Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

ҚР-дағы білім беру жүйесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.
1 кесте. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Жылдар Желі Контингент
2000 1144 135287
2001 1167 146375
2002 1162 153965
2003 1156 160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ.
1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы еңгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасын қамтуға әсер етеді (1 диаграмма).

1 диаграмма. Балалардың мектепалды дайындықпен және мектепке дейінгі оқытумен қамту көрсеткіштері

Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғарғы сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін еңгізуді көздейді.
Қазақстанның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингенттінің азаюымен сипатталды (2 кесте).
2 кесте.Жалпы орта білім беру
Оқу жылы Мектептер саны Оқитындар контингенті
2000/2001 8109 3043,3
2001/2002 8171 3019,5
2002/2003 8164 3095,6
2003/2004 8260 3026,2

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процессіне қатысу үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын реттеудің институтционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307 кәсіптік мектеп пен 415 колледжден тұрады.
Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында оқитындардың контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.
4 кесте. Бастауыш пен орта кәсіптік білім беру
Оқу жылы КМ (КЛ) саны Оқитындардың контингенті Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны
2000/2001 306 88,3 75,4
2001/2002 312 88,1 72,1
2002/2003 312 89,6 82,3
2003/2004 307 98,7 91,3

Жоғарғы оқу орнындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан (5 кесте).
5 кесте. Жоғарғы оқу орнында білім беру
Оқу жылы Жоғарғы оқу орындар саны Оқитындардың контингенті Мемлекеттік тапсырыс
2000/2001 181 440715 21970
2001/2002 182 514738 25265
2002/2003 173 590982 25465
2003/2004 180 655661 26465

2000 жылы қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғарғы білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламалары мен қоса жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғарғы білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді.
Педагок кадрларды даярлау, кайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғарғы оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізді. Педагогтерді даярлауға арналған мектепттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.

1.1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.

Жақында ғана еліміз алғашқы мүше жасын атап өтті. Бірнеше жылдар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетіп, бүгінгі ұрпаққа оның қиындығы мен қуанышын көру бұйырған. Сонымен қатар мемлекетіміздің жеке отау болып, іргетасын қалап, алаулаған жалауын көтеру мен бірге, сол туды құлатпай, бүкіл әлемге паш етіп, дамыған елдер алдында бас имей, ғасырлар бойы әрбір шаршы метр жерін шоқпарымен қорғаған ата-бабалар аруағына кір келтірмей, елімізді алға апарар ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу міндеті қоса жүктеліп отыр.
Атам қазақ «ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. Ендеше сол келешегіміз, егемендігіміздің болашақ қорғаны, халқымыздың көш бастар серкелі – жастарымыздың бүгінгі күніне бір үңіліп көрейікші. Бұл жағдай сұрасаң, мен оны айтсам, сен де жылайсың, мен де жылаймын дегендей. «Ауруын жасырған өледі» демекші, ащы да болса шындыққа бойлап, ой салып сараптап көрелік, біздің елде білім беру дәрежесі төмен десек те қателеспейміз. Оған бізде бірнеше себептер бар соның бірі қаржыландыру мәселесі. Әрине, қаражат мәселесін министірлік ұсынысымен Үкімет шешуі тиіс. Менің жеке ойым, сол министрлікте тиісті бағдарлама жасалынып есептеп, талдау жасап отырған мамандар жоқ сияқты. Себебі, қарапайым есеппен, Үкімет басшысына, Мәжіліске мәселе қойып шықса, сол жердегі жауапты басшылар мен депутатардың барлығының отбасы, балалары бар, ешқайсысы қарсы болмас деп ойлаймын.
Сонымен қатар, нарықтық жағдайда кез келген өндірістік, әлеуметтік қарым-қатынастардың шешуін табатын алуан алуан әдістер мен амалдар бар. Тек жауаптық қызметте отырған белсенділердің жауапкершілік пен шешім қабылдау батылдығы керек. Мысалы, заманның ауыр кезеңінде кейбір облыстар қысқарып жатқанда, қазіргі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов Атырау облысын екі-үш жыл ішінде, өткен Одақтың бірінші хатшылары мен өзіне деген әкімдерін халық ісін істемеген қыруар шаруаларын шешіп еліне деген махаббаттың нарықтық істер мен дәлелдеп жергілікті тұрғындар кеңесіне кенелді. Ал министр болғанда, айлап-жылдап, күндіз-түні отырып жазған қол жазбаларын баспаға бере алмай қаражатсыз қиналып жүрген жүздеген ақын, жазушыларға қолұшын беріп бүкіл қазақ еліне керекті, заманымыздың әдеби мұра болатын кітаптарын шығарып берді. Бұл не көрсетеді? Демек, елім-халқым деген басшылар болса тап біздің Қазақстанның байлығы, мүмкіндігі азынаулақ, 15 миллионнан сәл асқан халқына дамыған басқадай мемлекеттер сияқты толықтай жағдай жасап, еңбек етіп, білім алуына мүмкіндік туғызуға болады.
Өкінішке орай, кейбір шенеуніктер ел жағдайын өзінің отырған жайлы орнымен және бала шағасының қарыны тоқтығымен өлшейтін сияқты. Осыдан келіп, Президент айтқандай, тегіс жерден күрделі мәселе тудырып, қарапайым халықтың жанын қинап, басын ауыртар адам естімеген, естісе сенбейтін жағдайлар туады.
Бұл мәселенің шешуін басқа деңгейде, жергілікті жағдайда қарастырып көрелік. Алматы қаласына жан-жақтан тіпті басқа мемлекеттерден келіп еңбек етіп отбасыларын асырап, жағдайларын жөңдеп жүрген адамдар көп, ол баршаға аян. Ауылдан келген студенттер де Сейфуллин, Рысқұлов даңғылдарына шығып біреудің ауласын тазалап , үйін жөндеп, үй-мүлкін көшіріп немесе күзетшілік, даяшылық, тағы сол сияқты жұмыстарды өз беттерімен тауып, күнделікті тамағына, азын-аулақ киім-кешегіне қаражат тауып, жоғарғы оқу орындағы оқуларын жалғастырып келеді. Олай болса, қалада жұмыс күшіне сұраныс жеткілікті, яғни, оны сол жоғарғы оқу орнының әкімшілігі жергілікті мемлекеттік атқару органдары мен бірлесе отырып сол жастардың көмегімен белгілі бір жүйеге келтіріп, ретке салуға болатын сияқты. Ондай жүйеде салған, біріншіден, студентердің жұмыс іздеуге кетер уақытын үнемдеп, екінші жағынан олардың еңбегін алдамай, ақысының дұрыс төленуіне бақылау жасау үшін керек. Нарықта осы жобаны іске асыру үшін төмендегідей жүйенің жобасын қарастыруға болады.
Қалалық әкімшілік жанындағы Орта және шағын кәсіпкершілікті қолдайтын департамент жанында қала бойынша күндіз-түні істейтін диспетчерлік орын құрылып, ол қала ішіндегі уақытша және тұрақты тапсырыстар қабылдап, олармен істелетін жұмыс көлемін уақытын, оның керекті құрал-саймандарымен жабдықталуын, материалдармен қамтамасыз етілуін және төлейтін еңбекақысымен келісіп, жоғарғы оқу орындарында құрылған өздерінің филиалдары арқылы, студенттерден құрылған еңбек күштері мен атқарып отырса болар еді.
Бұл жобаны, тапсырыс берушілер үшін де артықшылығы бар. Өйткені, баршаға аян өз отбасының хал-жағдайын, мүмкіндігін сырт адамдардың білмегенін қалайсың, себебі көптеген үй тонау, отбасына шапқыншылық жасау мүмкіндігі көп мезгілде өзінің бұрын білмейтін, сырттан келген адамдарды жұмысқа алу өте қауіпті. Ал әлгіндей жүйе болса, кез келген қала тұрғыны өз үйінде отырып орталық диспетчерге телефон соғып, тапсырыс берер еді.
Тағы бір артықшылығы, бүкіл дүниеде үрей туғызып отырған бізден бетін аулақ қылсын, әр түрлі бағыттардағы ұйымдар мүшелерінің қарапайым жұмысшы ретінде қалаға еніп, лаң салу мүмкіндігін азайтады. Осы тұрғыда сол жоғарғы оқу орындарында да өздерінің студенттеріне жағдай жасауына бірнеше мүмкіндіктер бар.
1. Әсіресе, ұлттық және мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін төленіп отырған қаражат қалай пайдаланылып отыр, бұл осы уақытқа дейін шешуін таппаған және өте мұқият тексеріспен талдау жасауды керек етіп отырған мәселе.
2. Сол оқу орындарының көптеген алаңдар мен бөлмелерін, шеберханалары мен жатаханалары оқу бағдарламасына үш қайнаса сорпасы қосылмайын жеке тұлғаларға, іскерлерге жалға беріліп отыр. Ал одан соң жерде еңбек етіп отырған мұғалімдер мен студенттер нендей пайда көріп келеді, егер жылма жыл оқу бөлмелерін сол мұғалімдер өз есебімен, өз күштерімен жөндеуден өткізіп, тіпті керекті оқу құралдарын да айлығына сатып алып отырса.
Сол себепті осындай жоғарғы оқу орындарын басқару және қаржыландыру жүйелері қайта құрылып ашық айқын бір тәртіпке келтіріп тез арада шешім табуы керек ететін үлкен бір мәселе. Сонымен қатар министрлік арқылы әрбір оқу орындарын сол жердегі оқытушылар мен студенттерге сабақтан тыс уақыттарында, қосымша халық тұтынатын әр түрлі құрал-саймандар, күнделікті үй тапсырмасына керекті жабдықтар жасап қарапайым тұтынушылардан тапсырыс алып, пайда табуын ұйымдастыру керек.
Ол үшін сол жоғарғы оқу орындарындағы барлық мүмкіндіктер соларға жасалынып қолдау берілуі тиіс және сырттан ешбір адамға, заңды тұлғаларға жалға беруді немесе сатуды қатаң түрде қысқартқан дұрыс. Жалпы, қандайда болмасын оқу орындары болашақта өздерінің қаражатын тек қана студенттер есебінен ғана емес сондай кәсіптікпен және әр түрлі ғылыми жаңалықтар жасап еліміз жылма-жыл бірнеше миллиардтаған қаржы бөліп отырған инновациялық жобаларға қатынасып, сол жерде дәріс алып жүрген студенттердің, мұғалімдердің толықтай жағдайын жасауға бет бұрыс алуы керек.
Егерде осындай талап қойылып оның атқарылуы қатаң бақылауға алынса онда студенттерде іскерлікке, жауапкершілікке үйреніп киыннан жол табар көш бастаушысына айналар еді. Ендеше, еліміздің болашағына жауапты бүгінгі студенттер жағдай тек қана олардың мәселесі емес ол бүкіл халықтық болып қала берді, үлкен саяси мәні бар үлкен де, күрделі мәселе. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]