Реферат: Экономика | Көлік логистикасының экономикалық тиімділігін анықтау
Көлік логистикасының экономикалық тиімділігін анықтау
Көлік логистикасы нақты бір аймақтағы немесе өндіріс саласының экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларын орындау барысында маңызды орын алады. Ал көлік логистикасының тиімділігі сол экономикалық-әлеуметтік бағдарламаны орындау барысында нақты автокөлік кәсіпорыны үшін қаржыдай тиімсіз болуы немесе болмауы мүмкін. Демек қаржыдай тиімсіз болатын болса, автокөлік кәсіпорын сол арнаулы бағдарламаның есебінен бағдарламаны орындаушы тұлғадан, жіберіп алған пайдасының орнын толтырады. Күнделікті қатынастар көрсетіп отырғандай егер арнаулы бағдарлама бірнеше жылға арналған болса, оған жауапты тұлға өз ішінен, яғни құрама автокөлік кәсіпорынын ұйымдастыруы мүмкін. Ал егер арнаулы бағдарлама қысқа мезгіл арасында орындалуы тиіс болған жағдайда, бұрыннан жұмыс істеп тұрған автокөлік кәсіпорындарымен келісім шартқа отырып, нақты тасымалдау көлемінің бағасына келіседі. Бұл жағдайда тасымалдау бағасына автокөлік кәсіпорынының жоспарлы пайдасы міндетті түрде қосылады.
Сонымен қатар автокөлік кәсіпорыны қандай деңгейде тасымалдау жұмыстарына қатынасқанына қарамастан, өзінің ішкі нақты және келісімді тасымалдау бағаларының ең төменгі мөлшерін анықтауы міндет. Өйткені тасымалдау жұмыстарының түрлеріне, көлеміне қарамастан, автокөлік кәсіпорыны әрбір автомобильдің маркасына қарай өзін-өзі ақтау бағасын немесе ең төменгі тасымалдау бағасын білуі тиіс. Осындай дұрыс есептеулер негізінде автокөлік кәсіпорындары тізімдегі автомобильдерді пайдалану тиімділігін алдын-ала біліп отырады [1].
Мысалы үшін автокөлік кәсіпорынына бір маусым ішінде тасымалдауға берілген тапсырыстың уақытына қарай автомобильдерді пайдалану жоспарын орындалық. i–жүктің s-түрін k-көлемде r-қашықтыққа d-уақытта тасымалдау керек. Сонымен қатар осы жүктің түрін келесі жерге h-қашықтыққа d1 –уақытта тасымалдау жұмыстарын атқару жоспарлансын. Алғашқы тасымалдау тапсырысын толықтай орындау мына жағдайда орындалуы тиіс.
(1)
- тасымалданатын жүктер түрлері және ол ;
- келісілген маусымда тасымалдау күндері.
Ал тапсырыстың, яғни жүктердің көлемін тасымалдау үшін барлық маусым арасында тасымалданатын жүктердің көлемдерін қосындысын анықтайды.
(2)
Сонымен қатар әрбір маусымдағы және барлық тасымалданатын жүктер көлемін түрлеріне қарай мынандай теңдеулер арқылы есептейді:
(3)
Келесі анықталатын маусым аралық тасымалдау түрлерімен көлемін анықтау былайша есептелінеді:
(4)
Жоғарыдағы есептеулер негізінде маусымдағы барлық тасымалдау көлемін есептеуге болады:
(5)
Маусымдағы және маусым ішіндегі тасымалдау жұмыстарын анықтап алғаннан соң, жүктердің түрлеріне, тасымалдау қашықтықтарына және тізімдегі автомобильдердің маркаларына сәйкес, нақты тасымалдау жұмыстарын орындайтын автомобильдердің маркаларымен сандары есептелінеді. Бұл тұстағы маңызды және аса мән берілетін мәселе, қандайда тасымалдау жұмыстары болмасын, автокөлік кәсіпорыны өзіне тиесілі жоспарлы пайдасы көздеуі керек. Барлық тасымалдау жұмыстарына қажетті автомобильдер санын төмендегі теңдеу негізінде есептеуге болады [2].
(6)
мұндағылар: j =1,2,3 - автомобильдердің маркалары түрлері; - j-маркалы автомобильдердің жүктің s-түрін тасымалдауға арналған саны; -автомобильдердің техникалық орташа жылдамдығы, км/сағ.; - жүктерді тиеу және қабылдар-түсіруге жұмсалатын уақыты, сағ.; -автомобильдің жүккөтерімділігі, т; - автомобильдердің жүрісін, жүккөтерімділігін және кәсіпорынның мүмкіндігін пайдалану еселіктері; - жүктің s –түрін r-тапсырыстағы бір күндегі орташа тасымалданған салмағы, т; - жүктің s-түрін r-тапсырыстағы тасымалдаудың орташа жүріс қашықтығы, км.
Жоғарыдағы орындалған есептеу жұмыстары қорытындысы бойынша нақты жүк түрлеріне және олардың тасымалдау қашықтықтарына сәйкес, автокөлік кәсіпорыны тізімдегі автомобильдердің жүріс кестесін орындайды. Атап өтер жағдай кейбір тасымалдау жұмыстарына тізімдегі автомобильдерді пайдалану тиімсіз болуы мүмкін. Олай болған жағдайда кәсіпорын сырттан, яғни жекеменшіктегі жүккөтерімділігі сәйкес келетін автомобильді жалға алған ұтымды болады. Өйткені нарық талаптарына байланысты келісілген тапсырыс «дәл мезгілінде» нақты көлемінде орындалуы тиіс. Ал мезгілінде орындалмаған тасымалдау жұмысының кесірі тапсырыс берушінің басты өндіріс технологиясының тұрып қалуына немесе басқада келеңсіз жағдайларға жолықтырып, үлкен қаржыдай тұрақсыз үшін айып пұл төлеуге әкелуі мүмкін. Сондықтан тапсырыс беруші бекіткен тасымалдау жоспары «дәл мезгілінде» және толық көлемде орындалуы міндет. Екінші бір көңіл бөлетін ұйымдастырудағы аса көңіл бөлетін мәселе, тасымалдаудағы автомобильдердің жүрісін тиімді пайдалану. Ол үшін тапсырыс берушіден жүктерді қабылдап-түсіріп алар орындарының жұмысөнімділігімен сол жердегі түсіру техникаларымен механизмдердің саны. Егер тасымалдау жұмыстары бір қоймаға немесе орталықтандырылған арнаулы жерде ұыймдастырылатын болса, онда автомобильдердің жұмысын жоспарлау және оған қатынасатын автомобильдердің саны төмендегіше анықталады. Қабылдаған тасымалдау көлемін атқаруға жұмылдырылған автомобильдер барлық жүктер түрлерінің түсірер орны бір жерде болған жағдайда, автокөлік кәсіпорынның жауапты мамандары, сол жүктерді түсірер орнындағы жүкпен келген автомобильдерді қабылдап, түсірудегі мүмкіндіктерін әрбір автомобильдердің маркаларына сәйкес анықтап алуы міндет. Ол үшін мына теңдеуді пайдалану арқылы есептеуге болады,
(7)
мұндағы: - жүктерді қабылдап түсіріп алатын орынның есептелген жұмыс уақыты, сағ.; - алдын-ала анықталған қабылдау-түсіру орнының жұмыс өнімділігі; - маркалы автомобильді түсіруге арналған механизмнің саны.
Тасымалдауға арналған автомобильдердің жоспарланған жүріс кестесіне сәйкес болуы үшін, жүктерді қабылдап-түсіру орнының жұмысөнімділігі, автомобильдердің тасымалдаған жүктер көлемін түгелдей қабылдап-түсіруге сәйкес болуы тиіс. Немесе төмендегі шарт орындалуы керек:
(8)
мұнда – қабылдап-түсіру орнының күнделік жұмыс уақыты, сағ..
Тасымалдау барысында тапсырыс көлемімен жүктердің түрлеріне байланысты автокөлік кәсіпорынынан тасымалдауға керекті барлық аавтомобильдер санын мына теңдеу арқылы есептеп шығаруға болады,
(9)
Тапсырысқа сәйкес есептеу жұмыстары толық атқарылғаннан соң, автокөлік кәсіпорыны нақты тапсырыс қорытындысы бойынша алынар немесе келер пайда мөлшерін анықтайды. Бұл төмендегі теңдеулерді пайдалану арқылы есептелінеді [3].
Автокөлік кәсіпорынының W-тапсырысты (T)-уақытта орындауға жұмсалатын (P)-шығындар сомасы, егер тасымалдау бағасы В - болғанда былайша анықталады:
(10)
Тасымалдауға арналған жүктер ағымдары
(11)
- жоспарланған тасымалдау көлемінен ауытқуы.
Кәсіпорынның ішкі және сырткы шаруашылық шығындары:
(12)
Бұл теңдеудегі қарастырылғын шаруашылық Шт - тұрақты және Шөз -өзгермелі шығындар, ал тасымалдау сапасы Т – уақыт аралығында тұрақты деп саналады.
Жоғарыдағы теңдеулер негізінде қорытынды теңдеу немесе кәсіпорынның нақты логистикасына жүйедегі қызметтерінің тиімділігі былайша анықталады:
(13)
(14)
Қорытынды. Автокөлік кәсіпорындарының қаржыдай тұрақтылығы тасымалдау тапсырыстарына тиісті талдау және жоспарлау жұмыстарының жүргізу сапасымен тасымалдау тізбегінің ұйымдастыру беріктігіне тікелей байланысты.
қолданылған әдебиеттер:
1. Бигель Д. Управление производством: Пер.с англ.-М.:Мир, 1973. – с. 356
2. Братухин А.Г., Калачанов В.Д. Организация производственно-хозяйственной деятельности НИИ и ОКБ при разработке наукоемкой продукции.-М.: Изд-во МАИ,1993. – с. 300
3. Волкова В.Н., Денисов А.А. Основы теории систем и системного анализа.-СПб.:Изд-во СПбГТУ, 1997. – с. 450 ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
» Audi A3 жылдың үздік автокөлігі атанды
» Реферат: Экономика | Көлік құралдарына салынатын салық
» Реферат: Технология | Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру
» Қазақстан әлемдік деңгейдегі көліктерді шығара бастайды

Іздеп көріңіз: