Реферат: Информатика | Компьютерлік желінің негізгі түрлері

Реферат: Информатика | Компьютерлік желінің негізгі түрлері

.Компьютерлік желінің негізгі түрлері

Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әртүрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сонай-а бір мезгілде жүздеген тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастырылатын темір жол және әуе қатынасы билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз. Бұл пайдаланушылар санын білу мүмкін емес ғаламдық ақпараттық Интернет желісі. Қазіргі кезде компьютерлік желі кез келген мекемеде орнатылған. Себебі желіге қосылмай өндірістік, сауда немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес.
Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында құрылады.
Компьютер желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша емес, модем қажет.
Жергілікті есептеуіш желілер – саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қоданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы компьютерлерді біріктіреді. Мекемелердегі жергілікті желі әр түрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен басқару бөлімдерінен тұратын автоматтандырылған басқару жүйелері жұмыс істейді.
Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте 10, 100м) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпартты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болуы үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.

1.1. Корпоративті және аймақтық желілер. Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Корпоративті желілер қашықта орналсқан бөлімдердегі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдаланушылардың шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады.
Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, оны аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Аймақтық желілер аймақ масштабындағы мәселелерді шешу мақсатына бағытталады. Бұл электрэнергетика, жол, аймақтық жабдықтау, банктік есеп, кітапхана ісі т.с.с. жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету қызметкері болуы мүмкін.
Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.
Модем (МОдулятор/ДЕмодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үзіктелген анлогтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін, қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай-ақ электрондық поштаны пайдаланады, телеконференцияларға қатыса алады.

1.2. Телекоммуникациялық есептеуіш желілер. Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілер деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, соныменқатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.
Телекоммуникациялық желілердің аппарттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысын йлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телкоммуникациялық желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтық және цифрлық кодтау қолданылады.
Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі – желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық қор болып тбылады. Бұл қор балық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Онда білім базасы, автоматтандырылған деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған.

1.3. Интернет желісі. Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио релелік байланыс, талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.
Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылдаған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.
Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Мысалы: жергілікті желі арқылы жіберілетін хабар, басқа континентте пайдаланушыға жетпес бұрын бірнеше корпоративтік және аймақтық желілер арқылы өтуі мүмкін.
Әр желінің жұмыс істеу аймағын айтарлықтай дәрежеде кеңейтетін желілердің біріктірілу тәсілі – Интернет болып табылады. Корпоративті желі иелері, интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпоративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.
Интернет – компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көрсететін 2 млн-нан астам тораптық компьютерлерді қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсіп отырады.

2. Жергілікті желілер

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желілер компьютерлерден басқа да желілік құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желі арқылы жіберуге арналған ақпаратты түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат – желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі (кодтау процесі), осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі (декодтау процесі).
Компьютерлер, жергілікті желіге желілік тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілік адаптер арқылы қосылады.
Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады. Адаптердің әр типі деректерді тарату және желімен қатынасудың нақты бір технологиясына сәйкес келеді.
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желісінің сымды және сымсыз түрлері бар.
Желілік құрылғыларға – концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлу стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.

2.1. Кабельдік тікелей жалғау. Екі компьютерді желіге қосудың Direct Cable Connection (DCC) – тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажеті жоқ: компьютерлер бір-біріне параллель немесе тізбекті порттары арқылы қосылады.
Тікелей жалғауда компьютерлердің бірі – жетекші, екіншісі жетекте болады. Жетекші компьютерден жетектегі компьютердің бумаларына, дискісіне, принтеріне қатынасы қамтамасыз етіледі. Жетектегі компьютердің дискілері мен оған қосылған принтері жетекші компьютерге қатысты желілік болып қалады. Жетекші компьютерден деректерді бір компьютерден екінші компьютерге жіберуді басқаруға болады.
Тікелей кабельдік жалғаудың кемшілігі – дерек тасымалдау жылдамдығының баяулығы. Сол себепті тікелей жалғау мекемелерде сирек қолданылғанымен, тұрмыстық жағдайда қолдануға ыңғайлы. Тікелей жалғау арқылы бірнеше адам қатысып ойнайтын көптеген компьютерлік ойындар жұмыс істейді.
Екіден көп бірнеше компьютерді бір-бірімен байланыстыру үшін тікелей жалғау жеткіліксіз. Бұл жағдайда әрбір компьютерге желілік тақша орнатылуы қажет, оларды бір-бірімен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердің бірлескен жұмысын басқаруға арналған арнайы программаларды іске қосу керек. Егер компьютерлер бір-бірінен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады да, олар бір программалық қамтамасыз ету дестесімен басқарыла береді. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент-сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, олар клиент-сервер түріне жатады. Клиент-сервер желісіндегі серверден басқа компьютерлер – жұмыс станциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.
Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосылулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желідегі жұмыфстың көп бөлігін сервер атқарады. Клиент-сервер типіндегі желілер қамтылған ресурстарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте, сервер жұмыс өнімділігімен жәнеқатты дискідегі ақпарат көлемінің үлкендігімен ерекшеленеді. Мұндай желіде барлық ресурстар – дерек жинақтаушы дискілер (накопители), принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілері серверге қосылады. Сол себепті ортақ ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет.
Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағынасында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресурстарын бірдей қолдана алады және ресурстарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.
Деңгейлері бірдей жергілікті желілерде әрбір жұмыс станциясы басқалары үшін сервердің қызметін атқара береді. Мысалы, бір компьютерге принтер, басқасына компакт-диск орналастыруға арналған дискжетек (дискіні айналдырып мәлімет алатын құрылғы) қосылуы мүмкін. Егер мұндай желі Windows 2000 операциялық жүйесі арқылы басқарылса және шалғай құрылғы ортақ ресурс ретінде анықталса, онда желідегі әрбір тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана береді. Бірақ принтер қосылған компьютер іске қосылмай тұрса, онда желі арқылы басуға мәлімет шығара алмаймыз. Бірдей деңгейлі жергілікті желіні құру өте жеңіл және осындай тәсілмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселені тиімді түрде шеше алады.
Windows 2000 операциялық жүйесі ортақ пайдалануға арналған деректерді кез келген компьютердің пайдалануына толық мүмкіндік береді. Мұндай басқаруды – жүйелік саясат немесе жүйелік ереже деп те атайды. Жергілікті желідегі жұмыстарды басқаруға жауапты және жүйелік саясатты рттейтін маманды – жүйе басқарушысы немесе жүйелік әкім (администраторы) деп атайды. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Компьютерлік желінің негізгі түрлері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Компьютерлік желінің негізгі түрлері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Информатика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Компьютерлік желінің негізгі түрлері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]