Реферат: Маркетинг | Логистика
Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.
Логистиканың негізгі мақсаттары
Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарынжұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану.
Логистика салалары
Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады:
Қамтамыз ету логистикасы
Өндірістік логистика
• Тарату логистикасы
• Сатудан кейінгі (after sales) логистика
• Шығарып тастау (disposal) логистикасы
Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.
Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.
Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.
Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.
Логистика саласында маңызды болып саналатын қоймалау орындарынан бір мысал
Логистика – корпорация, компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен айналысатын сала. Ол тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылар бірлесуін қамтиды. Логистика саласына жер, әуе, құбыр жүйесі, кеме, темір жол секілді тасымалдау көлік түрлерін жатқызамыз. Мақсаты: қысқа мерзімде жеткізу, мүліктің сапасын жоғалтпау және өндірістік қуатты жоғарғы деңгейде пайдалану.
Қазақстан көлік инфрақұрылымының қойма шаруашылығы, қызмет көрсетуінің төмен деңгейде болуы, мамандарға тәжірибенің жетіспеушілігі сарапшылар тарапынан төмен баға алды. Алайда үлкен даму мен серпілістер де жоқ емес. Мысалы, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі мен «ЭКСПО-2017» жобасы осы логистика саласын дамыту негізінде жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ 2013 жылы маусым айының он екінші жұлдызында өткен Қазақ-Неміс логистика Форумы Қазақстан мемлекеті отандық өндірісінің көлік құрылымын дамытуға үлкен мүмкіндіктері бар екендігін көрсетті.
Қазақстанның логистика жүйесі күрделілігімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда өнеркәсіп орындары алыс қашықтықтағы қолданушыларды тауарлармен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмай келеді. Сол себептен де осы логистика мәселесін шешетін компаниялар: тасымал, өнімді қысқа мерзімде жеткізу, заттың сапасын жоғары дәрежеде сақтап, ешқандай зақымсыз, көзделген жерге жеткізу секілді міндеттемелерді орындауы қажет. Мұндай мәселелерді реттеу үшін жоғары дәрежелі мамандар дайындап, ішкі нарықтың коммуникациялық байланыс түрлерін бір жолға қою керек.
Осыған орай, үкімет басшылары 2010 жылдан бастап логистика саласын дамыту шарасы ретінде күрделі жобалар ұсынып, соны жүзеге асыру барысында мамандар мен тасымал жұмыстарымен айналысатын компанияларға семинар, курс, тренинг сабақтарын өткізіп, оны тәжірибе ретінде жүзеге асыруға қолдау білдіріп келеді.
Бүгінде еліміздің көлік-логистика саласындағы маман дайындау ісінде кейбір ауыртпалықтар туындап отыр. Дәлірек айтсақ, бүгінгі білім беру жүйесі дайындаған мамандар жұмыс берушілер талап етіп отырған үдеден шыға алмауда. Бұл еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқты. Кәсіби-техникалық білім берудің қазіргі маман даярлау жүйесі қажетті деңгейдегі мамандарды әзірлеуге мүмкіндік бермейді. Бұл жаңа бағыттағы кәсіби мамандықтарды даярлауға деген сұраныстың барлығын көрсетеді. Мемлекеттік органның бекітуімен көлік және логистика саласында біліктілік деңгейін арттыратын бірыңғай орталық құру қажеттілігі туды. Екі салалық қауымдастықтың базасында біліктілікті айқындайтын тәуелсіз орталық құру жөнінде мемлекет басшысының тапсырмасы да бар. Көлік-логистика саласындағы негізгі үдерісті ескере отырып, аймақтық еңбек нарығындағы кадр сұранысының бүгінгі түйіткілі, сапалы маман даярлау ісі, жұмыс берушілер мен оқу орындарының өзара байланысы талқылануда.
ТАСЫМАЛДАУ ЛОГИСТИКАСЫ
Тасымалдау логистикасьшың мәні мен мәселелері
Тасымалдау — адамдар мен жүктерді таситын материалды өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалды қызмет өндіру сферасына жатады.
Материалды ағымның шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі көлік құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50 пайызға дейінгі шамасын құрайды.
Тасымалдау екі элементтен — жаппай пайдаланылатын көліктен және жаппай пайдаланылмайтын көліктен тұратын жүйе болып табылады.
Жаппай пайдаланылатын көлік — жүк және адамдарды тасымалдауда халық шаруашылығының барлық салалары мен тұрғындардың кажеттіліктерін ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: