Реферат: Психология | ЗЕЙІН
Егер адам қабылдағанына, не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біздің бір затқа қарасақ та оны байқауымыз немесе нашар көруіміз мумкін. Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін естіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер біздің бар зейініміз басқа бір нәрсеге аударылып отырса, бір жеріміздің ауырып отырғанын сезінбеуіміз де мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңілін аударса, оның екжей-текжейіне дейін бәрін біледі және ісі жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз.
Зейін дегеніміз не?
Зейін дегеніміз — сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.
Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.
Зейін субъектінің айналадағы дүниеге жақсы хабардар болуымен байланысты және оның адам психикасында неғүрлым толық және айқын бейнеленуін қамтамасыз етеді. Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің оқушылардың зейінін қаншалықты окуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады; оның үстіне балалардың сабақта зейінін сала жұмыс жасауы класта тәртіптің болуын да қамтамасыз етеді.
Белгілі бір затқа зейін аударылса, ол біздің санамыздың төрінен орын алады, қалғандарының бәрі бұл кезде нашар қабылданады, айқын болмайды (бейнелеп айтқанда қабылдаушының «шет пұшпағында» қалып қояды). Мұнда біздің зейініміздің бағытталуы өзгереді. Мынадай бір жағдайды еске алайық. Оқушы кітап оқып отыр, оның барлық зейіні кітаптың мазмұнына ауған. Ол бөлмеде сөйлеп тұрған радионың даусын естиді. Кейбір сөздер оның санасына жетіп жатады. Енді радиодан футбол матчы туралы репортаж беріле бастады, баланың зейіні түгелімен радио хабарына ауды, ал оның жезі кітаптьің әр жолдарына жылжып кетіп отыр-ады. Сөйтіп шәкірт кітаптың бірнеше беттерін «оқып» шықты, бірақ онда жазылған сөздердің мағынасы оның санасына барып жетпейді.
Зейін әдетте шәкірттің бет құбылысынан, отырысынан, қозға-лысынан (кітаптағы қосымшаны қараңыз) білінеді. Зейін қойып отырған тыңдаушыны зейін салмай отырған тыңдаушыдан айыру қиын емес. Бірақ кейде шәкірт мұғалімді тыңдап отырған сияқты пішін көрсетеді, ал шындығына келгенде оның ойы класта болып жатқандардан тыс, басқа жақта болады.
Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін койып немесе зейін аудармай қараймыз, тыңдаймыз, (яғни қабылдаймыз), ойлаймыз (яғни ой жүгіртеміз) немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп, зейін әр түрлі психикалық процестердің тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады.
Адам ояу кезінде бір іс-әрекетпен шұғылдануымен (бір нәрсе істейді немесе бір нәрсені ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәрсеге аударылады. Егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның зейіні басқа нәрсеге ауып отырғаны.
ЗЕЙІННІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бұл үлкен ми сыңарлары қыртысында екі процестің қазу және тежелу процестерінін, болып отыратындығы туралы айттық. Адамның зейіні бір нәрсеге ауса, бұл демек, оның ми қыртысында қозу ошағы пайда болды деген сөз. Мидың басқа учаскелері бұл кезде тежелу куйінде болады. Бұл нерв процестерінің индукция заңы бойынша болып отырады. Сондықтан бір нәрсеге көңілі ауған адам бұл кезде басқа еш нәрсені байқамауы мүмкін. Павловтың сөзі бойынша үлкен ми сыңарларының оптимальдық қозудағы учаскесінде жаңа шартты байланыстар оңай жасалады.
Мидың басқа учаскелерінің іс-әрекеті адамның бұл кезде әдетте түсініп болынбаған, өзінен-өзі жүріп отыратын деп аталатын іс-әрекетімен байланысты болады.
Ми сыңарлары қыртысындағы қозу бір пунктте бекітіліп қалмайды, үнемі ауысып отырады. Бұл процесті Павлов бейнелеп былай деп жазды: «Егер бас сүйегінен көз өтіп кере алатын болсақ, егер үлкен ми сыңарларының оптимальдық қозудағы орны жарық болып тұрса, онда біз ойға шомған саналы адамда оның үлкен ми сыңарлары бойынша форма жағынан да, мөлшері жағынан да үнемі өзгеріп тұратын жарық дақтың ғажаптанарлық теріс кескінін, оның ми сыңарлары қалған басқа кеңістігінде едәуір көлеңкемен қоршалып тұрғанын керер едік».
Зейіннің пайда болуы үшін барлау рефлексі деп аталатынның маңызы зор. Ол — қоршаған ортаның қандай да болса өзгеруіне организмнің туа біткен реакциясы. Бұл рефлекс адамдарда да, жануарларда да болады. Бөлмеде сыбдыр естілді, мысық жүнін үрпитіп, қауіптене түсті де, дыбыс естілген жаққа қарай елеңдеп, құлағын тікті. Сабақта оқушылар мұғалімнің сөзін көңіл қоя тыңдап отыр. Бір кезде кластың есігі жайлап ашылды, әңгімеге берілген барлық оқушылардың да, мұғалімнің де беті еріксіз есік жаққа қарай бұрылды. Бұл рефлексті Павлов бейнелі түрде «немене?» деген рефлекс деп атады.
Кейде айналадағы ортада болатын болмашы өзгеріске қауіптене үрпию қабілеті болуының себебі — үлкен ми сыңарларында ретикулярлық формацияны үлкен ми сыңарлары қыртысының әр түрлі учаскелерімен жалғастырып жататын нерв жолдарының жүйесі болуында. Осы жүйемен жүріп отыратын нерв импульстері сигналдармен бірге сезім органдарынан шығып, ми қыртысын қоздырады, оны болады деп күтілетін кейінгі тітіркендіргіштерге көңіл аударуға дайын болу күйіне келтіреді. Сөйтіп, ретикулярлық формация анализаторлармен (сезім органдарымен) бірге, зейіннің бастапқы физиологиялық негізі болып табылатын барлау рефлекстің пайда болуын қамтамасыз етеді.
ЗЕЙІННІҢ ТҮРЛЕРІ
Ырықсыз зейін. Егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны мағынан қызықты болып келсе, көрнекі құралдар қолданылса оқушылар педагогтің сезін өздері-ақ ұйып тыңдайды, көрсеткендерін көңіл қоя қарайды. Мұны ырықсыз зейін деп атайды. Ол көбінесе адамда өзін қыстап, зорламай-ақ өзінен-өзі болатыны былай тұрсын, сонымен қатар бір нәрсені көруге, естуге т. с. с. алдын ала ниеттенбесе де пайда болады. Сондықтан зейіннің бұл түрін алдын ала ниеттейбеген зейін деп атайды.
Ырықсыз (алдын ала ниеттенбеген) зейіннін, физиологиялық негізі адамды қоршаған ортада болып жатқандарға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлексі болып табылады.
Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады? Ең алдымен күшті тітіркендіргіштерден пайда болады. Мысалы күннің құлақты тұндыра күркіреуі немесе мылтықтың жақыннан атылуы қай адамды да олардың дауысына еріксіз назарын аудартады. Тітіркендіргіштердін; салыстырмалы күшінің маңызы зор. Түнгі тыныштықта шыйдан шамалы сыбдыр да адамның кеңілін аударады.
Адамның көңілін аудару ушін тітіркендіргіштердің күтпеген жерден пайда болуы, олардый; күші онша үлкен болмаса да маңызды келеді. Қозғалыстағы заттар, сондай-ақ жаңалық, әдеттетілердің өзгеруі адамның назарын аудармай қоймайды. Мысалы, сабақта жаңа көрнекі құралдардың пайдаланылуы оқушылардың рларта зейін аударуын күшейте түседі. Қарама-қарсы (контраст) заттар мен құбылыстар да осылай әсер етеді, мысалы ұзын адамның қасында бойы қысқа адам тұрса, бірінші адамға көңіл аударылады.
Ырықсыз зейіннің аударылуына адамның ішкі жан-дүниесі күйінің маңызы зор. Қарны ашқан адам ас үйден шыққан тамақ иісін сезе қояды, ал тамағы тоқ адам ол иіске зейін аудармайды.
Бізді қызықтыратын нәрселердің бәрі бейімділік пен талғамымызға қарай сезім органдарына әсер етеді, біздің зейінімізді еріксіз аудартады. Қызықтыруда, ең бастысы зейіннің сақталуында адамның бастан өткен тәжірибесінің маңызы үлкен.
Ырықты зейін. Ырықты зейін дейтіннің еитіаты баеқаша келеді. Бұған себеп болатын нәрсе — адамның бір мақсатты алға қоюы, бір нәрсені қабылдауға немесе істеуге ниеттенуі болады. Зейіннің бұл түрін сондай-ақ алдын ала ниеттену зейіні деп атайды. Оқушы есеп шығарып жатады, оған сол есепке ақыл-ойын жұмылдыру қиын, бірақ ол өзін-өзі соған зорлайды, шарттарына зер салады, ойға шомады. Қөбінесе сыртқы тітіркендіргіштер оның көңілін басқа жаққа аударып жібереді, бірақ ол ерік күшімен жұмысқа өзін-өзі зорлап кендіреді. Ырықты зейін адамда еңбекке жұмылу нәтижесінде пайда болды, сондықтан оның жігерлілік сипаты бар.
«Еңбек үстінде, оған қатысты органдарға күш түсумен қатар,— деп жазды Маркс,— еңбек етіп жатқан уақыттың бүкіл өн бойында зейін аударуда бейнеленетін мақсатқа сәйкес ерік күші де қажет».
Үйреншікті зейін. Бірқатар психологтар зейіннің тағы үшінші түрін айырып көрсетеді, бұл белгілі бір ерік күшін жасағаннан кейін адам жұмыстың «байыбына барып», өзін оған оңай жұмылдыра алатын кезде пайда болады. Мұндай зейінді совет психологі Н. Ф. Добрынин үйреншікті (туынды) зейін деп атады, өйткені ол әдеттегі, ырықты зейіннің орнына келеді. Зейіннің бұл түрі ырықсыз зейіннен өзгеше: адамның саналы мақсаты болады, сол үшін ол бар күш-жігерін жұмылдырады. Бірақ үйреншікті зейінді ырықты зейінмен бірдей деп санауға болмайды: бұл ерекше ерік күшін қажет етпейді. Үйреншікті зейіннің оқу жұмысында маңызы зор, оқу жұмысының бас кезінде мектеп оқушысында кебінесе ырықты зейін болады. Келе-келе сабақ баланы баурап алады, ол басқа жаққа көңіл аударуды қойып, бар ықыласымен оқуға кіріседі.
Егер ырықсыз зейіннің пайда болу шарты, жоғарыда айтылғандай, сыртқы тітіркендіргіштердің сапасы, әсіресе адамның ішкі жай-күйі (оның мұқтажы, ықыласы т. с. с.) болса, ырықты зейіннің пайда болуы және оны қолдау үшін іс-әрекетке саналы көзқарастың болуы қажет. Бірақ кейде мынадай жағдай да болады: саналы көзқарас жасалған, мақсат айқын, ол мақсатқа жету мүлде қажет деп саналады, солай бола тұрса да, жұмысқа күш-жігерін жұмылдыра алмайды. Мұндай жағдай өзін-өзі билей ал-майтын, зейін қою үшін белгілі бір күш-жігер жұмсауға дағдыланбаған адамдарда болады.
Бұл көрсетілген шарттардың үйреншікті зейіннің пайда болуына да қатысы бар. Рас, бұл зейіннін, тууы аз қиыншылықпен жүзеге асырылады. Мұнда көбінөсе дағдылану үлкен роль атқарады, соның арқасында адам жұмысқа тез беріледі де, оған өзінің күш-жігерін жұмылдырады.
ЗЕЙІННІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Зейіннің кейбір ерекшеліктері (немесе қасиеттері) болады, бұл әр адамда әр түрлі дәрежеде бейнеленеді.
Кейде адам жұмысқа не бақылауға сондай беріліп кетеді де, басқа нәрсені байқамайды. Бұл — зейіннің қасиеті, ал зейіні аударылған нәрсеге берілу, мұны зейіннің бөлінуі (немесе шоғырлануы) деп атайды.
Зейіннің маңызды қасиеті — оның тұрақтылығында, басқа імрсеге көңіл аууына берілмеуінде, осының арқасында адам белгілі бір затқа немесе әрекетке ұзақ уақыт көңіл аударып шұғылдана алады.
Егер бір нәрселердіқ суретін салған, не цифрлар немесе әріптер жазылған плакатты көпшілікке сәл ғана көрсетсе, біреулері — ондағы объектілердің көбін, екіншілері — азын есіне сақтап, айтып береді. Алдыңғыларда зейін аумағы үлкен, яғни бір мезгілде қабылдайтын заттар саны көп, соңғыларында аз. Егер қабылданатын объектілер бірімен-бірі байланысты болса (мысалы, әріптерден құралып сөз жазылса) онда адамнық байқап қалатын объектілерінің саны көп болады.
Бізге көбінесе назарымызды бір затқа ғана аудармай, бірнеше затқа аударуға, қатарынан екі-үш әрекет жасауға тура келеді. Мысалы, мұғалім өзінің назарына бір ғана баланы алмайды, 30—40 оқушыны, олардың не істеп жатқанын және мінез-құлқын байқауға, оқушының жауабын зер салып тыңдауға, оның тақтаға не жазғанына қарауға, жұмысын бағалауға, сабақтың жалпы өту барысын байқауға, уақытты, белгіленген жоспардың орындалуын т. б. қадағалауға тиіс. Қатарынан бірнеше заттарды немесе әр түрлі әрекеттердің орындалуын қадағалау зейіннің ерекше қасиетін, оның белінуін сипаттайды.
Тек мұғалімнің жұмысы ғана емес, көптеген басқа мамандықтарда да зейінді дұрыс бөле білуді керек етеді. Мұның қатарына шофердың, ұшқыштың, диспетчердің және көптеген басқа мамандардың еңбегін жатқызуға болады. Мұғалімнің түсіндірмесін жаза отырып, оқушы да өзінің зейінін белуге тиіс, өйткені ол мұғалімнің айтқан сөйлемін жазумен қатар, онан әрі не айтатынын тыңдауға тиіс.
Зейінді бөлгенде қатарынан орындалатын әрекеттердің ең болмағанда біреуін білудің маңызы зор. Көбінесе адам бұлардың біреуіне зейінін аударады, басқалары өзінен-өзі дерлік орындалып жатады.
Іс-әрекет барысында адамға өзінің зейінін бір объектіден екінші объектіге, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіріп отыруға тура келеді. Зейінді жаңа объектіге саналы түрде көшіруді оның ауыстырылуы деп атайды. Ауыстырылудың табысты болуы және алдыңғы іс-әрекеті мен соңғы іс-әрекетінің ерекшеліктеріне және адамның жеке қасиеттеріне байланысты болады. Егер алдыңғы жұмыс үлкен ықыласпен істеліп, соңғы іс-әрекеті ондай ықыластылықты туғыза алмаса, онда зейін ауыстыру қиынға түседі. Егер, керісінше, адам жаңа жұмысқа бар ықыласымен кірісетін болса, онда оның зейіні оңай ауысады.
ЗЕЙІННІҢ ШАШЫРАҢҚЫЛЫҒЫ
Мұғалімдер оқушылардың зейіні шашыраңқы келетіндігін көп айтады. Бұлай болудың себебі — балалар зейінін жұмысқа дұрыс жұмылдырмайды. Зейін шашыраңқы болса, адамның санасы бір бағытқа аударылмайды, бір заттан екінші затқа ауысып отырады, яғни шашыраңқы болады.
Зейін шашыраққылығының екі түрін айырып қарайды. Бірінші түрі — зейінніқ жалпы тұрақсыздығының нәтижесі. Бұл жас балаларда болады. Бұл нерв системасының әлсіреуінің немесе қатты шаршаудың, ұйқысы қанбаудың т. с. с. нәтижесінде ересек адамдарда да болады. Зейін шашыраңқылығының мұндай түрі зейінді жұмылдыра білу дағдысы болмағандықтан пайда болады.
Зейін шашыраңқылығынын, екінші түрі мүлде басқаша сипатта болады. Ол адамның зейінін бір нәрсеге жұмылдырып, сондықтан басқа ешнәрсені байқамайтындығынан туады. Зейіннің мұндай шашыраңқылығы өз ісіне берілген адамда болады.
ЗЕЙІНДІЛІК-ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚАСИЕТІ
Егер адам бәрін де көңіл қоя істеуге әдеттенсе, онда зейін оның тұрақты ерекшелігіне айналып, зейінділікке ұласады, бүл жеке адамның қасиеті ретінде адамның жалпы психикалық тұрпатында үлкен маңыз алады. Мұндай қасиеті бар адам байқағыш келеді, айналада болып жатқандарды жақсы қабылдауға қабілетті келеді. Зейінді адам болып жатқан уақиғаларға тезірек түсінеді, көбіне оларға тереңірек тебіренеді, оқып үйренуге қабілетті келеді; оның ықылас қоятын заттары зейінділігі кем адамнан көбірек, кеңірек болады.
Зейінділік зейін қасиеттерінің: оның көлемі мен бір нәрсеге берілуінің, тұрақтылығы мен бөлінуінің күшті дамуымен байланысты. Бұл қасиеттерге ие адам бір затқа зейінін оңай жұмылдырады, оның ырықсыз зейіні жақсы дамыған болып келеді. Тіпті жұмысқа ықыласы аумаған күннің өзінде де зейінді адам ырықсыз зейінін тез жұмылдырады, өзін қиын және ықыласы аумаған істерге де тез көндіре алады.
Әдетте көрнекті ғалымдар, жазушылар, өнер тапқыштар, жақсы педагогтар, тегі творчество адамдары зейінділігі жағынан ерекшеленеді.
Атақты табиғат зереттеуші Чарлз Дарвиң өмірбаянында былай деп жазған: «Адам зейіні ауа бермейтін заттарды аңғару және оларды мұқият бақылау жөнінде мен әдеттегі адамдардан басымырақпын». Өзінің лабораторияларында жасалған тәжірибелердің бәрін әрқашанда өте зер салып қадағалаған И. П. Павловтың да өзі туралы осылай деп айтуына болар еді. Сондықтан ол жеке эксперңменттердің нәтижелерін, екжей-текжейлерін тіпті бұларды тікелей жүргізген қызметкерлерінен артық білген.
Айналадағы өмірге жазушылар Л. Н. Толстой, А. П. Чехов, А. М. Горький, К. Г. Паустовский және басқалардың зейінділігі күшті болған. Олар адаммен бір кездескеннен кейін-ақ оны терең суреттеп жаза алады.
Жалпы барлық нәрсеге емес, белгілі бір заттарға, құбылыстарға -зейінділік жеке адамньщ бағыттылығын көрсетеді. Психикалық процестерге белгілі бір өң бере отырып, зейінділік адамды белгілі бір дәрежеде жеке адам ретінде сипаттайды. Егер біз бір адамның әр нәрсені білуге құмарлығын, тез түсінетінін, тапқырлығын, екінші адамның, керісінше, айрықша белгілі бір нәрсеге көңіл бөлетінін, үшінші біреудің бір нәрсеге, кейде екінші бір нәрсеге әуестенетінін көрсек, біз олардың мінез-құлықтарына, темпераменттеріндегі көп нәрселер жеке адамдардың ерекшеліктері ретіндегі олардың зейінділігінің дамуымен байланысты екен деген қорытындыға келеміз.
Ақырында, бұл сапа адамның моральдық қасиеті болады, бұл оның басқа адамдарға ілтипатты қарым-қатынасында, кішіпейілділігінде, өзгелерге қамқорлығында, қайырымдылығында, басқа кісінің ерекшеліктерін, мұқтаждарын, мүдделерін, қажеттерін білуде керінеді. Керісінше, кейде адамнық басқаларға салқын қарауының, оларға назар салмауының себебі олардың хал-жайын байқамауынан болады, сондықтан оларға көңіл аудармайды. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: