Реферат: Химия | Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы

Реферат: Химия | Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы

Мақта техникалық мәдени өсімдік, талшық алу үшін өсіріледі. Мақта өсіру - тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29 - 40 % (кейде бұдан да көп) таза мақта, 24 - 26 % май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамығы алынады.
Бір тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг күнжара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифа, стеарин, глицерин және тағы басқа құнды заттар алынады. Соның барлығын санап есептегенде мақтадан 1200 аса әр - түрлі зат алынады.
Мақта осы кездегі Орта Азия республикаларында, Үндістан, Иран, Қытай, Мексика, Перу територияларында біздің ғасырға дейін өсірілген. Закавказья мен Балқанда мақта б.з. 10-11 ғасырларында егіле бастаған.
Қазақстанның мақтасына келсек, Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген, Келес, Киров, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, Түркістан аудандарында өсіріледі.
Бұл аудандарда 29 колхоз, 24 совхоз мақта өсіруге маманданған.
Қазақстанда 1919 жылы мақта егісінің көлемі 15 мың га болды, әр гектардан 6,6 ц өнім алып, мемлекетке 9,9 мың тонна ғана шитті мақта өткізілсе, 1973 жылы егіс көлемі 114,3 мың гектарға жетті. Әр гектардан 27,3 центнер өнім алынып, 313 мың тонна мақта өткізілді.
Қазіргі таңда 1 тонна шитті мақтаның құны Ливерпульдік баға бойынша 1273 АҚШ долларына тең келеді.
2.1.Биологиялық ерекшеліктері

Мақта көп жылдық өсімдік болып саналады, алайда СССР-де ол бір жылдық дақыл ретінде егіледі. Гүл түйінінен ұрық-қауашақ өсіп шығады, Оның ішіндегі дәнді талшық жауып тұрады.
Мақтаның советтік орташа талшықты сортының пісіп жетілген қауашақтарынан алынатын таза талшықтың мөлшері шитті мақтаның кептірілгендегі салмағының 34—39 проценті шамасында ауытқып отырады.
Мақтаның білеу тамыры топыраққа 1,5—2 м тереңдікке дейін бойлап кетеді. Оның жан-жағындағы тамырлары топырақтың жоғары 40—50 см қабатына орналасады да бүйірге қарай 1,5—2 метрге дейін жайылып кетеді.
Өсімдік сабағының ұзындығы сортына және өсу жағдайына қарай 70—80, тіпті 120—140 сантиметрге дейін жетеді. Сабақтарда әуелі жапырақ бүршіктері өседі, олардан бірінші нағыз жапырақ, оның соңынан сабақты айнала екінші жапырақ тағы басқа жапырақтар пайда бола береді.
Алғашқы тармақтары үшінші және төртінші жапырақтарының қойнындағы бүршіктерден пайда болады. Ал өнім беретін алғашқы тармақтары негізгі сабақтағы бесінші немесе алтыншы жапырақтың қойнына орналасқан бүршіктерден өсіп шығады.
Мақта өсімдігі тармақ-тармақ болып өседі, бұл оның биологиялық ерекшелігі, яғни екінші тармақ біріншісінен кейін іле-шала, бірінші шанақ пен өнім беретін тертінші тармақтың бірінші гүлі шыққан кезде пайда болады.
Мақта — жылылықты қалайтын дақыл. Оның тұқымы топырақтың жылылығы кемінде 12 градусқа жеткенде өне бастайды, ал бой тартып өсуі үшін жылылық 16 градустан төмен болмауы керек.
Түйін тастай бастаған кездегі неғұрлым қолайлы жылылық 30—36 градус. Мақта шамалы суықтың өзіне төзе алмайды.


1-таблица
Мақтаның өсіп-жетілуі үшін қажетті тиімді жылылықтың мөлшері
Пісіп жетілу мерзімі

Тиімді жылылықтың мелшері: тұқым себілгеннен бастап Өсімдік гүлде-геннен бастап 50 проценті піскенге дейін-гі тиімді жы-лылықтың мөлшері
көктеп шыкканға дейін шанақтан-ғанға дейін гулдегенге дейін
Тез піседі.....
Орташа мерзімде пі-седі.....
Кеш піседі..... 84
84
84 485
500
500 900
950
1050-1200 660
675-685
720-800

Мақта — күн сәулесін ұнататын, қысқа мерзімде өсіп-жетілетін өсімдік. Сәуле шашырап түссе, ол тым баяу өседі және дәні тегіліп түседі.
Мақта өсімдігі сумен жеткілікті қамтамасыз етілсе, өнім беретін қауашықты тармақтар көп пайда болады, яғни шитті мақтаның өнімі молаяды. Мақтаның ылғалды буландыру коэффициенті - 600-700. Өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңінде жалпы алғанда 1 гектарға 6 000-8 000 текше метр суды мейлінше көп керек етеді. Егер мақта нағыз қос жапырақ пайда болу кезеңінде бір тәулікте гектарына 11-12 текше метр су тұтынатын болса, гүлдену кезеңінде 90—120 текше метр су тұтынады.
Мақта өсімдігінің өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы сыртқы жағдайға, қолданылатын агротехникаға, сортына және басқа факторларға байланысты.
Әдеттегі мерзімде себілген мақта тұқымы 10—12 күннен кейін көктеп шыға бастайды. Көктеуінен бастап бірінші нағыз жапырақ пайда болғанға дейін 12—15 күн өтеді. Бірінші жапырақ есіп шыққан соң, жылылық 24—30 градус болған жағдайда, алғашқы шанақ әдетте 20—24 күннен кейін пайда болады. Бірінші шанақ пайда болған кезден бастап ол әбден қалыптасып, гүлі ашылғанға дейін 25—28 күн өтеді. Түйір тастаған кезден бастап қауашақ ашылғанға дейін кезең — 50—65 күн.


2.2.Мақта – химия саласындағы шикізат көзі

Мақта химия саласы үшін таптырмас шикізат болып табылады. Мақтадан және оның өнімдерінен 1200 - ден аса әр-түрлі зат алынады. Бір тонна мақта шикізатынан 340-350 кг талшық, 620 кг тұқым алынады. 340 кг талшықтан 3500 кв.метр мата немесе 140.000 каток жіп өндіріледі. 620 кг тұқымнан 110 кг мақта майы, 10 кг сабын, 270 кг жмыха, 170 кг шұлқа (щелуха) және 8 кг шыт алынады.
Шыт - бұл қысқа талшықша мақта тұқымынан шикізат алынып болғаннан кейінгі өнім.
Мақта талшығы 90 % таза табиғи целлюлозадан тұрады. Мақта талшығын өңдегенде азот қышқылы мен қатар целлюлозаның нитроэфирі целлюлоза нитрлеуі арқылы өнім қоспасы 13% азот болатын пироксилин жарылғыш зат ретінде қолданылады.
Химиялық әсер ету арқылы мақта қалдығынан ацетатты, масамшақты талшық алынады.
Нитроцеллюлоза 11 % азоттан тұратын коллоксилин деп аталады. Коллоксилин ерітіндісі - спирт пен эфир қоспасы медицинада қолданылады.
Органикалық еріткіштердегі колликсилин ерітіндісінің арнайы қоспасын - нитролак деп атайды.
Нитролактың құрамына минералды және органикалық пигменттерді қосу арқылы нитрокраскі және эмаль алынады.
Мақта құрамынан 40-тан аса химиялық элемент табылған. Целлюлозадан басқа мақта құрамында макро және микро элементтер; темір, фосфор, азот, күкірт, көміртегі, магний, калий, кальций, т.б.
Одан басқа мақта құрамынан көмірсутектер, спирттер және органикалық қышқылдар (барлығы 17: оның ішінде лимон, алма, янтарь, фумарь, пирожүзім, валериан, сірке, сомщил т.б. қышқылдар).


2.3. Салыстырмалы майлы дақылдар

Қазақстанда майлы дақылдардан күнбағыс, бұйра зығыр, қыша, рыжик (саңырауқұлақтың бір түрі), сафлор және оның басқа кейбір түрі егіледі. Бұл өсімдіктердің барлығының тұқымында, өздерінің түріне және сортына қарай, 32—51 процент май болады.
Майлы дақылдардың басым көпшілігін өсіру үшін солтүстік шығыс облыстарда барлық жағдай бар; сондықтан бұл облыстардың жеріне майлы дақылдардың 85 проценті егіледі де, техникалық мақсатқа да кеңінен пайдаланылады. Майдың құрамы мен сапасының қандай болатыны дақылына және оның сортына, ауа райы және топырақ жағдайы мен агротехникалық тәсілдерге байланысты. Күнбағыстың майлылығы оңтүстікке және шығысқа жақындаған сайын арта түседі. Қуаң аудандарда жерді суландыру өсімдіктің тұқымында майдың жиналуына жағдай жасайды. Ал өсімдік тұқымында майдың жиналуына құрғақшылық кедергі жасайды, бірақ оның белогын молайтады.
Егіс егу мерзімі де майдың сапасы өзгеруіне ықпалын тигізеді. Күнбағысты ерте еккенде тұқымдағы майдың мөлшері де арта түседі. Фосфор және калий тыңайтқыштары енгізілсе, көптеген майлы дақылдардың тұқымында май көбірек жиналады. Мұның керісінше топырақта азоттың шамадан тыс көп болуы майдың жиналуына кедергі жасайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы химимя жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]