Реферат: Экономика | Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары

Реферат: Экономика | Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары

Банктің табыстары мен шығыстары

Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• ссудалық бизнес;
• дисконттық бизнес;
• сақтау бизнесі;
• банктік кепіл беру қызметі;
• бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
• салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
• басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі;

Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен- дискот негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы.
Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғарғы сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады.

Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1. сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланған үшін төленетін пайыз;
2. факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленгендіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмасын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалғы траст келісім-шарты негізінде банк клиенттке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәкес, трасталық операциялардан түссетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.

Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:
1. банк өзінің бағалы қағаздарын шығару;
2. оларды нарыққа салу;
3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да эмитенттердің бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы операциялары.

Мұндай бизнестен табыстар келесідей көзден құралады:
1. өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан;
2. жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізіу, оның құнын бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия.

Банктіңкепіл беру қызметі клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әр түрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесіннен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттер қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.

Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік бетеді:
1. комиссиондық сыйақылар:
• шот ашқаны үшін;
• шотты жүргізгені үшін;

2. белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия(ақща белгісінде);

3. айналымнан алынатын комиссия (айналымнан % түрінде алу):
• шот бойынша операциялар туралы көшірмелер бергені үшін;
• шот жабу үшін;
• қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операцияларды жүргізгені үшін;

4. Банктің корреспонденттік қатынас бойынша басқа банктерге корреспондентік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алынатын пайызы;


5. Дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және т.б алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.

Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:
1. пайыздық табыстар;
2. банктік қызмет көрсетуден алынатын комиссиялар;
3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны меннарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып пұлдар, пениялар және т.с.с.)

Пайыздық табыс комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді.

Ссудалық пайыз- пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Ссудалық пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:
• несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы және т.с.с.;
• несиелік мекеме түріне байланысты: Орталық банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық ;
• ссудалардың мерзіміне қарай: қысқа мерзімді ссудалар бойынша пайыз, ұзақ мерзімді ссудалар бойынша пайызы;
• ссудалар түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым құралдарына берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша пайызы;
• операциялар түріне қарай: ссудалар бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз;
• есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және т.б.

Комиссия – банк операциясы үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда “comissio” сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.

Табыс көздері екіге бөлінеді:
1. тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;
2. тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.

Табысты топтастырудың негізіне қабылдаған есептеу жүйесі жатады. Жоспардағы шотқа сәйкес бірінші реттегі 701-ші баланстық шотқа екінші реттегі 7-ші шот ашылады. Табысты есептеу жүйесіне сәйкес бірнеше түрге бөлінеді:
1. несие бергені үшін алынатын пайыздар;
2. бағалы қағаздар операцияларынан түскен табыс;
3. шетел валютасымен басқа валюталық құндылықтар операциясынан түскен табыстар;
4. алынған дивиденттер;
5. банктарды ұйымдастырудан түскен табыстар;
6. айып пұл, өсім, тұрақсыз айып пұл;
7. басқа табыстар;

Екінші реттегі баланстық шотқа аналитикалық есептеу шоты ашылады, олар табысты контрегенттер түріне қарай, тұрақты мәртебесіне қарай ерекшелінеді.
Банктің шығыстары және олардың жіктелуі
Коммерциялық банктердің шығыстарын формасына және есепке алу тәсілдеріне қарай жіктеуге болады.

Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:
• пайыздық шығыстар;
• пайызсыз шығыстар;
• басқа да шығыстар;

Пайыздық шығыстар клиенттердің талап ету және мерзімді депозиттері, басқа да банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктерден сатып алынған несиелік ресурстар үшін сондай-ақ шығарған бағалы қағаздар бойынша төленген пайыздардан құралады.

Пайызсыз шығыстарға жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару аппараттарын ұстау шығындары жатады.

Басқа да шығыстар, банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервтерді құру, салық төлеу шығыстарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып сатарлық операцияларды жүзеге асыруға, банктің мүлкін сатуға және тағы басқа байланысты болатын зияндарды сипаттайды.

Есепке алу тәсіліне қарай банктік шығыстарды мынадай түрге бөлуге болады:
• банктің операциондық және түрлі шығыстары: банктің төлейтін салықтарының бір бөлігі, (мүлік, жол, көлік құралдары, жер, ҚҚС, яғни бұл салықтар банктің операцияларының өзіндік құнына жатады) таратқан қаражаттар бойынша төленген пайыздар, негізгі құралдардың амортизациясы, арзан бағалы тез тозатын заттардың және материалдық емес активтердің тозуы, жалгерлік шығыстары, жарнамалар, есептесу орталықтарының, пошта және телеграф қызметтері үшін төлемдер, оқытуға төлемдер, бланктер, ақпарат тасмалдаушылар, орайтын материалдар үшін шығыстар және капиталдық емес сипаттағы басқа да шығындар;

• басқару аппаратын ұстау шығыстары: жалақы, сыйылықақы, ынталандыру ақысы, ғимаратты, құрал жабдықтарды және жеңіл машиналарды ұстау, күзет үшін шығыстар, іс-сапарлар және кеңсе заттары үшін шығыстар, яғни бұлар пайызсыз шығыстарды білдіреді;

• банктің төлейтін айып пұлдар, пениялар және тағы басқа да шығыстар.
Коммерциялық банк шығыстарын салық салу базасының әсерімен шектелген тәсілге байланысты төменгідей топтастыруға болады:
1. сипатына;
2. түріне;
3. шектелген тәсіліне;
4. мерзіміне байланысты.

Банк шығыстары сиппатына қарай бес топқа бөлінеді:
1. операциялық;
2. банкті шаруашылық қызметімен қамтамасыз ету шығыстары;
3. банк персоналдарына еңбек ақы төлеу;
4. салық төлеу;
5. арнайы резервтерге аудармаларды аудару;

Операциялық шығыстарға біріншіден- банк ресурстарын депозиттік және несиелік операция негізінде төленетін пайыздар; бағалы қағаздарды шығару.

Екіншіден- бағалы қағаздар операцияларын жүргізу бойынша, шетел валютасын, кассалық және есептеу операциясын, инкассацияландыру үшін банктің комиссия төлеуі.

Үшіншіден- басқа операциялық шығыстар (векселдер бойынша дисконтты шығыс, бағалы қағаздарды бағалаумен шетел валютасы бойынша шоттарды бағалауда берген теріс нәтижелер; бағалы қағаздарды алып-сатудағы шығыстар, құнды металлдар бойынша операциялар т.б).

Сонымен, операциялық шығыстар- бұл банк операцияларымен тығыз байланысты шығындар.

Банкты шаруашылық қызметімен қамтамассыз ету шығыстарына мыналар кіреді- басты құралдармен материалды емес активтерді амортизациялау, жалдау бойынша шығыстар, құралдарды жөндеу,кеңсе тауарлары, автокөлікті қамтамасыз ету, арнайы киімдер сатып алу, ғимараттарды пайдалануды қамтамасыз ету үшін шығыстар, жалақы, сыйлықақы, жалақы аударымы үшін шығыстар.

Шығыстың ерекше тобының біріне несие бергенде мүмкін болатын шығындарды жабуға құралған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануы мен басқа активті операциялар шығынын жабу, дебиторлық берешекті жатқызуға болады.
Банктың басқа шығыстары өзінің құрамына қарай әр түрлі болады:
1. Жарнама;
2. Іссапар;
3. Өкілеттік шығыстар;
4. Кадрлар дайындау;
5. банк қызметкерлерінің жеке автокөлігін қызметтік мақсатқа қолданғаны үшін өтемақы шығындары;
6. маркетингтік шығындар;
7. аудиторлық шығыстары;
8. сот шығыстары мен есептерді баспа бетіне шығару және т.б.

Түріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Пайыздық;
2. комиссиондық;
3. басқа пайыздық емес шығыстар;

Пайыздық шығыстар- банктың несие алғаны үшін төленетін пайыз, жеке және заңды тұлғалар мен банктердің жедел депозиттер шоттарында қалған қаржы қалдығы, вексельдерді, облигацияларды, депозиттермен жинақтау сертификатын шығару бойынша пайыздық төлем.

Комиссиондық- банк бағалы қағаздармен шетел валютасы операцияларын жүргізген үшін комиссия төлеуде, кассалық қызмет көрсетуде, есептеу, инкассация жүргізу мен кепілдік алғаны үшін төлемдер бойынша шығындарды төлейді.

Басқа пайыздық емес шығыстар- дисконтты шығыс, нарықтағы алып-сату сипатындағы шығыс активтерді аса бағалау, айыппұл, басқару аппаратын қамтамасыз етудегі шығыстарға шаруашылық шығысты бөлуге болады (еңбекақы төлеу, кадрларды дайындау т.б).

Банк шығыстарын есептеуде 702-ші баланстық шоттың екінші реттегі тоғыз баланстық шотты ашылады. Олардың басты ерекшеліктері бойынша бірнеше белгілер тағайындалған:
1. шығыс түрі;
2. пассивті операциялар түрі;
3. шығыстың сиппаты;

Екінші ретті баланстық шотты негізге ала отырып шығысты бірнеше түрге бөлуге болады:
• несие беру бойынша төленген пайыздар;
• бағалы қағаздар операциялары бойынша шығыстар;
• жеке тұлғалардың депозиті бойынша төленген пайыздар ;
• шетел валютасымен басқа да құндылықтары мен операциялар бойынша шығыстар;
• Басқару аппаратын қамтамасыз етудегі шығыстар;
• банктерді ұйымдастырудағы шығыстар;
• айыппұл, өсім, тұрақсыз айыппұл төлеу бойынша шығыстар;
• басқа шығыстар;

Аналитикалық шоттарды есептеу кезінде шығыс топтарының ішінде бірнеше түрі ерекшелінеді (мысалы: несиелердің түрлеріне байланысты шығыстар,тәртіп бұзушылықтың түріне байланысты айыппұлдар, шоттардың иесінің мәртебесі мен шаруашылық қызметіне байланысты пайыздық шығыстар т.б).

Шығыстың мерзіміне қарай ағымдық мерзім шығысы мен болашақтағы мерзім шығыс болып бөлінеді.

Шектеу тәсілі бойынша банк шығысы:
1. нормалы;
2. нормалы емес;

Нормалы шығысқа- жарнама, іссапар, кадрлар дайындау,өкілетті, шығыстарды өтеу, банк қызметкерлерінің жеке автокөлігін қолданғанына байланысты шығыстар жатады.
Бұл шығындар банктің шығыс шоттарында толық есептеледі, бірақ шығындардың нормадан асып кетуі банктің салық төлеу базасын жоғарлатады.

Салық төлеу базасына байланысты банк шығынын үш топқа бөледі:
1. Банк қызметінің өз құны бойынша шығыстары мен табыс салығын есептеу кезіндегі банктің салық төлеу базасын азайтады.
2. Шығыс шоттарын есептеу бойынша шығыстар, бірақ бұл банктің салық төлеу базасын азайтпайды.
3. Тікелей банк шығындарын есептеу шығыстары, бұл кезде банктің салық төлеу базасы есептелмейді.


Коммерциялық банктің табыс пен шығыс деңгейін бағалау


Коммерциялық банктың табыстары мен шығыстарын бағалаудың бірнеше тәсілдерін ерекше бөліп айтуға болады:
- құрылымдық талдау;
- табыс пен шығысты талдау;
- олардың түрлері бойынша;
- табыстар мен шығыстардың деңгейін сипаттайтын қаржы коэффиценттін есептеу;
Тәсілдер жиынтығы банктің табыстары мен шығыстарының сандық және сапалық бағалауға көмектеседі.
Банк табысын құрылымдық талдау мақсаты деп- тұрақты табыс көздерін бағалап олардың басты түрлерін анықтаумен болашақта оларды сақтау.
Талдау өткен жылдардағы нақты мағлұматтарға сүйене отырып өткізіледі. Шетел практикасында олардың ұзақтығы үш жылға дейін.
Тұрақты бағалау бойынша табыс екі түрге бөлінеді:
• Бірінші топқа банктің қызмет көрсету бойынша комиссия түрінде төленетін пайыздық табыс пен пайыздық емес табыс жатады. (Бұлар тұрақты табыс болып табылады). Нарықта операция жүргізуден түскен табыс, атап айтқанда алып-саттық сипаттағы табыстар, сонымен қатар активтерді аса бағалаудан түскен табыстар тұрақсыз табыс көзі болып табылады.
• Екінші топтан түскен қаражат банк табысының жалпы көлемі мен өсуіне ықпалын тигізбегені дұрыс.
Банк шығысын құрылымдық талдау оның шығыс түрлерінің қарқыны мен екпінінің өсуін анықтау үшін жүргізіледі.
Құрылымдық талдаудың жалпы қортындысына сүйене отырып- банк табысы мен шығысының түрлерін теңдей зерттеуге мүмкіндік береді.
Мысалы: пайыздық табысты талдау кезінде,оның құрылымы шығу кезімен қоса(ішкі несие, банкаралық несие, бағалы қағаздар, лизингті және басқа операциялар) оның көлеміне берілген несие мен пайыздық мөлшердің әсері, жекеленген операция түрлерінің пайыздық табыс деңгейі, пайыздық маржа динамикасы тексеріледі. Пайыздық маржаның деңгейінің төмендеуі банкты банкроттыққа әкелудің көрсеткіші болып табылады.

Пайыздық емес талдау төменгідей элементтерден құралған:
* оның құрылымын несиелік емес қызметімен бірге анықтау;
* өзіндік құн мен қызмет көрсету бағасының байланысы;
* пайыздық емес табыстың элементтерінің көлемінің өзгеру себептері.

Шығысты талдау кезінде аса көңіл бөлетін жағдай- пайыздық және пайыздық емес шығыстардың ара қатынасы, шығыс үлгісі, әкімшілік, шаруашылық шығыстарды қоса, шығындарды жабу мен байланысты шығыстар, шығыстың жекеленген түрлерінің көлемінің өзгеру себептері.
Табыс пен шығыс құрылымдық талдау тәсілдері оның көлемінің динамикалық бағалау болып табылады.
Осы көлем ретінде- жалпы табыс пен шығыс көлемі актив балансының қортындысына пайыздың байланысы, пайыздық табысқа, пайыздық шығысқа, пайыздық маржа, пайыздық емес табыс пен шығысты алуға болады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]