Реферат: Биология | Күріш тұқым шаруашылығы

Реферат: Биология  | Күріш тұқым шаруашылығы

Күріштің бастапқы тұқым шаруашылығын оригинаторлар және аттесатталған тұқым шаруашылықтары жүргізеді. Олар жоғары репродукциялы және элита тұқымдарын өсіріп белгілі бір аймаққа сатады және күріш өндіретін шаруашылықтарға консалтингтік көмек көрсетеді.
Масақты дақылдардың бастапқы тұқым шаруашылығы жүйесі толығымен қайталанады.
Қазақстанда аудандастырылған күріш сорттары: Авангард, Алтынай, Арал 202, Златый, Қарақалпақстан, Кубань-3, Краснодарский 424, Лазурный, Лиман, Мадина, Маржан, Опытное, Пак-Ли, Солнечный, Уз Рос 7-13, Уз РОС 59, Уш-Тобинский.

Өндірістік тұқым шаруашылығы аттестатталған тұқым шаруашылықтарында жүргізіледі. Олардың міндеттері: күріштің жоспарлы егістік көлеміне жеткілікті, сорттық және егістік көрсеткіштері жоғары тұқым өндіру.
Жоғары сапалы тұқым өндіру жүйесі:
- сұрыптау питомниктері;
- тұқымдық питомниктер;
- алдын ала көбейту питомниктері;
- суперэлита, элита питомниктері;
- бірінші, екінші және үшінші репродукция егістіктері.

Бірнеше қайтара сепкеннен кейін күріш тұқымының сапасы күрт төмендеп кетеді, сондықтан 3 жылда бір рет сорт жаңарту жұмыстары жүргізіліп отырады.
Жаңа, элита немесе бірінші репродукциялық тұқымдар, көбею коэффициентін ескере отырып, барлық егілетін егістік аумағының 10%-на егіледі

Тұқымдық егістіктер агротехникасы.
- алғы дақылдар: көп жылдық шөптер, екпелі сүрі жер, күріш егістігіне енгізілген жаңа жерлер. Тұқымдық егістіктер үшін тұзды жерлер мүлдем жарамсыз;
- жоғары сапалы тұқым: 1-ші классқа (өнгіштігі 95%-дан жоғары) сорттық тазалығы 1-ші категорияға жататын;
- себу мезгілі: жердің 3-5 см тереңдігі 14-160С қызған кезде
- тұқымды себуге даярлау: себуге 3-5 күн қалғанда ауамен қыздырып өңдеу, себуге 2-3 апта қалғанда ауруларға қарсы химиялық өңдеу
- себу мөлшері: сортқа байланысты 4,5-6,0 млн/га өнгіш дән. Элита көбейтілетін егістіктерге 4-5 млн/га өнгіш дән себіеді.
Жақсы толысқан тұқымдар гектарына 3,0 млн мөлшерінде 30,0 см қатараралықпен себіледі.
Күріштің тұқымдық егістіктері минералды қоректік заттармен толығынан қамтамасыз етілуі керек
Өсіріп баптау технологиясы. А л ғ ы д а қ ы л. Күрішті бір орынға екі, әрі кетсе үш жылдан артық егуге болмайды, өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырудың үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екенін дәлелдеді. Одан кейінгі алғы дақыл жоңышқа қыртысының аударылған алқабы. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза сүрі жер енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір-екі жыл егуге болады. Сүрі жерлерге екпе ретінде ас бұршақ, үрме бұршақ немесе беде егіледі.
Қазақстанда негізінен күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген. Ондағы дақылдар келесі тізбекте орналасады: 1, 2-ші танаптар жоңышқа 3, 4-ші танаптар-күріш, 5-ші танап екпе немесе таза сүрі жер кейде сүрлемдік жүгері, 6-7-ші танап-күріш.
Т ы ң а й т қ ы ш қ о л д а н у. Суармалы жерлерде егілетін астық дақылдарының ішінде күріш қоректік заттарға ерекше талап қояды. Тыңайтқыш колдану басқа дакылдардан гөрі күріштің өнімінің артуына көбірек әсерін тигізеді.
Бір тонна астығы мен сәйкес мөлшерде сабан өнімін түзу үшін күріш 22-25 кг азот, 10-15 кг фосфор және 30-35 кг калий пайдаланады. .
Күріш қоректену үшін минералды элементтер топырақта жетіспесе оның өнімі азаяды, әсіресе азоттың жетіспеуі күрішке көп әсер етеді: фотосинтез процесінің өнімділігі төмендейді, өсімдік сарғыштанып, туптенуі нашарлайды. Азот күрішке вегетациялық кезеңінің барлық сатысында қажет. Алайда, бір өлшем құрғақ зат түзу үшін күріштің бұл элементті ең көп кабылдайтын мерзімі-көктеу мен түтік шығару аралығы.
Күрішке фосфор элементі де жан-жақты әсер етеді. Бұл элемент топырақта жетіспеген жағдайда өсімдікте ақуыздың синтезделуі нашарлайды, жапырағы жарылады, тамырлары нашар өседі, түптену кешігеді, щашақ басының көлемі де кішірейеді. Күрішке фосфордың алғашқы кезеңінде (көктеу) жетіспеуі, оның жақсы жетілуіне кедергі келтіреді, ал кейінірек берілген фосфор оның орнын толтыра алмайды. Сондықтан күрішті фосформен бастапқы кезде камтамасыз ету керек. Күріштің басқа дақылдардан өзгешелігі ол суда еритін фосфор қосылыстарымен қоса қиын еритін фосфор, калий, темір тұздарын жақсы сіңіреді.
Басқа қоректік элементтерге карағанда күріш топырақтан калийді көбірек алады, әсіресе түтік шығару кезеңі басталарда калийді көп керек етеді. Сондықтан күрішті осы мерзімде калиймен камтамасыз етсе, солғұрлым тез жетіледі.
Барлық тыңайткыштардың ішінде күріш өніміне неғурлым көбірек әсер ететін азот тыңайтқышы. Қызылорда облысының шалғынды-батпақ топырағында азоттың жеке өзін қолданғанда күріш өнімі 70%-ға артқан.
Күріш суда өсетін болғандықтан топырақтан азотты аммоний ионы түрінде сіңіреді, сондықтан күрішке аммоний сульфаты мен мочевина сияқты азот тыңайткыштары жақсы әсер етеді.
Азот тыңайтқышының мөлшері көбейтілген сайын күріштің өнімі де арта түседі. Алматы облысының Ақдала өнірінде жүргізілген ғылыми жұмыстардың корытындысында ең жоғары өнім гектарына 210 кг азот бергенде алынған.
Азот тыңайтқышының мөлшері алғы дақылға да байланысты өзгереді. Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу және Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институттарының деректері бойынша шалғынды-батпақты және боз топырақтарда үшжылдық жоңышқадан кейін егілетін күріш үшін 60-90 кг, үшжылдық жоңышқадан соң үшінші жылы егілетін күрішке 130-150 кг азот беру тиімді екені анықталған.
Күрішке баяу сіңірілетін азот тыңайтқыштарын (мочевинді-формальдегидті) қолданудың маңызы зор. Бұл тыңайтқыштар кұрамындағы азотты өсімдік 2-3 жыл пайдаланады. Сондықтан баяу сіңірілетін тыңайтқыштарды көп мөлшерде (2-3 жылдық мөлшерін) сүдігер жыртар алдында бірден беру керек.
Күрішке органикалық және жасыл тыңайтқыштарды қолдану оның өнімін едәуір арттырады. Жасыл тыңайтқыш ретінде асбұршақ, сиыр жоңышқа, май бұршақ сыяқты дақылдарды пайдаланады. Күріш ауыспалы егісінде органикалық тыңайтқыш (көң) мелиоративті танапқа гектарына 20-40 т есебінде беріледі.
Алайда, күріш ауыспалы егісінде әрбір танаптың құнарлылығын реттеу үшін және дақылдардың өнімділігін арттыру үшін минералдық, органикалық тыңайтқыштарды ұштастырып пайдалану керек.
Қазақстан жағдайында күріш өсімдігінің азот пен күл элементтерін ең көп пайдаланатын мерзімі үш-төрт жапырақ салғаннан бастап тутіктенуге дейін, аз пайдаланатын кезі гүлдену, әсіресе дамуының соңғы кезеңі болып саналады. Осыған байланысты көң мен фосфор, калий тыңайтқыштарының жылдық мөлшерін түгелдей сүдігер жыртар алдында немесе күрішті себер алдында, ал азот тыңайтқышын үш бөліп беру керек (30%-ын себер алдында, 30%-ын 3-4 жапырақ пайда болғанда, 40%-ын түптену кезінде).
Минералды тыңайтқыштарды (азот 50-70 кг/га, фосфор 100 кг/га) негізгі тыңайтқыш ретінде енгізу үшін тұқым себер алдындағы культивациялау кезінде РТТ-4,2, 1-РМС-4 машиналарымен шашып ЛПЛ-10-25, БДТ-7 құралдарымен топырақтың 10-12 см тереңдігіне сіңіреді.
Егісті азот тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру АН-2 ұшағымен немесе КА-26 машинасымен, соңғы кезде делтоплан арқылы күріштің 3-4 жапырағы пайда болған кезде жүзеге асырылып жүр, ал қажет болған жағдайда, екінші үстеп қоректендіру өсімдік 6-7 жапырақ жайған кезде жүргізіледі.
Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, оның алғы дақылына байланысты егістікке минералды тыңайтқыштар енгізудің тиімді мөлшері мынадай: көп жылдық шөптер қыртысынан кейін 3 ц аммоний сульфаты, 5 ц суперфосфат, көп жылдық шөптердің екінші айналымынан кейін -гектарына 5-6 ц аммоний сульфаты, 4 ц суперфосфат, ал үшінші жылы күріш егілген жерге гектарына 7-8 ц аммоний сульфаты, 4-5 ц суперфосфат беріледі.

Топырақ өңдеу. Күріш өсіруді механикаландыру үшін инженерлік суару жүйесін жасау керек. Суару жүйесінің басты элементі - атыз. Оның көлемі 2-3 гектар. Суды танапта ұстап тұру үшін танапты айнала топырақ үйіндісімен қоршайды. Танаптың негізгі бөгеттері биіктеу болып бірнеше жылға жасалады, көлденең бөгеттері аласалау, биіктігі 30—40 см, бұлар әр күз сайын жаңартылып отырады. Жал аралығындағы жерді «атыз» деп атайды.
Атыздың ені 20 м, ұзындығы 700-1500 м болғаны дұрыс. Су бас арықтың екі жағынан бірдей жіберіледі.
Әр атыздың ұзын бойына, бас арыққа қарама қарсы тереңдігі ең кем дегенде 0,7 м арық қазылады. Ол негізінен егістік бетіндегі артық суды ағызып жіберуге арналады. Су бас арықтан атызға және одан қашыртқы арыққа ашып-жабатын қақпағы бар құбырлы тоспалар арқылы ағып барады.
Күріш танаптарының топырағын өңдеу көбінесе алғы дақылдарға байланысты. Көп жылдық шөптер ұлтанын өңдеуді, көктемде бірінші орымнан кейін немесе өсімдік биіктігі 8-10 см-ге жеткен кезде, күрішті себер алдында 7-8 см тереңдікке дискілі БДТ-2,8, БДТ-4,0 ауыр тырмаларымен бастаған қолайлы. Топырақ құнарлығын көп жыл бойы тиімді пайдалану мақсатында жерді таяз жыртудан, бірте-бірте тереңдетіп жыртуға көшу керек. Ол үшін екінші және үшінші жылдары күріш егісін жиып алысымен тиісінше 22-24 және 23-27 см тереңдіктерге аудара жыртады.
Мамыр айында топырақты 8-10 см тереңдікке дискілі БДТ-3, БДТ-7 құралдарымен екінші рет өңдейді, содан кейін ПА-ЗА, Д-20Б құралдарымен танап тегістеледі.
Топырақтың ірі түйіршектерін үгіту және жерді тегістеу үшін егін егер алдында танапты ЗКК-бА, ЗКК-1,4 таптағышымен тығыздайды.
Күріш көп жылдық шөптердің екінші айналымына себілгенде топырақ өңдеу наурыз-сәуір айларында 3-4 см тереңдікке БЗТС-1,0 тырмасымен ылғал жабудан басталады.
Сәуір-мамыр айларында танап РЧ-3,б чизел қыршуышымен 16-18 см тереңдікке қопсытылады, содан кейін Д-719, Д-20Б, ПА-4А құралдарымен танап тегістеледі.
Мелиорациялық танапты қазан айында түренді ПН-4035, ПН-8-35 соқалармен 25-37 см тереңдікке жыртады. Ерте көктемде 3-4 см тереңдікке ЗБТС-1,0 тырмасымен тырмалап, содан кейін Д-20Б, ПА-4А құралдарымен танап тегістеледі.
Күрмек тектес арамшөптермен күресте 25-27 см терендікке аудара жыртқан сүдігер тиімді. Ал батпақты жерде өсетін арам шөптерге қарсы топырақты 12-14 см терендікте жыртқан дұрыс.
Қайта игерілген тың мен тыңайған жерлерде (ең кемі 23 см), сонымен қатар қамыс басқан учаскелерде (25-27 см) сүдігер ерте жыртылады.
Екпе сүрі жерді өңдеу оған егілген дақылды жинап алы¬сымен, жерді суарудан (гектарына 1000-1500 м3) басталады. Су топыраққа толық сіңіп, арам шөптер жаппай көктеп шыққаннан кейін, танапты сыдыра жыртқыш соқалармен (ППР-10-25, ППП-5-25) 20-22 см тереңдікке жыртады. Жыртылған қабат толық кепкеннен соң егістік жердің жөндеу-тегістеу жұмыстарына кіріседі.
Топырақты тұқым себералды өңдеу жұмыстарына көктемде жер өңдеуге келісімен кіріседі, Топырағы тығыз және ылғалы көп жерлерде сүдігер көлденең және ұзын бойына 16-18 см терендікте өңделеді.
Көктемгі егістік жерді тырмалау, нығыздау және кесектерді майдалау жұмыстарын тоң кесектердің оңай ұнтақталатын кезінде жүргізеді. Ауыр саз топырақты егістегі тоң кесектерді арнайы майдалағышпен немесе ауыр таптауыштармен ұсақтайды.
Арам шөптер басып кеткен жерлерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын 16-18 см тереңдікке қайта жыртып, пайда болған тоң кесектерді соңынан «Зигзаг» тырмасы тіркелген ауыр дискілі БДТ-2,2 немесе БФД-2,5, БДГ-3,0, БДНТ-3,5 тырмаларымен ұнтақтайды.
Күріш егісінде минералдық тыңайтқыштарды пайдаланғанда, әсіресе оларды енгізудің мерзімдері мен тәсілдерін білудің үлкен маңызы бар. Егіске тыңайтқыш енгізудің мерзімдерін белгілегенде күріштің өсіп-жетілуінің ең жауапты кезеңі - оның түптенуі мен сабақтана (түтіктене) бастаған кезі екенін әрқашан ескерген жөн. Себер алдында (себуге 7-10 күн қалғанда) тұқымды күнге қыздырады.
Күрішті суға шашып сепкенде тұқымды себер алдында 1,5-2 тәулік бойына таза суға немесе қоректік заттар (5-10 г аммоний сульфаты) ерітіндісіне салып бөрттіреді.
Әр түрлі ауруларға қарсы (фузариоз, бактериоз жэне басқалар) тұқымды дәрілейді.
Күрішті, топырақ, тұқым сіңірілетін тереңдігінде +12-14°С-қа қызған кезде немесе мамыр айының 1-20 жұлдызы аралығында егу ең қолайлы деп саналады.
Себу мөлшері топырақтың құнарлылығына, тұқымның сіңіру тереңдігіне, себу мерзіміне, сорттың биологиялык ерекшеліктеріне, танаптың арамшөптерден тазалығына, тұқым сапасына, алғы дақылға тікелей байланысты.
Көп жылдық шөптердің қыртысынан кейін себудің қолайлы мөлшері гектарына 7-8 млн өнгіш дән, көп жылдық шөптің айналымынан кейінгі танаптарға 7,0-8,5 млн, ал мелиорациялық танапқа 6,0-8,5 млн өнгіш дән себіледі.
Күрішті СЗТ-3,6, ЗРН-3,6 дән сепкіштерімен тар қатарлы немесе тоғыспалы әдіспен 1,0-1,5 см тереңдікке себеді.
Күріш вегетация кезеңінде суда тұрып өсетін дақыл, сондықтан суғарудың бірнеше тәсілдері қолданылады:
1) Үзбей суғару, тұқым себілген егістікке үздіксіз жіберілетін су деңгейі күріш піскенше бірқалыпты тұрады. Бұл ең көп тараған тәсіл.
2) Тарта суғару, су деңгейі күріш көктеп шығысымен 3-5 см-ге дейін, түптенгесін 10-15 см-ге көтеріледі де, қамырланып піскенше сол қалыпта ұсталады.
3) Узбелі суғару, тұқым себілгеннен кейін атыздарды 6-10 күн, тереңдігі 10-12 см суда ұстайды, содан кейін 5-6 күн су жіберілмейді, осылайша кезектеп суару әдісін дәннің сүттеніп пісуіне дейін қайталайды.
4) Қезеңді суару, күріш егістігін жаңбырлату әдісімен немесе қатараралықтағы су жолдарымен күрішті көктеу, түптену, сабақтану және дән салу кезеңдерінде ғана суарады.
Қүріш егістігін суару негізінен егістіктің арамшөптермен (күрмек) ластануына және топырақтық сортаңдануына тікелей байланысты.
Көптеген шаруашылықтар тұқым себіліп бітісімен 2-3 күн ішінде атызға 3-5 см деңгейінде су жіберіледі. Күріш түптенгеннен кейін су деңгейі 12-15 см-ге дейін көтеріледі.
Арамшөптерден таза, сортаңданбаған егістікте суды көп ұстамай, топырақты ылғалдандырған жөн. Күріштің, үшінші жапырағы пайда болысымен, атыздарға жіберілген су биіктігі жапырақтың, 1/4 ұзындығынан аспауға тиіс. Түптенудің басында суаруды тоқтатып, үстеме қорек беріледі де су деңгейі 3-5 см-ге төмендетіледі, артынан дәннің сүттеніп пісуіне дейін су деңгейі 12-15 см-ге дейін көтеріледі.
Егістікте күрмек арамшөбі көбейіп кетсе, атыздағы су деңгейі арамшөптен 5-6 см, керек жағдайда 20 см жоғары болуы тиіс. Арамшөптер өлгеннен кейін су деңгейі 3-5 см-ге қайта төмендетіледі.
Күріш егістігіндегі бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерді жою үшін себер алдында, сепкеннен кейін және көктеу кезінде тиген жеріне әсер ететін және жүйелі гербицидтер қолданылады.
Себер алдында (себуге 2-3 күн қалғанда) ялан, ордрам (4-7 кг/га) немесе сатурн (4-5 кг/га) қолданылады, бұл гербицидтерді жерге жеңіл тырмалармен жедел сіңіру қажет, өйткені олар тез буланып өзінің күшін жоюы мүмкін.
Көп жылдық арамшөптерді құрту үшін өсімдіктің толық түптену кезеңінде 2,4-Д тобынан 40% амин тұзын (1,2-2,0 л/га), 2М-4Х (1,0-1,5 л/га), базагран қолданылады. Бұл, жүйелі гербицидтер тобы арамшөптердің жер бетіндегі мүшелеріне ғана емес, тамыр жүйесіне де әсер етіп оларды толық жойып жіберуге мүмкіншілік береді.
Жүйелі гербицидтермен күрішті көктегеннен түптену кезеңі басталғанға дейін өңдеуге болмайды, өйткені күріштің өзі зақымданады. Оңтайлы өңдеу мезгілі: күріштің түптену кезеңінде, сабақтану кезеңі басталғанға дейін, ал арамшөптер-түйнекөлеңнің 8-10 жапырағы, бақажапырақ алисманың, жебежапырақтың майда жапырақтары пайда болғанда. Гербицидтер енгізгенде судың тереңдігі 7-10 см болуы керек.
Күріш егістігінде ең ерте пайдаланатын гербицид-базагран. Бұл селективті гербицид күрішті қай кезеңде болсын зақымдамайды
Күтіп-баптау жұмысына күрішті үстеп қоректендіру жатады.
Балдырларды жою үшін суға, гектарына 0,5-1,0 кг мөлшерінде тотыяйын қосып суарады. Ол үшін су жіберетін арықтың басына тотыяйынды мәрліге орап байлап қояды, сонда тотыяйын суда біркелкі ериді. Балдырлар тым көбейіп кетсе егістіктің суын 7-8 күнге ағызып жіберіп топырақ беті кептіріледі.
Көктеу кезеңінде жағалау шыбыны және күріш масасына қарсы 25% э.к. ровикурт (0,3-0,6 л/га) немесе актеллик 500 э.к. (0,5 л/га) инсектицидтері қолданылады.

Күрішті жинау - ең жауапты кезең. Оны ору қыркүйек - қазан айларында жүргізіледі. Дестеге түсіру кезінде жер толық құрғақ болуы үшін күріштің дәні қамырлана бастағанда су беру тоқтатылады. Яғни, күріш толық піскен кезде атыздардағы су тартылап, жер құрғайды. Күріш негізінен екі фазалы бөлектеп ору әдісімен бастырылады.
Ең алдымен ЖНУ-4, ЖРК-5 дестелегіштерімен шашақ бастағы дәннің 85-90% толық піскенде күріш дестеге салынады, содан 3-5 күннен кейін СҚД-5Р, СКПР-6, СКГД-б комбайндарымен жинап, бастырылады.
Тұқымдық егістіктерде бастыру екі рет жүргізіледі. Біріншісі жұмсақ (барабандардың минутына айналымы 550-750...780), екіншісі екпінді режимде.

Күріш тұқымын бастырылғаннан кейін алғашқы өңдеу және сақтау.
Күріш тұқымының ылғалдылы 15-15,5% болса бастапқы өнгіштігін 15 тәулік сақтайды, 16-17% болса 7 тәулік, 18-19% болса 1 тәулік қана, сондықтан басқа дақылдарға қарағанда күріш тұқымын бірінші кезекте тазалап кептіру керек. Күріш тұқымының оңтайлы сақтау ылғалдылығы 14%. Ұзақ мерзімге сақтауға салынған күріш тұқымы өз бойына ылғалды тез сіңіретін болғандықтан сақтауға салар алдында ылғалдылығын 13%-ға дейін төмендетілуі тиіс.
Күріш тұқымының ылғалдылын күрт төмендеткен жағдайда олар жарылып кетеді, сондықтан әр кептіру кезеңінде тұқымның ылғалдылығын 2%-дан артық төмендетуге болмайды және кептіру температурасы 30-350С аспауы тиіс.



Күріштің қызыл дәнді формаларымен күрес.
1. Мезгілінде сорт жаңартып отыру.
2. Сорттық тазалап отау – шашақтану кезеңінің басында, орташа мезгілде пісетін сорттардың шашақтану кезеңі басталмас бұрын, өйткені қызыл дәнді күріш олардан ерте шашақтанады. Тұқымдық егістіктерде барлық қылтанды сепсебастар алынып тасталады. Екінші сорттық отау балауызданып пісу – толық пісудің басында өткізіледі.
3. Кең қатарлы әдіспен себу: қатарарлық 30,0 см, 3,0-3,5 млн/га.
4. Апробацияны сапалы өткізу. Егер, сорттың қызыл дәнділіктен тазалығы 99,8%-дан төмен болса ол тұқым элита категориясына жатпайды. 1-ші және одан кейінгі репродукцияларда қызыл дәнділік 0,5%-данаспауы керек.
5. Ауыспалы егістік жүйесін қолдану.
6. Арнайы агротехникалық шаралар. Мысалы: екпе сүрі жерде егілген дақылдар орылғаннан кейін танапқа су жіберіп қызыл дәнді күріштің қодренінің (падалица) өндіріп отау.
7. Триерлі тазалау машиналарын қолдану. Қызыл дәнді күріш тұқымы жіңішке және ұзынша келеді ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Күріш тұқым шаруашылығы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Күріш тұқым шаруашылығы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Күріш тұқым шаруашылығы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]