Реферат: Биология | Дұрыс тамақтану

Реферат: Биология | Дұрыс тамақтану

ТАМАҚТАНУ РЕЖИМІ

Күнделікті азық-түлікті дұрыс бөлу және берілетін астың түрлерін белгілеу дұрыс тамақтанудың маңызды шарттарының бірі болып саналады. Сондықтан дұрыс тамақтану режимін белгілерде тамақты адамның жасына, қызметіне, бос уақытына, тағы басқа да организмінің ерекшеліктеріне байланысты дайындауды талап етеді.
Мезгілімен тамақтанудың себебі – асқазан сөлі сілекей секілді асты көргенде, оның иісін сезгенде рефлекторлы түрде бөліне бастап, асқа дайын болып тұруы... Тамақты мезгілімен іше алмағаныңызды есіңізге түсіріңізші. Тамақты күтіп тұрған асқазан сөлі онымен кездесе алмай қарында бос қалып қояды. Мұның денсаулық үшін зияны көп. Бөлініп шыққан асқазан сөлінің құрамындағы тұзды қышқыл оның ішкі жұқа қабатын зақымдайды. Осы кезде адамның тамаққа тәбеті де болмай қалады. Мұндай жағдайлардың қайталана беруінен адамның асқазаны ауруға шалдығады. Сондықтан тамақты белгілі уақытта шартты түрде ішуге біз өзімізді үйретуіміз керек.
Біздер деніміз сау кезімізде дәрігерлердің пайдалы кеңестеріне құлақ аспаймыз. Кейбіреулер тіптен менің асқазаным шегені де қорытып жібереді ,- деп батырлық көрсетеді. Бірақ арада көп уақыт өтпей-ақ мұндай батырлар азып-тозып, кәрілік нышанын білдіріп, жүрегімнің басы толып тұрады,- деп шағым етеді. Дұрыс тамақтанудың режимін мойындамаған адамды суда жүзіп жүрген мұз тауы айсбергтің анағұрлым қауіпті төменгі бөлігін көрмейтін бейқабар поляр капитанымен салыстыруға болады.
Тамақтану режимі бұзылған адамдардың асқа тәбеті шаппайды. Мұндайда жұрттың көпшілігі арақ ішіп жібергенін тәуір көреді. Бұл тіпті дұрыс емес, себебі, арақ әдеттегі физиологиялық емнің ешқайсысына да жатпайды. Керісінше, оның нерв пен жүрек-қан тамыр жүйелеріне өзінің өткір жүзін қадап, бүлдіруден басқа білетіне жоқ.
Тамақты кешке, ұйықтар алдында тойып ішу тіпті жарамайды, себебі асқазан сөлі көп бөлініп шығып асқазан көк етті қысып, жүректің әдеттегіше жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Оның әсерінен адам түнде нашар ұйықтайды, шым-шытырық түс көріп, мазасы кетеді. Егер адамның жүрегі нашар болса ( стенокардия және инфаркт ауруымен ауыратын болса), осындай тамақты көп ішкен кештерден кейін оның жүрегі қысылады.
Дұрыс тамақтануға қандай режим жатады? Біріншіден, тамақтану режимі адамның еңбегіне және оның бос уақытындағы жағдайына байланысты болу керек. Москвадағы тамақ институтында жүргізілген көп жыл бойғы тәжірибенің қорытындысы мынаны көрсетті: нағыз денсаулыққа тиімдісі күніне 4 рет тамақтану – таңертеңгі асты тойып ішіп, оның қуаттылығы бір күндік норманың 25-30 бөлігі болуы керек; екінші таңертеңгі (түскі үзіліс кезіндегі) жеңіл ас – 10-15 бөлігі, жұмыс біткеннен кейінгі кешкі тамақ – 35-40 бөлігі, кешкі жеңіл тамақ – 15-20 бөлігі.
Бірінші таңертеңгі асты тойып жеудің мәнісі – 9-10 сағат ұйықтап әбден тыныққаннан кейін ол бүгінгі істейтін жұмысын ескере отырып, организміне қажетті қуат пен құрылыстық заттарды жинап алуы керек. Осы тұрғыдан таңертеңгі ішетін астың бір түрін овощ қосылған еттен, жарма қосылған балықтан, кофе немесе шай және тағы басқалардан болғаны жөн.
Екінші реттегі түскі үзіліс кезінде асты тоя жеудің қажеті шамалы. Адам асыра тоя жесе, оның ұйқысы келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Сондықтан бір-екі тілім нанды колбасамен немесе маймен (бір-екі стакан айранды булочкамен немесе бір-екі жұмыртқаны нанмен) жеп, бір-екі стакан шай ішіп тұрса, кешкі тамаққа дейін адам еркін шыдай алады.
Жұмыстан кейінгі тамақ организмнің күні бойы шығаратын шығынын өтеуі тиіс. Бұл тамақты ішкенде істеп келген жұмысты ғана емес, алдағы істелетін жұмысты да еске алып, соған орай тамақтың белоктарын, майларын, витаминдерін жеткілікті мөлшерде алу қажет. Жұмыстан кейінгі тамақ әр уақытта ыстық және оның бірінші түрі еттен, балықтан немесе овощтардан пісірілуі қажет. Бұлардан соң компот,кисель ішуге, жеміс-жидек жеуге болады. Ас алдында винегрет, салат жеу керек, себебі олар тамаққа тәбетіңізді ашады.
Кешкі ас сүттен, жармадан және овощтан пісірілсе олар организм үшін жеңіл және пайдалы болады. Ашуланшақ және нерв жүйесі нашар кісілерге кешке қарай қорытылуы қиын және көп тітіркендіргіш тағамдарды жеуге болмайды. Оларға бұрыш салып еттен жасалған тағамдар, кофе, какао, қою шай, тағы басқалары жатады. Кәрі демей, жас демей ұйықтар алдында бір стакан айран ішсе, денсауық үшін аса пайдалы.
Жоғарыда біз күніне 4 рет тамақтану керек екендігін айтып өттік. Көпшілік қауым мұндай режимге қарсы да болуы мүмкін, себебі сіздер күніне 4 рет емес, көбінесе 3-ақ рет тамақтанасыздар. Тек жадыңызда болсын; таңертеңгі асты тоя жеңіз, түскі асты тойып, ал кешкіні қоя жеңіз.
Тамақтың түрлері әрдайым өзгертіліп отыруы шарт. Алайда, үй тұрмысына астың алуан түрлі болуына әдетте жөнді назар аударыла бермейді. Үй шаруасындағы әйелдердің барлығы бірдей күн сайын таңертеңгі, түскі және кешкі тамақ әзірлеудің жоспарын жасай бермейді. Сондықтан қажетті азық-түлікті іріктеп сатып ала алмайды. Үй шаруасындағы әйелдердің көпшілігі-ақ әдетте тамақтың небәрі 10-12 түрін ғана әзірлей біледі, бұларды бірнеше жыл бойы кезекпе-кезек пісіре береді. Мұның салдарынан семья мүшелерінің біркелкі тамақ жеулеріне ғана тура келіп қоймай, олардың организмі керегінше қажетті мөлшерін тағамнан ала алмайды.
Тамақтың түрлерін (меню) жасағанда күн сайын әзірленетін асты таңертеңгі, түскі немесе кешкі асты түрлендіріліп әзірлеуді және оларды алма-кезек ауыстырып әзірлеуді және оларды алма-кезек ауыстырып әзірлеуді ескерудің зор маңызы бар. Мысалы, борщ,щи,котлет он күнде бір рет, тіпті болмағанда жұмысында бір рет қейталанып отырса, бұл тамақ неғұрлым дәмдірек болып көрінеді. Сондықтан тамақтың түр-түрін күнілгері жоспарланғанда, он күнге немесе бір жетіге арналып жасалған менюді мүмкіндігінше орындаған дұрыс. Күнделікті жасалған менюде азық-түлік пен тамақтың түрін дұрыстап ұштастырудың да маңызы бар. Егер таңертеңгі тамаққа картоп немесе ботқа берілген болса, бұларды түскі немесе кешкі тамақта қайталаудың қажеті жоқ, олардың орнына, мысалы, басқа овощтан әзірлеген жөн.
Тамақты сумен қабаттастырып ішкен дұрыс па? Бұл туралы түсініктер әр түрлі. Біреулер дұрыс деп жауап берсе, екінші біреулер дұрыс емес деген ұғымда. Шынында да, тамақ ішіп отырып, су ішуге болмайды. Бұл айтып отырғанымыздың Қазақстандағы тамақ ішіп отырып, шай ішетіндерге де қатысы бар, себебі, тамақпен бірге ішкен су асқазан сөлін сұйылтып, астың сіңімділігін әлсіретеді. Егер шөлдеп отырсаңыздар, суды тек тамақ алдында ішу керек, өйткені аш қарынға ішкен су асқазанда көп тоқталмай тез ішекке өтіп кететіндіктен, оның асқазан сөліне зияны жоқ.
Кешкі сменада істейтін жұмысшылар қалай тамақтану керек?
Бұлар таңертеңгі тамақты сағат 9-10-да, кешкі тамақты сағат 23-24-те ішулері тиіс.Түскі тамақ күндік нормасының жартысы болуы керек, ал ұйықтар алдындағы күндік норманың 10-15 бөлігіндей ғана жеңіл болу керек. Түнгі сменадағы жұмысшылардың кешкі тамағы (жұмыс алдында) құнарлы болуы керек (күндік норманың 40 бөлігі). Жұмыс арасында жеңіл ғана тамақтанып, денені сергек ұстау үшін кофе немесе шай ішкен жөн. Үйге келген соң жақсылап тамақтанып, оның мөлшері күндік норманың 25-30 бөлігі болсын.
Біз сіздерге дұрыс тамақтану режимінің дені сау ересек адамдарға тиісті бөлімін айттық.
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ
Адамның барлық өмірі тамаққа байланысты. Жаңа туған сәби де бірден анасының емшегін еме бастайды. Ананың сүтінен ол өзінің өсіп жетілуіне қажетті тамақтың барлық түрлерін алады. Ана сүтінің әрбір грамында
1-1,5 процент белок,
6-7 процент қант,
3-4 процент май,
0,2 процент тұз және
88 процент су бар.
Бұлардан басқа ана сүтінде сәбиді алғашқы бірер айлығында аурудан сақтап тұратын иммунные тела деп аталатын ерекше зат пен кейбір ферменттер болады.
Сіздер білесіздер ме? Егер күнделікті аста белок жетіспесе, баланың өсіп жетілуі нашарлайды, ал үлкен кісілердің жұмысқа қабілеті төмендейді, суық тиіп түрлі жұқпалы аурулармен ауырғыш келеді.
Соңғы кезде США-ның балалар дәрігерлері жаңа туған анасының сүтін емізу керек емес дегенді айтып жүр. Сөйтіп, жас босанған әйелдерге сүт шықпайтын етіп, прожестерон дәрісін береді. Сол елдің көптеген оқымастылары, соның ішінде балалар тамағын дайындап шығаратын компаниялардың өкілдері, ана сүтінің қуатсыздығын дәлелдеуде. Әрине, мұнымен келісуге болмайды, себебі олардың ойлағаны бала мен ананың денсаулығы емес, керісінше, өздерінің баю құлқыны.
Баланы жастан демекші, балаларды әрдайым дұрыс тамақтандыруға тырысу керек. Біз көптеген жағдайда үлкен адамдардың түрлі ауруларының түпкі себебін сол жас кезінен бастап іздестіру арқылы тауып алып отырамыз.
Бала организмі өскен сайын оның тамаққа талғампаздығы өзгереді. Енді оған ана сүтінен басқа түрлі-түрлі сапалы тағамдар керек. Оның өсіп келе жатқан денесіне, органдарына қуат пен құрылыс материалдары бұрынғыдан да қажет. Бұл заттарды ол тек тамақпен ғана алады.
Организм өзін-өзі белокпен, маймен, тағы басқа тамақтармен қамтамасыз ете ала ма?
- Ия, өзін өзі біршама қамтмасыз етеді. Бірақ өмір тіршілігі кезінде адамның организмінде ыдырау процесі де болады.Ал организмдегі ыдыраудың орнын толтырып тұру үшін, адамға тамақтанып тұру керек және оның дұрыс ұйымдастырылуы шарт.
Дұрыс тамақтану арқылы ғана адам өз организмінің мүшелерін тиісті құрылыс материалдарымен үздіксіз қамтамасыз етіп отырады және істеген қызметіне сәйкес қуат ала алады.

Дұрыс тамақтану ережесіне сай барлық тағамдардың түрлері негізгі алты топтан тұрады:
1. Органинизм үшін нағыз қажетті құрамды белоктары бар тағамдар: сүт, айран, қаймақ, сүзбе, қымыз, шұбат, сыр, қант қосқан қойылған кептірілген құрғақ сүт, қаймақты балмұздақ, құрт. Бұлардың 100 грамындағы пайдалы заттар төмендегі мөлшерде беріледі.

Тағамдар қуаттыыыылығы белоктар майлар углеводтар витаминдер Минерал тұздары
А В1 С кальций калий
Сүт пен айран 62 3,0 3,5 4,5 0,05 0,05 1,0 120 127
Қаймақ 1 сорт 285 2,1 28 3 0,30 0,05 - 86 91
Сүзбе майлысы 230 11 19 3 - - - 140 -
Сүзбе майсызы 75 14 0,5 3,5 - - - 164 -
Сыр советский 380 21 30 2,5 0,22 0,06 - 700 -
Тәтті қою сүт 324 6,8 8,3 53,5 0,03 0,06 2,5 316 -
Сүт ұнтағы 469 22,8 24,4 36,3 0,32 0,24 4,0 939 994
Жұмсақ сыр 255 19 18 2 - - - 663 -
Қаймақты балмұздақ 180 3,4 9,4 18,5 - - - 137 109
Қымыз 46 1,5 1,6 6,2 - - 20 83 81
Шұбат 53 8,3 3,8 1,2 0,03 0,05 5,57 167 -
Құрт 386 45 17 13,5 белгісіз
Ірімшік 480 36 27 23 белгісіз

2. Организм үшін нағыз пайдалы белоктар алынатын тағамдар: түрлі еттер, балықтар және жұмыртқалар.
3. Құрамында углеводтары көп тағамдар.
4. Қуаттылығы күшті тағамдарға түрлі-түрлі майлар жатады. Олардың 100 грамындағы қуаттылық 700-800 ден кем емес. Белоктар мен углеводтар өте аз да, ал май 70-90 грамм мөлшерінде, витаминдер мен минерал тұздары жоқтың қасында болады.
Бесінші және алтыншы бөлімдерге құрамында С, Р және А витаминдері көп тағамдар жатады.
Тиімді тамақтанудың екі міндеті бар.
1. Баланың туған сәтінен бастап қалыпты дамуы мен өсуі үшін қажет құрлыс материалдарымен қамтамасыз ету / ақуыз, май, минералды заттар, көмірсу тегі/.
2. Ағзаның энергетикалық шығынын толтыру үшін қоректік заттарды жеткізіп тұру.
Тамақтануда қойылатын талаптар:
1. Тамақ құрамы әр алуан болу керек / ақуыз, май, көмірсутек, липоид, минералдық зат, дәрумендер /.
2. Тамақ құрамы әр алуан болуы керек / өсімдік, жануар тектес:
ет, сүт, балық, жұмыртқа, нан, жарма, жеміс-жидек /.
3. Тамақтың сапасы жоғары, ауру туғызатын микробтардың болмауы.
4. Тамақтың энергетикалық сапасы жоғары болуы керек.
5. Тамақтанудың уақтылы болуы.
Тамақтану – ағзадағы зат алмасу мен газ алмасудың негізі. Тамақ қабылданған соң 3-6 сағат ішінде толық қорытылады. Тамақ құрамындағы белок, май, көмірсутектің ара салмағы 1:1:4 пропорциясында болғаны жөн.
Ақуыз жетіспесе – ағзаның өсуі баяу, орталық жүйке жүйесінің қызметі нашарлап, шартты рефлекстер баяулайды. Белок тағам құрамының 50 % -тін құрауы керек. Майлар, липоидтер – энергия көзі. Майда А, Д, Е дәрумені, өсімдік майында Е дәрумені бар. Тамақ майлылығы 10-20% болу керек.
Липоид – фосфатид және стериндер түрінде болады, жүйке жүйесі қызметін жақсартады.
Көмірсу – энергия көзі. Тағамның 60-70 % болу керек. Дәрумендер – vita - өмір, латын сөзінен шыққан. Ағзаның тіршілігі мен дамуы үшін және ағзаның ауруға төзімділігін арттырады.
А дәрумені бауырда, майда, сүтте, ірімшікте және көкөністерде болады. Бұл дәрумен ағзада жетіспесе көру қабілеті төмендейді.
Д дәрумені балықта, бауырда жұмыртқаның сарысында кездеседі. Ағзада жетіспеген жағдайда балаларда рахит ауруы пайда болады.
К тобы ө қан кетудің алдын алуды өте пайдалы. Ол картопта, помидорда, сәбізде кездеседі.
В тобы нерв жүйесі, жүрек қызметі, тері аурулары және қан аздықта өте қажет. Оның бірнеше түрлері бар: В1, В2, В6 және В12. Бауыр, ет, жұмыртқада, сүтте, бұршақ тұқымдастарда және көкөністерде кездеседі.
РР – сиыр етінде, помидорда, сүтте болады. Егер ағзаға бұл дәрумен жетіспесе пеллагра ауруы дамиды. Тері зақымданып, жан күйзелісі байқалады.
С дәрумені ағзаның зат алмасу процесінде маңызды рөль атқарады. Ағзада С дәрумені жетіспесе ағза түрлі ауруға қарсы тұру қабілетінен айырылады.
Минералды заттар – жасуша мен ұлпа түзуге, зат алмасуға, қышқылдың сілтілік тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.
Микроэлементтер: Fe, J, Mn, Cu, F, Sn / 15 - мг аспайды/.
Макроэлементтер: K, Ca, Mg, Na, S, P, Ce, / грамм мөлшері/.
Ca – сүйектің дұрыс қалыптасуына қажет, сүтте, картопта, сәбіз, капустада кездеседі.
P – ұлпа ме,н жасуша құрамына керек, сүт, ет, бауырда кездеседі.
Na – осмос қысымын тұрақты ұстауға қажет, ас тұзында болады.
K –ағзаның дұрыс дамуына керек.
Fe –қан эритроцитінде – гемоглабин құрамына керек, жетіспесе анемия ауруы пайда болады.
J – қалқан безі гармонын жасауға көмектеседі.
F – сүйекке, тіс эмаліне керек. Ол аз болса кариес, ал көп болса флюороз пайда болады.
Cu – қан құрамы үшін ферменттер жасау үшін керек.
Mn – қанның құрамы үшін және жыныс мүшелерінің жетілуіне қажет.
Су қатысуымен аңзада алмасу процесі жүреді. Күніне 4 рет тамақтану керек, кешке 6-7 - ден кейін тамақ қабылдамау қажет. Ретсіз тамақтану ағзаның түрлі ауруына алып келеді.

Тамақтан улану
Бактериялы
1. Сальмонелез
2. Ішек таяқшасынан улану
3. Ботулизм

Бактериялы емес
1. Ауыр металмен улану,
2. Улы химикаттармен,
3. Саңырауқұлақтармен улану, таяқшасы, стафилакокті улану т.б.
4. Улы өсімдіктермен улану.

Алғашқы көмек: ас қорыту жолдарын тазарту.
Алдын-ала шаралары: жеке бастың және қоғамдық гигиена ережесін сақтау, санитарлық-ағарту жұмыстарын дұрыс жолға қою.
Тағамның қуаты қандай болу керек

Организм тіршілік үшін тағам арқылы өзіне қуат алып отыру керек. Тамақ тек қуат көзі ғана емес, ол әр клетканың,мүшенің тозған жерін алмастырып,жаңартуға қажетті құрылыс материял да. Қуат белоктардың,майлардың және углеводтардың үздіксіз биологиялық тотығу арқылы алынып отырылады. Бұл заттар ең ақырында көмірқышқыл газы мен суға айналады. Бөлінген қуат фосфорға бай аденозинтрифосфор қышқылы деп аталатын қосындыларға жиналады. Адам қара жұмыс істегенде және әрбір мүшенің өзі атқаратын жұмыстары кезінде бұл қышқыл қуаттың негізгі қоры есебінде пайдаланылады.
Организмде болатын биологиялық тотығуға адам мен жануарлар кейбір тағамдық заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын қуатты ғана жұмсайды. Қуаттың жұмсалатын мөлшері адам организмінің әр түрлі, ерекшелігіне, жынысына, жасына, бойына, салмағына, заттар алмасу процесіне,қара жұмыс пен ой еңбегінің ауыр-жеңілдігіне, тағы басқа да көптеген жағдайларға байланысты. Организм жұмсайтын қуаттың мөлшеріне ауа райының географиялық жағдайдың, әсіресе ауа температурасының әсері де мол.
Жұмыс үстінде ғана емес, ұйықтап жатқанда да және жатып дем алған кезде де организімнің негізгі физиологиялық қызметі дұрыс жүруі үшін (жүрек соғу, дем алу, дененің температурасын бірқалыпты сақтау) қуатты үздіксіз алып тұру қажет.
Ауыр қара жұмыспен, дене шынықтыру және ой еңбегімен шұғылданғанда қосымша күш қуат (килокалория есебімен) төмендегіше болады:

ұйықтап жатқанда-0,93;
жай жатқанда-1,1;
дауыстап газет,кітаб оқығанда-1,5;
үй жұмысының кейбір түрлері: ыдыс-аяқ жуғанда, киім тіккенде,өтектегенде,т.б.-1,8-3,0;
тегіс жолмен сағатына 4,2-6 км жылдамдықпен жаяу жүргенде- 3,2-4,5;
жылдам жүгіру (100 метрлік қашықтықта)-450
сағатына 12 км жылдамдықпен шаңғы тепкеде-12,0
күрескенде-11,0-16,0;
қайықтың ескегін ескенде-2,5-6,0;
велосипед тепкенде-3,5-9,0;
атпен жүргенде-4,0-7,7;
автомобильмен жүрген-1,6;

Тағамды әңгімелегенде одан бір тәулікте алынатын қуатының мөлшеріне көңіл бөлінеді. Тағамның қуаты дегеніміз- организмде азықтық заттың әрбір грамының қорытылып ыдырауын пайда болатын жылуды айтады. Осыған орай негізгі тағамдық заттардың қуаттылығын еске ала кетейік. Организмде орташа есеппен бір грамм углеводтан 4,1 килокалория қкат, майдан- 9,3 белоктан 4,1-4,3 килокалория қуат бөлінеді.
Тағам қуаттылығына үлкен мән берілсе де, ол жалпы астың барлық сапасының көрсеткіші бола алмайды. Мысалы, сіздер күніне үш мезгіл жалаң шай ішіп (әрине, нанмен,қантпен және т.б.) бір күндік қуатты толық алуларыңыз мүмкін. Бұл жерде қуаттың негізде көзі углеводқа бай нан мен қант қана болып отыр. Ал, олардың құрамында организмге аса қажетті белок пен майдың аздығынан тағам сан жағынан толық болғанымен сапасы жағынан төмен болады. Дұрыс тамақтану ережесі бойынша тағамның бір күндік мөлшерінің қуаты орта есеппен 100 грамдай белок және маймен, 450-500 грамдай углеводпен күшейтілсе ғана тағам мөлшері жағынан да, сапасы жағынан да организмге пайдалы болып шығады. Тамақтың сапасы мұнымен де шектеліп қана қоймайды. Біздің ішетін тағамдарымызда Витаминдер мен минерал тұздары да қажетті мөлшерде қамтылатың болуы керек, себебі олардың өздері организмде ревкцияны бірден-бір тездетуші күш болып саналады. Ғылми зертеулерге қарағанда қуаттылығы жағынан онша күшті емес, бірақ ең қажетті тамақ болатын тағамдарды тиісті мөлшерде ішкенде ғана пайдалы екен. Қуаты мол тағамдар пайдалы болудың орнына көптпген жағдайларда зиянды деп дәлелденіп те жүр. Ой еңбегімен жұмыс істегендерге, толық механикаландырылған кәсіп орындардағы жұмысшылар мен аз қимылдайтын, қара жұмысты аз істейтіндер үшін жоғары қуатты тамақтар пайдасыз.
Болашақта белгіленіп отырған мамандықтар структурасының өзгеруіне байланысты жұмсалған жұмсалған қуат мөлшері де орта есеппен әрбір жанға шаққанда азаюы мүмкін, өйткені алдағы уақытта жаңа техниканың қолданылуы, жалпы жұмыс жағдайының жақсаруы, ой еңбегімен айналысатын адамдардың көбеюі көзделіп отыр. Соңғы 20 жыл ішінде 60 жастан асқандардың саны 40 пайызға дейін, 70 жасқа дейінгілер саны 30 жылдармен салыстырғанда, қазір екі есе көбейді және көбейе бермек. Бұған халық тұрмысының жақсаруы, денсаулықтың барған сайын күшеюі себеп бола алады. Қариялардың организімінде болатын заттар алмасу процестері мен жалпы жұмыс жағдайының жақсаруы қуатты көп керек етпейді.
Кейббір организмге жер жағдайларына байланысты көбірек қуат керек болуы мумкін. Мысалы,күні суық аудандарда дене температурасын бірқалыпты ұстап тұру үшін жұмсалатын қуаттың мөлшері жоғары болуы керек. Физкультура мен спорттың кең өріс алуы да адмның қуат жұмсау қабілетін атқарады.
Шамамен есептегенде бір адамның ішетін сұйық тағамының (500 г) барлық түрінің қуаттылығы 200-300-ден аспайды. Сұйық тамаққа сүт немесе ет қосылса оның қуаты 400 килокалорияға жетеді. Қоғамдық асханаларда сорпамен берілетін тағамның, етен жасалған екінші түрінің қуаттылығы500-600 килокалория шамасында болады. Балықтан жасалған тағамның қуаты 500, ал оған май, овощь қосып пісірсе 200-400 қуатқа жуық артады. Тағамның үшінші түрінің (компот, кисель сүтқант шәй, кофе, какао, қант қосылған айран,т.б.) қуаты 100 ден 150 килоколорияға дейін ғана болады.
Тағамның қуатын есептен жатуы керегі не? Тағамнан алатын қуатты есептеу- жұмсалған қуат қорының орнын толтыру үшін ғана емес, тамақты шамадан тыс артық немесе кем ішпеуді ескертуге де қажет.Ішкен тамақтан алған қуаттың мөлшері организмде жұмсалған қуаттан артып кетіп отырса, ол адамды семіртуге және ерте атеросклерос ауруына шалдығуға бейімдейді. Шамадан тыс артық тамақты ұзақ уақыт ішудің кесірінен организмде май алмасуы бұзылады да, ол адамды семіртіп жібереді, денеге холестеріннің шөгуін мейлінше көдейтеді. Бұдан келіп ішкі секреция бездерінің (бүйрек үсті безінің қабығы жыныс бездері, т.б.) жүрек-қан тамыр мен асқазан жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті бұзылады. Демек, аеросклероз ауруын болдырмауда ішетін астыңі мөлшерін біліп, дұрыс пайдаланудың маңызы орасан зор.
Жобамен есптегенде күнделікті ішетін тағамның қуаты жұмсалатын қуаттан әрдайым 200 килокалориядай артық болып отырса, организмде жиналған майдың мөлшері шамамен күніне 10-20 грамға дейін қосылады да жылына 4-7 килограмға жетеді. Медициналық санақ мәліметіне қарағанда сезімдіктің негізгі себебі (60%) артық тамақ ішуден екен. Семіру көбінесе қара жұмыс істуді, спортпен шұғылдануды бірден тоқтатып, ой жұмысына көшкен адамдарда жиі кездеседі. Адамның жұмсайтын қуатының мөлшері азайып кетсе де оның тамаққа тәбеті көпке дейін сақталады. Жұмсалатын қуатпен ішетін тағамның калориясы арасындағы қайшылық осылайша семіруге әкеліп соқтырады.
Демек тамақтың қуаттылығын жасыңызға,әсіресе істейтін жұмысыңыздың ерекшелігіне қарай мөлшерлеріңіз. Жоғарыда айтылғандай, тамақтың құнарлығы тек қуат мөлшерімен ғана есептелмейді. Ол үшін тағамда тиісті мөлшерде белоктар, малар, углеводтар, витаминдер мен минерал тұздарының болуы қажет.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Дұрыс тамақтану туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Дұрыс тамақтану на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Дұрыс тамақтану

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]