Реферат: Физиология | Нәпсілік қатынас және денсаулық
Дені сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым – ВАЛЕОЛОГИЯ жөнінде сөз қозғағанда жалпы денсаулықтың сондай маңызды бөлігі - өрбіту саулығын (репродуктивтік өрбіту, көбейту) тыс қалдыру мүмкін емес.
БДҰ (ВОЗ) анықтамасымен өрбіту саулығы – бұл кәдімгі табиғи ақыл-ой қуаттың бар кезде дені сау ұрпақ тудыру, өрбіту үрдісін жүзеге асыру. Өрбіту саулығы – бұл отбасы, біздің қоғамымыздың негізі. Ол өрбітер кезеңдегі денсаулық қалпын көрсетіп қана қоймай (әйелдерде 15-тен – 45-ке дейін, ерлерде 13-тен 55-ке дейін), сонымен қатар балалық шақтағы, бозбала кезде-гі, өрбіту кезеңінен кейінгі тұстағы денсаулықты да айна қатесіз білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында:”Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында” деп жарияланған.
Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тамағына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл-тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орындары, денсаулық сақтау орталықтары, бала тудыратын үй т.б.) қызметін пайдалануға байланысты.
Өрбіту саулығын сақтау қызметі мыналарды ескертеді:
1. Отбасын жоспарлау бойынша түсініктемелер беретін ақпарат, ағарту жұмысы, қызмет ету орындары (екіқабат әйелдерді қарайтын консультациялар, бала тудыратын үй, отбасын жоспарлау орындары т.б.).
2. Ағарту ісі және жүкті әйелдерге медициналық қызмет көрсету орындары (ФАП, ауыл амбулаториясы, әйелдер консультициясы, әйелдер босанатын үйлер).
3. Бала туу мезгілінде қалыпты жағдаймен қамтамасыз ету, босанғаннан кейін нәрестені омыраудан емізуіне жағдай жасау.
4. Бедеуліктің алдын алу, оны емдеу.
5. Жыныс жолдары ауруларының жыныстық қатынастардан туындайтын жұқпалы аурулардың, өрбіту саулығының басқа қолайсыз жағдайларынан болатын аурулардың алдын алу, оларды емдеу.
6. Ақпаратты білім беру, адамның нәпсілік қатынастардағы өрбіту денсаулығы және бала туу, тудыру жауапкершілігіндегі байланыс қалпы, яғни өрбіту саулығын сақтау ісінің тәсілдері, амалдар және қызметтердің ір-гелес үйлесімімен анықталынады. Осы үйлесімділік өрбітусаулығымен бай-ланысты проблемалардың алдын алып, шешімдерін таба отырып, өрбіту саулығының өз қалпында сақталуына жағдай жасайды.
Өрбіту саулығын сақтау орындарының жоғарыда аталып өтілген қызмет түрлерімен және онымен байланысты ақпаратты пайдалануға әрбір адам құқылы. Бұл біздің мемлекетіміздің ұлттық саясаты болып табылады. Бұл құқықтар:”өз балаларының саны, туу аралығы мен туу уақытын өз еркімен анықтау өрбіту құқықтары болап аталынады. Бұл салада жыныс теңдігінің құқығы неке қию, отбасын құру құқығы, жекелей өмір кешу және отбасы өмірін дамыту құқығы, ақпарат пайдалану, білім алу құқығы сақталынады”. (Халықты орнықтыру проблемаларына арналған Каирда өткен халықаралық конференциясының материалынан.1994ж.)
Өрбіту саулығының өзекті тұсы – отбасын жоспарлау, ол:
- өз нәпсілік өмірін бақылауға алуға, жыныстық қатынастармен таралатын жұқпалы аурулардың (ВИЧ, СПИД) инфекциялардың алдын алуға мүмкіндік береді;
- нәспілік білімді дамыту үрдісіне белсене қатысуға, әлеуметтік деңгейіңді өсіруге мүмкіндік туғыза отырып, өзіңнің өрбіту қабілетіңді дамытуды жоспарлауға ыңғай тудырады;
- екі қабат болған кезде қатердің төрт түрінен сақтайды:
а) жасөспірім жүктілігінен;
б) 35 жастан кейінгі жүктіліктен;
в) кішкене ғана үзілістен (екі жылдан кем) аяқ ауырлығынан;
г) ықылассыз жүктіліктен ана өмірін қысқартып, мүгедектіктен сақтап, қатері бар бала тастаудан (аборттан), сөйтіп, нәресте өлімінің деңгейін төмен түсіреді.Отбасын жоспарлау екі бөліктен құралады. Отбасын жоспарлау қызметі және отбасын жоспарлау тәсілдері. Отбасын жоспарлау тәсілдері өте көп, солардың ішінде бұл жолы ең маңыздылары қаралады.
Әдістемелік ұсынылымдар бойынша ұрықтандырмаудың тәсілдері:
1. Физиологиялық тәсіл. Әйелдердің айлық менструалдық циклінің ұрықтануға “қауіпті” күндерін анықтауға негізделген. Расында да, 28 күнге созылатын менструалдық циклдің санаулы күндерінде ғана ұрықтануға жағдай туады. Ол жұмыртқа клеткасының пісіп, жыныс безінен жарылып шыққан күні (овуляция күні). Егер де менструалдық цикл 28 күнге созылатын болса, оның тек 3 күні ғана ұрықтануға арналған. Бұл 3 күн әр әйелден циклдің 10-шы күнінен бастап, 17-ші күнінің арасында болмақ. Бұл әдістің құндылығы әр кімнің овуляция күнін дұрыс анықтауына байланысты болады.
2. Ұрықтандырмас гармондық таблеткалар. Әйел гармондарынан турады. Әсер ету механизмі (сыр-сипаты) гормондар овуляцияға кедергі жасайды, жұмыртқа жасушаларын шығармайды, жатыр ішіне сперматозоидтардың өтуін қиындатады. Ұрықтандырмас (контрацептивтік) гормондардың жүктіліктен сақтау әсері 100%. Әр таблеткадағы эстрогендер мен прогестерондар деңгейінің арақатынасына байланысты бір-екі және үш күнділік түрлері болады. Бір күнділікке коптинуин, регивидон, марвелон; екі күндікке – антесвин, үш күнділікке – тризистон, триквилар жатады. Мына жағдайда бұлар қолданылмайды:
- веналардың варикоздық созылуында, тромбофлебит ауруларында, бұрын тромбоэмболия болған болса;
- бауырдың созылмалы ауруларында;
- бас ми тамырларының және көздің тор қабығының ауруларында;
- темекі тартушылар мен жасы 35 –тен асқандарда;
- емізетін баласы болса;
- отосклероз болса.
Ұрықтандырмас гормондарды инъекциялау (шприцпен енгізу). (“Депо - проверс”) 3 ай бойы ұрықтандырмас әсер ететін прогестерон гормонын қолдану. Бұл тәсілді балалары бар және болашақта бала туғысы келмейтін әйелдер қолдануына болады.
3. Жатыр ішіне енгізілетін контрацвтер:
Бұлар жұмсақ, майысқақ пластмассадан дайындалған спирал. Кейде мыстан жасалған кішкене жіпшемен қоршалады не прогестерон гормонымен қанықтырылады. Спиралды жатыр ішіне дәрігер-акушер гинеколог енгізеді. Спираль жұмыртқа жасушасының жатыр кенерісіне бекітілуіне кедергі жасайды.
Мына жағдайларда қолданылмайды:
- ұзаққа созылатын жатыр айналасындағы құрылымдар мен жатыр мойнының және жатырдың ішкі қабатының қабынулары;
- менструалдық цикл бұзылса;
- қанның ұю қасиеті бұзылса;
- жыныс мүшелерінің аномалиясы (қалыптан өзгеше болуы);
- әйел жүкті болса.
4. Презервативтер. Бұл ерлер қолданатын ұрықтандырмайтын механикалық әдіс. Бұл әдіс 400 жыл бойы қолданылып келеді. Алғашқы кезде жұқпалы жыныс ауруларынан сақтану ретінде қолданылған. Дұрыстап пайдаланылса, бұл әдіс керексіз жүктіліктен сақтану үшін де қолданылады. Жұқа резеңкеден немесе латекстен жасалады. Соңғысы СПИД вирусынан да сақтайды. Контрацепция амалы ретінде тиімділігі 90-98% орайында.
5. Спермицидтер. Бұл әйелдер қолданатын химиялық әдіс. Кремдер, көпіршіктер немесе қоймалжың заттар құрамында сперматозоидтарға қатерлі әсерін химиялы заттары болады. Бұл 80-90% сәттерде сперматозоидтарды жатырға түсірмейді. Осындай әсері бар паста, таблетка, балауыз шам тәрізді (свеча) “фарматекс” деп аталатын дәріханаларда кездесетін дәрілерде болады. Спермацидтер жыныс қатынасынан 10 минут бұрын қолданылады. Бір сағаттан соң керекті қасиеттерін жоғалтады. Тиімділігі 75-80 %.
6. Стерилизация. Жатыр түктерін байлау деп аталатын жұмыртқа жасушасы жатырға өтіп кетпеу үшін әйелдерге жасалатын хирургиялық операция. Еркектердегі оташылық сылу (вазэкотомия) ұрық жіптіктеу жолшықтары кесіледі не байланады. Бұл аталық бездерінен толық жетілген ұрықты туындатар шәуәттің келуіне тосқауыл болады. Тиімділігі 100%.
7. Ұрықтандырмас инплантаттар. Силиконды резеңкеден істелген 5-6 капсулалар әйел қолы терісінің астына кіргізіледі. Тәсіл прогестерон гормонының біртіндеп қанға сіңу және бөліну үрдісіне негізделген. Капсулалар сезілмейді. Оларды қай уақытта болмасын алып тастауға болады және олардың әсері 5 жыл бойына созылмақшы. Бұл тәсілдің тиімділігі 100% шамасында.
Бірақ қажет емес жүктілік жастар үшін жыныстық құмарлықтың шешуді керек қылатын басты мәселесі емес. Мұнан басқа да соңғы жылдары жыныстық қатынас арқылы таралатын жұқпалы аурулардың өсуі мен бірге арақ ішушілік (алкогоглизм) есірткі заттарды қолданушылық (наркомания), ВИЧ – инфекцияның таралуы, жыныстық құмарлықтан болатын қылмыстардың көбеюі шешуді керек ететін мәселелер болып табылады.
Осындайлық қорқынышты жағдай жастардың өрбіту саулығы мен болашақ ұрпақ саулығына және біздің ұлтымыздың тұқымына (генофонына) қатерлі қауіп тудырады.
Аборт деген не? Аборт – жүктілік үрдісін үзу, оның түсік тастаудан айырмашылығы бар. Түсік өз бетімен түседі, ал аборт жүктілікті тоқтататын әйелге жасалатын операция. Жүктілік мерзіміне қарай аборт жасаудың бірнеше тәсілдері бар. Бұл тәсілдерден басқа да амалдар бар екендігін ескерте кетелік: етеккір экстракциясының тәсілі, дилятация – жатыр мойын кеңейтуден соң ұрық алынып тасталынады. Вакуумдық тәсіл – тұз ерітіндісін пайдалану. Егер де жүктілік кезеңінің ертерек тұсында аборт жасалынса, ол операция жеңілірек, қауіпсіз өтеді, оны арнайы дайындығы бар адам жасауы керек. Жүктілік мерзімінің соңғы сәттерінде жасау әйелдер үшін тәніне, сезім әлеміне ауыр тиеді. Аборттар тууға 3 ай қалғанда әдетте жасалынбайды.
Біздің елімізде балалар мен жасөспірімдерге жасалған аборттар саны дамыған елдерге қарағанда он есе артық. Бұл барлық жасалған аборттар санының 11%-не жақындайды, бедеуліктің негізгі себебі болғандықтан жасөспірімдердің өрбіту саулығына залал келтіреді.
Мұның өзі республикада онсыз да демографиялық қолайсыз жағдай кезінде соңғы бес жылдар бойы туу деңгейінің өте төмендеп кетуі әлеуметтік маңызды мәселеге айналады. Мәселен, Қазақстан Республикасында жыл сайын 25 мыңдай жасалатын аборттың 18 мыңы жасөспірімдерге жасалады екен. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 1996 жылы қыркүйек айының 26 күні бекіткен “Қазақстан әйелдерінің өрбіту денсаулығын қорғау мәселесі” өте маңызды ұлттық саясат қаулысында, аборт жасаумен отбасын жоспарлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Қазіргі кезде отбасын жоспарлайтын мекемелер жүйесі қалыптасқан, бұлардың негізін құрайтын керекті құрал-жабдықтар және арнайы дайындалған мамандармен қамтамасыз етілген.
1.2. Нәпсілік қатынас және денсаулық
Дені сау адамда белгілі бір деңгейде нәпсілік кернеу болады. Оны – нәпсіқұмарлық деп атайды. Нәпсіқұмарлық – тұлғаның құрамдас бір бөлігі, жақындықтың жолы, әрбір адамның өзі таныстыратын және басқа жыныс өкілдерінің биолигиялық-физиолигиялық ерекшелігін білудің тәсілі.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ – всемирная организация здравоохранения) нәпсі құмарлыққа, өзінің жақындықты, нәсіптікті және махаббатты тілейтінді білдіретін табиғи психологиялық, әлеуметтік белгілері бар. Ол қуат – деп жазады. Нәпсіқұмарлық адамда тумасынан-ақ көзге түсе бастайды, ол тұлғаның құрамдас бөлігі ретінде өмірінің соңғы сәтіне дейін сақталады.
Жыныс даму кезеңдерінде:
1. Балалық: қыздар – 8 жасқа дейін.
ер балалар – 10 жасқа дейін.
2. Жасөспірім: қыздар – 9-дан – 12-ге дейінгі жас,
ер балалар – 10-нан – 14-ке дейінгі жас.
3. Бозбалалық: қыздар – 13-тен – 16-ға дейінгі жас,
ер балалар – 14-тен – 18-ге дейінгі жас.
4. Жыныстық жетілу: қыздар – 16 жастан бастап,
жігіттер – 18-ден бастап.
5. Жыныстық қабілеттің кетуі: әйелдер – 40 – 50-ден кейін
ерлер – 60-тан кейін.
Нәпсіқұмарлық әр жаста әр түрді белгілерімен сипатталынады:
І кезең. Сырттай жыныстық ынтықтық – нәпсіқұмарлық сипаты айқындалмаған, әйтеуір басқа жыныс өкіліне деген жақындыққа мүдделі болу.
ІІ кезең. Жыныстық бұла сезімді ынтызарлық – рухани және тән жақындастығын тілеу.
ІІІ кезең. Дененің жыныстық қатынасқа ынтықтығы – жыныстық қарым-қатынас жасауға деген ұмтылысы. Нәпсіқұмарлық – жыныстық сипаттамасы.
Жыныстық қылық өрбіту ісін жүзеге асыруға бағытталған. Жыныстық жүйе жұмысының көрінісі болып табылады. Соматикалық компонент (жыныс органдары) және реттеуші механизмдер (психикалық, эмоциялық, вегетативтік, эндокриндік және генетикалық, рецептивтік) жүйеге енеді. Өрбіту мінез құлығы дендері сау сыбайлас серіктердің қауышу тұсында көрініс береді. БДҰ (ВОЗ) анықтамасы бойынша нәпсілік саулық – ол адамның жыныстық тіршілігінің сомалық, эмоциялық, интелекттік және әлеуметтік қырларының кешені, бұл тұлғаны байытатын, адамның адаммен жақындасу, араласу қасиетін ұшқырлайтын, оның махаббатқа және бала туғызуға деген қабілетін жетілдіретін қуаттың қайнар көзі.
Нәпсіқұмарлықтың компоненттері:
- мінез-құлықтық;
- эмоциялық;
- когнитивті (бағалы).
Мінез-құлықтың жыныстық жетілудің қарқынына, тұлға түріне байланысты (экстраверттер) қарсы жыныс өкілдерімен оңай жақындасады. Жыныстық қатынасты (интервенттерге) қарағанда ертерек бастайды, өзінің нәпсіқұмарлығынан ләззатын көбірек алады. Интервенттер жекеленген, нәзіктеу және тұрақты қатынасқа көбіне ыңғайлау; психотиктер жыныстық қатынасы тұрпайы, биологияландыруға ыңғайлы. Невротиктер – жыныстық қатынасқа дегенде ынтызар келеді, бірақ қауышу қиыншылығынан қанағаттандыра алмайды, нәпсілік қатынас оларға қатерлі де жек көрінішті болып көрінеді, ал өз ынтықтығын жазғырып мінейді, осындайларда психонәпсіқұмарлық проблемалары жиірек кездеседі.
Когнитивті (бағалы) – тұлғаның адамгершілік құндылықтарын есебіне алады, оның көзқарасын, ер не әйел жынысты екендігі өзін-өзі қалайша бағалайтындығы, табиғи бітімі, діни ұстанымдары, тәрбиесі, білім деңгейі туралы өз сенімдері де осы қатарда әлеуметтік ортаның арнайы қалыптарының, жастардың субмәдениетінің рөлі бұл тұста үлкен болады.
Эмоциялық (эротикалық) – қиялдарға, сезім қақтығыс-толқыныстарына және т.б. негізделінеді. Адамның психикалық-нәпсілік дамуындағы ең күрделі проблемасы – нәпсілік бағдарды қалыптастыру, яғни айтқанда жыныс қатынастарына жатар артықшылықтар жүйесін анықтау: жынысы қарама-карсыларға деген ынтызарлық – гетеросексуальдық болады, өз жынысындағы адамға ынтықтығы гомосексуальдық, екі жыныстың өкілдеріне деген ынтықтығы бисексуальдық деп сипатталынады. Гомосексуальдық себептері туралы мәселе өте күрделі. Алайда, кейбір қалтарыстарын білу керек. Бәрінен бұрын бұл құбылыс оншама сирек кездесіп жүрген жоқ. Басыбайлы гомосексуальдық өмір салты бойынша өмір сүріп жүргендер 2,5% құрайды. Мұның себебі хромосомдық жиынтықтың түрлі ауытқуларында, іште жатқан ұрықтың дамуына әсер ететін тағы басқа кеселді факторларда. Нәпсілік бағдар көбіне-көп еркін қалауының таңдауы бола алмайды, оны өзгерту әсіресе қиын, тіпті мүмкін де болмас. Сондықтан бұл жәйіт, дәрігерлерді ең алдымен үлкен адамгершілікке міндеттейді, олар нәпсілік проблемалардың дәл сыртында адамгершілікке зәру мәселелердің тұрғанын есте сақтауы қажет.
Адам қай-қайсысына болмасын, жас па, кәрі ме, нәпсілік саулық жыныстық ынтықтың белгілерін берер, ықылассыз жүктіліктің алдын алар жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулардың, СПИД-тің бетін қайырар жыныстық қатынастағы өкімзорлықтан ада қылар жанға жайлы игілікке айналуы керек.
Қаншалықты дене бітімінің және мінез-құлық қадарың ақыл-билігімен, құндылықтар жүйесімен қиысып, жіктесіп жатады. Мұнымен бірге адам өзіне сай сүйіктісін, тұлғаның аңсаған түрін таба ала ма, қосағымен қосақталып бірге өмір сүруі үшін – мінеки, нәпсілік саулық аталған жағдайлар қатарының қай-қайсысымен де байланысты. Таңдаулы жыныстық ынтымақтық даму үрдісі кезінде қалыптасады, осы тұста жыныстық қатынас бойынша серігінің кәдімгі болмысы да анықталынады. Осы болмыс бітімнің қалыптасар үш түрі, жолы бар:
1. Сүйіктісінің арман түстеген келбеті (бітімі) – жастарда және тәрбиесіз адамдарда бұл дидар көмескі тартып тұрады, ондағы жоқ қасиеттер бар болады, жоғарылатылған талаптар жөнін таппаса да “дес келіп жатады”, сонымен бірге кейбір маңызды қасиеттері есепке алынбайды.
2. Ынтықтық объектісі әсіресе көріп-білмеген бағасын алып жатады, болмаған мінез-қадірі табыла қалады, тіпті “сыйлық орынды болып” жоқ қасиет енді пайда болады.
3. Тапқан махаббат объектісінің қасиеттері көңіліңіздегі идеал мәнімен шарттас.
Жынысы қарама-қарсы кездестірілген адамның сырт келбеті және ішкі болмысы жүрек аялаған ойдан шығып жатса, таңдаулы жыныстық ынтықтық күш ала бастайды, Күніне тірлікте “махаббат” деп аталынатын ыстық сезім туады.
1.3. Махаббаттың қазіргі жіктелінуі
1. Эрос – құмарлық демдеген алып-ұшпа махаббат, арнасы тән құшуға тартылған.
2. Любус – сезім тереңдігімен ерекшеленбейтін, опасыздыққа оңай барар мүмкіндігі бар махаббат-ойын.
3. Сторге – алаңсыз және сенімді достық өзектеген махаббат.
4. Пратгма – есебінен жаңылмайтын қылықты махаббат.
5. Мания – ақылға алдырмас, дегеніне жетпей тынбайтын махаббат. Бұған сенімсіздік пен ынтықтық объектісінің жетегіне түсіп қалу тән қасиет.
6. Агапе - өз-өзімен санаспайтын, шынайы мөлдір махаббат.
Неке – деп бір-біріне деген және балаларға деген құқықтар мен міндеттерді туындатар ер мен әйел одағын атайды. Көп мемлекеттерде заң, некені адам қажеттілігінің аумағында қарастыра отырып, тиісті құжаттардың тіркеліп жазылуын талап етеді. Ол адамның өзін-өзі сомдайтын негізігі қалыптардың бірі. Неке қоғамдық тәртіптің тірегі, қоғамның негізі. Әсірісе балалары бар ерлі-зайыптылар қатынасы, қазіргі заман адамына аса қажет әлеуметтік және психологиялық жақындық, өзара түсіністік пен сенім өрісін кеңейтеді. Үйленген адамдар өздерін бойдақтарға қарағанда, ал балалары барлар балалары жоқтарға қарағанда сенімді, еркін және бақытты сезінеді, бірақ бұл ойдың басқа да бір жағы бар. Әдетте, жүкті болып қалғанын жасыру мезгілінен ерте некеге тұруға мәжбүр болады. Осының салдарынан психологиялық сыйыспаушылық, отбасындағы тіршілік қиындықтары жүйке аурулары басқа медициналық, әлеуметтік жәйсіздіктер туады.
Осы мәселелерді шешуді жеңілдетуге салауат өмір сүруді кеңінен насихаттау, өз денсаулығын сақтау және қауіпсіз секс дағдыларына жауапкершілікпен тәрбиелеу туралы сауатты және жеткілікті ақпараттармен жастарды қамтамасыз ету нақтылы көмектесер еді.
1995 жылы Оқу министрлігі “Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу концепциясы” қаулысында салауат өмір сүруді қалыптастыру және өнегелі жыныстық тәрбие беру жөнінде жанұяның зор маңызына ерекше көңіл бөлінген.
1.4. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?
Жастарға өнегелі жыныс тәрбие беру жалпы тәрбие берудің көрнекті бөлігі. Бұл өз алдына бөлек зерттелетін үлкен және маңызды мәселелердің бірі. Жалпы дәріс берудің шамасы емес. Бұл маңызды жұмыс әрқашанда балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізіліп отыруы тиіс.
Өнегелі жыныс тәрбиесі жергілікті аймақтың құқықтық, мәдени-этикалық ерекшекліктерін ескере отырып беріледі.
Өнегелі жыныс тәрбиесі сәбидің туған сәтінен басталып үздіксіз жүргізіліп отырады. Бұл үрдіске қатысатындар:
ата-ана;
мұғалімдер;
дәрігерлер;
бала үшін қадірі бар ересектер;
құрбылары;
бұқаралық ақпарат құралдары.
“Бала адамдар әлеміне жәй ғана тасталынбайды, ол адам, адамдар қоршаған дүниеге енгізіледі, бұлар оны жетегіне алады”, - деп белгілі психолог А.Н.Леонтьев жазған болатын. Демек, жыныс тәрбиесінің сәттілігі көбіне осы мазмұнына ғана қарамайды, тегі барлық бөлек тәрбиешілердің (мұғалімдердің, мамандардың, ата-аналардың...) келісті, жарасымды әрекетімен байланысты келетін болар.
1.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің мақсаттары:
1. Өнегелі жыныс тәрбиесінің бағдарламасы жастардың жыныс денсаулығына деген құқығына және оны қорғау туралы ақпаратқа қол жеткізу ретінде негізделуі керек.
2. Өнегелі жыныс тәрбие үрдісіне қатысушыларына бағдарламаға сай:
а) өнегелі жыныс бейіл өмір бойына, әрі дені сау жастарға тән қасиет екендігі жөнінде сенімді ақпарат қолдарына ұстатылды;
б) ересек балалар тіршілік өміріне олар дайындала бастайды;
в) отбасы құндылықтары “отбасына деген табынушылық ” және жалқылық (моногамия) қатынас өрбіту саулығының негізі екендігі туралы пікір мейлінше балалардың ойларына сіңірілінуі тиіс;
Өнегелі жыныс тәрбиесі үрдісінде оқушылар қажетті білімін оқытушылардан, ата-аналарынан; құрбы-құрдастарынан алады да, дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін арттырып отырады;
- өзін сыйлайтын мінез-құлық қалыптасады;
- денсаулығын бағалай білетін болады;
- көпшіл, икемді болуға бейімделе бастайды;
- жыныстық бейіл әр тұлғаның маңызды қадірі және махаббат пен жыныс бейіліндегі бірдей ұғым екенін оқушылар түсінеді;
- өзінің жыныстық бейіл әрекетіне жауапкершілік үрдістері арта түседі;
- өзін және басқаларды жыныстық бейіл әрекетінен туындайтын жүз қаратар салдардан қорғау үшін ақпарат мүмкіндіктері әрқашанда болу керек;
- зорлық жасауға және зорлауға, біреудің зорлығына көнуге болмайды.
Өнегелі жыныс тәрбиесін іске асыру жолдары:
1. Балалар мен жеткіншектер арасындағы жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу керек;
2. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулармен, жұқпалы инфекциясын жұқтыру қаупінің азаюына;
3. Жыныстық зорлыққа шек қоюға және басқа жыныстық қылмысты істерге тосқауыл қоюға мүмкіндік беретініне үміттену керек.
Сонымен, өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз – алынған ақпарат, білім, жетілдірілген дағдылар арқылы әрекетке деген қарым-қатынасын қалыптастыра алатын қабілеті бар және оған ие болуға үйренген адамды тәрбиелеу болып табылады.
1.6. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үш үлгісі (А.Козакевич) 1-кесте
1) Жазалау
(Рестриктивті) 2) Қайырмау
(Пермисивті) 3) Демократиялық
(ең ортасы)
Ақпарат аумағы Неғұрлым сирек болса, соғұрлым жақсы Барлық ақпараттар Қажетті ақпараттар
Ақпарат мазмұны Мынаны істеуге болады және мынаны істеуге болмайды өйткені:
Бұл жалғыз дұрыс бағыт Басқа бағыттар болмауы мүмкін
Барлық бағыттар дұрыс Осындай істе басқаша емес, өйткені...
Көп бағыттар бар ғой, бірін таңдап алу дұрыс
Өнегелі жыныс тәрбиесінің қағидалары
1. Адамның даму үрдісін үдету;
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін істер;
3. Нақтылы ақпарат құралдары;
4. (“Жәйден” күрделігі қарай иерархия принципін) жүзеге асыру;
5. Өткізілген құжаттарға жүйелі түрде қайтадан оралып, түсінік беру;
6. Түрлі ұғым мен пікірлер талқыланып, оларды жүзеге асыра түсіру;
7. Жекелей және ұжымдық ой-қызметіне дайындалып қағидаларды ашып түсіндіру;
8. Өзін- өзі талдау, бағалау дағдысын үйрету;
9. Ақылға сыйатын мінез- құлықты үйлестіру;
10. Алғашқы мағлұматтарды хабарлау, түсіндіру.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытумен қатар сезім аясын кеңейтіп өрістету керек. Махаббат, қуаныш, қатулану, қорқыныш, жек көріп кету, сенім, сыйлау, жыныстық әрекетке деген ынтазарлық, нәпсіге деген ыңғай сияқты ұғымдарды сипаттау қиын болады, бірақ бұның өзі жыныстық білім тәрбиесінің құрамдас бөлігі болатынын ескеріп, қағидалап отырған жөн.
Жыныстық білім – деп жазады Х.Қ.Сәтпаева және т.б. (1999) – тәрбиесінің Америкадағы бағдарламалардың бірі – “махаббатқа қатысы бар білім” деген тараудан басталады. Олар – Эрик Флорем талдау нәтижелерінің негізінде махаббат: 1) еңбек; 2) жауапкершілік; 3) сыйлау; 4) түсінік. Осы айтылғандар қағида ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
1.8. Жыныстық тәрбиенің негізгі бөлімдері
Жеткіншектердің өзін-өзі бағалау критерийлері. Ол үшін мына төмендегілерді әрқашанда естен шығармауымыз керек.
1. Білім және ақпарат (информация);
2. Өзін- өзі бағалау;
3. Дағды және іскерлік;
4. Ағзаның құрылысы және қызметі;
5. Өрбіту жүйесі;
6. Контрацепция;
7. Жыныс қатынастарынан жұғатын аурулар түрі (сифилис, гоноррея, СПИД, ВИЧ).
Еркекті (баланы), әйелді (қызды), қалыптастыратын адамгершілік өнегелі жыныс тәрбиесіне маңызын және мақсатын айқындай келе мына төмендегі деректердің сақталуына мән берген дұрыс.
(2-кесте)
Өнегелі жыныс тәрбиесін айқындайтын критерилер
Ақпарат Оларда деген құндылықтар мен қатынастарды қалыптастыру Дағды Қолдау және көмектесу
Ағзаны өрбіту функциялары. Жүктіліктің алдын алу тәсілдері... Денсаулық, отбасы, түсік және т.б. Өз- өзін бекіне ұмыттылдыру және қатынасуға деген ыңғай Құрбы – құрдастар, ересектері әлеуметтік және медқұжалық міндеттер
Ақпаратты қабылдау Қатынасты анықтау Дағдылармен ыңғайды жаттықтыру өкінуді пайдалану тәжірибесі.
Түсіну қолданыс және дамыту, шеім қабылдау “өз-өзіңді біле білу”
1.9. Жыныстық қатынастан жұғатын аурулар
Сифилис. Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер (Spiroheta) микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні - штопыға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады. Дене қызарады, жара пайда болып кейіннен іріңдейді. Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), дененің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба- таңба болып шаштың түсуі, тамақ қырылдап қалады, адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сөзсіз.
Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей саңырау болып қалуы, адам мүлдем есінен айырылып кетуі, тірішілік дүниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданылатын дәрінің бірі антибиотик- пенициллин. Ол төмендегі сатыдағы саңырауқұлақ-тардан өндіріледі (Penisellinum). Сифилис жүкті анадан туылатын балаға тарауы сөзсіз. Ол ауру болып туады. Сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.
Гонеррея. Бұл дертті де микробтар таратады. Оны геноккок деген микроағзаға жұқтырады. Жыныс қатынастарынан туатын өте ауыр дерт. Еркектердегі мұның белгілері: несеп шығарар кездегі жіті ауру, әбиір ұшынан көрініп тұрған бөлініс байқалады. Әйелдердегі белгілері тіпті жаман, қанаптан таматын бөліністің бастауы. Бұдан басқа іштің төменгі жағының ауыратыны және несеп шығарарда күйік (ашып ауру) сезімі байқалады. Белгілер жыныс қатынасынан кейін 2-21 күндер ішінде байқала бастайды. Емдемесе, әйел адамдар фаллопиев түтіктеріндегі тыртықтар кесірінен тарылып, бедеу болып қалады. Ал еркектерде әтектікке (бесплодие) тап болады, буындар қабына бастайды, үрпіден несеп шығу қиынға түседі. Бұл ауру антибиотиктермен емделінеді, әдетте пенициллинмен.
Гениталдық герпес. Жыныс мүшелеріне шығатын ұшық сияқты вирустан басталатын ауру. Гениталдық герпес генитал айналасында байқалады. Герпес симплекстің бір түрі. Әдетте адамның бетінде сулы көпіршік қалпында байқалады. Бұл ауру “тымау-қызба” деген атпен көпке мәлім. Гениталды герпес жыныс қатынасымен адам ағзасына жұғады. Егер де жұқ-тырған адамда герпес ойық шаралары болатын болса, осы жараның беті қатып, түсіп қалғанша олар жұқтырар пәленің қайнар көзі болып қала береді. Егер де осы ойық жара қалпында жақандасса, гендақ істесі (серігі) бәлкім, өзіне осы ауруды жұқтырып алғаны. Еркектерде, әдетте ойық жаралар оңай байқалады, ал әйелдерде оларды табу әсіресе қиынырақ, өйткені бұл шаралар жатыр мойынында, қанап қуысының терең түбінде орналасуы мүмкін. Гениталды герпес алғашқы кезде түсі қызыл, бөртпе ретінде пайда болады. Кейін үлкен іріңді жараға айналып кетеді. Өте қиын емделетін аурулардың бірі. Гениталды герпес тұқым қуалайтын дерттердің қатарына жатады. Әсерінен бала соқыр боп тууы мүмкін керең болуы да сөзсіз, өлі болып тууы да ғажап емес.
Герпестен туындайтын күйзеліс, психологиялық азап, бас ауруы, адам шаршап- шалдығып кетеді.
Хламидия. Ең бір жедел түрде дамитын жыныс ауруларының бірі. Оны табу, анықтау оңай шаруа емес. Бұл ауру салдарынан фаллопиев түтіктеріндегі тыртықтар кесірінен сұйық өтпеушілік туындайды, бұл бедеулікке жетелейді (жұмыртқа жасушасы фаллопиев түтіктерінде ұрықтанады).
Әйелдердегі бұл аурудың белгілері – несеп шығару сәтінде ауырсыну, қынаптан шығатын бөлінді көбейеді, іштің төмен жағы ауруы байқалады. Еркектерде әбиір үрпісінен бөлінді байқалады. Белгілер жыныс қатынасынан кейін 7-21 күндей мерзім өткен соң көріне бастайды. Бұл дерт анадан сәбиге көшуі ықтимал, осының салдарынан туманың көзі ауыратын және өкпесі қабынатын болады. Өте қауіпті дерт. Оны емдеу оңай емес. Дегенмен емдесе тез арада адам бұл аурудан айығып кетеді. Емдеу үшін көбінесе антибиотиктерді қолданады.
Жыныс мүшелерінің гениталды сүйелдері (полип). Бұл өзі ауырмайтын, терімен біртұтас құрғақ өсінділер (сүйел тәрізді), олар генитал артқы тесіктері өңірінде байқалуы мүмкін. Белгілері жыныстық жақындасудан кейін 1-6 айдан соң көріне бастауы мүмкін. Олардың басты себебі, адамдарджағы папиллома вирусі. Генитал сүйелдерін көбіне жатыр мойны-ның рак ауруымен байланыстырады. Сүйел емсіз-ақ кетуі мүмкін, бірақ ағзадағы осы ауруды тудыратын вирус қала бермек. Вирусы бар адам өзінің әшінесін (серігін) денесінде сүйел шыққанға дейін жұқтырып та үлгереді. Гениталды сүйелдерді емдеуге болады. Сүйел арнайы ерітінділермен сұйық азотпен күйдіріледі.
Вагинит (қынап қабынуы). Кейбір әйелдер байқамаса да, көбі ауырсынып жиі несеп шығарады. Бұдан басқа қынаптан шығатын өзгеше бір иісі бар, көп бөлінділер пайда болуы мүмкін. Вагинит тудыратын микроағзалар жыныстық жақындасу кезінде жұқтырылады. Әйелдер антибиотиктер не ұрықтатпас таблеткалар қабылдау нәтижесінде, диабетке тап болғанда, жыныстық жақындасу кезінде алған жарақат әсерінен ауырып қалуы ықтимал. Еркектер ауырып жүрсе де, белгілерін сезіп білмеуі де мүмкін. Ауру еркектер несеп шығаратын түтігін, қуық түбінің безін (простата) зақымдауы ықтимал.Ауру қынапқа кіргізілер тура келер майлар және амал-дар арқылы емделінеді.
СПИД (синдром приобретенного иммунитетного дефицита – адамның жүре бара ие болған иммундық жетіспеушілігі).
СПИД – ағзаның қорғаныс қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам ағзасындағы иммундық жүйені бұзатын арнаулы вирустар болады. Олар барлық ауруларды денеге дарытпай тұратын иммундық жүйені жойып жіберіп отырады. СПИД адамдар арасында кеңінен таралған дерттер қатарына мына төмендегілер жатады:
1) Кальций саркомасы, тері қатерлі ісігінің бір түрі;
2) пневмококкті пневмония.
СПИД-тің бірінші басталған кезеңі Америкада болған. Бұл 1981 жылы болатын. 1985 жылы ғалымдар СПИД ауруын қоздыратын HIY вирусының құрылымын анықтаған. Міне, осы кезден бастап әлем кеңістігіне тарап кетті.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье тапты. Ал, 1984 жылы американдық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
СПИД-пен ауырған кезде адам денесінде Т-лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының айрықша бір түрінің саны күрт төмендейді. Адамды көптеген жұқпалы аурулардан сақтауда Т-лимфоциттің маңызы зор.
СПИД вирусы адам организміне енгенде қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабысып өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің күнінде организмде иммунитет жетіспеушілігі пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылдарға дейін өмір сүруі мүмкін.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда бұл дерт кейінгі жылдары тіпті көп таралуы мүмкін. Өйткені адамдардың иммундық жүйесі тым нашарлап кетті. Әсіресе Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасында СПИД кең етек алып бара жатыр.
СПИД-ті болдырмайтын оған қарсы тұратын, алдын алатын вакцина осы күнге дейін табыла қойған жоқ.
СПИД иммундық жүйесінің белгілі бір жасушалар (клеткалар) түріне және ВИЧ адамның вирустық иммунитет жетіспеуінің (вирусный иммунодефицит человека) деген атпен медицина ғылымдарына белгілі. Вирус әрекеті әсерінен өсіп-өнеді. Болмаса оған адам ағзасындағы вирусты, пайда болуы әрқашанда СПИД-ті қоздырады. СПИД-пен ауыратын адамдар арақ-шарапқа салынушылар, есірткі пайдаланушылар, жүйелі түрде тамақ ішпеушілер және күшті күйзелісте болғандар т.б. Айта кететін бір жайт осы кезде СПИД вирусын тудыратын вирустерге қарсы қолданылатын белгілі бір ем-дом жоқ. Емдеп жызып жатырмыз деп жатқандардың барлығы бос сөз.
СПИД-тің жұғатын жолдары: СПИД – бірнеше жолдармен жұғатыны кейінгі кезде анықтала бастады. Олардың ішінде медицина ғылымдарына белгілі болғаны мына төмендегілер:
1. Жыныстық қатынас. Бірден нәпсіні тию керек.
2. Тері асты инъекциясын жасау үшін бір шприцті бірнеше адамдарға пайдалану.
3. СПИД вирусымен жұқтырылған екі қабат әйел аурулармен ішіндегі (жатырдағы балаға) жұқтыру.
4. Қан құю кезінде СПИД вирусының берілуі.
5. Қолдағы, тістегі, аяқтағы кішкентай жарылып кеткен жерлер арқылы СПИД вирусы ағзаға өту және т.б.
СПИД ауруларының белгілері.
1. Ештеңе істемей адам өте қажып жалқау үрдісі басып кетіп, денені көтертпей қоюы, көңіл-күйдіің төмендеп кетуі. Тәбеті бұзылады.
2. Безгек ауруымен ауырған адамдар сияқты адамдар қалшылдап, дірілдеп кетеді. Түні бойы дене теріден ажырамайды.
3. Бездердің мөлшерден тыс өсіп кетуі (лимфа түйіндерінің өсуі, әдетте мойында, қолтықта, шашта) бірнеше көзге түсетін өзгерістер болады.
4. Ауыз қуысында ерекше көзге түсетін теңбілдер пайда болады.
5. Құрғақ жөтелмен үнемі адамның жөтелуі, тыныс алуы бұзыла түседі.
СПИД-тің жалпы анықтамасы.
СПИД –пен ауырған адамның қанындағы ВИЧ-ке деген антиденешікті табуға ыңғайланған бірнеше тәсілдері қолданады.
Осы кезде СПИД-пен ауыратын адамдардың саны жер жүзі бойыншада және елімізде жылдан жылға көбейіп келеді. Бұлардың көбі жас адамда, тіпті жиырма жасқа толмағандар да бар. СПИД-пен ауырмау үшін профилактикалық шараларды қатаң сақтап отыру керек.
ДДҰ 1999 жылы жер бетінде ВИЧ жұқтырғандар мен СПИД ауруларының саны 6,7 миллионға өсіп, 40 миллионнан асқаны туралы хабар таратты. Күн сайын әлемде ВИЧ жұқтырғандардың 16 мыңы тіркеледі екен. Сонда Әрбір минутқа 11 адамнан келеді. Демек, ВИЧ минут сайын, үздіксіз қасірет сеуіп тұрады. Ең өкініштісі сол, әр күнде тіркелген 16 мыңның жартысынан астамы 10-25-тердегі жастар құрайды.
1.10. Репродуктивтік денсаулықты қорғау
Біздің мемлекетіміздің басты көңіл бөлетін мәселелердің бірі еліміздегі демографиялық саясат, яғни фертильдік жастағы әйелдердің денсаулығын қорғау.
ҚР Статистика Агенттігінің 2002 жылғы 1 қаңтардағы есебі бойынша, жалпы халық саны 14820,9 мың адам, оның 4278,1 мыңы бала тууға мүмкіндігі бар әйелдер, бұл халық санының 29% құрайды екен. Республика бойынша әйелдердің денсаулық индексі 20% аспайды, ал кейбір экологиялық зардап шегуші аймақтарда бұл көрсеткіш 10%-дан аспайды. Өмірге бала әкелу деңгейі төменгі көрсеткіш көрсетеді.
2000 жылы – 1000 адам/халыққа – 14,7, 2001 жылы – 14,9. Дүниеге ең аз нәресте келетін қалалар Астанада – 2000 жылы – 13,8, 2001 жылы – 10,3, Алматыда – 2000 жылы – 12,5, 2001 жылы – 12,3 пайыз. Аяғы ауыр әйелдердің негізгі патологиялық аурулар бойынша саны артуда, мысалы, қан аздық 10 жылға өсті, яғни 2,2 есеге артып, 53,5% әйелде кездеседі.
Сонымен, фертильдік жастағы әйелдердің денсаулығын сақтап, нығайту арқылы мемлекетіміздегі демографиялық жағдайды жақсартуға ықпал етуге болады. “Салауатты өмір салты” Ұлттық бағдарламасының негізгі бір бағыты “Репродуктивтік денсаулықты қорғау” бағдарламасының негізгі мақсаты ҚР азаматтарының репродуктивтік денсаулығын сақтап, дамыту. Міндеттері келесідей:
- ҚР фертильдік жастағы әйелдер денсаулығын сақтау мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру;
- жастарға салауатты адамгершілік жыныстық тәрбие беру;
- қажет емес жүктілік пен түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу;
- отбасын жоспарлау мәселелері;
- сүт безі ісігінің алдын алу;
- қауіпсіз ана болу мәселелерін қарастыру;
- бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік, мемлекеттік емес, халықаралық ұйымдар мен қорларды, министрліктер мен ведомстваларды, волонтерларды қамту;
- бағдарламана жетілдіру мақсатында мониторингтер мен талдаулар жүр- гізу.
Қорытынды
Қазіргі кезде жастардың жыныстық тіршілігіне байланысты жемісті жұмыстар жүргізілуде. Мұндай бағдарламалар негізінде тек қана жыныстық іс-әрекеттерден бас тартуға шақырмайды, сонымен қатар жыныстық қатынастың жауапкершілігі жайлы да айтып отырады. Мұндай білім беруші бағдарламалар көп ақпарат береді, денсаулықты сақтап, қажет емес жүктіліктің алдын алуға керекті жағдайлар жасайды.
Жастарға жыныстық тәрбиеге байланысты берілетін көптеген тиімді бағдарламалар мектеп базасында жүзеге асырылады. Жыныстық тәрбие беру, осы сала бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу ерте жыныстық қатынасқа әкеліп соқпайды, керісінше, жыныстық қарым-қатынасқа кеш түсетіндігі дәлелденіп отыр.
1995 жылы көрнекті америка ғалымы Кирби 49 мектеп бағдарламасын талдау негізінде олардың кейбіреулері не себепті балалардың іс-әрекетін өзгертіп, тиімділігін көрсеткені жайлы пікір айтқан. Кирбидің пікірінше, тиімді бағдарламаның ерекшелігі мынада:
1. Жыныстық әрекетті өзгерту мен денсаулыққа қауіптің азаюына көп көңіл бөлінді. Сабақтың басым көпшілігі – жыныстық қатынасты мүмкіндігінше кеш бастау, жүктілікті болдырмайтын заттарды қолдану, жыныстық жолмен таралатын инфекция жұқтырудан сақтану сияқты мәселелерге арналғандықтан.
2. Бағдарламаның негізінде әлеуметтік зерттеу және саналы іс-әрекет жасау теориялары сияқты іс-әрекетті өзгерту теориялары қолданды.
3. Оқыту тиімді өтуі үшін бағдарламалар сабақтың 14 сағаттан кем болмауын және аз адамнан тұратын топтарда өту керектігін ескерген.
4. Бағдарламалар білім беру барысында әртүрлі әдістемелерді қолдануды қарастырған. Әдістерді таңдаған кезде оқушылардың қызығушылығы ескерілген, яғни олар осы алған ақпараттарды келешекте өз тәжірибелерінде қолдану мүмкіндігіне ие болды.
5. Бағдарламалар міндетті түрде оқушыларға жыныстық қатынасқа түсудің қауіпті жақтары мен контрацепцияжайлы толық мағлұмат беріп отырды. Сол кезде жастар барлығын ескере отырып өздері шешім қабылдады.
Жыныстық тәрбие бойынша жастар мен жасөспірімдерге арналып жасалған бағдарламаның қажеттігі сөзсіз. Бар бағдарламалардың әдістерін жетілдіру үшін және өте жақсы деген бағдарламаларды анықтау үшін одан әрі зерттеу керек. Егер де өте жақсы деген бағдарламалар кең көлемді қолданыс алса, онда олар жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға көп көмегін тигізеді. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Валеология | Жыныстық тәрбие
» Курстық жұмыс: Валеология | Жыныстық тәрбиенің ғылыми негіздері
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұ дыбысы мен әрпі
» Сұлулықпен денсаулық
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау

Іздеп көріңіз: