Реферат: Экономика | Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Реферат: Экономика | Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Шаруашылық – қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражатын қалыптастырып пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәрбиесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат – міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылады. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындармен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылғанды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленетін, сондай – ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп – қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Кәсіпорындардың дербестігі жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік қоры инфрақұрылымды дамытуға қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын мүлкінің мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды – өндіріс процесінің натуралдық – заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар – материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар – материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарнасы (үлестік жарнасы) есебінен (жабық үлестегі қоғамдар үшін) немесе жарналарды құрылтайшылар мен шақырылғандардың акцияларына айырбастау жолымен (ашық үлгідегі қоғам үшін) құрылады.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
Бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
Ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
Еңбегі үшін ынталандарудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
Материалдық көмек:
Еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
Қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
Оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Сөйтіп, тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен қызметкерлердің материалдық ынталандыру және әр түрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын таза табыстың бір бөлігі есебінен құрылады. Қордың қаражаты қызметкерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.
Қорлану қоры:
Кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
Негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
Шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім – ақша;
Банктердің кредиттері;
Басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға:
Негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
Ғылыми – техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
Табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолдары, жөндеу, энергетикалық, құрылыс және т.с.с.) салуға үлестік қатысуға;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке – жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде), мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық – қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың жеткіліктігі жағдайында). Кей жағдайда қордың көлемі шектеледі, мысалы, оның қаржысы бірлескен кәсіпорындарда жарғылық капитал мөлшерінің 25 пайызынан аспауы тиіс.
Қаржы резервінің қаражаты өндірістік және әлеуметтік даму жөніндегі қосымша шығындарға, жаңа техниканы әзірлеп, енгізуге, меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарның есебінен мына көздерден қалыптасады:
Экспорттық валюталық түсім – ақшадан;
Жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
Банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық кредиттерінен;
Ішкі валюта рыногінде өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
Резидент еместер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық түсім – ақша заңмен белгіленген салықтар төленген кейін кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағалы қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде өз бетімен пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік – мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрі – дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге – кәсіпорындар мен ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып шешіледі.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]