Реферат: Этнопедагогика | Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері

Реферат: Этнопедагогика | Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері

Этнопедагогикалық пәні туралы түсінік
Педагогика ғылымының негізі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі...
Этнопедагогика ұғымын алғаш ғылыми айналымға енгізген - чуваш ғалымы Г.Н.Волков.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Этнопедагогика - халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.
Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшілігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы болып табылады.
Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:
1. Халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті.
2. Ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениеттіндегі көрінісі.
Этнопедагогика пәні болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешіліктер мен ұлтгық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Этнопедагогиканың өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтары бар, яғни ол жалпы және даралық заңдылықтар болып бөлінеді:
Жалпы заңдылық - этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуын, оның қайта құрылу тәуелділігін анықтайды.
Даралық заңдылық - этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз ету қабілеттілігін көрсетеді.
ІІ. Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар
Этнопедагогика ғылымы халық педагогикасын зерттейтін ғылым болғандықган, басқа ғылымдар сияқты, бұл ғылымның да негізгі ұғымдары бар. Төменде соларға анықтама берілген.
1. Әдеп-ғұрып дегеніміз - белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің бір түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әртүрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды.
Әдет-ғұрып рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл.
2. Салт - адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап, қоғамдық өмірдегі қатынаста)
Жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім заңдар жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, дін ережелерімен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, рух тайпаға ортақ рәсімге айналады.
Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы әдет ғұрып деп атаймыз, ол оның біржолата өмір заңдылығына айналуы - салт-дәстүр деп аталады.
3. Дәстүр - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның калыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайды. Ол ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатынаста көрініс беретін құбылыс.
Дәстүр идеологияға жақын, ал салт қоғамдық психологияға жақын.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Яғни дәстүр-қолданбалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің "нұсқауынсыз" еркін мәжбүрлікпен орындалады.
Сонымен, қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы төмендегі №2 кестеден берілді.
4. Ұлтгық сезім дегеніміз адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті білдірудің адамды қоршаған ортаның, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы, сонымен бірге басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану, шаттанумен немесе риза болмай қанағаттануымен байланысты ой-қиял, әсер сезімнің сыртқа шыққан көрінісі.
5. Ұлттық мінез - адам мінезінен, іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс, ой осы ұлтқа төн темпераменттік, психикалық, рухани сапасымен ерекшеленіп көзге түседі.



№2 кесте Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы

III. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни-наным сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Қазақ халқының ұлттық даралығы ой-толғаныс қазынасында (ұлттық психология), ұрпақ тәрбиелеу тәсілдерінде (этнопедагогика), салт-дәстүр ерекшелігінде (этнография).
1. Қазақ халқының психологиялық ой-толғаныс ерекшелігі. Ол-тұспалдан, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.
2. Қазақтың ұлттық философиясының танымдық бір ерекшелігі - атамекен, ел жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы. "Кіндік қаным тамған жерім-ауылым", "Отан оттан да ыстық", "Отансыз ер бұралқы итпен тең", "Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" т.б.
3. Ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде "Өнер алды-қызыл тіл", "Ақылдың көзі-аталы сөзі", "Жақсы сөз жарым ырыс", "Шешен сөз бастар, батыр қол бастар" т.б.
4. Ұлттық базис болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен байланыстылығы.
Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік мал деп ұққан қазақ малды жан мен бірдей санаған.
ІҮ. Қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық және теориялық негізі
Қазақ этнопедагогикасының мақсаты мен міндеттері:
1.Қазақ этнопедагогикасы танымы туралы білімдерді айқындау: зерттеу әдістері мен қағидалары;
2.Қазақ этнопедагогикасының халық педагогикасы мен әлеуметтік педагогикамен өзара байланыстылығы;
3.Қазақ этнопедагогикасының құрылымдық-жүйелік құрамын айқындау;
4.Әдіснамалық белгілерді айқындау;
5.Зерттеулер жүргізу және бағдарламалар дайындау;
6.Қазақ этнопедагогикасы білімі туралы, білімдерін айқындау;
7.Қазақ этнопедагогикасының педагогика ғылымдары жүйесіндегі орны;
8.Қазақ халқының ұлттық тәрбие ерекшелігін оқып-үйрену;
9.Қазақ этнопедагогикасының түсіндірме-терминологиялық жүйесін оқып-үйрену;
10.Ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық әлеуметтік ролдің маңыздылығын айқындау;
11. Ұлттық мінез-құлық пен өзіндік сананы қалыптастыру ерекшеліктерін оқып-үйрену.
Қазақ этнопедагогикасының объектісі – этнопедагогика, этнопедагогикалық зерттеу, ұлттык, және дәстүрлі-тұрмыстық мәдениет және этнопедагогикалық мәдениет.
Қазақ этнопедагогикасының қызметтері:
1. Танымдық (зерттеушілік);
2. Сыни көзқарастық (бағалаушылық);
3. Рефлекстік;
4. Этнология, этнопсихология, этносоциология, педагогиканың зерттеу әдістерін оқып-үйрену негізінде қазақ этнопедагогикасының зерттеу әдістерін дайындау;
5. Сипаттау, тақырыптар бойынша жіктеу, деңгейлер бойынша жүйелеу;
6. Праксеологиялық;
7. Аксеологиялық;
8. Қазақ халқының прогрессивтік дәстүрлерінің маңыздылығын оқып-үйрену;
9. Шежіре тәрбиесі заңдарының маңыздылығын танып-білу;
10. Қазақ және басқа да халықтардың этнопедагогикасына салыстырмалы зерттеулер әдісін дайындау;
11. Интегративтік пәндердің зерттеу әдістерін дайындау;
12. Этнопедагогиканың ішкі пәндік, пәнаралық, ғылым аралық зерттеулерінің құрал-жабдықталуын дайындау;
13. Этнопедагогикада методологиялық білімдер критерийін дайындау;
14. Ұлттық дүниеге көзқарасты қалыптастыру;
15. Халықтың ұлттық мәдениет құндылығына тәрбиелеу;
16. Ұлттық менталитетті қалыптастыру;
17. Тіліне, Отанына, тарихына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
18. Мектепте, отбасында ұлттық тәрбиенің оң тәжірибелерін насихаттау;
19. Үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық тәрбие арқылы қазақ халқының өзіндік тұрмыс- тіршілігін сақтау.
Қазақ этнопедагогикасының әдістері:
1. Жалпы ғылыми әдістері: анализ, дедукция, индукция, идеааизация, аналогия, байқау, эксперимент, өлшеу, модельдеу және т.б.
2. Пәнаралық әдістер: жүйелеу, комплекстік бүтіндік, этнопедагогшалық, мәдениеттанушылық, әлеуметтанулык,, этнографиялық.
Қазақ этнопедагогикасының қағидалары:
1. Объективтік;
2. Танымдық;
3. Детерменизмдік;
4. Дамытушылық;
5. Тарихилық;
6. Теория мен практиканың біртұтастыты;
7.Тарихилық пен логикалықтың біртұтастығы;
8. Кумулятивтік;
9. Кешендік;
10. Бүтіндік;
11. Жүйелік;
12. Тазалық аспектілігі мен пәндік белгіленуі;
13. Ұлттық және әлеуметтік қатынастар;
14. Биологиялық және әлеуметтік антропологизмінің біртұтастығы;
15. Халықтық (ұлттық);
16. Мәдениеттанушылық;
17. Табиғилық;
18. Жас және дара ерекшеліктерін есепке алу.
Қазақ этнопедагогикасының заңдары:
1. Материалистік диалектиканың заңдоры: терістеуді терістеу, сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысуы, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен өзара күресі;
2. Материалистік диалектиканың категориялары: Құбылыс пен мән; мазмұн мен форма, қажеттілік пен кездейсоқтық, кеңістік пен уақыт, бүтін және бөлік, сапа және қасиет, жалпы және жалқы.
3. Антропологизм философиясы - этнопедагогика заңдарының танымындағы негіз ретінде.
4. Жалпы педагогиканың заңдары;
5. Қазақ халқының этникалық мәдениетіндегі моралдық-этикалық заңдары;
6. Этнопедагогика заңдарының негізі;
7. Тәрбие дәстүрлері мен адамгершілік-этикалық жүйесі этнопедагогика заңдарының әрекетінде көрінуі ретінде;
8. Этноәлеуметтік роль этнопедагогика заңдарының негізі ретінде.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Этнопедагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]