Реферат: Педагогика | Қазақ сөзінің шығу тегі тарихы
Ежелгі Қытай мен “Ши Цзы” мен “Хань Шу” шежіресінде, фонетика жағынан “қазақ” сөзіне жақын “үйсін” (“усын” немесе “асу”) тайпалары жөнінде халқының ежелгі ата-бабасы боп есептеледі.
Ежелгі “Жұңго” жылнамаларында “үйсін”; “усын” яки “асу” деген аттары “қазақ” атауының дыбыстық баламасы дейді. Жоқ Имшақ, Хи Ишутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды. Осыған орай Қытай ғалымдары “үйсін” және “қазақ” терминдерін идентификациялап, соңғының (“қазақ” терминінің) пайда болуын, ежелгі үйсіндердің өмір сүру уақытына, яғни б.э.д. I ғасырға жатқызады.
Зерттеуші Телқожа Жанұзақовтың пайымдары бойынша: “Қазақ атауы Кавказдағы түрік тайпаларының шежірелерінде кездесіп, VI ғ бастап жалпы есім және этнотермин ретінде кездескен..., кейін X-XI ғ.ғ. бұл термин басқа түрік тайпаларының арасында пайдаланған Қыпшақтар, Ноғайлардың ішінде де қазақтар болған” дейді.
“Қазақ” атауы “Таң патшалығы тарихында” (VII-VIII ғ.ғ.) “каса”, “хаса” түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді.Мұнда парсыларға арналған тарауда, былай жазылғн: “Парсылар шығыста тохар, қаңлылармен, ал олардан солтүстікке қарай түрік ұлысы- касалар өмір сүрді”.
Егер де біз бұл хабарға ерсек “қазақ” атауы ерте кезде қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде, атап айтқанда хащу, араб, парсы, византия, орыс, моңғол және түркі тіліндегі жазбаларында кездеседі. Бұл елдердің тіл өзгешелігі мен жазу-сызудағы дәстүрлеріне сай, “қазақ” атауы әр алуан формада – “аса”, “каса”, “хайсау”, “қасақ”, “көсек”, “гәсуг”,“гасаг”,“хасык”,“қасе” т.б. түрде кездеседі.
“Иуан патшалығы тарихындағы аудармаларға қосымша” атты кітапта: “Түріктер мейлінше күшейген кезде, олардың батыс бөлігін “қаса”, “яки” “хаса” ұлыстары қатыстырады. Батыс елдерінің ежелгі деректерінде бұл ұлыс “қазақ” деп аталған. “Каса”, “яки” “хаса” деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы” дейді. Хащу тілінің дыбыстық жүйесінің дамуы мен өзгеруіне байланысты харцу әрпі әр дәуірді әр түрлі дыбысталып (оқылып) отырған. Сондықтан, ханцу тарихшылары ұқсас бір ұлттың атын түрлі дәуірде түрліше әріптермен таңбалап отырған. Бұл әріптер өз дәуірінде сол ұлттардың атын едәуір дұрыс бейнелеген. Бұл әріптердің ерте замандағы оқылуы мен қазіргі оқылуының арасында айтарлықтай айырма бар. Демек, VII-VIII ғасырлардағы көне жазу тілінде жазылған тарихтардағы “каса”, “хаса”, “aca”, “кіса”, “хса”, “касо” деген халық аттары “Қазақ” атауының сол замандағы көне ханзу тіліндегі дыбыстық баламасы екені анық.. Жоғарыда баяндалған батыс пен шығыстың тарихшыларының деректемелерінде Х ғасырдан бұрын пайда болған “қазақ” атауы осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.
“Тарихи деректердің қиынына қарағанда, осы “Таң патшалығы тарихында” кездесетін “қаса”, “хаса”, “аса” атауларын “Таң патшалығы тарихында” кездесетін тайпа аты “аса”(“янса”) мен байланыстыра зерттеуге болады. Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде”..... алаңдардың бұрынғы аты аса дейді. “Уи хандығы тарихының түсіндірмесінде” : “Аса елінің тағы бір аты- Алан” деп жазылған. “Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде”: “Аса мемлекеті – өзінің атын Алан бірлестігі деп өзгертті, олардың жерлеріндегі қалалар қаңлы еліне тәуелді” деген дерек беріледі. Бұған қарағанда, “aca” мен “алан” бірге жасаған тұтас екі тайпаның аты болған, асалар үстем рынға шыққанда бұл екі тайпа аса деп аталып жүрген. Кейін келе аландар үстем болғанда “алан бірлестігі” деп аталған. Тарихшы М.Ақынжановтың айтуынша,осы алан ұлысы кіші жүз алшын тайпасының арғы тегі. Оның үстіне қазақтың кіші жүзіндегі алшын, алаша, алаш деген тайпа аттары тіл тұрғысынан қаврағанда алан атауымен түбірлес.
Алан (аса) тайпалары заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдан бастап Арал теңізі атырабы мен қазіргі Батыс Қазақстан өңірін мекен еткен. 982-жылы парсы тілінде жазылған “Хұдұд әл-ғалам” атты кітапта: “Аландар елінде қасақ (қазақ) ұлысы бар” деп көрсетілген. Әбілқасым Фердауси осы Арал теңізінің солтүстігін мекендеген халықты “қазақ” десе, Константин Порфироуни осы өңірді “Қазақия” деп атаған. Осы деректерге, әсіресе “Хұдұд әл-ғаламдығы” деректерге қарағанда, аландардың қосарлы аты болған “аса” да “қазақ” атауының хан әулеті кезіндегі дыбыстық баламасы болып шығады. Демек, “қазақ” атауы жазу тіліндегі деректерде, “аса”, “каса”, “хаса”, “хасақ” түрінде жазылып келген. Ежелгі замандағы “хан патшалығы тарихы” қатарлы деректерде “алан” мен “аса” деген аттың қосарлана қолданылуы қазақтың шежірелері мен тарихи аңыздарында “қазақ” пен “алаш” атауының қосарлана қолданылуын еске түсіреді.
Шығыс әдебиеттерінің әйгілі классиктерінің бірі - Әбілқасым Фердауси (940-1020) өзінің Шахнама атты эпопеясында: “Қазақ”; “Қазақ хандығы” деген ел көп теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және көп санды ел деп, Тұранның жауы Иранды “қорқытпақ” болған.
Оныншы ғасырда араб авторы Мәсғудидың шығармасында “қасақ” деген халық аты атанды. Түркия профессоры З.У.Тоған тоғызыншы ғасырда араб авторы Әдһам Әл-Купидің шығармасында “қазақ” деген сөздің бар екендігін атап айтады.
Византияның императоры Константин Порфиродни (905-959) өз жазбаларында Кубадан шығысқа қарай мекендеген елді “Қазақия” деп атаған. Ол кезде (Х ғасырда)Кубанын шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең зор, саны мол тайпалардың бірі қыпшақ елі тұрғандығы тарихқа әйгілі. Егер қыпшақтар өздерін “қазақ” деп атамаған болса Константин Порфиродни оны қалай ойлап танысын. Ал, ол кезде орыс пен украин казочествосының аты да, заты да, жоқ еді.
Оныншы ғасырдан бастап орыс жылнамаларында да қазақтар туралы бірсыпыра деректер берілген. 965 жылы жазылған “Повесть времменных лет” жылнамасында 968 жылы орыс князы Святославтың Кубань өзенінің оңтүстігіндегі қазақтарға әскери жорық жасап, оларды жеңгендігі баяндаған 1022 жылы Тлеутаранап князы Митнов қазақтарға шабуыл жасаған. 1066 жылы Тмутархан князы Ростлов қасақтардан салық алып тұрған.
Орыс шежіресі Никаенның мәліметінде: Кавказға кейін, Оңтүстік Ресейге шабуыл жасаған Шыңғыстың әскерлері бұдан бұрын да “қазақтарды” булап-талаған деп жазады. Оған үйлесетін дерек, “Монғолдардың” құпия шежіресінде де кездеседі.Онда “Солтүстік жақтағы қаңлыларға, қыпшақтарға, бойжігіттерге, орыстарларға, мажарларға, асаларға, сасаларға, меркештерге, бұлғарларға жорыққа аттанып, Еділ мен Жайық өзенінен өтіп, Киев қаласына шабуыл жасау жөнінде Сүбітай батырға бұйрық берілді”, - делінген орыс шежіресі Никон “қазақтар” деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы, қыпшақ, байжігіт, аса, т.б. ұлыстарды айтып отырған.
Мауеренахрдың билеушісі Әмір-Темірдің жылнамасында: һижрияның 737 жылы (жаңа эраның 1356 жылы) қазақтардың Мауеренахрға шабуыл жасағандығы жазылған.
Зерттеуші П.Путкес өзінің “қазақ атауы туралы” деген мақаласында: “Грузия аймағында 1480-жылдары көшіп жүрген, түркі тектес халықтар бізге қазақ деген атпен белгілі” дейді.
Орыс хатшысы Каралцин: “1481 жылы Алтын Орданың ақырғы ханы Ахметке Шәйбандық Иби хан 100 мың қазақпен шабуыл жасады, сондай-ақ ноғай мырзалары мұса мен жаңбырлы 15 мың қазақпен шабуыл жасап, Ахмет хаанды өлтірді” деп жазды.
Моңғол Халық Республикасы Ғылым Академиясының қызметкері Исләмі Қабымұлы “хасаг” деген сөздің моңғол әдебиетінде оныншы ғасырдан бастап белгілі болғанын, моңғолдардың “Батырлар жыры” мен “Бабалар шежіресінде” “хасаг” (“қазақ”) деген сөздің кездесіп отыратынын атап көрсетеді. Автордың айтуына қарағанда ерте кезде моңғолдар көшіп жүргендерді “қасақтар” деп атаған.
Жоғарыдағы жазба деректер мен дәлелдерден “қазақ” атауының тоғызыншы, оныншы ғасырлардан бұрын-ақ төңіректің төрт бұрышына таныс, әлемге әйгілі ат болғанын көреміз. Бұл атау оныншы ғасырдан кейін тіпті де С.Келемторный мен Т.Сұлтанов мұсылман дерегінде – 1245 жылы Египетте жарық көрген түркі-араб аноним сөздігінде “қазақ” сөзін тапты.
Сөйтіп осы авторлар “қазақ” терминінің көлемді түрде қолданылуын XIII ғ. ортасына жатқызады. Демек, “қазақ” атауы мен XVғасырда ғана жарыққа шыққан дейтін пікір дәлелсіз, жетпей айтылған жадағай тұжырым.
Ежелгі “усин”, “уйсін”, немесе “аса” деген ұлыс аттары “қазақ атауының дыбыстық баламы” дейтін пікір де орынсыз. Өйткені,“үйсін” мен “қазақ” атауы дыбыстық жағынан тым алшақ, оның үстіне қазіргі қазақ арасында үйсін ұлысының аты сақталып отыр. Егер үйсін мен қазақ бір сөз болса, онда қазақ атауымен қоса үйсін аты сақталмаған болар еді. “Қазақ” - -жалпы халықтың аты. “Үйсін” – қазақтың құрамындағы ұлы жүз ұлысының аты, қазіргі қазақтар бұл екі басқа түсінеді.
Жазба мәліметтер “қазақ” атауының тарихи деретемелерде жорыққа шығуының ерте екендігін дәлелдейді. Алайда, “қазақ” атауы деректемелерде жорыққа шығысымен халық атына айналған емес, ол алғашында жеке ру тайпасының аты ретінде жарыққа шаққан, одан соң тайпалар одағының атына айналған. Мысалы, кіші жүз алшын ұлысының құрамындағы жеті ру (кердері, керейіт, табын, тама, жағалбайлы, шенеу, рамадан;) тайпалары “қарт қазақ” деп те аталып жүрген. “Қазақ атауы кейін келе кеңейтіп халық атына, ұлт атына айналған.”
3. “Қазақ” атауының мән мағынасы туралы.
Қазақ атауының мән-мағынасы туралы айтылған пікірлердің бірсыпырасы қазақ халқының арасында сақталған тарихи аңыздар мен шежіре деректерді сабақтаудан туған. “Қазақ” аңыздар мен шежіредер: “қазақ”, “алаш” және “жүз” (үш жүз) деген атауларды бір-бірімен байланыстыра баяндайды. Қазақ арасында тарлған тарихи аңызда ерте заманда Қ.... қадір деген батыр қолбасшы болады, ол шеру тартып, қол бастап, талай-талай жорықтар мен соғыс шайқастарын бастап өткізеді. Бір жолғы жорықтағы шайқаста ауыр жараланған Қ.... қадір елсіз, сусыз жапан түзде жалғыз қалады. Жарақаттан қиналып, шөлден булығып, әбден болдырған қолбасшы қанша қарманса да жүруге шамасы келмей жығылады. Өлім халінде жанталасып жатқан кезде аспаннан бір ақ қаз (аққу) ұшып келіп аузына су тамызып, оны шөлден құтқарып алады да, айдын шалқар көл жағасына бастап барады. Бұл қаз, аққу терісін сыпырып тастап, ару қызға айналып, Қ... Қадырдың жарасын емдеп жазады.Қ... Қадыр осы ақ қызға үйленді, бұдан туған ұл “қазақ” атанды. Қ......: Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс деген үш ұл туады. Ақарыстан Ұлы жүз; Бекарыстан Орта жүз; Жанарыстан Кіші жүз тайпалары тарайды, - дейді.
Бұл аңызда қазақ халқының негізін салған қыз бейнесі сипатталады. Бұл аңыздың шегі ананың дәуірде аққу-қазға сиынып, оны төтемдік ...... етіп табынған аналық рудың сәбилік санасынан туғандығын байқатады.
XIX ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлы өзінің “ Қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы” деген әйгілі қара сөзінде Арабтар Орта Азияға жорық жасап (VIIIғ.) келгенде көшпелі халықтарды “хибани”, “хұзағы” деп атапты. Хибани-киіз шатырда жүруші дегені екен. Хузағи дегені өз жұртында “хузағи” деген көшпелі халқы бар екен, соған ұқсатып айтқан екен.... “Сол уақыттың бір ханы көшіп келіп жатқанда бұлардың тіркелу жүйесін көрі: міне, мыналар шынымен қазақ екен депті. Сонымен бұлар өзін-ді де, бұларды өзге жұрттар да қаза атап кетіпті. Бұрын өздерін үліс дейді екен де жүре береді екен” деп жазады.
Қазақтың XIX ғасырдағы фольклор зерттеушісі Әбубәкір Дибайұлы қазақ деген сөзді “қаз” және “ұзақ” деген екі түрлі құстың атынан бірігіп қазақ болып қалыптасқан дейді. Ол тағы бір пайымдауында: қазақ сөзінің әсілі “еркін жүрген адам” деген ұғымнан алынса керек, оны халық аңызынан толық аңғаруға боллады деп тұжырымдайды.
Жазушы Р.Тоқаров: қазақ атауы қаз (құс) және аң (аппақ) деген сөздерден шыққан деген. Яғни “ақ қаз” деген болжам айтады. Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи-Рашиди” атты еңбегінде Әбілқайыр ханға қарсы шығып, Дешті қыпшақ даласына батыс Жетісуға қоныс аударған қазақ тайпалары жайында айта келіп: “Әбілқайыр хан өлгеннен кейін өзбек ұлысында ырық-жырық туып дала мекендеушісі өзінің қауіпсіздігімен өзбасының қамына бола Керей хан мен Жәнібек ханнан пан сұрайды. Сөйтіп бұлар күшейіп алды. Алғашында әлгі қашқындар, ал кейіннен басқа да көп жұрттар қамын (өз ұлысынан) бөлініп кетіп, бірақ уақыт мал мүліксіз, қаңғып жүрген адамдар болғандықтан, оларда жұрт қазақтар деп атап кеткен. Сөйтіп оларға тағылған осы ат бекіп қалды” дейді.
Шоқан Уалиханов “қазақ” сөзі әскери термин ретінде қолднанылып “ержүрек, батыл” деген мәнді білдіргенін баяндайды.
Атақты ғалым В.В.Радль “қазақ” деген атауды: “тәуелсіз, еркін, ерікті адам” деп мағыналаған. Ал А.Н.Самойлович: қазақ сөзі әлеуметтік тұрғыда белгілі бір мәнге “батыл, ержүрек, еркін адам” деген мағынаға ие деп жазады.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: