Реферат: Экономика | Кедейшілік қазіргі қоғамның өзекті проблемасы
Кедейшілік пен жастар арасындағы жұмыссыздық, оларды шешу жолдары.
Тұрғындардың, оның ішінде жас тұрғындардың ең төменгі күнкөріс табысымен тұрмыс кешіп жатқандары көбінесе елдің Атырау, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстарында байқалады.
Ауыл жастарының тұрмыс деңгейі мен сапасының төмендеуі ауылшаруашылығы өнімдерінің түсімімен, жалпы өнімнің қысқаруымен, азық- түлік пен жеңіл өнеркәсіп дамуының тежелуімен тығыз байланысты.
2002 жылдың маусым айында жастар саясаты жүргізген «Қазақстан жастары- 2002: жай- күйі, үрдістері, болашағы» атты әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша ауыл жастарының алдында тұрған өзекті мәселелердің қатарына ауылдағы тұрмыс деңгейінің төмендігі- 50,7 %, жұмысқа орналасу проблемасы- 35,0 % жататындығы анықталды. Аталмыш проблемаларды шешудің нәтижесі жастардың ауылдан қалаға ағылу санының ұлғаюына немесе азаюына және ауыл тұрғындарының жағдайына ықпал етеді. Осы ахуал бойынша 29 % ауыл бозбалалары мен бойжеткендері, ресми және жасырын жұмыссыздықтың кең етек алуына қарамастан, қалаға қоныс аудару ниеттерін білдірген.
2002 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Республика бойынша 16-24 жас аралығындағы жастардың 77 678- і жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарға ықылас білдірсе, осы жылы олардың 31 718- і жұмысқа орналастырылған.
Жұмыссыздық мәселесін шешудің және оның салдары ретінде қаржылық әл-ауқатты көтерудің бір жолы- жеке іс ұйымдастыру. Жастар кәсіпкерлігін дамытудың негізгі шаралары ішінде жас адамдармен айрықшаланғандары: жастар кәсіпкерлігіне несие жеңілдігін беру- 33,1 %, жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау үшін арнайы органның құрылуы- 11,4 %, кедендік және салықтық салмақтың төмендігі- 10 %.
Кедейшілік пен жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін қарастыра келе, төмендегідей қорытындылар шығаруға болады :
• Республикадағы кедейшілік деңгейін, тұрғын халықтың ең төменгі күнкөріс табысын, тұрмыс жағдайы нашар жас отбасыларының деңгейін анықтау мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектермен қамтамасыз етуге елеулі ықпалын тигізеді;
• Кедейшіліктің алдын алу шараларының нәтижесінде ғана тұрғын халықтың тұрмысын түзеуге бағытталған іс- шараларды жүргізуге, әсіресе жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту жылдарын іздестіруге күрделі әлеуметтік- экономикалық жағдайдан шығу жолдарын анықтау.
Жас ауылдықтардың пікірлерінше, олар қалаға тұрақты жұмысқа орналасу ( 13,3 %), жайлы тұрмыс кешу ( 10,5 %), қосымша табыстар табу (6,9 %) мүмкіншілігіне ие болу үшін қоныс аударады.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, өздерін бай отбасылар қатарына жатқызатындардың жан басына шаққандағы орташа айлық шамамен 20 000 теңгені, қамтамасыз етілгендер қатарындағыларда 15 000 теңгені, табысы аз отбасыларында 1 000 теңге көлемін, кедейшілік деңгейінде тұратындарда 600 теңгені құраған.
Кедейшілік проблемасын сәтті шешуде келесі басымдылықтарды көрсетуге болады:
• Ұсақтауарлы ауылшаруашылық өнімдерінің жоғарылығын арттыру тек қана фермерлерге жоғары табыс әкеліп қоймай, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, сондай- ақ тамақ өнімдеріне деген бағаның азаюына мүмкіндік туғызады;
• Жұмыссыз жастарды әлеуметтік қорғаудың бірден- бір көзі жастарға жәрдемақы төлеу, жергілікті бюджеттен материалдық көмек көрсету;
• Жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету.
Аймақтық деңгейде жұмыссыздардың ең көп пайызы Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Қостанай облыстарында байқалған, яғни аталмыш облыстардағы жұмыссыздық дәрежесі республикалық деңгейден жоғары.
Кедейліктің құрылымы.
Кедейлердің әлеуметтік құрылымында өзгерістер пайда болды. Кедейлер табы қазіргі кезде жеке басты аналармен, көп балалы аналармен, зейнеткерлермен, мүгедектермен ғана емес, еңбекке жарамды адамдармен де толығуда. Қазіргі кезеңдегі кедейлер қатарында келесі топтар бар:
- еңбекке жарамсыз кедейлер;
- еңбекке жарамды кедейлер;
- әрекет етуші кедейлер;
- әрекет етпейтін кедейлер;
- дәстүрлі кедейлер;
- жаңа кедейлер.
Дәстүрлі кедейлер тобына дүние жүзінде мына топтарды жатқызады:
• зейнеткерлер;
• мүгедектер;
• көп балалы отбасы;
• солдаттардың жесірлері,
• кішкентай балалары бар жас отбасылары;
• жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;
• қашқындардың отбасы.
Жаңа кедейлер тобына ресми жұмыссыздар, жалақысы өте төмен бюджеттік саланың өкілдері, ауыл тұрғындарының басым көпшілігі, еріксіз демалыстағы жұмыскерлер, тұрғындардың жаңа нарықтық жағдайға бейімделе алмаған бөлігі артта қалған қалалардың және экологиялық қолайсыз аймақтардың тұрғындары, оралмандардың экономикалық тәуелсіздік пен жағдайға жете алмаған бір бөлігі, таяу шет елдерден келген босқындар мен қайыр сұраушылар және т.б. жатады.
Қ.Мұхтарова Қазақстандағы кедейлердің кейбір ерекшеліктерін атап көрсетеді:
Біріншіден, көптеген адамдардың кедейленуінің себебі жалақының және де басқа да төлемдердің уақытында берілмеуі, қосымша жинақтың болмауы.
Екіншіден, Қазақстандағы кедейлер өзінің сапалық құрамымен ерекшеленеді, олардың қатары маманданған жұмысшылармен, білімді мамандармен, интеллигенция өкілдерімен, яғни сапалы жұмыскерлермен толығуда. Олардың көбі тұрғындардың негізінен дені сау және еңбекке жарамды бөлігі.
Қазақстанның қазіргі әлеуметтік құрылымында бірнеше топтарды көрсетуге болады:
1. Табыс деңгейі төмен және материалдық жағдайы нашар адамдар;
2. Кәсіби дайындығының ескеруіне не жеткіліксіздігіне сауаттылық деңгейінің төмендігіне, тұрған елдің мекеніне байланысты;
3. Табыстың кемуі мен шығынның үнемі өсуіне алып келетін күтімді қажет ететін кәрі адамдарды не ауру адамдары бар отбасылары және балаларын өзі тәрбиелеуші жалғыз басты аналар.
Мемлекеттің кедейлікпен күрес шаралары.
Кедейлік жою саясатына байланысты мынадай тұжырымдарды ескеру қажет:
1. кедейлікті азайтудың анықтаушы факторы ретінде экономиканың тұрақтануы мен дамуы есептеледі.
2. әлеуметтік саясат адрестік көмек беру жүйесін жетілдіруі және мемлекеттің қолдауына мұқтаж топтарды анықтауы қажет.
3. жұмыссыздық мәселесі, әсіресе әйелдер арасындағы кедейлік шегінен төмендеңгейде өмір сүрушілер.
Кедейлікті жеңу, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру- Қазақстан алдындағы стратегиялық мақсаттардың бірі. Кедейлік мемлекеттің экономикалық әлсіздігін көрсетеді және саяси тұрақсыздықтың басты себебі болып табылады. Кедейлікпен күресуде келесі принциптерді атап көрсетуге болады:
- Мазмұндық принциптер. Оған гуманизм, демократизм, заңдылық, әлеуметтік белсенділікті ынталандыру, әлеуметтік әділеттілік, қоғамдық, топтық және тұлғалық мүдделердің біріне- бірі қайшы келмеуі, әлеуметтік қызмет көрсетуде және мемлекеттік кепілдіктерді белгілеуде азаматтардың құқықтарын сақтау, көмек көрсетуде нақты адамға көмек көрсету бағытына сүйену.
- Ұйымдастыру принципі. Шаралардың орындалғанын бақылау осы жұмыстарға жауапты мамандардың өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерінің құқықтары мен міндеттерінің бір болуы кешенділік, т.б.
- Психологиялық- педагогикалық принциптер. Кедей адамдарға жан ашу, олардың белсенділігін ынталандыру, мақсатты бағыттылық, шаралардың үздіксіздігі, кедейлермен жұмыс істеуде олардың психологиясын, жастық, жыныстық ерекшеліктерін, менталитетін ескеру.
Кедейлік- көп мағыналы, қарама- қайшы түсінік. Кедейлікті тамақ, баспана сияқты материалдық ресурстар тұрғысынан ғана түсінуге болады. Сонымен қатар, өмір сапасын да ескеру керек. Оған тұрғындардың денсаулық жағдайы, таза сумен, су құбырымен, канализациямен, жылу беру жүйесімен қамтамасыз етілуі немесе оған қол жетпеуі кіреді.
Кедейлік бүгінде өмір сүру деңгейінің көрсеткіш ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ұшығуы қоғамның әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуына алып келеді. Дүние жүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Нақтылай айтсақ, қазір 1,3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Соңғы отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің ара салмағы 3011-ден 6111-ге дейін өсті. Бүкіләлемдік банктің 2000 жылғы есебіндегі мәліметтерге сәйкес, алдағы 20 жылда жер бетіндегі халық саны 2 миллиард адамға көбейеді. Сонымен қатар, әлемдегі кедейлер саны 2,8 миллиард адамды құрайды, жер бетінің әрбір 7-ші адамы азық- түлік жетіспеуі жағдайында, әрбір 5- ші адам күніне 1 доллардан төмен ақшаға күн кешіп отырғандығы көрсетілген.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Орысбай Әбділдаұлы
» Реферат: Экологиялық демография
» Реферат: Экономика | Кедейлік ұғымы онымен күрес тәжірибесі Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жолдары
» Реферат: Экономика | Қазақстандағы ауыл халқының қалаға көшуі
» Реферат: Экономика | Қазіргі кездегі демографиялық проблема

Іздеп көріңіз: