Реферат: Тарих | Кенесары Қасымұлы
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері.
ХІХ ғасырдың бірінші ширегі Ресей империясының Европаның жандармы ретінде ұлт-азаттық қозғалыстарды аяусыз жаншып, саяси қысым жасаумен, күш қолданудың нәтижесінде ірі отарлық мемлекетке айналған кезі. Кіші және Орта жүздердің басты аймақтарын отарлап алғаннан кейін патша үкіметі Ұлы жүзді басып алуды, Оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы әліде дербестіктерін сақтаған Орта Азияға шығуға, сөйтіп осы стратегиялық аймақта үстемдігін орнатуды ойластырды. Осы мақсатқа жетуге кедергі Орта жүздің басты өңірінің әлі де болса тәуелсіздіктерін сақтағаны еді. Шын мәнінде XVIII ғасырдың соңғы ширегі, XIX ғасырдың басында Ресейдің саяси билігі тек қана Жайық, Есіл, Ертіс өзендері бойында салынған отарлаудың тірегі — бекіністердің төңірегінде 100-150 шақырым қашықтықта ғана жүретін. Елдің түкпірінде көшіп-қонған ауылдар ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-дәстүрін сақтап, ру-руға жіктелген иеліктерін көшпенді мал шаруашылық мүддесіне пайдаланды. Американ тарихшысы Марк Раевтың «Қазақ даласы сол кезеңде Ресейдің мемлекеттік шекарасы болмаған» деп қорытындылауында жөн бар.
Ресей мемлекетінің кең байтақ қазақ жеріне көз тігуінің тағы да бір себебі осы елдің экономикалық мүддесінің шет аймақты отарлаумен байланыстылығы.
Көтерілістің негізгі мақсаты — Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.
Көтерілістің басты себептері – патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі.
Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты қазақ әсерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды.
Көтерілістің қозғаушы күштері – қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске катардағы егіншілер, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатыскан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Агыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңгал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтөріліске қатысқандар арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін.
Қазақтардың бұл көтерілісі басталғаннан-ақ қарқынды болды. Бұл XVІІІ ғасырдың соңы мен XIX ғасырдағы азаттық жолындағы козғалыстар тарихындағы Орта жүзден басқа да қазақ рулары мен барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір ірі көтеріліс еді. Оған Кіші жүзден – шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, Ұлы жүзден — үйсін, дулат және басқа рулар қатысты.
Бұған дейін күресті жеке-жеке жүргізіп келген Орта жүз қазақтары Кенесары төңірегіне жинала бастады. Бара-бара басқа жүздердің де жігіттері қосылды. Оның әскерінің арасында үш жүздің әйгілі батырлары да болды.
Патша үкіметінің жазалаушы отрядтарымен шайқастарда Кенесары өзінің қолбасшылық дарынын танытты.
Соғыс қимылдары 1838 жылы Ақмола бекінісіне (қазіргі Астана қаласының орнында) шабуыл жасаудан басталды.
Көп кешікпей көтерілісшілер Торғайға қарай ойысты. Орьнбор
шенеуніктеріне жазған хаттарында Кенесары өзінің бұл қадамын
Орынборға жақынырақ келіп, келіссөздер жүргізуді жеңілдету үшін жасадым деп түсіндіреді. Ал іс жүзінде сұлтан көтерілісті Ресеймен
тікелей жанасып жатқан, 1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы
басшылығымен көтеріліс болған Кіші жүз жеріне таратуды мақсат
еткен. Жоламан Тіленшиев батыр бастаған төртқаралықтар, шөмекейлер, табындықтар және басқа рулар көтерілісшілерге келіп қосылды. Сөйтіп, қозғалыс Кіші жүзді де қамтыды. Бірақ патша шенеуліктерімен келіссөздерден ешқандай нәтиже шықпады.
Қазақтардың ХVІІ-ХVІІІ-ғасырларда болған ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі—оған үш жүздің бұқара халқы қатысты. Жұртшылық бір мезгілде бас қосып, қауымдаса атой салмағанына және қозғалыстың бір жерде күшейіп, екінші жерде бәсеңдеп отыруына қарамастан, Кенесары көтерілісі алғашқы жылдары-ақ кең қанат жайып, жалпы халықтық қозғалысқа айналды.
Кейбір рулардың көтерілісшілерден бөлініп кетуін және олардың орнын басқалардың басуын (әр жылдарда), ең бірінші: Кенесарының бір жүздің жерінен екінші жүздің қонысына орын ауыстыруымен және көтеріліс аймағының үнемі өзгеріп отыруымен түсіндіруге болады. Кенесары соңынан барлық рулар ілесе алмады, көпшілігі өздері көшіп-қонатын мекендерінде қалуға мәжбүр болды, сондықтан да олар көтерілістен кейде уақытша, кейде мүлде тыс қалып қойды. Бірақ бұған қарап біз олар Кенесарыдан толық қол үзіп, көтерілістің қонысын бүтіндей тастап кетті дей аламыз ба? Керісінше, оларға өзінің сенімді серіктері ретінде қарап, арқа сүйеген Кенесарыға деген іш тартуы бәсеңсіген жоқ.
Белгілі рулардың, мәселен, адай, жаппас және арғынның бір бөлігі Кенесары көтерілісіне қатысқан жоқ. Адайлар жер шалғайлығынан әрі патшалық езгінің ықпалын аз көргендіктен қатыспаса, Шеген Мусиннің қол астындағы арғын руының бір бөлігі мен зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегеновтың қарамағындағы жаппас руының кей бөліктері көтеріліске қарсы болған ел басыларының ықпалынан шыға алмады. Ал кейбіреулері белгілі бір себептерге байланысты көтеріліске қатысуға тәуекел етпеді.
Біз қарастырған ресми мәліметтерде қазақ руларының ішкі бөліністерінің бір-бірімен араласып, шатасып кеткенін еске аламыз. Казақтың бөлінуін, оның ішкі жіктелуін кез келген біле бермейді, оны тек зерделі адамдар ғана жадында сақтай алған. Ендеше, бұл мәселеден хабардар болмаған патша шенеуніктерінің және басқа да адамдардың ақпарларында қате мәліметтердің кездесуі табиғи нәрсе. Қазақ руларының қозғалыс ағысына біртіндеп-біртіндеп араласқанын байқауға болады. Көтеріліске қатысушылардың саны 1843-45-жылдары көбейе түскен. Өйткені бұл кездері қозғалыс өзінің шырқау шегіне жетті. Дәл осы кезеңде қозғалыс Қазақстанның қазіргі жерінің денін тұтастай қамтыған еді. Мәліметтер бойынша, Кенесарыны белсене қолдағандар: қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, табын, тама, шөмекей, бағаналы, шекті, алшын, керей, жаппас, арғын рулары еді.
Аталған қазақ руларының барлығы патшалық Ресейге күреске шыққан жоқ. Шөмекей және табын сияқты рулар қазақ даласының қиян шетінде өмір сүргендіктен, олардың Россиямен мүддепері қайшы келе қоймаған болатын.
Бұл рулар Сырдария, Қуаңдария өзендері бойында және Қызылқұмда жаз жайлап, қыс қыстап жүрген. Олар Хиуа және Қоқан хандықтарымен шекаралас қоныстанды. Шөмекейліктер мен шөмішті табындар Қоқан және Хиуа бектерінің ауыр езгісін бастарынан кешіріп жатты. Сондықтан да осы қазақ рулары ортаазиялық хандықтардың езгісінен құтылу үшін Кенесары көтерілісіне қосылды. Дәл осындай нәрсені Ұлы жүз руларына (дулат, жалайыр) байланысты да айтуға болады. Көтеріліс орталығы Ұлы жүз иелігіне ауысқанда бұл қазақ руларының Кенесарыға қосылуы – олардың патша отаршылдарының езгісіне емес, ол Қоқан бектерінің қанауына көрсеткен қарсылығы еді.
Кейбір зарттеушілер арғын және жаппас руларының Кенесары көтерілісіне қатысуын жоққа шығарады. Мысалы, М. И. Стеблин-Каменская: «Шеген Мусин бастаған арғын руы Кенесарыға қосылған жоқ, сондықтан 1845-жылы көтерілісшілердің қатарында арғын руы қатыспаған деуге негіз бар», – деп қорытынды жасайды. Алайда істің мәні мынада: «Арғын» – рудың жалпы атауы, ал бұл рудың құрамында Қазақстанның барлық аймағында орналасқан қарпық, темеш, қаракесек, атығай, қарауыл сияқты тармақтары бар еді.. Аталған ру тармақтары көтеріліске белсене атсалысты. Шындығында, тек би Шеген Мусиннің қол астындағы арғын руының бір бөлігі ғана 1845-жылға дейін көтеріліске қосылмады. Бірақ арғын руының ата мекенінің ортасынан ойып патша бекіністерінің салынуына байланысты арғындардың бұл тобы да Кенесарының көтерілісіне қосылды. Ал арғын руының рубасысы Шеген Мусин өкімет алдында беделді болғанымен, оның келісімінсіз арғын руының жеріне бекініс салуға рұқсат бергені үшін енді билеуші сұлтандарға қарсы өштік пиғыл көрсете бастады.
Ол 1845-жылы Ахмет Жантөринге былай деп жазды: «Сіз маған алтын алқа бердіңіз. Мойныма таққан соң мен қызға әйелге айналдым, ал барқыт шапан киіп жас жігітке айналдым.. Алтын, күміс ақша алдым. Менің жерімде дала сұлтаны Ахмет бекініс салып, орыстан әскер берді. Не істеуім керек? Мен Ахметке ризамын. Тек қана басымызға шаш қойып, мұртымызды баспай, аузымызға салбыратып жіберу ғана қалды. Оны да істейміз әлі. Біздің дініміз бір, тіліміз бір. Сіз осындай іс жасауға жол бердіңіз. Мен дәрменсізбін. Сіздің патшадан рақым сұраймын деген үәдеңізге біз сеніп қалған едік, бірақ мынадай күтпеген окиға болды және неден болғанын білмеймін. Менің ойымша сен сұлтандықтан, ал мен би болудан бас тартуымыз керек. Мынадай мақал бар: «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады». Біздің кепеміз келісетін емес сондықтан мен өзімді би, сені сұлтан деп ойламаймын. Мен: Ахмет ақылдасатын болар, ойымызды ортаға салармыз деп ойлағанмын. Бірақ бұлай болмады, сондықтан мен өзіммен өзім ақылдастым. Неліктен бұлай? Білмеймін».
Жаппас руына байланысты да осыны айтуға болады. Жаппас руының белгілі бөлігі (қалқаман) 1838-жыл, 1843-жылдары кетеріліске қатынасып, Кенесарыны қолдады. Кенесарыны тек зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегенов пен Алтыбай Көбековтің қол астындағы жаппас руының қазақтары ғана қолдамады, олардың ауылын Кенесары 1845-жылы талан-таражға ұшыратты.
Осы деректің негізінде өкіметтің ресми хабарламаларында жаппас руының көтеріліске қатысуы жоққа шығарылып, Кенесарыны жаппас руының бітіспес жауы ретінде көрсетеді. Бұндай ойдың негізсіз екендігіне деректерге жүгінсек анық көз жеткізе аламыз.
Кенесарының жаппас руын шабуына 1844-жылы осы жаппас руынан зекет жинауға Наурызбайды 100 жасауылымен жіберуі себепші етті. Бұл кезде жаппас руының Алтыбай мен Жанғабыл бастаған қазақтары патшалық Ресеймен тығыз байланыста болып, Қоқан хандығымен де сыбайласа араласты. Жаппастықтар Наурызбай мен оның жасауылдарын иіліп қарсы алып, өздерінен тиісті зекетті жинап беруге уәде етіп, кешке қонақасы беріп, ауыл-ауылға бөліп қондырды. Түн ортасы ауып, жасауылдәр ұйқыға кеткенде, зауряд хорунжий Жанғабыл өзінің сыбайластарын жиып, Наурызбай мен оның жасауылдарын өлтіруге уәделесті. Жанғабыл өзінің ойға алған ісін сәтті аяқтау үшін әрі жақтастарын жігерлендіру мақсатында өзінің соңынан бүлікшілерді жоюға күшті орыс отряды келе жатыр деп хабар таратты, ал кімде-кім көтерілісшілерге қарсы шығудан бас тартса, қатаң жауапқа тартылады деп үрейлендірді. Сондықтан да Жанғабыл кездестірген қандай да болмасын жаппастық оның сөзіне еріп, бүлікшілерге қарсы көтерілді және олардың қолға түскенін қырып-жоя бастады.
Жанғабыл жасауылдарды өлтіріп, Наурызбайдың қасына жақындаған кезде, қастандық туралы хабарланған ол, өзінің бірнеше серіктерімен жасырынып үлгерген еді.
Наурызбайдың жүз жасауылының 95-і қаза тапты, олардың ішінде Кенесарының сүйікті батыры Байтабын да бар еді, ол ұзақ атысып, қатты қарсылық көрсетті, ең соңында оны батпаққа тықсырып, қоршауға алған кезде оққа ұшты. Осы оқиғаға байланысты зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегенов Орынбор Шекара комиссиясына жолдаған хабарында былай деп жазды: «Россияның бодандығына адал боламыз деген антымызға сай және патшамыздың жауларынан кек алу үшін біз қас дұшпандарымыздың 95 адамын өлтірдік».
Кенесарыға Байтабын батырдың өлімі өте қатты батты. Омар Шипин өзінің «Жеті батырдың оқиғасында» сол кезеңде Наурызбаймен бірге болған жасауыл Төлегеннің әңгімесін келтіреді. Кенесары Байтабынның өлгенін естіген соң, өзінің барлық сарбаздарымен бірге 3 тәулік бойы аза тұтады. Төртінші күні батырдың бейітіне ескерткіш орнаттырды. Осы ескерткіш әлі күнге дейін сақталған. Ескерткіш орнатылған жер «Байтабын доңызы», ал көз жұмған жері «Байтабын соры» деп аталады.
Болған оқиғадан кейін Кенесары Жалпақ бастаған өзінің өкілдерін арғын руының басшысы Шеген Мусинге жұмсап, онан жаппастықтармен жоғарыда аталған оқиғаға байланысты бітімге келу үшін араға түсуін және «оған Наурызбайдың өзі кінәлі ме, әлде жаппастықтар кінәлі ме, сол туралы мәлімет жеткізуіне» өтініш жасады.
Сөйте отырып, жаппас руының билерінен есе қайыру үшін Кенесары зауряд хорунжий Жанғабыл мен басқа да қырғынды ұйымдастырушылардың ауылдарына шабуыл жасады. Наурызбайдың жасауылдарының қырғынына себепкер болған Жанғабылдың, Алтыбайдың, сұлтан Омаровтың, ауыл иесі Мырзабек К,ұлмановтың, Ниман Алтыбаевтың біраз малдарын тартып алды. Кейбір кездерде жаппас руының ауылдарына шабуыл жасау барысында Кенесары, елшілерінің өліміне кінәлі болмаса да, бейбіт ауылдарға шектен тыс қатыгездік жасады.
Алайда жаппас руының дені, Наурызбайдың жасауылдарының өліміне қатысы жоқтары, көтерілісшілерді белсене қолдауын тоқтатқан жоқ. Бұған Наурызбайдың жасауылдарына қастандық ұйымдастырушылардың бірі — жаппас Елемес Сұлтанбаевтың билеуші-сұлтан Ахмет Жантөринге берген куәлігі дәлел: «Сұлтан Кенесары К,асымов маған және зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегеновке өткен жылғы Кенесарының жақтастарын өлтіргеніміз үшін өштесуде, ол бізге шабуыл жасамасын деп, ауылдарымызбен Сібір шебіне қарай жылжыдық. Бірақ руластарымыздан 120 ауыл Торғайға қарап бөлініп кетті, біздің қанша бөлінбеуге шақырғанымызға қарамастан, олар Кенесарыдан бас тартпаймыз, себебі, біз оның жақтастарын өлтіруге қатысқан жоқпыз деп жауап берді»,— деп көрсетеді. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: