Реферат: Қаржы | Коммерциялық банк табиғаты және ерекшеліктері

Реферат: Қаржы | Коммерциялық банк табиғаты және ерекшеліктері

.Коммерциялық банк: табиғаты және ерекшеліктері.
1.1.Коммерциялық банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық Банкі» және 1995 жылдың 31 наурызында қабылданған « Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйемен не бары 13 жылдық тарихы бар.
ҚР – дағы коммерциялық банктердің сандық құрамы

Банк түрлері 01.
1998 01.
1999 01.
2000 01.
2001 01.
2002 01.
2003 01.
2004 01.
2005
Екінші деңгейдегі банктер
барлығы: 130 101 82 71 55 47 44 38
Оның ішінде:
Мемлекеттік 4 4 6 1 1 1 2 2
Мемлекетара-лық 1 1 1 1 1 1 1 -
Шетел капиталының қатысуымен 8 9 22 23 22 16 16 17
Еншілес банктер 5 5 7 11 12 12 11 11

90 – шы жылдың басында банктердің саны 200 – ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса сол жылдың орта кезңінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады.Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді,мысалға,инвестициялық – ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және тағы болады. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа Қазақстан Республикасы Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады.Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспондентік қатынастар орнатуға, сондай – ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді жіне оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
o рұқсат алу үшін беретін өтініші;
o құрылтайшылық шарт ( түпнұсқа );
o банктің жарғысы (түпнұсқа ) ;
o банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
o құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі бойынша);
o құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
o құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
o егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті болмаса,ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;
o егер банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса,онда оның жарғысы,құрылтайшылық шарты,соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы,ұйымдың қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
o банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде кемінде – үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл,банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде – бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;
o жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы(банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
o жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
o жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
o жаңадан құрылатын банктің бизнес – жоспары,оның ішінде болуы керек,оның ішінде банк қызметінің стратегиясы,бағыттары мен ауқымы,қаржылық болашағы(есеп айырысу балансы,бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі,маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру),еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);
o тапсырылған бизнес – жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
o нотариалды түрде куәландырылған,құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;
o басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай,әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүр гізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық – техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал – жабдықтарды дйындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс, Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Аталған заңның 30 – бабына сәйкес банктік опеарацияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент – банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай – ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиентердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай – ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатун бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау;
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
1. брокерлік – мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
2. дилерлік – мемлекетің және өзгеде бағалы қағаздармен;
3. кастодиандық;
4. клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне ұлттық банктенжекелеген және кешенді лицензиялар беріледі.(бірнеше қызметке).
Сонымен қатар, ҚР – ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ – кассаларын, сондай – ақ еншілес банктерін аша алады.

1.2.Олардың қызметін реттеу әдістері.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілерімен анықталады. 1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңының 41 – бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:
- пруденциялық нормативтер белгілеу,
- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару,
- банктердің қызметін тексеру,
- банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру,
- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану,
- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.
Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.
Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.
Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті.Резервтік қорлар банктердің дивидендтерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін Ұлттық банк белгілейді.
Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне қарай өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттық банк бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Коммерциялық банк табиғаты және ерекшеліктері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Коммерциялық банк табиғаты және ерекшеліктері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Каржы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Коммерциялық банк табиғаты және ерекшеліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]