Реферат: Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы

Реферат: Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы

Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы.


Өнер ұғымы мәдениеттануда сөздің тар және кең мағынасында қолданылады.Терминнің тар мағынасында “ өнер ” деп көркем шығармашылық процесін және оның әртүрлі бітімдерін айтады. Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйелерін көрсеткен – Жүсіпбек Аймауытов: “ Атам заманда табылған өнер, білімнің бәрі сөз арқылы бұл күнге, жетіп піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр ”. Оқымыстылар өнерді беске бөледі:
• 1. Сөз ( словесность )
• 2. Суретшілік ( живопись )
• 3. Мүсіншілік ( скульптура ). Балшық, тас, мрамор әм басқа нәрселерден адамның, басқа хайуандардың пішінін жасау.
• 4. Үй ішілік ( архитектура, үй, сарай, көпір салу сияқты өнер ).
• 5. Ән-күй ( музыка ), т.б.
Бес түрлі өнердің ең артығы – сөз. Сөздің артықшылығы- өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қанша кәмелетке жетсе де, сөзді суреттей алмайды. Қазақтың “ өнер алды – қызыл тіл ” дегені терең ақыл – тәжірибемен айтылған сөз. Қазақ мәдениетінің көркем өнерін зерттеу дәстүрі осы жолмен ары қарай дамығанын ғылыми әдебиеттен байқаймыз.
Алайда, “өнер ұғымын” кең мағынада кез келген адамның шығармашылық әрекетінің баламасмы ретінде қолдануға болады. Бұл мағына “ шеберлік ”, “ жасампаздық ”, “ іскерлік ” және жалпы мәдениеттілік ұғымдарымен сабақтас. Осы сипатта өнер адамның басқа тірі жандардан түбегейлі айырмашылығын білдіретін қасиетке жатады. Өнерлі адам деп тұлғалық қасиеттерді бойына толыққанды және үйлесімді жинақтаған кісіні айтады. Тек кейін еңбектің қоғамдық бөлінуінің нәтижесінде сөздің тар мағынасындағы кәсіпқой “ өнер қайраткерлері ” пайда болды.
Әрине “ өнер алды - қызыл тіл ” деген мақалмен келісуге болады. Сонда да көркем шығармашылықтың бастауы сөз емес деген пікір қазіргі мәдениеттануда ұсынылып отыр. Шынында да, адамзат дыбыстары ажыратылған сөйлеу қабілетіне ие болғанға дейін де жаза білген. Көне адамның тасқа салған суреттері (петроглифтер) шығармашылықтың алғашқы үлгілері болып табылады. Қазіргі кезде осыдан 4-5 миллион жылдар бұрын салынған петроглифтер табылып отыр. Әлі сөйлей білмейтін бір жастағы бөбек те қабырғаны сызғылауды ұнатады. Кейін тілді меңгергеннен кейін де ол суретшілік қабілетін ұмытпайды.
Егер қазақ мәдениетінің терең қойнауларына көз жіберсек, таңбалар айғақтарының мол екеніне көзіміз жетеді. Э.Кассирердің адам таңбалық ( символикалық ) жануар деген анықтамасының жаны бар. Өйткені, оның мәдениет әлемі – таңбалар дүниесі.
Қазақтың арғы ата – текткрінің бірі – сақ мәдениетінің негізгі арқауы “ аң стилі ” екендігі ғылымда дәлелденген қағида.... Оның пайда болу себептері ғасырлар тарихының құпиясы, алайда олардың тотем-магиялық бастаулардан шығатыны анық..Бұл стиль тек әшекейлі заттармен шектеліп қалмай, негізінен әр адамның әлеуметтік орнының рәмізі түрінде қоғамдық иерархиялық сатыға тығыз байланысты болды. Сондықтан басқа мәдени ортада олар түсінік таппай, өздерінің таңбалық және мағыналық ақпарат белгілерінен айырылып қалып отыр. Мысалы, Есік қорғанынан табылған “ алтын адамға ” байланысты ескерткіштерде хайуанаттық және өсімдіктік бейнелер қабаттаса жүреді.Жалпы алғанда сақ өнеріндегі “ аң” стиліне тіршілікті динамикалық түрде бейнелеу тән.Арыстан секірейін деп тұр,бұрғының қозғалысынан серпіліс сезіледі,ат шабысы әлемдік гармонияға ұқсас.Зооморфтық (адамды және құдайды аң кейпінде суреттеу)скиф сақ өнері табиғат пен мәдениетінің етене байланысының куәсі.Сақтардың “аң” стилі кейін қазақ мәдениетінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Ислам діні тірі жанды бейнелеуге тиым салған соң, қазақтағы атақты “тұйық оюы” деп аталатын белгі-айғақ осы стилмен үндес болды.Дәстүрлі ұғымымызда тұйық оюы бақыттың,достықтың,мәңгіліктің, шексіздіктің айғағы.Сондықтанда тұйық ою ел қорғаған батырлардың иығы мен қалқанына,аузы дуалы билердің жауырын тұсына салынатын болған.Қазақ шеберлері тұйық ойын “Тас бақа” деп атайды.
К.Леви-Стросстың пікірінше,сақ-скиф өнері табиғат пен мәдениетті бөліп қарамайды.Ал классикалық Эллада, Оңтүстік Америка мен Австралияның байырғы тұрғындарының дүниетанымы дәл осы табиғат пен мәдениетті екі бөлек алып қарауға негізделген.Демек, “аң стилі” эстетикасын айқындаудағы түбірлі фактор – олардың мәднеи-типологиялық әмбебаптың қайсібір әлемдік сипат алған заңдылықтарынан да бас тартуында жатыр.
Осы шеберлік өнерінің типтері ортағасырларда Қазақстан жеріндегі қалалық мәдениеттің сәулет, кескіндеме,суретшілік өнеріне арқау болған.Қ.Байпақовтың зөерттеулері бойынша, Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қалаларда қолөнер жоғары деңгейде болған.Сәулет өнерінің Қазақстан жерінде жоғары эстетикалық талаптарға сәйкес келетіндігі жөнінде Ғұзыхан Ақпанбек Жошы хан, Домбауыл, Алаша хан мазарларын зерттей отырып былай дейді: “Құрылыстың сырт тұлғасының әсемдік ерекшклігін тек мінсіз қатынастар ғана емес, қалау әдісі де ерекшелей түседі.Ол- мазардың жоғары қарай тартыла қалануы. Мұның өзі табиғи песпекивалық қысқару әсерін күшейте келіп, жақыннан қарағанда құрылысты еңсесін биіктете түседі.Жұлдызды прихма,цилиндр пішінді күмбез табаны және күмбездің өзжі бір кезде көгілдір жасыл бояумен сырланғандығын елестетсек,аспанмен біртұтас әсер беріп,ғимарат асқақтай көрінеді. Мінсіз қатынастық өлшемдерді таба білген,геометриялық пішіндердіә сәтті үйлесіммен жинақтаған қалаушы шеберлердің қалдырған осынша көрікті сәулет өнерінің туындысы олардың шеберлігіне , ең бастысы шынайы өнеріне тәнті етеді”.Құранда тікелей сурет салуға қарсы пікір айтылмаған.Мәселе ислам дінінің пұтқа табынушылыққа қарсы қатал күрес жағдайында қалыптасқанына байланысты. Пұттарды бейнелеп, оларға табынуды шектеу үшін жалпы тірі жанның суретіне тыйым салынған. Яғни, адамды пұтқа айналдырмай,шындық тұрғысынан бейнелеу мұсылмандықпен үйлесімді.Керісінше,қаншама данұшпан болса да,тірі тұлғаны әсіресе көтермелеу-кәпіршілік.Адам құдай бола алмайды.
Қазіргі кезде біздің республикамызда талантты суретшілер, мүсіншілер,сәулеткерлер аз емес.Олардың нәр алатын бір қайнары-көне архетиптік көркем мәдениет.Мысалы,суретші Т.Сыдыхановтың “Таңбалы кескіндеме”атты көрмесін алайық..Т.Сыдыханов көне таңбаларды қолдану арқылы қазақтардың тұрмысының әртүрлілігін,әрқилылығын көрсетеді.Суретші түрлі рулар мен тайпалардың ел таңбасы ішпеттес таңбаларына зер салады.Ол осы таңбалар арқылы дүниені пластикалық түрде бейнелеуге ұмтылды.Кезінде мәдениет тарихын зерттеушілер-Рашид-ад-дин мен М.Тынышпаев та таңбалардың кестелік жүйелерін көшпелілердің салт-дәстүрін,өзіндік санасын түсіндірудегі басты құралдың бірі деп есептеген.
Таңбалық шығармашылықтың басты түріне тіл жатады.Тіл-мәдени болмыстың бітімі ол тек дыбыс пен таңбаның бірлігі емес, ең маңыздысы – мәдени сабақтастықтың құралы. Өз бітіміне және мәдени ақпараттарды беру тәсіліне қатысты мәдениеттің үш типі айқындалады: жазусыз, жазбалы, экрандық. Бұл үш типтегі таңбалар арқылы қалыптасқан ақпараттық жүйені текст-код деп атайды. Ауызша мәдениетте де текст- код бар , ол салт-дәстүр рәсімдер мен таңбалары, фольклордың заттандырылған бітімдері арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Әрине,бұл типтер таза күйінде сирек кездеседі.Әрбір этномәдени жүйеде ауызша және жазбаша мәдени кодтардың арасалмағы нақтылы тарихи жағдайларға қатысты.Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде фольклор басым болған, бірақ бұдан келіп ол жазбаша мәдениеттің ықпалын қабылдаған жоқ деген пікір тумауы тиіс.
Салт-дәстүрлік мәдениетте“таза”әдебиет жоқ .Сөз жай ғана өнердің түрі емес,ол адамды әрі тудырады,әрі өлтіреді,әрі емдейді,әрі ауыртады.Жазусыз мәдениетте сөз тылсымдық ,мистикалық,магиялық және құдайлық қызмет атқарады.“Жылқы кісініскенше,адам сөлескенше”, “ Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді”,“Тау мен тасты жел бұзар,адамзатты сөз бұзар”дейді қазақтың мақалдары.
Қазақ халқының көркем шығармашылығының архетипі де,дәстүрлік басты типі де-фольклор ,ауыз әдебиеті.Сөз өнерін жете білген Абай қазақ фольклорын “толғауы тоқсан тоты құсқа”,“білгенге маржан інжу-маржанға”теңейді.Фольклор –халық даналығы деген ұғымды білдіретіннеміс сөзі.Фольклор жазу-сызу дамыған кездегі бір ұрпақтың екіншісіне қалдырған мұра -өсиеті,тіршілік бағдарлары,құпия сыры,тылсымдық жұмбақтары.Яғни ,фольклорсыз ұрпақ сабақтастығы мүмкін емес.
Бұл мақсатқа сәйкес келетін әдеби жанр-поэзия.Тіпті,еөне адамдардың бәрі өлеңмен сөйлейді деген пікір бар.Поэзия мен фольклор бір типтес.Белгілі ырғақпен айтылған сөз есте қалады.Кейін жазу пайда болғаннан соң адамның жадылық (мнемикалық) қабілеті әлсірейді.Сондықтан болар,сағаттап жаңылмай дастандарды айтатындар қазір сирек кездеседі.Манасшыларға экзотикалық көзқараспен қарау да бар.Бұл қазіргі заман тұрғысынан экзотикаға жатады,ал көшпелілер үшін құдіретті сөз өмірлік қажеттілік болған.
Поэтиканың философиялық мәнісін оның типтік белгілерін қарым-қатынас,айтушымен тыңдаушының арасындығы тылсымдық бірлік,көіл-көтеру,импровизация,жалпы алғанда-сұқбаттасу мәдениеті деп анықтауға болады.Жыр,толғау,айтыс кезінде тыңдаушы көпшілік ерекше рухани дүниеге енеді,пендешілік күйбең өмір тауқыметтерінен тазарады(катарсис),жаңғырады,шынайы адамдық кейіпке көшеді,көңілдері көншиді.
Мәдениеттануда ресми және сауықшылдық мәдениет деген бар. Жануарлар тек табиғи қажетін өтеу үшін өмір сүрсе,адам дүниені ,әсемдік заңдары бойыншада өзгертеді.Адам дем алуы,ойнап-күлуі,зерікпей уақытты өткізуі және бұл арқылы өмірдің терең тұңғиығына бойлауы,оның көркемдік сырына енуі қажет .Гомо сапиенсті (арқылы адам)жиі Гомо луденс(ойын адамы)ауыстырып тұрады.Антикалык өркениетте Апполондық және Дионисилік мәдени типтер айырылды.Егер біріншісі салқын қанды,пайымдаушы,мақсаткер тұлғаны бейнелесе,екіншісі шексіз қуанышпен сезімдік байлыққа бағытталған.
Бұл типтік белгілер қазақтың көркем мәдениетіне тән.Г.Н.Потанин қазақтың ақ жарқын мінезін,сауықшылдығын, білім құмарлығын француздарға,ал жаңалыққа ,даналыққа және өмірге құштарлығын ежелгі афиндіктерге-гректерге ұқсатады.“Қазақтар-пысық,пісіп қатқан,өмірге құштар халық ;олар ойын –сауыққа құмар,киімде ашық бояулыны ,тұрмыста той-мерекені сүйеді.” Өлгенді еске алу бұл халықта ойын-сауығымен, ат жарысымен, ақындар айтысымен ұзаққа созылатын үлкен сауық-салтанатқа айналады.
Ауыз әдебиетінің тағы бір типтік ерекшелігі – оның табиғатпен үйлесімділігі. “ Бірінші ақын – табиғат ” деген сөз өте орынды ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Мадениеттану жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]