Реферат: Қазақ тілі | Күрделі сөздер классификациясы
Күрделі сөздер классификациясы
Сөз өзінің құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөз кемінде екі түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы болады.
А. Ысқақов пен К. Ақанов күрделі сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз, қысқараған сөз және сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді қарастырады. Тек А. Ысқақовтың ұсынған классификациясында күрделі сөз арасынан фразеологиялық тіркестер де орын алады. Аталған ғалымдар еңбектерінен кейін, күрделі сөздерді классификациялаудың мынадай сара жолы салынды: сөз құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Дара сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөздер біріккен, қос, қысқарған және бөлек жазылған күрделі сөздер болып бөлінеді. Мұндағы әр түрлі терминге ие болып жүрген бөлек жазылатын күрделі сөздер. Мұны А. Ысқақов, Ә. Ахабаев тіркескен күрделі сөздер десе, Р. Сыздықова лексикаланған тіркес сөздер деп те атаған. Бүгінде ортан жілік, асықты жілік, кәрі жілік, жамбас жілік, т.б. тіркестілімділігі шектеулі сөздер деп те аталып жүр (1997). С. Исаев әуелде оларды атаулы тіркес (көр тышқан, жарыс сөз, Арал теңіз) деп атап фразеологиялық және еркін тіркестен бөліп қарау керектігін айтады. Кейін тіркесті түбір деген тың термин ұсынады (Исаев. ҚҚТ. Морфология курсы бойынша, А., 1991). Ал профессор М. Балақаев бұларды түйдекті тіркестер (бұларға күрделі етістік, күрделі есім, идиома, көмекші сөз бен негізгі сөздерді жатқызады) десе, (түйдекті тіркес деп соңғы кездері тек негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі алынып жүр (Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е.))
Бұл жерде басын ашып алатын бір мәселе бар. Жоғарыдағы терминдерді аталған авторлар бекер ұсынбайды. Синтаксистік сөз тіркесі шекарасынан шығып, құрама сөз ұясына ене алмай жүрген аралықтан сөздердің номинациялау, абстракциялану дәрежесі өте алуан түрлі. К. Аханов, А. Ысқақов, М. Балақаев т.б. күрделі сөзді азды-көпті зерттеген авторлардың ауыл шаруашылығы, қалбағай омыртқа, аса таяқ, ауыз әдебиеті деген тіркестерді күрделі тіркестерге жатқызуы – бұл тіркестерді одан әрі саралауға жол ашты. Себебі, ауыл шаруашылығы мен қалбағай омыртқаның, аса таяқ пен атамекеннің арасында едәуір мағыналық ерекшелік бар. Сондықтан, С. Исаев, Б. Қалиқызы, Р. Сыздықова, А. Аблақов сынды ғалымдардың өз зерттеу тұрғысынан күрделі сөздерді классификациялауға қосылған жаңа үлес деп тануға болады. Расында да, кәрі жілік, асықты жілік, қалың мал, оң жақ, жақсы ат, ақ қүман, ақ көңіл, ауа райы, бақ талас, бос белбеу, бет орам л, ақ бата, ата мұра, ата қоныс, бақ күндес т.б. толып жатқан құрама атаулардың ара жігін ажырататын кез келді.
Оразалиева Ә.Н. Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесі теориясының қалыптасуы. А, 1996, автореферат
Алдашев Н.М. ҚҚТ-гі қысқарған сөздер. А., 1996 автореферат
1920-30 жылдардан бері қарайғы кезеңде қазақ тілінде қысқарған сөздер пайда болды. Алғашқы он жылдықтарда өзге тілге тән тұлға, термин ыңғайында қалыптасқан бұл қабат қазақ әдеби тілінің соңғы мерзіміндегі даму барысында жаңаша сипат алды.
ҚҚТ-гі қысқарған сөздер – аталуы бастапқыда атрибутивті сөз тіркестерінің көмегімен түсіндірмелі түрде толық берілген, екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары, екінші номинация. Ықшамдау, қысқарту процесіне, сондай-ақ жеке сөздерде ұшырайды.
3.Сөз қысқарту тәсілі – қазақ әдеби тілі жүйесінде 1920 жылдардан бері қарай қалып алып, соңғы бес-алты жыл көлемінде ұлттық сипатта бекемдік таныта бастаған сөзжасам әдістерінің бірі. Сөз қысқартудың әріптік, буындық, аралас қысқарту және контракциялық суспенциялық, сондай-ақ шартты қысқарту сияқты түрлері бар.
Қысқарған жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар әсер етеді. Олар: а) қазақ тіліне қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастың түбегейлі өзгеруі, қоғам және ғылыми-техникалық революция жаңалықтары, ұлттық дүниетанымдағы жаңғырулар; ә) тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, сөйленіс машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болады. Қысқарымдардың жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар.
Әдеби тілдің лексикасы мен грамматикасына қатысы бар бұл құбылыс түркі тіл білімінде де бірқыдыру зерттелген. Ғалымдар қысқарған сөздерді түркі тілдеріндегі күрделі сөздер категориясына орайластыра қарастырады. Күрделі сөз ұғымы Н.Ф. Катановтың, Н.И. Алимариннің еңбектерінде сондай-ақ А.Н. Кононовтың, Н.К. Дмитриевтің, Н.А. Баскаковтың зерттеулерінде терең тұжырымдалған. Белгілі ғалым Н.А. Баскаков сөзжасамның негізігі үш түрлі тәсілі бар екендігін сөз ету үстінде ХХ ғасырдың бастапқы тұстарынан бастап түркі тілдерінде қысқарған сөздердің алғашқы нышандары бой көрсете бастағанына назар аудартады да, төл тілдің өз мүмкіндіктері арқылы жаңа сөз жасаудың жолдарын санамалап, олардың қатарына сөз қысқарту амалын да жатқызады.
Зерттеу жұмыстары түркі тіл білімінде: З.А. Аликулов (өзбек тілі), С.Н. Мұратов (башқұрт тілі), М. Адилов (әзірбайжан), Ахунзиянов Э. (татар).
Зерттеу жұмысының барлығынан байқалатын ортақ түйін: а) күрделі тіркестерді қысқарту тәсілдерінің Қазан төңкерісінен кейін қалыптаса бастағандығы; ә) орыс тіліндегі қысқарған сөздердің түркі тіліндегі күрделі атауларды қысқартуға үлгі-негіз болғандығы; б) күрделі сөздердің қысқарған баламаларын жасаудың үздіксіз жүре беретіндігі және т.б. мәселелерге саяды.
Түркі тілдеріндегі қысқарған сөздердің зерттелуі, ғылыми тұрғыдан тұжырымдалуы мынандай аспектілерді қарастырылады:
1. түркі тілдердің барлығында да әріптік, буындық қысқартулар 1920 жалдан бері қарай жазба тіл үлгілерінде көріне бастады, соңғы он жылдықтарда күрделі сөздерді қысқарту құбылысы өнімді тәсілдердің біріне айналды.
2. Түркі тілдеріндегі қысқарған сөздер – негізінен орыс тілінен түпнұсқа қалпында қабылданған аббревиатура.
3. Түркі тілдерінің қай-қайсысында да қысқарған сөздердің жасалу жолдары бірізді, олар: әріптік, буындық және аралас қысқартулар.
4. Түркі тілдерінің өзіндік таптарына тән кісі есімдерінің қысқартылу түрлері, күрделі сөздердің кірігу-қысқартылу процестері арқылы пайда болған сөздер де қысқарған сөздер қатарына жатқызылады.
Қазақ тілінде қысқарған сөздер 1920 жылдан бері қарайғы құбылыс. Алғашқы пікір айтқандар: Байтұрсынов, Басымов, Жұбанов.
А. Ысқақов «күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі қысқартылып, әрі біріктіліп жұмсалу жолы орыс тілінің әсерінен туғандығын, қысқарған сөздер әдеби тілдің жазбаша нысанында күрделі сөздің белгілі бір түрі болып қалыптасқандығын баяндап, осы термин ұғымына тек қана орыс тіліндегі үлгі бойынша жасалған төрт түрлі жолмен аббревиатураларды жатқызады.
С. Исаев дәстүрлі қысқарымдардың қатарына шартты және ТУ – 154, Газ – 51 тәрізді рәмізді қысқартылымдарды қосады.
Кісі есімдерінен сый құрмет, еркелету семантикасын үстейтін морфемалардың дәнекерлесуі арқылы жасалған Жәке, Сәке, Сызаң, Сәбе, Айнаш тәрізді кісі есімдері – сөз қысқарту амалының тарихи ұлттық үлгілері –ақа, -еке, -тай, -шы қосымшалары үстемеленіп ықшамдалған кісі есімдерінің де жатқызылуы.
Акронимдер – күрделі атаулар сыңарларының, әсіресе кісі есімдерінің алғашқы буындарын құрастыру арқылы сазды-образды, экспрессивті мазмұнда жасалған қысқарымдар. Нұрсал – Нұрлан – Салтанат.
Қысқартудың негізгі төрт жолымен бірге басқа типтері де көзге түседі.
1. Әріпті қысқарту – МАИ, АҚ, АБ.
2. Буындық – Кеңшар, Қалаткан
3. Аралас (біріншісінің әріптік, екішісінің буындық немесе буындық әріптік қысқартуға ұшыраған компонентке, үшіншісі компоненттің толық қалпында жалғануы – ҚазМҰУ, меммүлік, Әділетмин, сыртқыісмин)
4. Контракциялық қысқарту – жалпы есімдердің, терминнің құрамындағы екі дауыссыз дыбыстардың селбесуі арқылы жасалған қысқарымдар. М, тг - теңге, дн – дүйсенбі. Қазақ тіліндегі іс қағаздарын жүргізу үшін де контракциялық қысқартулар ұсынылады, мыс, НК – нүкте, ҚН – қос нүкте, ТР – тырнақша, ҮТ – үтір.
5. Суспенсиялар – жоғары жиілікіпен қолданылатын кейбір аталымдарды осы тәсілмен ықшамдау – орыс тіліне өте – мөте тән құбылыс, түркі тілдерінде де байқалады. Суспенсия – жеке сөздің алғашқы бірнеше дыбысының «кесіліп» алынуы, мұнда, әдетте, соңғы дыбыс дауыссыз болуға тиіс. М, ауд. – аудан, обл. – облыс, даңғ. – даңғыл, көш. – көше, шығ. – шығармалары.
6. Қазіргі жазба тілінде, сондай - ақ таңбалардың көмегі арқылы ықшамдалған қысқарымдар ұшырасады. Криптонимдер – кісі есімдерінің бастапқы дыбысының нүктемен ажыратылып алынуы белгілі бір функционалдық қызметте (кісі есімдерін құпияландыру мақсатында) 1920 – ыншы жылдарда да көрініс береді. Қазір бұл әдіс ішінара көсемсөзде, көбіне – көп креминалды хроника жанрында пайдаланылады (М. деген жазушы, В. Деген азамат). Нүкте белгісінің, қисық сыызқтың , дефистің көмегі арқылы тұйықталып қысқарымдар анықтамалық ақпарат құралдарында, жарнама под стилінде кең қолданылады. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: