Реферат: Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Ұзақ жылдардан бері әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып келе жатқан бұл Ұйымның дүниеге келуі оңай бола қойған жоқ . Осы жылдар ішінде аталған елдердің басшылары, сыртқы істер министрлері, талай мәрте бас қосып, Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Сол кездесулердің барлығы қызу пікірталас жағдайында өткені тарихтан белгілі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ , Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбританя мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан- Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны стратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Көзі қарақы көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымының бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік кеңесінің Ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше.
Бас Ассамблеядан төмен тұрған органдар көп. Олардың атқаратын қызметтері де саналуан. Қазіргі кезде Бас Ассамблеяның алты бас комитеті жұмыс істейді. Әрқайсысының айналысатын мәселелері бөлек болып келеді.Мысалы, бірінші комитет қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелерімен, екінші комитет экономикалық және қаржы, үшінші комитет әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет, төртінші комитет арнайы саяси және отарсыздандыру, бесінші комитет әкімшілік және бюджет, ал алтыншы комитет құқық мәселелерімен айналысады.
Халықаралық қоғамдастықта орны айрықша, небір өзекті мәселелерді салқынқандылықпен шешіп келе жатқан Бас Ассамблеяның алғашқы сессиясы осыдан 60 жыл бұрын, 1946 жыдың 10 қаңтарында Лондондағы Вестминистер орталық залында ашылған. Ондағы инагурациялық сөз сөйлеу құрметіне Ұлыбританияның премьер-министрі Клемент Эттли ие болды. Бельгиялық Поль Анри Спаак бірінші сессияның президенті болып сайланыпты. Қауіпсіздік Кеңесінің алғашқы отырысы қаңтардың 17-сінде болса, оған Австралияның елшісі төрағалық еткен.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір+бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарады.
Кейін, яғни 2002 жылдың маусымында Қазақстан басшысының АӨСШК шақыру бастамасы жүзеге асты. Кеңестің Алматы қаласында өткен алғашқы саммитіне Азиядағы және әлемдегі аса ірі мемлекеттер – Қытайдың, Ресейдің, Үнідістанның, Пәкістанның, тағы басқа да елдердің басшылары қатысып, дүниежүзілік қоғамдастыққа ортақ өзекті мәселелерді талқылады. Нәтижесінде қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Алматы актісі және өркениеттер арасындағы үнқатысуға жәрдемдесу туралы декларациясы қабылданды. «Біз АӨСШК үдерісіне қатысушылардың барлығын Азияда ауқымды қақтығыстарға ұрынбау, егесті ушықтырмау үшін бір-бірімен өзара қарым-қатынаста ұстамдылық пен жауаптылық танытуға шақырамыз... Біздің ойымызша, Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымы маңызды үйлестірушілік рөл атқаруы керек. Барлық тағдырсалды шешімдерді мемлекеттер қауымдастығы БҰҰ аясында қабылдауы тиіс», - деген еді Президент Нұрсұлтан Назарбаев саммитті ашу кезіндегі сөйлеген сөзінде.
Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірден- бір ел. Бұл мәселені БҰҰ аясындағы жиындарда үнемі көтеріп, өзге мемлекеттерге үлгі көрсетіп келеді. Еліміздің ядролық қаруды сынақтан толық тоқтату жөніндегі табанды ұстанып, БҰҰ тарапынан қолдау табуда. Мәскеуде 2001 жылдың тамызында Алматыда өткен «ХХІ ғасыр: ядролық қарудан азаттық жолында» атты халықаралық конференциясында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары В.Петровскийдің: «Халықаралық қоғамда азаттық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік жігермен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзін-өзі жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындығының жарқын мысалын көрсетті», - деп мәлімдеуі Қазақстанның осы мәселеде ұстанған бағытының дұрыс екендігін көрсетеді.
Қазақстан, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекет ретінде мүше мемлекет ретінде саяси проблемалардың, оның ішінде Орталық Азия аймағы елдерінің қауіпсіздігіне қатысты проблемалардың реттелуіне де ұйытқы болып келеді. Бұған БҰҰ аясында өзінің Мыңжылдық саммитінде Қазақстан басшысының ауған мәселесін реттеуде тиісті нәтижелердің болмай отырғанына алаңдаушылығын білдіре келіп, оны тұрақтандыруда нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғаныстан мен Орталық Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесіне арнайы отырысын шақыруды өтінгені болмақ . Өйткені, Ауғаныстағы жағдай Орталық Азия елдерімен қатар, өзіндік аймақтарда қауіпсіздік сақтауда кері ете бастаған. Кейінірек, яғни 2001 жылдың сәуірінде Қазақстаннның осы ұсынысы Қауіпсіздік Кеңесіне және Бас Ассамблеяның 55-сессиясында ресми Құжат ретінде қатысушы елдерге таратылды. Бүгін Қазақстан ұсынысы Ауғаныстанды қалпына келтіру жұмыстарында өз нәтижесін беріп жатқанын атап өткен жөн. Еліміз БҰҰ-на мүше болғаннан бергі аралықта Ұйым жұмысында қабылданған халықаралық конвенциялардың көпшілігіне қосылды. Мысалы, адам құқықтары, халықаралық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғау, есірткіге бақылау жасау, тағы басқа да конвенциялар қосылып, өз ұстанымын ашық білдіріп келеді. Нақты мысал келтірейік, БҰҰ Ассмаблеясының 53-сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит мәселелері бойынша қарар қабылдауға бастама болған еді. Өйткені, Еуропа Азия елдерінің арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін ұлттық және аймақтық көлік инфрақұрылымдарды қалыптастырудың маңызы зор. Осының негізінде Еуропа мен Азия арасындағы транзитттік көлік қатынастарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру жөніндегі донор елдердің тарапынан болатын іс-шаралардың халықаралық құқықтық негізін құру жұмыстары кең алына бастады.
Қазақстан бүгінде БҰҰ-ның көптеген құрылымдарымен тығыз қарым-қатынас жұмыс істеп келеді. БҰҰ-ның даму бағдарламасын алайық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бағдарлама нарықтық экономиканы жүргізуде экономиканың түрлі секторлары мен аймақтарға нақты көмек көрсетуде Үкіметке айтарлықтай қолдау көрсетуімен белгілі болды. Бағдарлама аясында жүзеге асырылған әлеуметтік-экономикалық, мәдениет пен салаларындағы іс-шаралар жетерлік. Сондай-ақ Қазақстан БҰҰ-ның босқындар ісі жөнінідегі басқармасымен, БҰҰ-ның Әйелдер және Балалар қорларымен, БҰҰ-ның басқа да құрылымдарымен жүйе байланыс орнатқан.
Осылайша Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметіне атысып келе жатқан жылдар ішінде жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлес қосып жүрген мемлекет ретінде танылды. Бұдан Қазақстанның бүгінгі және болашақта әлем халықтарын, мәдениеттер мен конфеессияларды етене жақын етуге үндейтін өркениеттер арасында диалогты әрі қарай дамытуға әркез дайын тұрған іргелі ел екендігін көруге болады. Өйткені, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халықаралық ұйымдар дамыған елдерден көмек алып келген болатын, бүгінде өзге елдерге қаржылай көмек беретін,қолдау көрсететін елге айналып отыр. ....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: