Реферат: Құқық | Конституцияның қабылдану себептері

Реферат: Құқық | Конституцияның қабылдану себептері

1993 жылғы конституцияның қабылдану себептері.
Конституциялық реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конститутция мен оның нормалары ұзақ уақыт бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияны қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді.
1993 жылғы конституциялық реформаның Назарбаев тапқан негізгі себептері мен алғышарттарына тоқталайық.
Олар Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 1 маусымдағы сессиясындағы «Конституцияның жобасы туралы» және 1992 жылғы 9желтоқсанда өткен сессиясындағы «Республика Конституциясының жобасы және оны бүкілхалықтық талқылаудың қорытындылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы қарашадағы республикалық кеңесіндегі баяндамасында және конституциялық комиссиясының өзінде жасаған баяндамалары мен сөздерінде айтылады.
1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың алғышарттарына келсек, ол терең қоғамдық өзгерістердің тамыр тарта бастаған нышандары 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясының орнына жаңа конституциялық ресімдеуді талап еткенін атап көрсетеді. Көнергенді кейінге ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңғыра бастаған қоғамның қадамдарын конституциялық деңгейде баянды ететін Ата заң қажет болды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы қабылданғанға дейін де көптеген көнерген конститутциялық ережелерді жаңаларымен алмастырудың қолға алына бастағанын айту керек. Оған жылына бірнеше мәрте ішінара өзгертулер енгізіліп жүрді. Алайда, қандай да бір өзгертулер енгізу арқылы Конституцияны жаңа қоғамдық болмысқа сәйкес келтіру қиын еді, өйткені 1978 жылғы Конституция тұтас қалпында социалистік қоғамдық және мемлекеттік жүйені бейнелейтін, ал қоғамдық даму жаңа бағытта жүріп жатты. Мұндай жағдайда 1978 жылғы Конституция енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қарамастан, өмірден артта қалып, Негізгі Заңның алдында тұрған міндеттерді орындай алмады. Сондықтан да, Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу, ендігі жерде ескі Конституцияға толассыз өзгерістер мен тлықтырулар енгізуді тоқтатып, жаңа Конституция қабылдау міндеті күн тәртібіне қойылды.
Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу негізгі идеясы республикалардың егемендік құқығын кеңейтудің көздейтін жаңа одақтық шарт даярлауға Қазақстанның қатысуымен бір мезгілде басталды. Жаңа одақтың шарттың өзегіне өрілген осы идея Республиканың жаңадан жасалмақ Конституциясының да ірге тартар мазмұны болуға тиіс еді. Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеудің алғышарттары мен себептерінің ішінде Назарбаевтың мемлекеттің және халықтың егемендігіне қол жеткізу мен оны қамтамасыз ету қажеттігін алдыңғы қатарға қойғанын атап көрсету керек. Нақтылы егемендікті орнату міндетімен тығыз бірлікте Конституцияның өзін де баянды ету арқылы аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету міндеті де алға қойылды. Әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы республикалық кеңесінде жасаған Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы баяндамасында ол Қазақстанның аумақтық тұтастығының конституциялық кепілдіктері керек екенін атап көрсетті.
Конституциялық реформалардың осы идеяларының бірінші кезекті маңызы бар деп жариялануының себебі: 1937 және 1978 жылғы Конституцияларда Қазақ КСР- і заң жүзінде егеменді болып саналғанымен, КСРО құрамындағы Қазақ КСР- інің шынайы егемендігі болған емес. Оның ішкі саясатта жоғарылығы болған емес, өйткені жоғарғы билік Қазақ КСР- інің емес, КСРО жоғары партия органдары мен одақтық мемлекеттің қолында еді. Республиканың сыртқы саяси өмірде де ешқандай құқығы болған жоқ. Оның өз байлығын, экономикалық ресурстарын пайдалануға да қандай да бір құқығы жоқ еді іс жүзінде экономиканы басқарудың барлық құқығы одақтық құрылымдардың құзырына шоғырландырылды. Оның өзінің заңдылығы да болған емес, заңдары іс жүзінде КСРО заңдарының көшірмесі еді. Өзінің азаматтығы да болған еиес, ол да ортақ одақтық азаматтық еді. Республиканың аумағын да КСРО- ның жоғары органдары қалауына қарай кесіп- піше беретін. Одақтық республикалар, соның ішінде Қазақстан сияқты іс жүзінде құқықсыз мемлекеттер тіпті әлемдік тарих ауқымында да онша көп емес еді.
Қалай дегенмен де одақтас респубоикаларда, соның ішінде Қазақстанда, ұлттық сана-аезім өсті, мәдени деңгей артты, елді өз күшімен басқару мүмкіндігін барған сайын терең пайымдау мен одақтас мемлекеттің өзінің ішінде болса да, шынайы егемендікті орнату мен кеңейту қажеттігін түсіну ұлғая берді.Басқа да барлық республикаларда КСРО мен одақтас республикалар арасындағы құқықтарды соңғылардың құқықтарын кеңейту бағытына қарай қайтадан бөлісуді мақсат ететін осындай қозғалыстар күшейе бастады.
Міне, осындай жағжайжа жаңа одақтық шартты әзірлеу және одақтас республикалардың өздерінің бастамасымен, былайша айтқанда, орталықтың сесіне қарамастан, ашық түрде республикалардың әрқайсысының құқығын іс жүзінде кеңейту процесі, сондай-ақ Республиканың жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу процесі басталды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады.Декларацияда халық пен мемлекеттің егемендігі, оның аумағының бөлінбейтіні, қолсұғылмайтыны, егемендіктің экономикалық негізі, Республиканың барлық ұлттарының азаматтарына кең құқықтар мен бостандықтар беру, Республиканың сыртқы саяси қызметті дербес жүзеге асыруға құқығы, мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу қағидаттарын белгілеу жария етілді.Декларацияның одақтық шарт жасасудың және Қазақ КСР-інің жаңа Конституциясын әзірлеудің негізі болып табылатыны танылды.Содан бері небәрі 11 жыл өткен екен, алайда бұл Республика үшін тұтас бір дәуір, Декларацияда жазылып, содан кейін Республиканың екі Конституциясына да бірдей көшкен идеялар Республиканың бүгінгі де, болашақтағы да тыныс-тіршілігінің негізіне айналды.
Кеңес Одағы таратылғаннан кейін 1991 жылғы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заң қабылдады, оның жобасы да Президенттің басшылығымен, құрамында бүкіл елімізге танымал ғалым заңгерлер болған депутаттар корпусының белсене қатысуымен әзірленеді.Онда халықтың, оның Президенті мен депутаттарының мемлекеттің толық әрі нақтылы тәуелсіздігі туралы және кезінде қазақ ұлтына адам айтқысыз ауыртпалықтар әкелуімен қоймай, оның өмір сүруінің өзіне қатер төндірген, жат күштер зорлықпен тартып алған егемендікке ие болу жөніндегі арман-мүддесі айшықты бейнеленді. Егемендікпен байлансты негізігі идеялар мен қағидалар конституциялық заң күшіне ие болды.Осы Заң баянды етіп берген оқиға-қазақ халқының және күллі Қазақстан халқының тарихындағы ұлы белес. Осыған орай Конституция жобасын әзірлеуге байланысты негізігі мақсат та өзгерді. Егер бұған дейін конституциялық комиссия КСРО құрамындағы Республика Конституциясының жобасын әзірлеумен шұғылданса, ендігі жерде тәуелсіз егемен мемлекет-Қазақстан Республика Конституциясын жасау міндеті алға қойылды. Енді тәуелсіз мемлекеттің егеменді құқықтарын Республика Конституциясының өзінде баянды етіп, оған мызғымас сипат беру керек еді.1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың бірінші себебі,осы.
1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың келесі себептерінің бірі адам мен азаматтың неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциядық тұрғыдан бекемдеу қажеттігі болды.Президенттік Республика Конституциясының жобасы туралы барлық баяндамаларында бұл аса маңызды міндет ретінде көрсетілді.
Жоғарғы Кеңестің 1992 жылғы маусымдағы сессыиясында ол Конституцияның құқықтық негізді тұрақтандыру және алдағы мақсатқа жетудің конституциялық-құқықтық құралдарын, сонын ішінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекемдеу үшін қажет екенін атап көрсетті. Әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы қарашадағы Республикалық кеңесінде Конституцияның жобасы туралы жасаған баяндамасында Назарбаев адамның шын мәнінде іске қабілетті сот билігінің көмегімен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыдан дәйектеу қажеттігіне тағы да тоқталды.
Жаңа жағдайда құқықтар мен бостандықтардың күллі жүйесін жаңғыртып, оларды халықаралық құқықтық құжаттарда дәйектелген әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру қажет еді. Алайда, осы талапқа сәйкес құқықтар мен бостандықтардың күллі жүйксін түбегейлі өзгерту ескі Конституцияға, яғни 1978 жылғы Конституцияға жекелеген түзетулер енгізу арқылы мүмкін емес еді.1978 жылғы Конституцияда дәйектелген құқықтар мен бостандықтар туралы тұжырымдаманың шеңберінде бүкіл әлемге танылған құқықтар мен бостандықтар жүйесін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен ғана бейнелеп беру шынында қолдан келмейтін шаруа болатын.Жаңа жағдайда Республика азаматтары иеленуге тиіс жалпыадамзаттық кең құқықтар мен бостандықтарды дәйектеу міндеті жаңа Конституцияның қабылдануын талап етті. Жоғарыда Конституция қабылдаудың бірінші алғышарты ретінде Республиканың шын мәніндегі егемендігін орнату қажеттігі аталды.
Респуьликаның жаңа Конституциясын әзірлеудің келесі бір маңызды себебі-саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялйқ жолмен дәйектеу және оларды демократияландыру мен құқықтық мемлекет құру бағытында одан әрі жетілдіру қажеттігі.
1993 жылғы Конституцияны қабылдау сбептерінің бірі-сапалық жағынан өзге құқықытық жүйе жасау үшін жаңа Конституциялық негіз қалау керек еді.
1978 жылғы Конституцияны жаңа Конституциямен алмастыру қажеттігін туғызған басқа да бірсыпыра нақты себептер бар.
Жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін негізінен үкімет мүшелері мен депутаттық корпустың басшыларынан тұратын Конституциялық комиссия құрылды.Жоба әзірленген бетте Жоғарғы Кеңес сессиясындағы алғашқы оқылымында мақұлданып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Жоғарғы Кеңес оны 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылдады.
1993 жылғы Конституцияның елеулі кемшіліктері болғанын, аса маңызды айқындамалары жағынан алғанда, ескі Конституцияның шырмауында қалып, кеңес мемлекетінің көнерген жорамалдарының бірталайынан арыла алмады.
Назарбаев бұл кемшіліктердің қоғамдық дамуға едәуір кедергі келтіретіні түсінді. Қоғамның ілгерішіл бөлігінің көзқарастарын іске асыруға кол жеткізе алмағанын кейіннен Назарбаевтың өзі айтады. Бұл саяси кезеңнің сипатынан туындаған жағдай еді. Еліміз тәуелсіздік пен егемендік жолына енді ғана қадам басқан болатын.
Н.Ә.назарбаев қарсы бағдар ұстанған күштермен араны ашатын тартысұа барудан тартынған еді. Бұл кезде саяси тұрақтылықты сақтаудың маңызы өте зор болатын, міне, осы ниет кейбір саяси қайшылықтарды елемеуге мәжбүр етті, мұның өзі қарама-қарсы күштердің арасындағы идеялық күрес екен.
Осындай күрделі жағдайда ол қарсыластарын біресе иландырып, бірде кейбір мәселелер турасында олардың уәжіне көніп, әйтеуір ашық алауыздыққа жол бермей, Конституция жобасының әзірленуін қамтамасыз етті.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Конституцияның қабылдану себептері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Конституцияның қабылдану себептері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Конституцияның қабылдану себептері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]