Реферат: Қаржы | Коммерциялық банктегі қаржылық қортындысын талдау

Реферат: Қаржы | Коммерциялық банктегі қаржылық қортындысын талдау

Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пада болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және оны мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы тұралы, сыртқы аудиттің сапасы сен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асыру мен іске асады.
Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынандай міндеттерді шешеді:
1. Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нщрмалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.
2. Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижесімен салыстыра отырып бағалау.
Екінші деңгейдегі банктерлің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай маңызды сұрақтарды қамтиды:
1. капитал
2. активтердің сапасы
3. пайдалық пен рентабельдік
4. өтімділік
Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.
Капиталды талдау.
Капиатал банктің қаржылық жағдайының нң маңызды көрсеткіші болып табылады.
Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жан – жақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді.
Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қалыптастыратын талдаушы мынадай сұрақтарды ескеру қажет:
• Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?
• Ең төменгі капитал мөлшерінен асқан жағдай болды ма?
• Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?
• Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алған тәуекелдер бар ма?
• Банк капиталының деңгейінің өзгеу үрдісі қандай? Оның көбейуі мен азаюының себептері неде?
• Банк капиталының сапасы қандай?
Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражаттар көзі деп санамауға себебтер бар ма?
Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қайтармайтын болса және олар бойынша қарызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділікліңжетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырау мүмкіндігі туындайды.
Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк актиытерінің жалпы сапасының нашарлайы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инпекторлық тексеру кезінде зірттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ ақшықтан басқарудың тиімділігі ьанк беретін ақпараттардың сапалығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, проблемалық ссудаларды анықтауға және оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағыактивтерінің сапасы қазіргіуақытта берілетін жаңа несиелерге байланысты болады.
Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай сұрақтарды көрсету керек:
• Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер байқалды ма?
• Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған активтердің үлесі қандай?
• Банк капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?
• Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының жоғарылауы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін? Банктің сапасыз несиелерінің құрылымы қандай?
• Үмітсіз несиелерді баланстан шығару. Шығарылған несиелердің негізгі түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?
• Банктің несиелік қызметінің шығынын жабу құрылған банктің жаопы резервтерінің (провизиялар) сомасы. Банктің құрған резервтерінің (провизиялар) жоғарылауы немесе төмендеуі?
• Ұлттық банктің нормативті талаптарының сақталуы?
Табыста мен шығыстарды талдау. Капитал, банктың қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайы, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлерге пайда беріп отырады. Акционерлер банктың одан ары дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар банктың капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.
Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.
Банктың табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа жауап береді:
• Банктың табысының деңгейі қандай? Оның деңгейі банк капиталын құруға және қолдауға жеткілікті ме?
• Табыстардың тенденциясы қандай? Қазіргі экономикалық жағдайда оның келесі жылда жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін бе?
• Табыстардың тұрақтылығы қандай? Егер нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің жоғарылаған немесе төмендеген жағдайында ол тұрақты болып қалуы мүмкін бе?
Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді.
Операциялар жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындары болады. Банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттары, құрылғылары және қызметкерлері болғандықтан, оның әкімшілік шығындары да болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады. Сондықтан банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктың дамуына, өсуіне және капиталдануына жұмсау керек. Осы орайда банктың шығындарын талдау қашықтан талдауда маңызды орын алады.
Банктың шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер мыналар:
• Шығындардың құрылымы;
• Пайыздық шығындардың көлемі;
• Пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;
• әкімшілік шығындар.
Өтелімді талдау. Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің көрсеткіштеріне әсер етеді.
Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген сенімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан талдау мен қадағалауда өтімділікке әсер ететін банктың барлық көрсеткіштері мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің құрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша объективті көрсеткіштерге көңіл аударылады. Сондай – ақ банктың өтімділігін кең түрде талдау қарастырылады.
Жалпы қашықтан қадағалаудың талдаушысы банктың өтімділігі бойынша жағдайын бағалаған кезде төмендегідей сұрақтарды қарастыру қажет:
• Банктың өтімді активтерінің көбеюі немесе азаюы? Банктың өз міндеттемелеріне қатысты өтімді активтерінің көп немесе аз болуы?
• Банк ірі депозиттер, басқа банктердің депозиттері немесе мемлекеттік органдардың депозиттері сияқты тұрақсыз қаражат көздеріне деген тәуелділігін азайтып жатыр ма немесе көбеюде ме? Және тәуелділік деңгейі қандай?
• Банктың активтерінен асатын, жақын арада қайтаратын банктің қарыз сомасы бар ма?
• Қазақстан Республикасы Ұлттық банкпен белгіленген өтімділік бойынша талаптарды орындай ма?
Екінші деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің электронды жүйесінің (ВОSS) Ұлттық банк алдында мынадай міндеттері болады:
• Банк басшылығымен үнемі және тиімді байланста болу;
• Өз бақылауындағы банктердің жағдайы туралы банктік қадағалау департаментінің директорына жедел түрде ақпараттар беріп тұру;
• Банк басшылығы директорлар кеңесінің кемшіліктерді түзетуге қабілеті мен ықыласына байланысты мәселелерді шешуде өздерінің шаралар жосиарын Ұлттық банктің басшылығына қарастыруға беру;
• Өзіне бекітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау.
Банктердің кураторлары жаңа шарттар жоспар бойынша берілетін күнделікті баланстарға талдау жүргізеді
Апта сайын ашық валюта позициясының лимиттері және валюталық нетто – позициясы орындалу туралы есептерін тексереді.
Банктердің өтімділігін бақылап отыру үшін куратор банктың апта сайын берілетін ағымдағы өтімділікті орындағаны жайлы есеп беруін (талаптар мен міндеттемелердің салыстыру кестесін) тексереді.
Кураторлар банктердің қызметін реттеуде ең маңызды құралдарының бірі болып табылатын пруденциялық нормативтерді орындалуын тексеріп, олардың дұрыс есептелмегені және орындалмағаны жағдайында банкке ескертулер мен түзетулер жасайды.
Жалпы пруденциялық реттеу тәжірибиесі екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерді сақтаумен бірге ішкі аудит жүйесін және дұрыс несие саясатын өтімділік жүргізуге бағытталған.
Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктың қаржылық департаментіне есеп берудің мынандай формаларын тапсырады:
• 700 Н формасы бойынша күнделікті балансы:
• Ашық валюталық позицияны лимиттері және валюталық нетто – позициясы туралы апталық есебі;
• Ағымдағы өтімділіктің орындалғаны жайлы апта сайын есеп беру (талаптар мен міндеттемелерінің өз ара салыстыру кестесі).
• Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;
• Активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелердің ай сайын жіктеленуін;
• Тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пруденциялық нормативтері туралы ережесіне сәйкес, к1, к2, к3.1, к3.2,к4.1, к4.2 және к5 каэффиценттерінің есептелген мәліметтерін есеп беретін айдан кейінгі айдың сегізінші күнінен кешіктірмей қаржылық қадағалау департаментіне тапсырады. Кураторлар әр ай сайын нормативтердің дұрыс есептелгенін тексеру үшін ақпаратты – статистикалық басқармасының есептелген мәліметтерімен салыстырып отырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ең төменгі резервтік талаптар туралы ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті. Осыған байланысты банктер банктік қадағалау департаментіне ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең төменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады. Қазіргі кезде белгіленген резервтік мөлшерлеме 6% - ға тең.
Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындауының екі әдісі бар:
1. Баламалы – ай сайын қаражаттарды резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.
2. Баламасыз – қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйес банктер Қаржылық қадағалау депортаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы нақты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.
Кестеде берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде банктің қаржылық жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банкткердің топтарында бантің рейтінгісін анықтауға болады.
Сонымен банктер мне әр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус – Репорт деп аталатын қысқаша қорытынды жасайды.
Статус – Репорт – банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат.
Статус – Репортты жасау барысында қашықтан қадаалау қызметкерлері «CAEL» («CAEL», яғни М – менеджменті қарастырғанда, CEMEL жүйесі бойынша) комианенттері бойынша банкке рейтинг беру жүйесін қолданады.
Берілген баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және банкке санкцияларды қолдануға негңз бола алмайды.
Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес ұсыныстар берумен қатар соңғы шешім қабылдау үшін Қаржылық қадағалау депортаментінің басшылығына беріледі.
Статус – Репорт көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштермен басқа да мәліметтерге мыналар жатады:
1. Банк туралы жалпы мәліметтер
2. меншікті капиталының көлемі мен құрлымы.
3. Банктің активтері
4. Банктің міндеттемелері
5. Банктің табысы мен шығысы.
6. Өтімділігі және ең төменгі резервтік талаптар.
7. Қосымша ақпараттар
Талдаушы барлық жоғарыда аталған факторларды ескеріп, қашықтан тексеруді банктің өтімділік позициясын жалпы бағалаумен аяқтауы керек. Егер банктің өтімді активтерінің сапасы төмен болған жағдайда, талдаушы бұл деңгейдің міндеттемелерінің құрамына қаншалықты сай келетінін анықтауы қажет.
Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі банктердің банктік қадағалау депортаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып, талдау жасау барысында банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін Статус – Репорт деген қысқаша қорытынды құжат жасайды
Қашықтан қадағалау қызметкерлері сондай – ақ жыл соңында төрт тоқсан бойынша қорытынды жасап, жылдық Статус – Репортты жасайды.
Сонымен қатар, қашықтан қадағалау талдаушысы:
• Банктерді ашу үшін табыс ететін құжаттарды қарастырады;
• Банктерге банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру құжаттарын қарастырады;
• Банктің басқарушы қызметкерлерінің кандидатуралары бойынша Ұлттық банктің біліктілік комиссиясында қаралатын сәйкес құжаттарды дайындайды;
• Банктердің бағалы қағаздар проспектілерінің эмиссияларын сараптаудан өткізіеді және оларды шығару қорытындылыары мен орналастыруын қарастырады;
• Банктің қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша сондай – ақ оларға санкциялар немесе шектелген ықпал ету шараларын қолдануға байланысты ұсыныстар жасайды және Банктік қадағалау депортаментіне жүктелген басқа да қызметтерді атқарады
Есеп берулер макроэкономикалық талдауға қажетті мәләметтерді керек еткенімен пруденциялық қадағалау жүйесінде есеп берулер капитал жеткіліктілігі, активтердің сапасы мен өтімділік деңгейі сияқты негізгі қаржылық көрсеткіштер мен коэффиценттердің көмегімен талдау жасау арқылы банктің қаржылық жағдайын анықтау үшін қолданылады.
Қашықтан қадағалаудың жетістіктері есеп және есеп берудің нақты нұсқаулары мен нормативтеріне сәйкес берілетін мәліметтердің дұрыстығына дайланысты болады, сонымен қатар берілген ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге көңіл бөлу керек.
Тиімді қашықтан қадағалау үшін жоғарыда аталған негізгі көрсеткіштеріне қаржылық талдау жүргізудің жоғары деңгейдегі кәсіптілігі қажет. Есеп беру мәліметтерін қаржылық талдау, топтар бойынша коэффициенттердің деңгейін, тенденцияларын салыстыру талдау жүргізу үшін қолданылады.
Қашықтан қадағалау жеке бір банктің қаржылық жағдайында мәселелерінің пайда болғаны туралы қадағалау қызметкерлерін ескертетін «алдын ала ескерту жүйесі» ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде қашықтан қадағалау банктің алдында тұрған тәуекелді жиі айқындай бермейді және барлық субъективтік негігі аспектілерін жарыққа шығара алмайды.
Қашықтан қадағалау мен инспекциялау жалпы қабылдаған әдістері болып саналғанмен, пруденциялық қадағалау осы екі әдісті қатар жүргізүді қажет етеді.
Қашықтан қадағалаудың артықшылығы – онда банктердің жағдайы туралы мәліметтер, әсіресе капитал жеткіліктілігі өтімділігі және табыстылығы бойынша жиі жаңартылып тұрады. Соның өзінде тәуекелдің аспектілеріне жеткілікті көңіл аударуға мүмкіндік болмайды және кейбір берілген мәліметтердің дұрыстығына, оның тексеруден өтпегеніне толық сенуге болмайды.
Инспекциялық қадағалау – банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
Инспекциялау әдісінің артықшылығы – банктің операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай – ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек – кейбір жағдайда бірнеше жылда бір рет жүргізіледі, сондықтан банктің жағдайының барлық жақтарына үзіліссіз бақылау қызыметін жасай алмайды.

Инспекциялық қадағалау механизмі 2 - ші суретте берілген
2- ші сурет. Инспекциялық қадағалау механизмі

Инпекциялауды жүзеге асыру үшін қадағалау органдары банктік операциялар мен банктік тәуекелдерді білетін жоғары білікті мамандардан тұратын топ немесе топтарды құруы қажет. Инспекциялық тексерулерді жүргізү үлкен еңбек көлемін қажет ететінін ескере отырып, қадағалау органдары тексерулердің өткізілуінің кезеңділігін (әрбір банк кемінде жылына бір рет тексеріледі) және жүргізілетін тексерулердің көлемін жалпы және шектелген түрде анықтау қажет. Банктерді инспекциялау банктің тәуеклінің жалпы тексерумен банктің жалпы қаржылық жағдайын айқындау, сондай – ақ кемшіліктерді жоюды қажет ететін жақтарын айқындауға негізделеді.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмі қазіргі кезде көптеген елдерде қолданылатын осындай екі әдісті бірге қамтиды. Соның ішінде қашықтан қадағалау әдісі жедел тексеруді қажет ететін банктерді анықтаудың негізі болып табылатын көрсеткіштерді айқындау үшін қолданылады және тексеруді ерекше алаңдататын қызметтердің бағытын дұрыстап тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Коммерциялық банктегі қаржылық қортындысын талдау туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Коммерциялық банктегі қаржылық қортындысын талдау на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Каржы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Коммерциялық банктегі қаржылық қортындысын талдау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]