Реферат: Биология | Күріш тұқым шаруашылығын ұйымдастыру аудандастырылған сорттары
Бүткіл әлемде өсірілетін дәнді дақылдардың ішінде күріштің алатын орыны ерекше. Ол өнімділігі жағынан да, өсірілетін жер аумағы жағынан да екінші орын алады. Күріш жер шарандағы халықтың жартысына астамының негізгі тамағы болып есептеледі. Күріштен жасалған тағамдар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары жейтін тағамдардың негізгі түрі болып табылады. Бұл елдерде орташа есептегенде жылына адам басына сайғанда 100 кг шамасында күріш келеді, тіпті кей елдерде бұл сан 180 кг шамасына жетіп қалады. Күріш санскрит тілінде "дгананга" деп аталады, ал оның аудармасы " адам тағамының негізі" болады. Бұның өзі бұл елдердегі күріш дақылына қандай аса көңіл бөлінетіндігін көрсетеді.
Күріш дақылын пайдалану әртүрлі. Өндірісте немесе үй шаруашылығында тек қана күріш дақылының өзі емес, оны өсіру және өңдеу кезінде пайда болатын заттардың бәрі де пайдаға асады.
Күріш салысы қауызынан, сыртқы қабатынан тазартылғаннан кейін шыққан өнім кәдімгі күріш есебінде тағамға пайдаланылады. Күріш күріш салысының, жобамен алғанда 67-72 пайызын құрайды. 100 г күріштің энергетикалық қуаты 359 калория шамасында. Күріштегі құрғақ заттардың құрамының 88 пайызы крахмал (негізінен амилоза мен амилопектиннен тұрады), 6-8 пайызы белок, 0,5 пайызы май, 0,5 пайызы қант болады. Күріш өзінің аса құнарлылығымен, тез қорытылумымен, дәмділігімен, диетикалық қасиетімен ерекше, басқа дәнді дақылдармен салыстырғанда, күріштің осы қасиеттері оны бірінші орынға қояды. Сондықтан да күріш диетикалық тағам ретінде аурулар мен балаларға тағам ретінде кең қолданылады. Күріштен әртүрлі тағамдар дайындауға болады, көптеген елдерде күріш тағамдары нанды алмастырады.
Күрішті сыра, спирт және крахмал жасау үшін пайдаланады. Күріштің құрамында клейковина жоқ болғандықтан, одан нан пісіруге арналған ұн жасау өте сирек кездеседі. Дегенмен кейде нан пісіретін ұн жасау үшін күріш ұнын бидай ұнымен араластырады.
Күріш салысын қауызынан тазартқаннан кейін оның сыртқы тетінде алейрондық қабат, ұрық және тұқымдық қабат қалады. Күрішті тегістеген (шлифовка) кезде осыларды бөліп алады, бөлінген өнімді мучка дейді. Мучканың қрамында фитин, В тобындағы витаминдер, А, АЕ, РР витаминдері, адам қанындағы холестеринді азайтатын антиоксиданттар бар. Сондықтан мучканы В витаминін, фитин және де басқа дәрігерлік заттар алуға кең қолданады. Мучканың құрамындағы майдың көлемі 10-13 пайызға жетеді, сондықтан оны күріш майын алуға пайдаланады (медицинада және техникада пайдаланылады). Осының бәрі мучканың күріштің өзімен салыстырғанда тағам ретінде аса құндылығын көрсетеді. Осылардың бәрін кеңірек пайдаға асыру ретінде көптеген елдерде тегістелмеген қоңыр күрішті (коричневый) тағамға пайдаланады.
Қоңыр күріштің тегістелген курішке қарағанда пісірілуі ұзағырақ болады, және піскен кезде тағамның түсі қызғылт болады. Сонымен қатар мучканы малға өте құнарлы жем ретінде қолданады.
Күрішті қауызына тазартып тегістеп өңдеген кезде дәндер сынып ұсақ күріштер (ақ ұсақ – сечка) шығады. Ақ ұсақты консерві жасау өнеркәсібінде, спирт пен сыра жасауда қолданады. Ақ ұсақтың құрамындағы крахмал 85-95 пайызға жететін болғандықтан одан крахмал алады. Дәрігерлік салада қолданылатын ақ ұсақтан күріш ұнын алады.
Күріш тұқымының әртүрлі сорттарының зақымдалуы
2008-2009 жж.
Сорт Зақымдалған тұқым,
% Оның ішінде
Alternaria Fusarium Piricularia Бактерия
Рапан 61,3 24,4 71,7 0 8,6
Гарант 45,3 32,3 64,8 2,9 0
Регул 68,0 33,3 49,0 0 0
Дружный 58,6 59,1 40,9 0 0
Новатор 62,6 38,3 59,6 2,1 0
Аметис 49,3 2,7 70,3 0 0
Атлант 75,0 49,3 26,0 0 0
Маржан 63,0 30,1 42,8 22,2 4,8
Маржан сорты
Маржан. 1987 жылдан бері Қызылорда обылысында өсіріліп келеді. Орташа піседі, вегетациялық мерзімі 112-117 күн, тұзданып кеткен жерге өсіруге болады, жылдам көктейді, бастапқы кезде тез өседі. Өсімдіктің биіктігі 105-118 см, шашағы 17-19 см, масқ саны 90-100. 1000 дәннің салмағы 33-34 г болады. Сортқа мемлекеттік комиссия сынақ жасаған кезде өнімділігі 74,6 ц/га болған. Өңдеген кезде 65,8% ақталған күріш (күріш пен ақ ұсақ бірге) шығады, мөлдірлігі 77%, қауызы 17-19%. Жарылуға шыдамды.
Кубань 3. 1963 жылдан бері Қызылорда обылысында өсіріліп келеді. Ерте піседі – 103-105 күн. Көктемгі құбылмалы ауа температурасына, жердің нашар тегістелуіне байланысты әртүрлі тереңдікке суға бастырылуына төзімді. Биіктігі орташа, шашағының ұзындығы 15-17 см шамасында болса әр шашағында 80-90 дай масақ болады. Дәні ақ, мөлдір, аздаған ақшыл дақ болады. 1000 дәнінің салмағы 27-30 г, қауызы 18-20%. Сабақтары құлауға бейім болып комбайнмен жинау кезінде қиындық туғызады. Дәні жарылғыш болғандықтан жоғарғы сортты ақталған күріштің шығуы нашар.
Новатор. Вегетациялық мерзімі 115-117 күн шамасында, биіктігі 90-100 см. Сабағының жуандығы орташа және берік. Кубань 3 сияқты жығылғыш емес, күріш нематодасына төзімді. Перикуляриоз бен жердің тұздануына төзімділігі орташа. Бұл сорт қысқа сабақты сорт, биіктігі 85-90 см. Шашағы қомақты, ұзындығы 16-18 см, әрқайсысында 120-135 масақ болады. Дәні ұзынша келген. 1000 дәннің салмағы 29-31 г. Ақталған күріш ақ түсті, мөлдірлігі 98%. 70-72% шамасында ақ күріш пен ақ ұсақ шығады, бүтін дәннің мөлшері 90-95%, құрамындағы белок 9,8%. Жаңа көктеп жатқан кезінде бастырылған судың тереңдігіне шыдамды. 25 сәуір мен 15 мамырдың арасы егуге ең қолайлы мерзім болып есептеледі.
Гарант. Вегетациялық мерзімі 115-117 күн шамасында, биіктігі 90-100 см, мұртшасы жоқ. Сабағының жуандығы орташа, сабағы берік. Жығылуға төзімді. Шашағының ұзындығы 15-17 см. Шашағының әрбір см ұзындығында 8-10 масқ болады, Дәнінің ірілігі орташа. 1000 дәннің салмағы 28-29 г. Ақталған дәннің түсі ақ, мөлдірлілігі 92-95%, ақталған күріш пен ақ ұсақтың зауыттан өңдеу кезде шығуы 70-71%, оның 95-98% бүтін дәндер. Перикуляриоз ауруына төзімді, піскен кезде дәні төгілмейді, су астынан шығымдылығы жоғары. Бос қауыздар өте аз. 10 мамырға дейін суға бастыру ең қолайлы кезең болады.
Түгіскен – 1 Пісіп-жетілу мерзімі – 115 күн.Өсімдіктің биіктігі – 102-106 см 1000 дән салмағы – 32,0-34,0 г.Шынылығы – 92-95%Жарықшақтығы– 67,5% Жарманың жалпы шығымдылығы – 67,5%Бүтін дәндер үлесі – 81%. Өнімділігі – 70-75 ц/га
Рапан. Вегетациялық мерзімі 115-117 күн, биіктігі 85-95 см, мұртшасы жоқ. Шыққан сабақтары қомақты орналасады, сабақтары тіке тұрады. Сабағы берік болғандықтан жығылуға төзімді. Шашағының биіктігі 16-17 см, шашағының әрбір сантиметрінде 10-12 масақ болады. Дәні төгілуге төзімді. Дәні ұзынша келген, ірілігі орташа. 1000 дәннің салмағы 27-28 г, қауызы 17-18%. Ақталған дәнінің түсі ақ, мөлдірлігі 95-98%, ақталған күріш пен ақ ұсақтың өңделген кезде шығуы 69-78%, оның құрамындағы бүтін дән 85-95%. Перикуляриоз ауруына, гүлдеген кезінде ауа райының қолайсыздығына төзімді. Бос қауыздар мейлінше аз болғандықтан өнімділігі басқа сорттарға қарағанда анағұрлым көп. 100-120 ц/га-ға дейін өнім беруіне мүмкіншілігі бар. Алғашқы кезде тым баяу өседі, тұқымның өзі тым жай көктейді. Сондықтан суға бастыруды қысқа қысқа мерзіммен істеген қолайды. Суға бастыру мен тұқым себудің ең тиімді мерзімі 5-10 мамырға дейінгі уақыт
Өткен жылы «Мағжан и К» ЖШС 3300 гектарға Сыр салысын орналастырды. Күріштің «Маржан», «Янтарь» және «Лидер» сорттары егіліп, мол өнімнің негізі толық қаланды. Шаруашылық иелігінде 5 К-700, 14 ХТЗ, 21 МТЗ тракторлары мен 14 жатка, 2 комбайн және шөп оратын, тайлайтын техникалар науқан жұмыстарын атқаруға жеткілікті. Серіктестіктің қосымша егісі де бар. Оған 956 гектар жаңа жоңышқа мен 1660 гектар ескі жоңышқаны және мақсарыны жатқызуға болады.
Уақыт талабына сай элиталық тұқым дайындау шаруашылығын жандандыруға да ерекше көңіл бөлініп келеді. Мысалы Асқар Әлиакбаров Ресейдің Краснодар өлкесінде болып, ғылыми жұмыстармен айналысып, арнайы тәжірибе жинақтап қайтты. Тәжірибелі маманның арқасында серіктестік «Лидер» мен «Янтарь» сорттарын аудандастырды. Енді кезекте басқа шаруашылықтарды тұқыммен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Осы арада бір айта кететін жәйт, облыс бойынша екі бастапқы (бірегей), үш элиталы және жеті І – ІІІ репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылығы жұмыс істейді. Өндіріске «Арал – 202» жаңа сорты берілсе, рұқсат етілген сорттар қатарына «Мадина», «Лиман» және «Ару» сорттары кірді. Сол секілді «Түгіскен-1» сорты келешегі бар сорттар тізбесіне ендірілген. Бұл орайда Нағи ауылынан да жаңа сортты күріш тұқымы таратылып жатса деген тілек бар.
Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар. Күріш – жылылықты сүйетін дақыл. Оның өсуіне қолайлы температура 11-12С, ал 14-15С жылулықта ол тез және тегіс көктеп шығады. Күріштің өсу кезеңіндегі қолайлы температура 25-30Сшамасында. Күріштің толық өсіп жетілуі үшін 3000-3500градус жылулық қажет. Барлық ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде суды көп пайдаланатын да күріш. Оның орташа алғандағы транспирациялық коэффиценті 500-600ге тең болады. Суды ең көп қажет ететін кезі түптенуден шашақ бас шығаруға дейінгі кезең. Осы кезде күріш атыздардағы судың тереңдігі 15см болмауы керек. Күріш дәні сүттеніп піскен кезде атызға су жіберу тоқтатылады, ал қамырланып піскенде атызға су аударылып құрғатылады. Бір гектар күріш егісіне 15-18мың текше метр су жұмаслады. Алғы дақыл- күрішті бір жерге екі әрі кетсе үш жылдан артық себуге болмайды. Өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Мұнымен қатар топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдардың шала тотықтары пайда болады.
Сөйтіп күріш өсіруіне зиян тигізеді. Күріш дақылы үшін ең жақсы алғы егіс жоңышқа болып табылады. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза пар енгізілген дұрыс, одан кейін күрішті 1-2жыл егуге болады. Күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген. 1,2 танап жоңышқа, 3,4танап күріш, 5танап екпе немесе таза пар, әйтпесе сүрлемдік жүгері, 6,7ші танап күріш. Ылғал суда тұрып өсетін күріш егісінде минералдық және органикалық тыңайтқыштар енгізу өте тиімді. Тыңайтқыштарды қолдану жердің мелиорациялық жағдайына, топырақ құнарлығына, алатын өнім мөлшеріне тікелей байланысты. Жыл сайын күріш топырақтан 25кг азот, 15кг фосфор, 30кг калий пайдаланады. Күріш азотты қатты ұнатады. Көбінесе күріштің түптену мен генеративтік органдарында құралу кезеңі. Азот тапшы болса күріш баяу өсіп, нашар түптенеді және шашақтары нашар жетіледі. Фосфор күрішке көктеп шыққан уақытта керек. Ол жетіспегендіктен күріш дақылының белок алмасуы бұзылады, тамырлардың өсуі кешеуілдейді. Калий жеткілікті мөлшерде болу қажет. Күріш оның өсу кезеңінің екінші жартысында көбірек пайдаланады. Топырақтағы органикалық заттардың қорын жоғарлату үшін күріштің алғы дақыл ретінде пайдаланылатын жоңышқаның, жасыл тыңайтқыш ретінде егілген бір жылдық дәнді бұршақты дақылдардың маңызы зор.Сонымен қатар бір гектар жерге 20-30тонна көң шашу керек. Күріш ауыспалы егісі – топырақ құнарлығының жылдан жылға артуын қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар арамшөптермен, зиянкестермен, аурулармен және су мен инженерлік жүйелерді ұтымды пайдалануға қолайлы жағдай жасауы тиіс. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: