Реферат: Педагогика | ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Этнопсихология мен этнопедагогика мәселелерінің көтерілуі кештеу болса да, уақыттың талабына сай пісіп жетілген, дұрыс шешуін іздеген мәселелер болып отыр.
Жан дүниесі алып-ұшып тұрған жастарымыздың арасында өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге тән — үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата/ананы пір тұту, жігіттердің қыздарға қарындасындай, болашақ жарындай, ертеңгі анадай қарай алмауы жиі кездеседі, Олардың жігіттік сөз, жігіттік қасиет сияқты мағынаны терең ұғынбауы елімізде болып жатқан қоғамдық өзгерістер мен құбылыстардың әсері, әлде алыс-жақын елдерден келіп жатқан сан алуан хабарларды дұрыс қабылдай алмауы салдарынан шығар деп ойлаймыз. Бұл жерде біз барлық кінә жастарда деуден аулақпыз. Сол жастардың қиналған, дағдарыс кездерінде дұрыс бағыт пен ұлттық тәлім-тәрбие бере білу — алдыңғы буын біздердің міндетіміз.
Жастармен жұмыс істейтін мұғалімдер мен оқытушылар оларға ұлттық тәлім-тәрбие беруде тек берілген тақырыпта жұмыс істеумен шектеліп қоймай, болмаса жылда өткізілетін „Наурыз" мерекесінде көрсетілетін салт-дәстүрімізді бетке ұстап, осымен біраз жұмыс істелді деген ойдан арылу керек. Жастарға айтылатын әрбір ой, салиқалы пікір, тәлім-тәрбйе күнделікті болып жатқан оқиғалардан, келтірілген мысалдардан, халқымыздың салт-дәстүрімен, ұлттық ерекшелігімен ұштасып жатуы керек.
Соңғы кезде жиі айтылып жүрген мәселенің бірі — экология мәселесін сөз еткенде, халқымыздың бұрыннан айтып келе жатқан төмендегідей ойларын мысал ретінде келтірсе дейміз: „Гүлді жұлма, гүлдей соласың", „Суға түкірме, сусыз қаласың", „Гүлді аяқ астына тастама, басқан адам ауру болады", „Судың да сурауы бар", „Құсты ұстап қинама, обалына қаласың". Осылай тәлім сөздерді -тәрбие құралы етсек, бұл қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға иненің жасуындай болса да пайда тигізбей ме?
Немесе кәрі ата-ананы қарттар үйіне апарып тастайтын жайттарға қалай денең түршікпей қарайсың? Ата-анасын қарттар үйіне апарып тастап, орнына „асыл тұқымды" ит асырағанын мақтаныш етіп, жан-жағына қораздана қараған жастарымызға ата-бабамыздың „атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер" деген мақалын жетесіне жеткізе, түсіндіре алсақ, олар да ойланар еді.
Балаға халқымыздың ойы, жан дүниесі, махаббаты ананың" сүтімен, тілімен берілетіні белгілі. Олай болса, бала дуниеге келгеннен „баю-баюмен" тербетпей, оларды ана сүтіне уызынан жарытып, Абайды тербеткен Ұлжан апамыз бен Зере әжеміздің бесік жырымен тербетсек қазіргі жастарымыз Қазақша аз-маз билемиз" деп жүрмеген болар еді-ау дейміз. Сайып келгенде тәрбиедегі ұсақ-түйектердің өзін ана тілінде түсіндіріп, үйретсе, жас ұрпақтың өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасы өз арнасына түсер еді деп ойлаймыз.
Біздің ойымызша ғұлама ғалым Ж.Аймауытовтың: „Ана тілі — жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, адамның жанының барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына..." — деген ойын жастарға этнопсихология мен этнопедагогикалық тәрбие беруде негізгі бағыт етіп алу керек сияқты.
М.МҰҚАНОВ ЖӘНЕ ЭТНОПСИХОЛОГИЯНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Елімізде соңғы кездері ғана өріс ала бастаған этнопсихология ғылымының ірге тасының қалануына елеулі үлес қосқандардың бірі — профессор Мәжит Мұқанов болды.
Ғылым көп жылдар бойы ақыл-ой, интеллект мәселесін бұлардың адамның жан дүниесіндегі алатын орнын анықтауға, ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға бағышталған. Автор ақыл-ойдың өрістеп отыруын тарихи-этникалық тұрғыдан зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның өмір сүрген ортасына, тіршілік жағдайы мен әлеуметтік қарым-қатынасына байланысты болып отыратындығын қазақ елі өмірінен алынған нақтылы деректермен дәлелдейді. Осы айтылған жан қуаты көріністерінің айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде орын алатынын айта келіп, ғалым өзге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын өзіне айтқызбай-ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тілде когнитивтік эмпатия деп аталатын жан қасиетін Сырым батыр мен жас келіншектің арасындағы сөзге құрылған диалог арқылы көрсеткен еді. М.Мұқанов сауатсыз адамдардың (тәжірибе Қытайдан келген қазақтарға жасалынған. Қ.Ж.) ойлау қызметінде де рефлексия құбылысы бар екендігін дәлелдеп, әр халықтың тарихи дамуындағы айналысқан кәсібі (қазақтар үшін мал шаруашылығы) оның ақыл-ой өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына елеулі әсер ететіндігін байқаған. Мәселен, тәжірибе жасауға қажет болған жағдайда олардың май шамның орнына тезек отын пайдалануы. Автор оқымаған адамдарда теориялық пікір айту кездеспейді деу қате, өйткені теорияның төркіні тәжірибеден өрбіп отырады деп түйіндейді. Зерттеуде әр халықтың өмір сүру барысында, тұрмыс-тіршілігінде кездесетін түрлі ырым-жорамалдар, әр түрлі заттар мен құбылыстардың түр-түсін, жеке қасиеттерін айыра білудегі кейбір өзіндік ерекшеліктері (бұған жағрапиялық орта, сондай-ақ табиғаттың экологиялық жағдайлары мысқалдап әсер ететіндігі), адамның өсіп-жетілуіндегі ауызекі сөз бен жазба сөздің ес процесіне тигізетін түрлі ықпалы туралы сөз болады.
М.Мұқанов жүргізген ендігі бір экспериментте оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығы анықталған. Мәселен, көшпенді ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігінде жазба деректердің болмауы, түрлі ақпарат хабары мөлшерінің аздығы, сезім мүшелерін қосарлай пайдалануы олардың суырып салма, шешендік қабілетінің күшті болуына әсер еткен. М.Мұқановтың пікірінше, ауызекі сөз әлдеқайда көп сақталады, өйткені ол жиі пайдаланылады. Және жұрт бұған бар ықылас-ынтасын салады, ал жазба сөздің есті онша өсірмейтіндігі — оқыған адамның білгендерін қағазға (қойын дәптеріне) жазып алуға әдеттенгеніне байланысты болса керек.
КІСІЛІК ТҰРПАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТҮБЕГЕЙЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адамдардың жаңа тұрпатын қалыптастыру жүйесі тиімді болған ел ғана алдағы ғасырдың бірінші он жылдығының өзінде алға суырылып шығып, әлемдік қоғамдастықта төрден орын алады десек қате айтпағанымыз.
Тұрпат қалыптастыру жүйесінің арқауы педагогикалық-психологиялық теория. Мұның теориялық негізі тәлім-тәрбиелік ғылымдарымен қаланатынын ескерсек, онда келесі ғасырға тиімді адамдық тұрпат қалыптастыру жүйесін қабылдау осынау ғылымдардың түбегейлі мәселелерін дұрыс шеше алуына байланысты, Осы жерде тәлім-тәрбиелік ғылымдардың дамуы философиялық, психологиялық, логикалық, социологиялық, физиологиялық, лингвистикалық ғылымдардың бірлескен зерттеулерімен анықталады десек қателеспегеніміз. Орайы келгенде мынадай бір тосын жайтты айта кетсек артық болмас. Жалпы адамзатқа, әрбір адамға ғылыми ұғымдарды білдіретін ғылыми жүйе керек. Бұлар бүкіл адамзатқа, көздеген мақсатына жету үшін қызмет етуі тиіс.
Тұрпат қалыптастыру жүйесі бір-бірімен көпжақты байланысқан үш жүйе бірлігі болып табылады. Олар мыналар: білім жүйесі, білім беру жүйесі, білім тексеру жүйесі. Демек тәлім-тәрбиелік теорияда осыған сәйкес үш теория бірлігі (білім теориясы, білім беру, яғни оқыту теориясы, білім тексеру теориясы) тоқайласады деу орынды сияқты.
Қандай тұрпат қалыптастыру қажет, яғни білім беру жүйесіне қажетті тұрпатты қалай қалыптастыру керек, сондай-ақ білім тексеру жүйесіне қажетті тұрпат қалыптастырылды ма деген жалпы сұрақтарға жауап берілуі керек. Бұл сұрақтардың дұрыс жауаптарын педагогикалық теорияның сәйкес бөліктері (білім теориясы, оқыту теориясы, білім тексеру теориясы) беруі тиіс.
АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕГІ ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫ ЭТНИКАЛЫҚ КӘСІПТІК ДАЯРЛАУДАН ӨТКІЗУ
Қазіргі кезде экономикалық құрылымдардың қайта ұйымдастырылуына, онда жұмыс істеушілердің жаппай босауы мен кәсіпорындардың, ұйымдардың еріксіз тоқтап тұруы кадрлар дайындау және олардың жергілікті жерлер мен облыстың халық шаруашылығының қажеттілігі арасындағы арасалмағын мүмкіндігінше шешу проблемасын туындатып отырғаны баршамызға аян. Сондықтан халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың орны барған сайын маңызды мәнге ие болуда. Қазіргі таңдағы негізгі бағыттардың бірі — жұмыспен қамтылмаған халықтың бөлігі мен босаған қызметшілерді кәсіби жағынан оқыту, қайта дайындау және біліктілігін көтеру болып табылады.
Қалалық және аудандық еңбек биржасы — халықты еңбекпен қамту орталықтары өткен 1996 жылы 184 1 жұмыссызды оқуға жіберді, яғни бұл жалпы жұмыс іздеп келген адамдардың 2,7 проценті. Бұл орайда әсіресе, ауыл тұрғындарының әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж санаттарына ерекше назар аударылуда. Мәселен, кәсіби білім алуға жолданған 14 35 азаматтың дені 16 мен 29 жас аралығындағы жастар,
1116-сы әйелдер.
Өткен жылы 31 мамандық бойынша 2507 адам білім алды, бұл 1995 жылмен салыстырғанда 1357-ге көп, ал оның 809-ы жұмысқа орналастырылды. Бір айта кетерлігі білім алған әрбір азаматтың екіншісі ауыл-село тұрғындары болып табылады. Алайда жұмыс берушілердің өздеріндегі қызмет лауазымын жасырып, жұмыс орындарын сақтамаудың салдарынан білім алған жұмыссыздар өздігінше жұмыс табуға мәжбүр болуда.
Кәсіби даярлықтан өткен 155 6 адам алғашқы рет оқытылды (62 процент), 878 адам (35 процент) қайта даярлықтан өтті, 87 адам аралас мамандықты игерсе, 46 адам біліктілігін арттырды.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 32 жұмыссыз бойжеткен ұлттық киім тігетін тігінші мамандығын, 161 адам фермерлік, 18 адам киіз басушы, 175 адам кілем тоқушы, 13 адам ерші және 10 адам етікші мамандығын игерді. Олар тиісінше 3 ай, 6-9 ай, 3 ай, 3,5 ай, 5 ай және 3 ай оқыды, оқу ақысы бір адамға щаққанда айына орта есеппен екі мың теңге болды.
Қазір 163 адам жеке кәсіппен айналысуда. Оның 21-і Түлкібас ауданында қазақтың ұлттық бұйымдары — бесік, күбі және ыдыс-аяқ, екеуі Қазығұрт ауданында сандық, он бесі Түркістанда киіз үй жасаумен, ал он бесі кілем тоқумен айналысуда.
Жұмыссыздардың алған мамандықтары әсіресе, облыстық, ауылдық өңірдегі жастар үшін өте тиімділік әкеледі. Олар мамандықтарына сай тұрмыс саласы бойынша ауыл тұрғындарына тұрмыстық қызмет көрсететін, өздері өндірген халық тұтынатын тауарлар мен басқа бұйымдарын сататын жеке кәсіпорындар ашты.
Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру саласында байқалған - мамандықтарды қысқарту тенденциясы, ілгеріде өткізілген оқытулар мен кең ауқымды мамандықтар бойынша дайындауға бағыт-бағдар беру экономикадағы нарықтық қатынастарға қатысты. Жоғарыдағы талаптар жұмысшылар мен қызметшілердің біліктілігіне, олардың кәсіптік шеберлігі мен ой-өрісіне, білімділігіне, жаңа техника мен технологияны меңгеру қабілетіне, еңбектегі өзгеріске көзқарасы мен сипатының дайындығына, өзара алмасу негізіне бейімделген әр түрлі еңбек операциялары кешенін орындауына негізделеді.
Осыған байланысты оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қайта қарау, оқытудың тиімді әдістерін қарастыру, теориялық және машықтық даярлықтың өзара қатынасын өзгерту — білім беру мекемелерінің алдына қойылған міндеттер міне, осындай. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЭТНОПСИХОЛОГИЯ МЕН ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
» Реферат: Этнопедагогикалық зерттеу әдістері және өзге ғылым салаларымен байланысы
» Реферат: Этнопедагогика | Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері
» Реферат: Педагогика | Қазақ әйелдері бойындағы патриоттық (елжандылық) сезім көріністері
» Қазақша реферат: Ұстаздар (Мұғалімдер) күні

Іздеп көріңіз: