күрделі техникалық жүйеге бағыныштылығын атауға болады. Келесі бір кемшілік ретінде төлем несиесін қолдану бойынша мүмкіндіктердің қысқаруын, атап айтқанда аталған аударым көрсетілетін шоттар дебеті мен кредиті арасындағы кезеңнің қысқаруын айтамыз.
Қазақстандық банктер өз есеп айырысуларында электронды құжаттарды жолдаудың «Банк–Клиент» жүйесін қолданады. Бұл жүйе клиенттерге компьютер және модем көмегімен есеп айырысу қызметін жүргізуге мүмкіндік береді. Барлық операциялар кеңседен шықпастан, клиенттің жұмыс орнынан жүргізіледі. «Банк–Клиент» жүйесіндегі барлық құжаттар электронды түрде беріледі. Олар Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің нормативті актілеріне сәйкес қолданылатын бухгалтерлік құжаттармен бірдей және бухгалтерлік жазбалар жасауға негіз болады.
«Банк–Клиент» жүйесін қолданып, клиент банкке келесі құжаттарды ұсына алады:
• Өз шотынан теңгеде, икемді және тұрақты валютада қаржы жұмсауға төлем тапсырмаларын;
• Валюта сатып алуға өтінішті:
• Валюта сатуға өтінішті;
Валюталық құжаттарды аударуға өтінішті.
«Банк–Клиент» жүйесі бойынша клиенттер банктен алады:
• Шынайы уақыт жүйесінде шоттар бойынша көшірмелерді;
• Шоттар бойынша көшірмелер қосымшалар;
• Клиенттік үшін мәтіндік хабарларды.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Төлем жүйелерінің ерекшеліктері
» Реферат: Қаржы | Баға белгілеу және салық жүйесі
» Реферат: Тарих | Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы
» Реферат: Банк ісі | Қолма қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары
» Реферат: Экономика | НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
» Реферат: Төлем жүйелерінің ерекшеліктері
» Реферат: Қаржы | Баға белгілеу және салық жүйесі
» Реферат: Тарих | Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы
» Реферат: Банк ісі | Қолма қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары
» Реферат: Экономика | НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Іздеп көріңіз: