Реферат: Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің бастаулары
Қазақ мәдениетінің бастаулары
Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінін түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бүл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айкындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар мен адамдармен бірге болды., оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктін маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдык қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген үғымдармен тікелей байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетгі қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуан даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Ежелгі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының онтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грецияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге көшпенді түрік-монғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі ғұлама А. Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі «халықтардың Ұлы қоныс аударуы» атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениеттердің түріктердің өз жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер болып есептелген.
Әрине, бүл кеңістіктік, тұтастык, уақыт ағынына тәуелді болған. Ішкі қайшылықтар шиеленіскенде жалпытуыстық сезім кейін қарай шегіндіріліп отырған. Тарихтан тек үлкен суперэтностардың (өркениеттердің) ішінде ғана емес, сонымен бірге этностардың құрамында да кескілескен қақтығыстардың болғанын білеміз. Алайда тарихи өркениеттерге аян болған кеңістіктің шекаралары туралы мәселе тек саясаттанулық емес, бұл туралы мәдениеттану ілімінде де бірнеше қарама-қарсы пікірлер бар.
Батыстық мәдениеттанудың көптеген өкілдері өздерінікінен бөлек өркениеттер болды деген ойдың озін бекерге шығарған. Олардың пікірі бойынша, тек бір үлкен әріппен жазылған Өркениет (ол, әрине, еуропалық) бар, ал басқа кеңістік «тағыларды мәдениетті адамға айналдырудың полигоны» болып табылады. Батыстық миссионерлер жергілікті тұрғындарды «туземдіктер» деген кемсіту атымен атап келді. Бұрын бұл сөз адамгершілік қасиеті жоқ жабайы адамдар дегенді білдірген. Олар сол территориядағы жануарлар және өсімдіктер дүниесінің бір бөлігі деп қарастырылды. Ал флора мен фаунаға көзқарас екі түрлі: не олар — арамшөптер мен зиянды жануарлар, сондықтан оларды құрту парызға жатады. Егер, «туземдіктер» пайдалы болса, оларды өсіріп, қолда ұстауға болатын жағдайға жеткізу керек. Соның өзінде олар «адамсымақтар» деңгейінен көтеріле алмайды) қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан адамзат тарихында жылқыны пайдалана білудің маңызы зор болгандығын көреміз.
Жылқыны кеңістікті жеңу мақсатында әсіресе, көшпелі халықтар шебер пайдалана білген. Ат пен көшпенді біріккен жан болып керінеді. Мұны көрші халықтардың миф-аңыздарынан да анық байқаймыз. Мысалы, ежелгі грек мифологиясындағы қанатты тұлпар Пегас бүкіл елді қан қақсатқан жауыз Химераны өлтіруге көмектеседі. Ал салт атты көшпенді скифтің метафорасы — кентавр Хирон өзінің досы атақты Прометейге кемек беру үшін мәңгілік өмірден бас тартады. Бұл сарынды ертедегі шумерлік жырдағы Гильгамеш пен көшпенді Энкидудың достығынан да аңғарамыз.
Атқа мінген адам жерден өзінің босай бастағанын, еріктілік мүмкіншіліктерінің молайғанын және ғарышқа жақындай түскенін сезінеді. Жер-Ана оны қаншама босатқысы келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің қадамын нық, басады. Халық дәстүрінде де тәй-тәй қадам басқан нәрестенің тұсауын кеседі.
Кеңістікті игеруге көшпелілер үшін жылқыдан басқа да себебін тигізген қолға үйретілген жануарлар болған. Себебі далада тек малшылар мен үй малдарынан басқа да тіршілік иелері бар. Олардың ішінде иттің алатын орны бөлек. Қазақ «ит — жеті қазынаның бірі» деп бекерден-бекер айтпаған.
Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан, Ыстамбол, Хиуа, Алтай, Қазан, Ордос т.б.
Сонымен, нәсілшілдік пен мәдени империализм батыстық емес мәдениеттердің өзіндік кеңістігін жоққа шығарады, олар Жергілікті халықтарды ландшафтың қарапайым бөлігі деп қарастырады. Ұлттық мәдениет пен кедістік арасындағы байланысты Л. Гумилев өзінше түйіндейді:
— Этностар биосфераның бір бөлігі болып табылады. Адамдар ландшафтыны не өздеріне тәуелді түрде өзгертеді, не өздері осы ландшафтыға икемделе бірігеді.
Әрбір халықтың кеңістіктік тұтастығы, Отаны бар. Адам өз биоценозында, басқалардың емес, өзінің ата-бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді.
Еуразия кұрылығы 5 этномәдени аймақтан тұрады:
• 1. Муссондық Қиыр Шығыс — бұл конфуцийлік-буддалық өркениет кеңістігі.
• 2. Құрғақ. Ұлы Дала — көшпелілер мәдениетінің аймағы.
• 3. Субтропикалық Таяу Шығыс — мұсылмандық әлемі.
• 4. Орманды ІІІығыс Еуропа — православиелік мәдениеттің ошағы.
• 5. Батыс Еуропа — католиктік кеңістік.
Ғылым үшін мәдениеттерді континентгер бойынша бөлудің маңызы тым жоғары емес. Мысалы, Жерорта теңізі Еуропа мен Африканы бөліп тұрғанымен, ол эллиндік мәдениет үшін ішкі теңіз болды. Әдетте өркениеттердің кеңістік шегі климаттық және өтуі қиын шекаралармен байланысты. Сөздің тар мағынасында «Еуразия» деп Қарпат тауларынан Қытайға дейінгі Ұлы жазықтықты айтады. Ол үш ауданнан тұрады: биік Азия (Моңғолия, Тува, Алтай, Байқал төңірегі), Орталық Азия және Шығыс Еуропа жазығы. Еуразия тек жағрафиялық үғым емес, сонымен бірге ол мәдени тұтастық болып табылады.
Кеңістікті «біздікі» және «өзгенікі» деп бөлу оппозициясы тек суперэтностар арасында емес, сонымен бірге мәдени-шаруашылық типтер аралығында да жүргізілген. Әрине, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы «бітіспес жауластық» бар деген есіре бейнелеуге жатады. Сонда да олардың арасында қайшылық жоқ емес. Бұл қайшылық мәдениет әлемінде ландшафт ерекшеліктері арқылы суреттелген. Қазақ тіршілігінің негізгі түп қазығы — кең дала, жазық жер. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Орта ғасырлардағы қазақ мәдениеті
» Реферат: Ұлттық мәдениет Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар
» Қазақстан тарихы пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Қазақ мәдениетінің қоры ұйымы
» Реферат: Дінтану | Исламдық мәдениет әлемінің қалыптасу ерекшеліктері
» Реферат: Мәдениет | Мәдениет пен өркениет

Іздеп көріңіз: