Реферат: Тарих | Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары
Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық
тағылымдары.
Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталады.
Халқымыздың жалпы даму тарихына сүйене отырып, біз психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші кезең-психологиялық ой-пікірлердің үлкен бастау, түп-төркіндері ,басы ҮІ –ҮІІІғасырлардан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңдері.Бұлар халықтық психология-Орхон Енисей жазба ескерткіштері,Қорқыт ата ,Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, т.б. ғұламалардың тағылымдары.Екінші кезең-Қазақ хандығы дәуірінен басталып (ХІХ ғасырдың орта тұсы), Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің даму жағдаяты.Үшінші кезең-психологиялық ғылымның Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.
ҮІ-ҮІІІғғ. Ежелгі түркі жазбалары.
Қорқыт ата.
ҮІ ғасырда Жетісу,Алтай,Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар бірігіп, түркі қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша «Түрік» деген халықтың аты 542жылдан белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жауапкершілік дәстүр маңызды орын алады.Олардың алғашқы көсемдерінің бірі- Бумын қаған айналасындағы көрші елдерді өзіне қаратады. Қағанаттың орталығы Орхон өзенінің (Қазіргі Монғолияда) жағасында болды.Истеми қағанның тұсында (ҮІ ғ.)елдің территориясы бұрынғыданда ұлғайып,әскери қуаты арта түсті. Көп ұзамай, өзара қырғын соғыстары басталды да, қағанат екіге (бірі Орталық Азиядағы Шығыс түрік, екіншісі Жетісу,Шығыс Түркістан,Орта Азия Батыс түрік қағанаты) бөлінеді.Батыс түрік қағанаты (астанасы Шу өзені алқабындағы Сүяб қаласы) аварларды батысқа ығыстырып, Еділ Жайық бойын өзіне қаратты.Білге Қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Таң ( Қытай ) шабуылынан үнемі қорғап келеді. Батыс түрік қағандығының құраған әр түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына енгенін тарихтан белгілі. Осы кезеңнің саяси қоғамдық, әдеби өмірін баяндайтын жазба ескерткіштер бізге жетіп отыр. Солардың бірі- «Күлтегін» , «Білге қаған» , «Тоныкөк» дастандары.
Құлпытасқа жазылған осы ескерткіштер Орхон-Енисей жазбалары деп те аталады.бұлардың авторы Иоллығ-Тегін дейтін шежіреші екендігі белгілі болып отыр,бірақ қайда туып, қашан өлгендігі жөнінде еш мағлұмат жоқ. Шамамен ҮІІІ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген болу керек.Жазба ескерткіштердің мазмұнына қарағанда оның өз заманында білімді адамдардың бірі болғаны байқалады. Білге қағын інісі Күлтегін қайтыс болғаннан кейін (731ж)оны өмірлік есте қалдыру үшін шетжұрттан шеберлер алдырып,Қожа-Сайдам ойпатына үлкен ескерткіш орнатадыда , мұндағы өсиет сөздерді өз ағайыны Иоллығ –Тегінге жаздырады. Кейіннен Білге қаған қайтыс болып, інісінің қасына жерленеді. Осы ескерткіштің текстін жазған да Иоллығ –Тегін . «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») ескерткішіне дейінде халық жадында сақталған ежелгі бабаларымыздың ерлік істерін, тұрмыс салиын жалпы жұртқа паш ететін шежірелер болуы ықтимал. Бірақ ол жөнінде әзірше мә»лімет жоқ.Автор түркілер тарихын олардың саяси аренаға шыққан кезі-ҮІ ғасыр ортасынан бастайды, яғни түркі ордасын құрған дәуірден бері екі жүз жылдық тарихты сөз етеді. «Күлтегін» ескерткіші желісі жағынан екі бөлімнен («Кіші Күлтегін», «Үлкен Күлтегін») тұрады. Бірінщісі-жазылук мерзімінің кейін тұрғанына қарамай –түркі тарихының кіріспе бөлімі іспеттесте, екіншісі мемлекет тарихының негізгі бөлімі «ел өсиеті» болып есептеледі.
Күлтегін ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-жақты дарытқан жаужүрек батыр, ұлан-ғайыр кең даланы еркін билеген дала халқының қайсар жауынгері.Ал Тоныкөк болса талай қанды жорықтардың куәгері, үлкен өнер иесі, ойшыл, философ, халық дипломатиясының білгірі.Тас жазуларды ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік , құлдық пен тәуелсіздік , тәлім-тәрбие, тұрмыс салт мәселелері әсем айшық өрнектермен, жанды бейнелерге толы сезім толғаныс тебіреністерімен баяндалады.
Мәселен, «Бізге жеңіс әперген жер-суымыз-Отанымыз деп білу керек...Қандай қағанат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз(жалқау, оңбаған)табылса, оның сол халықтың қанша соры бар десеңізші.-Құлаұ қойып тыңдаңыздар тереңнен ойлап толғаныңыздар...Су ағысы тартылса , жас жапырақ қурайды, адамдардан күш кетсе – жат кісіге бағынады... «Менің ағам мені адам етті...Аштықта тоқтықты түсінбейсің... «Жақын отырған сыйдың құрметтісін алады, алыс отырған сыйдың « немкеттісін алады» , деп келетін сөз тіркестерінің психологиялық мәні зор.Құлпы тастарда осы іспеттес жас жеткіншектерді елін, халқын сүюге, жақсы, ұнамды әдет- ғұрыптарға баулу, үлкенді сыйлау , зеректік пен ойшылдыққа , батылдық пен тапқырлыққа үйретіп, тәрбиелеу жайындағы мәселелер сөз болады.Бұлардың қазіргі жастарымыз үшін тәлімдік мәнін жоймайтыны хақ.
Тасқа жазылған дастандардың тәлім- тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі- Қорқыт ата тағылымдары.ҮІІІ –ІХ ғғ. Төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған Оғыз- Қыпшақ тайпаларының мемлекеті болды.Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жазмышқа қарсы күресіп, адамның мәңгі жасауын арман етіп өткен кемеңгер ғұлама Қорқыт еді.Өлім қатері, одан құтылу туралы өзінің асыл ойлары мен тебіреністерін қобыздың зарлы әуеніне қосқан. Қорқыт туралы аңыз – жырлар, бізге жеткен « Қорқыт ата кітабы» - Орта Азия, Қазақстан мен Әзербайжан халықтарының аса көрнекті жазба ескерткіші. Қорқыттың музыкалық этнографиялық мұрасы бұрынғы Кеңес Одағын мекендейтін түркі тілдес халықтардың барлығының ортақ рухани игілігі.Қорқыт ата тағылымдарында тәлімдік мәні күшті түрлі афоризмдер, қанатты сөздер, ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі.Бұлардың тек тарихи –этнографиялық тұрғыдан ғана емес, соны мен бірге осы аймақтағы халықтардың ілкі ортағасырлардағы тәлім- тәрбиелік ой – пікірлерінің өзіндік ерекшелігін бейнелейді.Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманан- ақ қастерленіп келеді. 1980 жылы Сырдарияның төменгі сағасында Жосалы ( Қызыл орда облысы, Қармақшы ауданының орталығы) станциясының солтүстік – батысына таман Қорқыт мекенінен бір жарым шақырым жердегі оның зиратының басына тамаша ғимарат ескерткіш орнатылуы оған деген құметтің белгісі.
Қорқыт ата нақылдарында тәлім- тәрбиелік сипаттағы ақыл – кеңестер әр қырынан сөз болғанын жоғарыда айттық.Мәселен имандылық, кісілік , қанағатшылдық, әрекетшілік жайында айтылған мынадай ақылдарға құлақ түргеніміз абзал. «Тәңіріне сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды...Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып , бір күн тыныштық көрмей дүние жияды, байиды.Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді.Менмен , тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді...»
Дана ойшылдар ата-ананы сыйлап, құрметтеу , үйішілік жарасымды карым – қатынас , ұл мен қыз тәрбиесі , адамның әр түрлі мінез құлық сипаттары жайында айтқан тағлымдары да бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай « Өзіңнен тумаса ұл өгей қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды... Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас.Анадан өнеге алмаған ұл жаман .Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар ...Ұлың өсіп жетілсе , отбасының мейірі , бас- көзі.»
Қорқыт ата жеткіншек , жас өспірімдердің жаны мен қоса тәнінің шынығуына, елі мен жерін жан – тәнімен сүйіп , оны қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. Осыған орай ол былай дейді « Жол қиындығын көрмеген , жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі...Қолыңа ұстаған болат қылышың мұқалмасын. Жауға атқан садағың өткір болсын.» Кемеңгер дала ойшылы жас жеткіншектің көпшіл , қонақ жай, ата жолын қуған ақпейіл адам болғанын қалайды. ( « Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық...Ата даңқын шығарып , өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болып жарық көріп , өмір сүрмеген артық. Сөзіне берік , шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жасты үшке көбейтіп, өмір сүрсе де аз». )
От басы , ошақ қасының, үй іші тыныс – тіршілігінің берекесі , ұрпақ тәрбиесінің әйел жұртының кескін - келбетімен қатар, әдепті, көрегенді, адамгершілік , иман – жүзділік қасиеттерімен де тікелей байланысып жатады.Осыған орай Қорқыт ата әйелдердің төрт түріне берген сипаттамасы психологиялық жағынан ерекше көңіл аударады. Мәселен , әйелдердің бір тобы отбасының тірегі , үйдің құты, қонақжай , үрім - бұтақтары өсіп - өнген жандар болса, екіншісі – ынсапсыз, қанағатсыз, үшіншісі - салдыр - салақ , өсекшіл келеді дейді.
Әбу Насыр әл – Фараби (870- 950)
Әбу Насыр әл – Фараби - өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл араб халифатындағы ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық , жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оңтүстік өлкесі сол кездегі үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих бізге ІХ- Х ғасырлар арасында Отырар қаласы ( бұрынғы Фараб ) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолында ( жібек жолының бойында ) орналасқан , ол сондай – ақ өнер – білімнің , мәдениет пен әдебиеттің өркендеп , өскен кезінде көптеген ғұлама ғалымдар шыққан үлкен шаһар болатындығы жайлы сыр шертеді. Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына осындай құнарлы ортаның себі тигендігіне күмәндануға болмайды.
ҮІІІ- ХІІ ғасырларда философиядағы басты идеялар араб тілінде сөйлейтін халықтардың еншісіне тиген еді. Осы кездері Платон мен Аристотельдің , Гален мен Архимедтің еңбектері Орта Азиядан Индияға , одан сонау Испаниядағы Пиреней түбегіне дейін араб тіліне сан рет аударылып, көшіріліп, түсіндіріліп жатты. Бұл жайт Орта және Таяу Шығыс елдерінде физика , математика , медицина , химия , астрономия тағы басқа жаратылыс тану ғылымдарының дами түсуіне , бұлар Шығыс философиясы мен мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етті.Ғалымдар өз зерттеулерінде табиғат сырларының заңдылықтарын тәжірибе жүзінде ашуға талаптанды. Олар Платоннан гөрі Аристотель іліміне ден қойып, оны әрмен қарай дамыта түсті.Ортағасырлық Шығыс философиясында сол кезде басты үш бвғыт болы. Мұның біріншісі – ортодоксистік ислам ( халифаттаға үстем таптардың идеологиясы ) , екіншісі – неоплатондық ағым (суфизм ) , үшіншісі – перипатетизм немесе аристотелизм , яғни Аристотельдің жолын қуушылар . Соңғысы қоғамның прогрессивтік топтарының көз қарастарын бейнелейді. Осы ағымның өкілдері философиялық мәселелерді зерттеуде алдымен табиғаттану заңдарына жүгінді, прогреске қатысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан іздеді. Осы ағымның көрнекті өкілдерінің бірі - әл – Фараби болды.
Ол Аристотельдің пантеистік пікірлерін қайта қарастырып, мұның негізінде натуралистік пантеизм деп аталатын ілім жасады.Фараби мұрасын зерттеушілердің айтуынша оның пәлсапалық концепциясы дүниені пантеистік тұрғыдан түсіндіретін «алла тағаланың ақыл – парасаты» дейтін ілімге негізделген. Ұлы ғұлама өзінің пәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткенімен , оның еңбектерінеде сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қорытындылайтын прогрессивтік , материалистік идеялар баршылық. Мәселен , ол дүниенің мәңгілігін мойындайдап, табиғат құбылыстарын детерменистік ( себептілік ) принцип бойынша түсіндіреді, жанның мәңгі – бақи жасамайтындығын , өліп -өшіп отыратындығын мойындайды. Оның ғылыми материалистік идеялары , әсіресе оның таным мәселесі мен логика ғылымы туралы айтқандарында , сондай – ақ адамның жан қуаттарының әрқилы жақтарын түсіндіруде ерекше байқалады.
Кезінде ол болжам жасап, пікір айтпаған ғылым-білім саласы кемде-кем. Мәселен, тек психология саласында жеті еңбек ( « Жанның мәні туралы» , «Түс көру туралы сөз» , «Жан туралы» , «Ақыл және ұғым», «Жасөспірімнің ақылы жайлы кітап», «Ересектердің ақылы туралы кітап» , «Темперамени туралы») жазған екен.Бірақ бұлар біздің заманымызға жетпеген.Оның жан дүниесі туралы толғаныс тебіреністері , бізге басқа еңбектері( «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат», «Азаматтық саясат», «Бақыт жолын сілтеу», «Даналық таңба тастар», «Мәселелердің мәні», т.б.) арқылы біршама мәлім болып отыр.
Психология үшін ірге тастар мәселе болып табылатын жан мен тәннің ара қатынасы, бұл екеуінің бір-бірімен байланысы жайлы мәселеде Фараби өзін сол кездегі ғылыми ой-пікірлердің билігінен көрсете білді. Ол жанның мәңгі өлмейтіндігін уағыздаған грек ғалымы Платонға қарсы дау айтып, оның «Жан тәннен бұрын пайда болады, жан мәңгі өлмейді деуі қате түсінік» деп түйді. Оның пікірінше жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ. Тән жанның тірлік қасиеті. Адамда қатарынан екі жан болмайды, адамның тәні де , жаны да өткінші, уақытша. Тән жанның дамуына , оның біртіндеп қалыптасып жетілуіне әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің сұлулығы қажет. Тән сұлулығы жоқ жерде жан сұлулығы да жоқ. Шыққан жан ешуақытта қайтіп келмейді,бір денеден екінші денеге көшіпте жүрмейді, бірақ т еөңілі мен рухы кіршіксіз таза көзі ашық оқыған адамның жаны мәңгі бақи өмір сүреді де , надан , залым, зымиян адамның жаны өшіп кетіп отырады.
Фараби адамның жан қуаттарының табиғатын қазіргі термин бойынша ( психологиялық құбылыстар - Қ.Ж. ) тәннің құрылысына орайлас түсіндіруге тырысады. Тәннің де , жанның да иесі - жүрек , бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүшелері сияқты ми жүрекке бағынышты жүрек –тіршілік тірегі, ол қан айналысы мен қимыл қозғалыстың орталығы. Жүрекпен байланыспайтын мүше жоқ, мида жүректен қорек алып сонан кейін ғана адамның жан дүниесін басқарады. Жан туралы ілімде Фараби ұстазы Аристотелдің ықпалында болды. Ұлы грек ойшылы «Жан туралы» еңбегінде өсімдіктерінде жануарларды, адамдарды үш түрлі жан болады десе Фараби жанның адаммен жануарларда болатын түріне ғана ерекше мән береді. Мұның бірі қозғалдыратын қуат- бүкіл тірі организмге ортақ ,ал танып білу қуаты жануарлармен адамдарға ғана тән, бұл сыртқы дүниені түйсіне, сезіне алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай қабілет жоқ. Сондықтанда олар бұл топқа кірмейді. Адамда ең алдымен қоректендіру қуаты пайда ьолады. Бұл оның тәні, яғни өсіп өнуге негіз болатын дене бітімі. Адамның танып білу қуаты да екіге бөлінеді. Мұның біріншісі- сыртқы жан немесе түйсіктену ұуаты депте аталады. Мұндай қабілет сыртқы дүние заттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болады.Сыртқы жан қуаты беске бөлінеді. Олар: көру, есту, дәм, иіс, тері түйсіктері. Екіншісі – ішкі жан қуаты.Бұларға еске түсіру, талпыну қабілеттері жатады. Адамды жануарлардан ерекше бөліп тұратын қуат – оның ақыл – парасаты , яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті. Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзөқарасы туралы трактат» дейтін еңбегінде жан құбылыстарының әр түрлі көріністтеріне қысқаша сипаттама береді. Мәселен, қиял адамға аса қажетті жан қуаты. Ол екі түрлі міндет атқарады. Біріншіден, мұнда сыртқы дүние заттарының бейнелері өңделіп , с ұрыпталып бірі екіншісіне қосыоып одан жаңа бейнелер жасалады. Екіншіден , ол ойлауға материал жинастырады.Түйсік пен екеуі адам ойлауының терең жан-жақиы, орамды болуына жәрдем береді. Ол түс көру құбылысын қиялмен байланыстыра береді. Түс көру – адамның ояу кезіндегі шындықта көрген, білген, естіген нәрселерінің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде мұндай бей»нелер адам ырқынан тыс жүріп жатады. Бұл қиялдың енжар көріністері. Фарабидің түс көру туралы тұ\жырымдарының қазіргі ғылыми психологияның айтқандарымен үңдесіп жатқандары жақсы байқалады.
Ғұлама ғалым адамның тану процестерін екі басқыштан тұратындығын айтады.Оның біріншісі сезімдік кезең.Бұған түйсік,қабылдау, ес процестері жатады.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: