Реферат: Дінтану | Исламдық мәдениет әлемінің қалыптасу ерекшеліктері
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.с.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыдалы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.
Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.
Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның жөні неде және т.б. деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалған көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарға шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғам-тудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.
Адам ұжымдары қақтығыссыз өмір сүре алмайды. Адамдардың алғашқы бірлестіктері зорлық-зомбылықсыз, «бәрінің бәріне соғысынсыз» (Т. Гоббс) болып көрген де емес. Бастарын біріктіре тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра адамдар бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық «құмарлығын» өзіндік бір жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретінде құрбан шалу қарастырылады. Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылды. Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиетті кездестіреміз, яғни дін де адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық күштеріне кері әрекет етіп, әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады.
Дцамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дін адам Жанынан туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын кеп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз ретінде адам өмірінің кептеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым болып табылады.
Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толық-қандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамлардын қасиетті байланысты іздеу және табу барысында қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім түр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік іс-әрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрып-ақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдігі бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды».
Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке лайық, мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса түсінікті нәрсе. Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты. Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және де ол адам болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да. Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын алар рөлі ерекше.
Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрді. Мысалы, қола дәуіріндегі көптеген мәдениеттерде саяси және рәсімдік немесе діни қызметтерді бөліп жару өте қиын болатын. Көне шығыс өркениеттерінде діни ұйымдар мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласатын еді. Бұндай күйді біз орта ғасырлық Еуропа тарихынан да кездестіреміз. Еуропада тек Жаңа Дәуірдегі ірі рухани теңкерілістен кейін ғана жағдай мүлдем басқаша болып өзгереді. Қайта Өрлеу, кезеңінен басталған өзгерістер нәтижесінде еуропалық қоғамдық-мәдени өмір шіркеу қарамағынан, оның қатал бақылауынан бірте-бірте босана бастайды. Бұл процесс реформация нәтижесінде жылдамдап, қарқын алады. Мәдениеттің зайырлылық принципіне өтуі саяси-қоғамдық және экономикалық құндылықтардың пайдалану аясының кеңеюімен, ғылыми зерттеулер мен техникалық шығармашылықтың қарқынды дамуымен етене байланысты жүріп отырды. Қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан айырылуы шіркеудің өкіметтен, мемлекеттен шеттеуіне, соның нәтижесінде оның саяси құрылымдар қатарынан жеке бастың еншілігіне қарай ығысуына, яғни мемлекеттен азаматтық қоғам аясына ауысына әкеліп соқты.
Батыс адамзаты өкімет билігінің заңға негізделген легалды түріне көшкен сәтте Шығыста әлі де болса сакралды (қасиетті) және профанды (қарапайым күнделікті), діни және зайырлы бастамалардың біте қайнасып жатуы көзге ұрады. Соның айғағы ретінде исламдық әлем мен қытайдың ұлы мәдениеттерін мысал ете кетуге болады.
Христиан және буддизм дінімен салыстырғанда дүние жүзілік діндердің тағы бірі — ислам адамдардың күнделікті тіршілігіне көп араласады. Сондықтан болар исламда дін мен саясаттың, діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың байланысы тамырын тереңге жайған.
Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы — Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.
Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеу-мешіттің мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің ықпалынан тысқарымын деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екеннін бүгінде елдің бәрі мойындайды.
Дін елдін бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сүрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның Мейірімділік, Махаббат және Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады.
Қазіргі таңда әлемде бар діндердің қайсысымен болсын әлсіз байланысқан адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде — ол не өзінің заң беруші ақыл-ойына, не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан діни қажеттіліктің өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары сөзсіз, өйткені дәл сондай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар, КСРО-ның ыдырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат — «коммунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі әр түрлі діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды.
Қазірде Батыста болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын, солардың арасында бізде де дін азаматтық қоғамның біріктіруші-бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдени-әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында. Көптеген діни бірлестіктер өздерінің діни насихатын шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып, экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға, кәрі-құртаңдарға, жалғызіліктілерге және т.с.с. қайырымдылық көрсетуді де ұмытпайды. Діни ұйымдардың бүкіл қаржы-қайрат, іс-әрекеттері бейбітшілік, төзімділік және сүйіспеншілік мұраттарын өмірге енгізу үшін бағышталған.
Бәрімізге белгілі бір жай — зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау басталып кеткен, орын алған зорлық-зомбылықты тоқтатудан гөрі әлдеқайда оңайға соғады. Себебі зорлық-зомбылық көзі адамның жаратылыс табиғатымен, инстинктерімен байланысты болғандықтан ол көбінде иррационалдық, соқырсезімділікке жақын тұр. Зорлық-зомбылық «жұққыш», оған көп еліктегіш келеді. Басталып кеткен зомбылық өзінің неден туындағанын, шынайы себебін ұмыт қалдырып, мүлдем басқа себептерді өзінің қайнар көзі деп табады.
Мәдениет дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тшіне бұл термин арабтың «маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі кызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.; б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни Ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды Көне заманнан бастағанды жөн көрдік. (Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар, белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына және т.б. қатысу) мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағьшаларға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді» (Г.В. Драч. Культурологая. Ростов-на-Дону, 1995, с. 26). Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер) жатыр. Ақсүйектік қасиеттермен қатар, «адамзаттық» қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол — білім жолы болды. Г.Е. Жураковский былай деп жазды: «Көп жылдық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты — оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады» (Г.Е. Жураковский. Очерки по истории античной педагогаки. Москва, 1940, с. 42). Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлендер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гамнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл айтылған жағдайлардың бәрі көне «пайдейяның» гуманитарлық қызметімен қатар, көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін бір жай, мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талап-тарды толық игергеңде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер «даналық табыстар» — нома (заңдар) деп атады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағдайда көне заман адамы өзінің табиғатпен байланысын еш-уақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды.
Жоғалтуына байланысты грек «пайдейясының» идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы да басқа медени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеизмді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге (сүйсініп — рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы қойды. Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. ортағасырларда мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рационалдық ізденісті адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын мәдениеттің көне түсінігі тұйыққа тірелді. Адамның заттық-аспандық дүниеден, оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзатгың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: