Реферат: Философия | Қазақ философтары
ХІХ ғасырдың адамзат тарихында ерекше орыны бар. Көптеген елдерде революциялық-демократиялық қозғалыстар етек алды. Ресейде алғаш дворян-революционер А.Н.Радищевтің ісін қолдап, ілгері дамытқан, патша өкіметіне, бсыбайлы құлдыққа, шіркеуге қарсы шығып, оларды реакция тірегі деп білген, шаруаларды революциялық күреске шақырған А.И.Герцен, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б. болды. Олар материалистік тұрғыдан ой қозғап, еңбектер жазды. Біріншіден, олар жоғарыда айтылғандай, революционер-демократ болып, халықты революцияға шақырды, екіншіден, олар социалист-утопсит еді, социализмге шаруалар қауымдастығы арқылы жетуді көздеді.
Сол кезде, бұған дейін айтылғандай, басқа ұлт-аймақтардағы сияқты, қазақ жерінде білімге, прогреске ұмтылған алдыңғы қатарлы ойшылдар шыға бастады. Біз оларды революционер-демократ ретінде тарихтан өз орнын алды.
Шоқан Уәлиханов (1835-1865) қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Шоқанның туған атасы Уәли хан Абылай ханның үлкен баласы. Шоқанның әкесі Шыңғыс Құсмұрында (қазіргі Көкшатау облысының Володар ауданы) аға сұлтан болған. Шоқан сол жерде дүниеге келген. Ол 1847 жылы Омбыдағы кадет корпусында оқуға алынып, оны 1853 жылы бітірген. Оған дейін ол елінде қазақ мектебін оқып, арабша хат таныды. Корпуста оқып жүріп, өзімен бірге оқитын досы Г.Н.Потанинмен бірге прогресшіл мұғалімдердің ықпалымен ой-өрісі кеңіп, тез жетіледі. 1854 жылы табиғатында зерек Шоқан Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік Батыс аймағын басқарған генерал Г.Х.Гасфорттың (1790-1874) адьютанты болды. Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы Омбыдан Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбыдан Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экспедицияларға қатысып, Жетісудің, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануар дүниесін, халқының әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинайды, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқайтын суреттер салады. Ал мұның алдында ол Қытай Империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған болатын. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген және тағы басқа құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан 1857 жылы 27 ақпанында Орыс География қоғамының толық мүшесі болып сайланды. 1858 жылы Семейде жабдықталған арнайы сауда керуеніне қосылып, ол Қашғарға саяхат жасады. Онда Әлімбай деген жасырын атпен 1858 жылдың 1 қазанынан 1859 жылдың 11 наурызына дейін болып, сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халқының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас Штабтың жолдамасында: «Бұл мейлінше қызықты, пайдалы еңбек» ... – деп көсетілген. Бірақ 1861 жылы науқасы меңдеген Шоқан елге қайтып оралады. Оның үстіне Ресми Петербург, патша үкіметі оны салқын қабылдады, тауын қайтарды. 1864 жылы Шоқан Орта Азияны Ресейге қосу жөніндегі Ташкентке бағытталған бағытталған М.Г.Черняевтің әскери отрядына шақырылды. Бірақ бұл жорықта М.Г.Черняевтың Әулиеата, Шымкент маңындағы жергілікті бейбіт халыцққа жасалған қан төгу ісіне, зеңбірекпен атқылап, үйлерін қиратып, өртегеніне наразы болған Шоқан армияны тастап, Тезектөре еліне барады да, сол жерде 1865 жылы дүние салады. Бұл қазіргі Алматы облысындағы Алтынемел жотасының етегі болатын. Ол кезде Шоқан әлі отызға да толған жоқ еді.
Ш.Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасына тоқталатын болсақ, ол самодержавиелік-басыбайлылық, патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққан Ресей прогресшіл демократтар тобына жақындағанын дәлелдеді. Ол қазақ қауымын демократиялық жолмен өзгертуді көкседі. Оның көзқарасына қазақ даласына айдалып келген демократ петрашевскийшілер сияқты озат ойшыл адамдар игі ықпал жасады. Ф.М.Достаевский, Г.Н.Потанин, Я.И.Полонский, К.К.Гутковский, С.Ф.Дуров т.б. оның жақын достары болды. Шоқан алдымен елжанды, адамгершілігі мол, интернационалист жан еді. «Ең алдымен, өзімнің туған халқымды, сосын Сібірді, сосын Ресейді, содан кейін барлық әлемді сүйемін», - деп жазды Шоқан. Сөйткен есіл ер әкесін де, Патшалық Ресей әкімшілігінен де түсіністік таппады.
Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге, прогреске шақырды. «Сот реформасы жазбаларында» Шоқан Патша өкіметі жүргізген сот реформасында бай, сұлтан, билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгенін, қазақ еңбекшілері солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол берілгендігін әшкереледі. Сөйтіп, ол қазақ қоғамында үстем тап пен езілуші тап бар екенін айқындады.
Халық мүддесін іс жүзінде қолдау үшін 1862 жылы Шоқан Атбасар округіне аға сұлтан болып сайлануға әрекет жасады. Сол кезде Ф.М.Достоевскийге жолдаған хатында ол осы әркетін айта келіп: «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктер мен қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім - өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді», - деп жазды. Бірақ оның бұл мақсаты орындалмады, аға сұлтан болып сайланбады.
Дүниетанымдық көзқарасында Шоқан жалпы идеализм шеңберінен шыға алмағанымен, көпжағдайда материалистік көзқарасқа жақындады. Оның діни ұғымның тууы жөніндегі пікір өте құнды. Қазақ жерінді ол Ислам дінімен қатар шамандық дін кең орын алып отырғанын талдап көрсетті. Діннің гносеологиялық тамырын ашты. «Даладағы мұсылмандық туралы» деген еңбегінде: «Ислам діні қазақ халқының ойы мен сезіміне кедергі жасап, орта ғасырлық қараңғылықты уағыздайды, қазақ халқын орыс мәдениетінен бездіреді», - деп жазды. Ислам дінін таратушы татар молдаларын сынады. Қазақ халқының тез дамуы үшін қазақ жерлерінде орыс мектептерін ашып, ислам діні ықпалынан босату қажет деп көрсетті. Шоқан Орта Азия, Шығыс Түркістан елдерінің тарихын,мәдениетін, тұрмыс-салтын зерттеді. Қырғыздардың «Манас» эпосын зерттеп, ол туралы ғылыми пікір айтты. «Жоңғария очерктерінде» Шоқан ең бай мәдени ошақтары болған Самарқан, Хиуа, Тәшкен, Ферғана, Бұхара кітапханалары мен обсерваториясы ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қирағанын өкінішпен айтады. Ол көшпелілер варвар деген еуропанцентристік пікірге үзілді-қарсылы қарсы шықты. Мәселен, қазақтрадың тілі, ауыз әдебиеті бай, қолөнері дамыған, олай болса, ол халықты қалайша тағы дәуірге болады деп ғылыми әдіспен тойтарыс береді. Шоқан еңбегінің бес томдық жинағы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазақ халқының тарихына аса көрнекті ағартушы, жаңашыл, педагог, жаушы, қоғам қайраткері ретінде кіреді. Торғай жерінде дүниеге келген. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашылған мектебінде 1850-1857 жылдары оқып, оны үздік бітіріп шықты. Жастайынан туған әкесінен жетім қалып, Ыбырай үлкен әкесі Балғожа бидің қолында тәрбиеленді Орынборда оқып жүрген немересі Ыбырайға жазған сәлем хаттың үлкен тәрбиелік мәні болады: «Атамды сағындым деп асығарсың, сабаққа көңіл қойсаң басыларсың, ата-анаңды өнер білсең асырарсың, Надан болып білмей қаларсың, аһ ұрарсың». Ыбырай Орынборда оқып жүрген кезден бастап, өлкеде айдауда жүрген әртекті орыс зиялыларымен араласты, белгілі шығысты зерттеуші В. Григорьевтен дәріс алды. Елге оралғаннан соң, халықтан қаржы жинап, мектеп үйін салуға кірісті. Мектеп 1864 жылдың қаңтарында ашылды. Ал мақсат-тілегін Ыбырай былай деп белгіледі: «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияда, ауыл шаруашылық академияларда оқып, білім алуын, өз халқын қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін». Бала оқытып тәрбиелеу жұмысында ол дүние жүзі педагогика классиктерінің идеяларын басшылыққа ала білді. Оған басшылық еткен Қазан университетінің профессоры, миссионер Н.И.Ильминский болады. Ол Ыбырайға орыс алфавитімен жазылған оқу құралын жасауды ұсынады. 1879 жылы Ыбырай төрт тараудан тұратын әйгілі «Киргизская христоматия» - («Қазақ христоматиясы») кітабын жазады. Сонымен қатар көптеген әңгімелер, өлеңдер жазып, балаларды оқуға, білімге шақырады. Олардың біразы сол христоматияға енгізілді. «Кел балалар, оқулық» деген өлеңінде ол: «Сиса көйлек үстінде, тоқуменен табылған, сауысқанның тамағы шоқумене табылған, өнер-білім бәрі де оқумен табылған. Кел балалар, оқылық. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық», - деп жазды Ыбырай. «Қазақтарға орыс тілін үйренудің бастауыш құралы» атты 8 тараудан тұратын оқу кітабында «Зат есім», «Сан есім», «Сын есім», «Үстеу мен жалғау», «Етістік», т.б. ұғымдарын тұңғыш рет енгізіп, талдап көрсетті. Ыбырай өз халқын мәдениетті, өнерлі елдердің қатарына қосуды арман етті. «Өнер, білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды, Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды», - деп жазды.
Ыбырай оқытушылық жұмыспен қатар халық училищелерінің инспекторы, Торғайдың уездік судьясы да болады. Алтынсариннің тікелей араласуымен мектептер, интернаттар, училищелер ашылады, олардың жанынан халық қаражатымен кітапханалар ұйымдастырады. Ыбырай надандыққа, сауатсыздыққа қарсы болып, халықты еңбңекке, білімге шақырады. Оған «Надандық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Лұқпан Хакім», «Қыпшам Сейтқұл» деген шығармалары дәлел болады. Мәселен, «Қыпшақ Сейтқұл» деген әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин ағайынды екі адамды мысалға келтіреді. Сейтқұл егіншілікпен егін егеді, сауда мен тағы басқамен шұғылданады. Сөйтіп басқаларға өнеге көрсетеді. Екіншісі ұрлықпен айналысады, ақыры өмірі қорлықпен өтеді. Өзін белгісіз біреулер Түркістен жақта өлтіріп кетеді. Ұрлықен жинаған дүниесі талан-таражға түседі. Сөйтіп Ыбырай халықты адалдыққа, еңбекке, отырықшылыққа шақырады. Зиянды кертартпа әдеттерден безуді уағыздайды, адамдық жолдан сақтандырады. «Араз бол, кедей солсаң, ұрлықпенен, Кете бар, кесе басың шындықпенен. Қорек тап бейнеттен де – Тәңірім жәрдем, Телмірме бір адамға мұңдықпенен», - деп халқына ақыл-кеңес берді. «Таза бұлақ» әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин адамгершіліктің маңызында мәселелерін үш жолаушының бұлақ басында сусындап отырып, тастағы жазуды оқып, соны әрқайсысы қалай талдағаны арқылы халық санасына қозғау салады. Сондағы жазу былай екен «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол». Бұл мысал Ыбырайдың халқын адамгершілікке баулуда түрлі әдістер қолданғанын көрсетеді. Сонымен бірге патша үкіметінің қазақ балаларының ішінен тілмаш тәрбиелеп шығармақ болған әрекетін сынап, қазақ еліне тілмаштық емес, өнер керек, білім керек екенін орыс тілінде жазылған мақалаларында талай рет атап айтты. Қазақ халқының кішіпейіл, білімге құштар, достыққа адал екенін айтын отырды.
Бірақ, Ыбырайдың бұл мақсат әрекеті патшалық Ресейдің жергілікті халық өкілдерінен тек тілмаштар дайындамақ болған саясатына қайшы келді, қолдау таппады. Ыбырай қазақ халқына көшпелілік тұрмыстың тұсау болып отырғанын да атап көрсетті. Ол халықтардың өмір бойы көшпелі тұрмыста қала беруін қуаттамауымен қатар, «Халық өзінің даму жолында көшпелілік өмірден отырақшылыққа ауыспай қоймайды», - деп қорытты. «Халыққа білім беру, көзін ашу ісінің өзі осы отыршылықпен тығыз байланысты», - деді. «Қазақ халқы көп ұзамай орыс мемлекеттерімен қоян-қолтық араласып кететін болды. Бұл жақындықтан ол тек бақыт табу және ол малшы болып қалмайды, сонымен қатар диқаншы да, Ресейдің қасиетті туы астында да жауынгер бола алады», - деп жазды Ыбырай.
Бірақ Ыбырай Патша өкіметінің Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторларында дала облыстарын басқару жөніндегі 1868 жылы қабылданбақ болған уақытша ережесін сынға алды. Оның қазақ халқының тұрмыс салты, көшпелі өмір сүрген әдет-ғұрпын, шарушылығын есепке алмай, оны күшпен отаршылыққа айналдырмақшы болған, артық жерлерін тартып алып, Ресейдің Орталық аудандарынан ауып келгендеріне бермекші болған әрекеттерін бүкпесіз ашық сынады. Ыбырай Алтынсарин былай деп жазды: «Даланы мекендеген халықтардың өміріне жасанды түрде төңкеріс жасауға шешім қабылдамас, бұрын алдымен осы халықтың және оның өмірін зерттеп білу ақылдырақ іс болмай ма? Бұл халықта отаршылдық үшін қандай алдын-ала орындалған шарттар бар? Мұның өзі ағат қадам жасамау үшін керек. Өйкені керек халықтың өмір салтын күшпен өзгерті кейде нағыз қабілетті халықтың өзін де енжар селхоз халыққа айналдырып жіберуі мүмкін. Башқұрт халқы осындай жағдайға душар болды деушілер көп. Шындығында табиғаттың заңында жас баланы естияр адамға айналдыруға болмайды ғой».
Ыбырайдың еңбектері, мақалалары, хаттары олардың дүниеге гуманистік көзқарас, тәжерибелі қиялдық анықтаушы тұрғысынан жазылғанын байқатады. Мысалы, Ыбырайдың «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» атты еңбегі. Ол әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ, өйткені бұл мәселелер қазақ тұрмысына сай пайда болды, елдің қанына сіңіп, ерте замандардан кле жатқан дәстүр. Ыбырай осыны аңғартады: «Білім дегеніміз өзімізді қоршаған шындықты танып білу», - деп түйіндеді Ыбырай. Ол мектептегі діни схолистикалық оқуға қарсы шықты. Өзі ашқан мектептерде оқу процесін осы тұрғыда жүргізді.
Абай Құнанбаев (1845-1904) – қазақ халқының көрнекті ойшылы, ақын, ағартушысы. Ол дәулетті Құнанбай шаңырағында дүниеге келді. Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын ретінде енді. Оның ақындық шебері халық даласында шырқау билікке көтерілді. Абай өлеңдері қашан да бесті, сөздері жинақы, ойлары терең, тәрбиелі мәні зор, деңгей жоғары болып келді. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңцдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең, сонымен қатар Абай өз заманының қоғам қайраткері ойшыл философы болды. Ең алдыменен ол өз халқының өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салып, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырады, мәдениетті болуға пргреске шақырады. Оған 1986 жылы жазған өлеңіндегі: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, Жақсы менен жаманды айырмайсың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың», - деген сөздері дәлел болады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер мал шашуға, өтірік айтуға, жалқау болуға қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз», - деп келеді де Абай «Өсек, өтірік, мақтаншық, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз», - деген өсиетті айтты. Абай өнер білім ашуға шақырды, өмірде өз орнын тап, пайдалы әрекет жаса, - деді. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!», - деген өздер соның айғағы.
Абай қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін білуге шақырды. «Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлын, мал тап», дейді. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздылар адам баласын», - деп түйіндейді. «Қырық екінші сөзде» Абай қазақты пайдасыз, жұмыссыз, қаңғырып жүруге құмар деп санады. Абай өзінің өлеңдерінде, әңгіме, өсиеттерінде жан-жандағында қара, көршілес өзбек, татар халықтарынан өнеге ал, солардан үйрен дейді. Ең алдымен Абай орыс халқымен дос болып, тілін үйренуге, өнерін білуге шақырды. Тек сол арқылы қазақ халқының көзі ашылатынын айтты. «Орысша оқу керек, тек хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, білімін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның үшін дүниенің тілін біледі, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі сонымен бірдейлік даулығысына кіреді... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі», - дейді Абай «Жиырма бесінші сөзінде».
Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты. Олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қағаз бетіне аударды. Мысалы, «Татьянаға хат», «Онегинге хат» өлеңдерін аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.
1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Қараңғы түн, айнала тау, тым-тырыс, мүлгіп тұрған табиғат. Бұл көрініс кімді де болмасын тамсандырады. Ю.Лермонтовты, Ф.Шубертті, С.Рахманиновты, т.б. шығармашылық шабытқа келтіргені сияқты, ол Абайдың да жүрегіне ұялады.
«Отыз сегізінші сөзінде» Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші - залымдық», - дейді.
1995 жылы еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Бұл кемеңгер ақын Абайға деген мол ризалық пен құрметтің тағы бір айқын көрінісі болды. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: