Реферат: Құқық | Іс қағаздарының қоғамда алатын орны
Елімізде Тіл туралы заң қабылданып 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4116 Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік тіл – қазақ тілін ресми қолдану іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп жүзеге асырылуда.
Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру , оның қолдану аясын кеңейту қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.
Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздарының немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен , мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарымен байланысты.
Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажеті мәселелер мен мақсат – мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар.
Іс қағаздарының алдына қойған міндеті – қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселесінің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау.
Әдеби тілдің дамуы қоғамдық құрлыстың, оның экономикалық жүйесі мен негізгі саяси ұстанымдарының өзгеруімен, қоғамның ана тіліне деген көзқарасымен тығыз байланысты.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы функционалдық стилдерінің сапалық үлес-салмағына да өзгеріс әкеледі, атап айтқанда қазақ ресми іс қағаздар стилінің рөлі мен қызметіне мән беріліп, іс қағаздар тілін ғылыми негіздеу мәселесі көтерілді. Қазақ тіл білімі ғылымының алдында қазақ іс қағаздар тілінің лексикалық жүйесіндегі өзгерістер мен процестерді семантикалық, прагматикалық, құрлымдық, стильдік, жанрлық, композициялық ерекшеліктерді, оның диахронды сипаты мен синхронды жай күйін, жалпы іс қағаздар тілінің көкейтесті мәселелерін зерттеу, ресми іс қағаздар тілінің ғылыми теориялық негізін жасау міндеті тұр. Себебі қазақ тіл білімнде көркем әдебиет тілі мен мерзімді баспасөз тілі диахронды, синхронды тұрғыда жан жақты талданып ғылыми – теориялық негізі жасалғанмен, ғылым тілі мен ресми іс қағаздар стилінің фуекционалдық стильдерінің басқа түрлерінен ара жігі ашалып ғылыми тұжырымдамасы жасалынбағандықтан ресми қарым – қатынаста іс қағаздар жүргізуде көркем әдеби публицистикалық стиль элементтерін қолдану, іс қағаз мәтіндерін түгелдей аударып бір сөзін, бір тіркесін мүлт етпей тізіп отыру іс қағаздарының мәтіндерін орыс тілінің заңдылығына орай қалыптастыру белең алып отыр.
Тілдің дамуы қоғамның дамуына, оның экономикалық мәдени жеке өміріндегі өзгерістерге байланысты болады. Қоғам өміріндегі елеулі өзгерістер тілдің негізін өзгертпегенімен оған өз әсерін тигізбей қоймайды. Ал ол әсердің мәнін жете түсіну үшін қоғам өмірінде пайда болған құбылысты білудің маңызы бар.
Ресми іс қағаздар тілін зерттеу мемлекеттік бағдарлама мен үкімет қаулысында атап көрсетілген мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметін нығайту, мемлекеттік тілді басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, іс қағазадрын жүргізу салаларында дамыту шараларымен ұштасып отыр.
Еңбектің негізгі материалдары мен нәтижелерін қазақ әдеби тілінің тарихы, қазақ тілінің стилистикасы, іс қағаздарын қазақша жүргізу, ресми – іс қағаздар тілі, тіл мәденеиеті мен тілдік норма т.б. мәселелерге қатысты дәрістер оқып, семинар сабақтарын, зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолдануға болады. Жұмыста берілген стандарт тілдік бірліктер мен басқа да материалдарды іс қағазадарын жүргізудің компьютерлік технологиясына енгіуз мүмкіндігі бар.
Мұндай басты мақсат ретінде іс қағаздары дегеніміздің, сайып келгенде, бұйрық, өкім, жарлық, хаттама т.с.с. құжаттарды қамтитыны, әрі бұлардың өз тарапына қоғамдық – саяси, әлеуметтік тіршіліктің барлық саласына қатысты болатыны ескеріліп, тек іс терминдерін ғана емес, осы құжаттарда жиі ұшырасатын сөздердің тәржімесін кеңірек беруге баса назар аударылғанын айту керек. Соның өзіне баспасөз беттерінде жазылып жүргенімен әлі жаппай орнықпаған, бекітіліп, ресми түрде енгізілмеген сөздерді қолданылып жүрген қалпында алуға тырыстық. Ең бастысы құжатта екіұдай ұғым туғызатын атаулардың болмауға тиіс екеніне зер салдық.
Сөйте тұра, соңғы уақыттың соңғы жаңалықтарынан да айналып өте алмадық, терминком бекітпесе де, тым керітартпалық жасамай, термин түзудің икемді, ұдайы дамып отыратын құбылыс екенін еске алып, «класс – сынып, «территория – аумақ», «валютный курс – валюта бағаны» деген сияқты арғы тегі алалық туғызбайтын сөздерді жаңа мағынасымен алдық. Өйткені «сынып» сөзі «класс» деген мағынаны дәл білдіреді, сонау отызыншы жылдардың ортасында. М. Әуезовтың өзі «Жеткіншек» деген шығармасында солай алған болатын. Ал «аумақ» сөзі барлық заңдарымызда «территория» сөзінің орнына қолданылып жүр.
Бұған көпшіліктің көзіде құлағыда үйреніп кетті. Сол сияқты «бағам» да байсыз тауып, тұақтап қалды.
Тағы бір ескере кетені жайт бар. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі негізінен алғанда аглютинативті тіл екені, яғни түбірге аффикс жұрнақ жалғау арқылы түрленіп, жаңа мағына алатыны белгілі. Кейде, парсы тілінен көшкен дағды, алдынан қосу арқылы да, мәселен, «бейәдеп», «беймарал», «нариза», «нәмәрт» т.с.с. сөз жасалатын сәттер бар. Бірақ бұл оның төл табиғатына онша тән емес. Ал енді орыс тілінде (индо – еуропалық тілдерге тән құбылыс) алдынан приставка қосу арқылы сөздер, жаңа ұғымдар туғызу дағдысы бар.
Іс қағаздарына көңіл тоқтатып жүрген адам, олардың тақырыбында «срочные, неотложные, первоочередные, экстренные», сөздерін ұшырастырар еді. Біз осыларды қазақша ойымызға түскен сөздермен алып жүреміз. Сондықтан да олардың әрқайсысына мағынасы жағынан жақын келетін сөздерді «байлап» беруге тырыстық. «Срочные – жедел, неотложные - қауырт, экстренные - шұғыл» дедік те, «первоочередные» сөзіне келгенде мүдіріп, «бірінші кезектегі, тығыз» деп екі сөзбен беруге тура келді.
Соңғы кезде нарықтық реформаға байланысты тілімізге соны түсінік – ұғымдар арқалаған тіпті аудармасы небір академиялық, салалық сөздіктерін таптырмайтын терминдер лықсып ене бастағаны мәлім. Сөздікте оларда назардан тыс қалған жоқ.
Тіл – жанды дүние, уақыт өте ол да толығып, түлеп, жаңарып отырады. Сондықтан да бұл кітапта іс қағазына қатысты барлық терминдерді, сөздерді қамтыдық, әмбебап сөздік жасадық деп айта алмаймыз, бірақ күнбе – күнгі жұмысымызда бастан кешіп, сезініп, біліп жүрген қиыншылықтарды екшей келіп, қал – қадірімізше іс қағаздарын жүргізумен шұғылданатын адамдарға жәрдемдесетін көмекші құрал ұсынуды көздедік. Айналып келгенде қолға алған, қоғамға қажет істі тағы да саябырсытып, салақсытып жібермеуді ойладық.
Құжаттар қоғамға да жеке адам өміріне тигізетін әсері мол. Өйткені, барлық азаматтарды қазақ тілінде іс қағаздары сауатты жүргізуге үйретеді. Құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, олардың безендірілуін, болашақ мамандардың ресми орындарда іс қағазадарды сауатты орындауға, кәсіби деңгейін шыңдай түсуге ұмтылдырады.
Қазіргі кезде жеке адам өміріне қоғамға байланысты іс қағаздар түрі өте көп.
Қалай десекте республикада мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен - өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы – орыс тіліндегі нұсқаларды негізгі ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру. Ал осы ретте мемлекеттік жіне мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру, жнақтап айтқанда, құжат айналымын іске асыру – бүгінгі таңда өткір тұрған мәселе. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін осы саладағы істі жандандыру керек, ал бұл мемлекеттік деңгейде енді – енді алынып жатқан шара.
Тіл саласындағы біздің бағыт – бағдарымызға айқын. Тіл аясындағы біздің ұстанымыздың мархабаттылық, ізгілікті сипатының өзі – ақ көңілі ояу, ниеті түзу, пайымы биік қай адамның болсын құрмет сезімін туғызары да шүбәсіз. Президентіміз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің тілге деген қамқорлығы, ана тілімен бірге басқа ұлттардың тіліне, мәдениетіне деген риясыз құрмет сезімі, жеке өзінің үлкен имандылығы жұртшылыққа кеңінен мәлім.
Тіл тазалығы - жоғарғы мұрат. Тілдік қорымызды сарқа пайдаланайық.
Қоғамға жеке адам өміріне қатысты құжат түрлері өте көп. Солардың біразын саралап кетсек:
Іс қағаздарының атаулары:
1. Анықтама – Справка
2. Аннотация – Аннотация
3. Арыз – Жалоба
4. Ақпараттық хат – Информационное письмо
5. Акт - Кесім.
6. Ашықхат – Открытое письмо
7. Бағдарлама – Программа
8. Баяндама – Доклад
9. Баянхат – Докладная записка
10. Бұйрық – Приказ
11. Бұйрықтың көшірмесі – Копия приказ
12. Бұйрықтан үзінді - Выписка из приказа
13. Визит карточкасы – Визитная карточка
14. Диплом – Диплом
15. Диплом көшірмесі – Копия диплома
16. Есеп – Отчет
17. Ереже – Положение
18. Жарғы – Устав
19. Жарлық – Указ
20. Жеделхат – Телеграмма
21. Жеке еңбек келісім – шарт – Индивидуальный трудовой договор
22. Жеке еңбек келісімі – Индивидуальное трудовое соглашение
23. Жеке іс парағы – Личный листок
24. Жеке куәлік – Удостоверение личности
25. Жолдама – Направление
26. Жолдамахат – Сопроводительное письмо
27. Жоспар – План
28. Заң – Закон
29. Келісім – Соглашение
30. Келісімшарт – Договор
31. Кепілхат – Гарантийное письмо
32. Кесте – Расписание
33. Көшірме – Копия
34. Куәлік – Свидетельство
35. Қаулы – Постановление
36. Қолдаухат – Ходатайство
37. Қолхат – Расписка
38. Қоныстануға арналған ықтиярхат – Вид на жительство
39. Қорытынды – Заключение
40. Құттықтаухат –Поздравительное письмо
41. Қызметтікхат – Служебное письмо
42. Қызметтік нұсқау – Должностная инструкция
43. Мәлімдеме – Рапорт
44. Мінездеме – Характеристика
45. Мінездеме – ұсыныс – Рекомендация – характеристика
46. Нұсқау – Инструкция
47. Нұсқаухат – Инструктивное письмо
48. Өкім – Распоряжение
49. Өмірбаян – Автобиография
50. Өсиет – Завещание
51. Өтініш – Заявление
52. Пікір – Отзыв
53. Ресмихат – Официальное письмо
54. Сауалнама – Анкета
55. Сенімхат - Доверенность
56. Талапарыз – Исковое заявление
57. Тапсырыс –Заявка
58. Телефонхат – Телефонограмма
59. Телқұжат – Дубликат
60. Төлқұжат – Паспрот
61. Түйіндеме – Резюме
62. Түсініктеме – Объяснительная
63. Түсіндірмехат – Объяснительная записка
64. Тізімдеме – Ведомость
65. Тізім – Список
66. Тіркеу карточкасы – Регистрационная карточка
67. Ұсыныс – Рекомендация
68. Ұсынысхат – Рекомендательное письмо
69. Үзінді – Выписка
70. Үкім – Приговор
71. Хабарлама – Сообщение
72. Хабарламахат – Письмо – сообщение
73. Хабарландыру – Объявление
74. Хат – Письмо
75. Хаттама – Протокол
76. Хаттамадан үзінді – Выписка из протокола
77. Хаттаманың көшірмесі – Копия протокола
78. Шарт – Контракт
79. Шақырухат – Пригласительное письмо
80. Шешім – Решение
81. Штат кестесі – Штатное расписание
82. Іссапар куәлігі – Командировочное удостоверение....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні оның зерттеу нысаны
» Реферат: Ресми іс қағаздар тілі- қазақ әдеби тілінің бір тармағы
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Компьютердің тілін табу – өнер (2-сабақ) (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Центр Кредит банкісінің басқару құжаттарының орындалуы
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазіргі кезеңдегі басқару құжаттарының құрастыру мен ресімдеу талаптары

Іздеп көріңіз: