Реферат: Құқық | Жергілікті өкілді органдар
1. Кіріспе бөлім:
1.1 Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі, міндеттері, сайлану тәртібі және құрылымы.
2. Негізгі бөлім:
2.1 Жергілікті өкілді органдардың құзыреті, қабылдайтын актілері.
2.2 Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге асырудың негізгі нысандары.
3. Қорытынды бөлім:
3.1 Сайлау округіндегі депутаттық қызметтің негізгі бағыттары.
3.2 Депутаттың міндеті мен құқығы.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» деген 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Призидентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтырулармен қоса алғанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-ақ Республика Призидентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйекте конституциялық заң күші бар Жарлығымен неғырлым толық баянды етіліп, реттеледі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді органдар- маслихаттар тиісті әкімшілік –аумақтық бөліністер халықтың еркін білдіретін және жалпы мемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейді, оладың жүзеге асырылуын бақылайды.
«...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңның бірінші бабында облыс, аудан, қала (аудандық бағыныстағы қалада және қаладағы ауданнан, поселкеден, ауылдан (селодан),ауылдық(селолық) округтен басқасы аумағындағы халықтың өкілді органы мәслихат-депутаттар жиналысы болып табылады деп белгіленген. Сонымен, жергілікті өкілді органдар жүйесі облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарды қамтиды. Заңда оларға мынадай міндеттерді:
тиісті аумақтық әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын;
жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары-ның Парламент қаулыларының, Қазақстан Президенті мен Үкіметі құжаттарының, жоғары тұрған мәслихаттар мен әкімдердің өз құзыреттері шегінде қабылдаған ше-шімдерінің орындалуын;
Республикалық және жергілікті өкімет органдары арасындағы байланысты;
халықты жергілікті істерді басқаруға қатыстыруды қамтамасыз ету жүктелген.
Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей,тең,төте сайлау құқығы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.Мәслихаттың өкілеттігін заңда көзделген негіздер бойынша Сенат мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе ол өзін-өзі тарату негізінде тоқтатылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы депутат болып тек бір мәслихатқа ғана сайлана алады.Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған,сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға қатыспайды.
Сайлау туралы Жарлықтың 9-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде дауыстарды есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:
1.егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 пайызынан астамы қатысса,сайлау болып өтті деп есептеледі;
2.егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайызынан астамы кандидатурасын жақтап дауыс берсе,ал қайталап дауыс берген жағдайда-басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшілік санын алса кандидат сайланды деп есептеледі;
3.сайлауда бір кандидат дауысқа түскен жағдайда, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде 50 пайызы кандидатураны жақтап дауыс берсе, ол сайланды деп есептеледі;
4.депутаттар санын тиісті мәслихаттар мынадай шекте белгілейді:облыстық, Алматы қалалық мәслихаттарды-50 депутатқа дейін,қалалық мәслихаттар-30-ға дейін; аудандық мәслихаттар-25 депутатқа дейін.
Жергілікті өкілді органдар өз міндеттерін атқару үшін шағын аппарат құрады,оның құрылымы мен сан құрамы өкілді орган буынының деңгейіне,оның орындайтын жұмысының сипаты мен көлеміне,сондай-ақ өндірістің инфрақұрылымы мен әртүрлі салаларының жай-күйі мен дамуына байланысты болады.
Мәселен,мәслихаттардың аппараты әдетте мыналардан тұрады:
-хатшы;
-тексеру комиссиясының төрағасы;
-ұйымдастыру бөлімі;
-кеңесшілер;
-консультант-ұйымдастырушы;
-референттер.
Мәслихаттар аппаратының құрылымында хатшы өзекті тұлға болып табылады,өйткені ол мәслихаттың қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі бүкіл ағымдағы жұмысты орындап отырады.
Мәслихаттың хатшысы мәслихатта тұрақты негізде жұмыс істейтін және оған есеп беріп отыратын лауазымды адам болып табылады.Оны мәслихат депутаттар арасынан сессиясында да сайлап, қызметінен босатады. Маслихат хатшысын сайлау және оны қызметінен босату туралы ұсыныстарды енгізу тәртібі мәслихаттың регламентімен белгіленеді. Хатшының өз өкілеттілігін өз еркімен доғаруы оның өтініші бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Мәслихат хатшының жұмыстан кетуін қабылдамаған жағдайда хатшы өз өкілеттілігін өтініш бергеннен кейін екі ай өткен соң доғаруға құқылы. Мәслихат хатшысы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының өкімі бойынша сол мәслихаттың тұрақты комиссиялары біреуінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
«...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңға сәйкес мәслихаттың хатшысына мынадай өкілеттік берілген:
мәслихат сессиясының өткізілетін уақытымен орнын, сондай-ақ оның күн тәртібінің жобасын депутаттарға, әкімшілік басшысына және халыққа жеткізіп отырады;
мәслихаттың сессиясын және мәслихаттың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды, сессияның хаттамасын жасауды қамтамассыз етеді және сессияның төрағасымен бірге мәслихаттың қаулысы мен сессияның хаттамасына қол қояды;
мәслихат депутаттарына олардың өз өкілеттілігін жүзеге асыруына көмек көрсетеді, олардың қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, депутаттарды мәслихатта, оның органдары мен сайлау округтерінде жұмыс істеу үшін қызметтік немесе өндірістік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
сессияның барысында жергілікті әкімшілік, оның органдары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларының атына келіп түскен депутаттардың сауалдары мен үндеулерінің қаралуына бақылау жасайды;
мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссияларының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
мәслихат аппаратының құрылымын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысына басшылық етеді, оның қызметкерлерір қызметке қабылдап, қызметтен босатады;
халықпен және меншік нысандарына қарамастан еңбек ұжымдармен, кәсіп орындармен, мекемелермен және ұйымдармен мәслихат атынан байланыс жасап отырады;
мәслихатқа сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер мен хаттар туралы қорытылған деректерді үнемі беріп отырады;
мәслихаттың шешімдеріне сәйкес азаматтардың аса маңызды мәслихат шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ жергілікті, республикалық маңызы бар мәселелерді талқылауын қамтамасыз етеді, мәслихатта азаматтарды қабылдауды, олардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарауды ұйымдастырады.
Заңдарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын жоғару мәселелерін қарайды ;
Заңдарда көзделген жағдайларда сотқа жіберілетін талап арыздарына мәслихаттың атынан қол қояды;
өзіне мәслихат тапсыруы немесе өзіне заңдарда жүктелуі мүмкін өзге де мәселелерді шешеді.
Жалпы алғанда мәслихатқа немесе оның органдарына тиесілі құқықтарды, міндеттерді хатшыға беруге болмайды.
Мәслихатты ұйымдастыру мен оның қызметінде мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы маңызды рөл атқарады.
Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды және ол өз міндетін басқа жұмыстан босатылған негізде атқарады. Ол жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін мәслихат құратын мәслихаттың тексеру комиссиясына басшылықты жүзеге асырады. Комиссия мәслихаттың өкілеттік мерзіміне құрылады. Сан құрамын мәслихат белгілейді. Оның құрамына тиісті мәслихаттың депутаты болып табылмайтын адамдар да енгізілуі мүмкін.
Тексеру комиссиясы өз қалауы бойынша (бірақ жылына бір реттен кем емес) кез келген уақытта тексеру жүргізіп отырады. Тексеру мәслихаттың не оның хатшысының шешімі бойынша, сондай-ақ, мәслихатқа сайланған депутаттардың жалпы санының кемінде 1/3 бөлігінің талап етуімен жүргізілуі мүмкін. Тексеру комиссиялары тексеруді мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен бірлесіп те жүргізе алады.
Тексерудің нәтижелері туралы мәслихатқа және әкімшіліктің басшысына хабарланады.
Мәслихаттың шешімі бойынша тексеру комиссиясының мүшелері де өз міндеттерін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыра алады.
Мәслихат аппаратының құрылымында ұйымдастыру бөлімі өзекті орын алады.Оның қызметіндегі негізгі бағыттар мыналар болып табылады:1)мәслихаттың,оның тұрақты комиссиялары мен депутаттарының дәл және дұрыс жұмыс істеуін ұйымдық жағынан қамтамасыз ету,мәслихаттың бүкіл ұйымдық-бұқаралық жұмысының жай-күйін жақсарту;2)белгілі бір мәслихатқа және төменгі мәслихаттар мен олардың органдарына басшылық етуге жәрдемдесу,оларға ұйымдастырушылық жұмыста көмек көрсету;3)мемлекеттік құрылыстың,ұйымдық-бұқаралық жұмыстың озық тәжірибесін зерделеу,жинақтау және қорыту, оны насихаттау және тарату;4)қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуға көмектесу;мәслихат пен парламент сайлауына дайындалуға,әкімшілік-аумақтық бөлініс мәселелерін дайындауға қатысу,кадрлардың біліктілігін зерделеуге,оларды орналастыру мен жоғарылатуға байланысты міндеттерді атқару.
Сонымен,мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің оның жұмыс істеуіндегі рөлі өте маңызды әрі елеуулі.Оның құрылуы мәслихаттар міндеттерінің көлемі мен сипатына байланысты.Бұл аппараттың мынадай айырықша еркшеліктері болады.Біріншіден,оның жергілікті өкілді органдардың міндеттері мен өкілеттігін жүзеге асыруға қатысуы функционалдық сипатта болады;ол ұйымдастырушылық-әдістемелік және ұйымдық-бұқаралық жұмысқа,заңдылықты бақылау мен қабылданған шешімдердің орындалуын тексеруге жәрдемдеседі;оған мәслихаттарға заңдық,ұйымдық-техникалық,шаруашылық қызмет көрсету жүктелген.Екіншіден,бұл аппараттың буындары мәслихат органдарының,кәсіпорындардың,мекемелердің және азаматтардың атына міндетті құқықтық актілер шығару құқығын пайдаланбайды,оның қармағында қандай да бір объектілер,банкте шоттары болмайды.Үшіншіден,мұндай аппараттың қызметтік сипаты оның тек қана «көлбеу бойынша»-тиісті мәслихаттың хатшысына бағынуын анықтайды.
Жергілікті өкілді органдардың құзыреті өзінің мәні жағынан мемлекеттік және қоғамдық істерді басқару бойынша қоғамдық еңбек бөлінісінің құқықтық құралы болып табылады.Мемлекеттік органдарға қоғам өмірінің саяси,экономикалық және әлеуметтік жағдайларына,сондай-ақ басқаруды ғылыми ұйымдастыру талаптарына сай келетін құзырет берілуі-экономикалық және әлеуметтік процестерге басшылықта «мемлекеттің»барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңызды алғышарттарының бірі.Органдардың құзыреті неғұрлым дұрыс белгіленсе, аппарат соғұрлым ынтымақты жұмыс істейді,мемлекеттік,шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыс міндеттерін шешу үшін материалдық-қаржылық,құқықтық және өзге де құралдар тиімдірек пайдаланылады.
Жергілікті өкілді органның құзыреті дегеніміз,оның заңмен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен баянды етілген қарауына жататын мәселелер,құқықтары мен міндеттері.
Қарауына жататын мәселелер дегеніміз,мемлекеттік органның хаң жүзінде құзыреті бар қоғамдық қатынастар.
Егер мәслихаттың кем дегенде төмендегідей өкілеттік түрлерінің бірі болса,оның тиісті қоғамдық қатынастарға заң жүзінде құзыреттілігі айқын болады,олар мыналар:
1)егер тиісті қатынастаршеңбері жоғары тұрған органдардың құқықтық актілерімен реттелсе,жеке маңызы бар заң актісін қабылдау;
2)егер жоғары тұрған органдар бұл салада нормативтік реттеуді жүзеге асырған жағдайда нормативтік акт қабылдау;
3)жоғары тұрған органдар реттемеген және жергілікті мәслихаттардың оларға заңдарда берілген өкілеттік шегіндегі мәселелер бойынша нормативтік актілер қабылдау.
Сонымен, мәслихаттың қарауына жатқызылған мәселе - заңдарда әрқашан белгілі бір нысанда белгіленген,құқықтық реттеу мәселесі болып табылатын қоғамдық қатынастар.
Жергілікті өкілді органдардың құзыреті құрлымының маңызды компоненті олардың құқықтары мен міндеттері болып табылады. Мемлекеттің өкілетті органы- мемлекеттің белгілі бір құқығы бар уәкілетті органы ғана емес, сонымен қатар белгілі бір билік әрекеттерін жасауға да міндетті орган.
Мәслихаттар өз аумағында Конституцияға және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес заңдардың сақталуын, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптің, азаматтар меншігінің, құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен бірге мәслихаттардың осы саладағы нақты өкілеттігі оларға заңдылықты сақтап отыруға тиісті арнаулы органдардың болуы ескеріліп берілген. Мәслихаттарға мемлекеттің белгілі бір аумақта заңдылықтың сақталуын және азаматтардың құқықтарын қорғауда қамтамасыз етуіне көмектесетін құқықтық құралдардың бәрін беруге болмайды. Міне, сондықтан да мәслихаттардың құзыреті құқықты ғана емес, сонымен қатар дербес компонент ретінде міндетті де қамтиды. Міндеттерді орнықтыру- қоғамдық өмірдің түрлі салаларына нысаналы мемлекеттік ықпал жасауды қамтамасыз ету әдістерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мәслихаттардың қарауына жататын жалпы мәселелер келтірілген, ал олардың өкілеттігінің егжей-тегжейлі шеңбері «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заң мен басқа да нормативтік- құқықтық актілерде айтылған.
Конституцияның 86-бабының 4-тармағында мәслихаттардың қарауына:
1) аймақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
2) өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшіл-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
5)Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатқызылатыны айтылған.
Жергілікті өкілді органдардың құзыреті «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңның 4-бөлімінде баянды етілген. Заңның 40-бабында облыстық, қалалық мәслихаттардың негізгі өкілеттіктері белгіленген. Оларға мыналар жатады:
Тексеру комиссиясын, оның төрағасын сайлау және оны қызметтен босату, мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссияларын құру, олардың төрағаларын сайлау мен оларды қызметтен босату, оладың жұмысы туралы есептерін тыңдау;
Қазақстан республикасының Үкіметі белгілеген лимиттер шегінде мәслихат аппаратының штатын,еңбекке ақы төлеуді оны материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету шығындарын бекіту;
ресбупликаның заңдарында көзделген жағдайларда депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын доғару;
мәслихаттардың регламентін бекіту;
мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шыығындардың жалпы сомасын бекіту;
жергілікті әкімнің ұсынуымен облысты,ауданды,қаланы басқару схемасын бекіту;
облыс,аудан,қала әкімдерінің,сондай-ақ олар уәкілдік берген әкім орынбасарларының,жергілікті әкімшілік ргандары басшыларының мәслихат құзыретіне заңмен жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау;
депутаттардың сауалдарын қарау және олар бойынща шешімдер қабылдау;
жергілікті әкімдер табыс еткен аумақты дамытудың жоспарларын,экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын,олрадың атқарылуы туралы есптерді бекіту;
жергілікті әкім табыс ететін бюджет жобасын,оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды және оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
облыс,аудан,қала меншігіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсететін қызметіне жергілікті салық және алымдар,баждар мен қызметінің еңбегіне ақы төлеу тарифтерін республиканың салық заңдарына сәйкес белгілеу;
облыстың, ауданның, қаланың меншігіндегі кәсіпорындардың төлемдерімен жасалатын қаржы мөлшерін бекіту;
заемдарды, облигацияларды және лотереяларды шығару, олардың жағдайлары мен орналастырылуы туралы шешімдер қабылдау;
бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетін міндетті ережелерді бекіту;
жергілікті әкімшіліктің ұсынуы бойынша әкімшілік, байқаушы комиссияларды, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі,маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күрес жөніндегі,тариф және мәдениет ескерткіштерін жөніндегі комиссияларды құру және олардың құрамын бекіту;
республиканың заңдарына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
республиканың заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәслихаттардың жоғарыда келтірілген өкілеттіктерінен басқа облыстық мәслихаттың өкілеттігіне мыналар жатады:
Республиканың үкіметіне облыс орталығының бас жоспарының жобасын,облыстық,аудандық жоспарлау схемаларын бекеіту туралы ұсыныс енгізу;
Республика Президентіне мемлекеттік марапаттармен марапаттау және құрметті атақтар беру туралы ұсыныс жасау;
әділет басқармасының нотариат,азматтық хал актілерін жазу,адвокатура органдары,сондай-ақ халыққа заң жөнінде білім беру жұмысының жай-күйі туралы ақпаратын тыңдау;
облыс аумағындағы аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары туралы Ережені бекіту және оған өзгерістер енгізу.
Қаралып отырған Заңда Алматы,Байқоңыр қалалық және аудандық,қалалық мәслихаттарының өкілеттіктеріне жататын мәселелер ерекше айтылған:
Республика Президентіне мемлекеттік марапаттармен марапаттау және құрметті атақтар беру туралы ұсыныстар жасу;
Республиканың үкіметіне қаланың бас жоспарының жобасын бекіту туралы ұсыныстар жасау;
Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары туралы Ережені бекіту және оған өзгерістер енгізу.
Аудандық,қалалық мәслихаттардың өкілеттігіне мыналар жатады:селолық елді мекендерді қалаларды салу ережелерін,селолық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту,олардың шекараларына өзгерістерді белгілеу;
Жер заңдарына сәйкес жер үшін ақы алу жөнінде жеңілдіктер белгілеу жатады.
Облыстық,аудандық,қалалық мәслихаттар мынадай мәселелер бойынша:
Елдімекендер аумағында құрылыс салу;
Жерді,орманды,су ресурстарын,бірегей табиғат боъектілерін,сондай-ақ тариф және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен ұстау;
қоғамдық орындарға сауда жасау;
қоғамдық тәртіп,өрт және жол қауіпсіздігі,судағы қауіпсіздік;
індеттер мен эпизоотияларды болғызбау жөніндегі шаралар;
инженерлік коммуникацияларды қорғау;
аумақтық санитариялық тазалау;
жарнамаларды,маңдайшадағы жазуларды,хабарландыруларды және басқа да ақпараттық материалдарды пайдалану;
қоғамдық көлікті пайдалану;
аумақты көркейту,жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғау;
үй жануарларын ұстау;
автокөлікті қою;
дүлей зілзалалар жағдайларындағы немесе басқа да төтенше жағдайлардағы қоғамдық тәртіп,олардың зардаптарын болғызбау және жою жөніндегі шаралар бойынша бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген міндетті ережелер қабылдауға құқылы.
Мәслихаттар қабылдайтын міндетті ережелер республиканың заңдарына қайшы келмеуге тиіс.
Мәслихат өз құзыретін сессияда,тұрақты және өзге де комиссиялар арқылы,сондай-ақ депутаттардың өз өкілеттігін іске асыруы жолымен жүзеге асырады.Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады,ол сонда өз қарауына жатқызылған мәселелерді шешеді.
Мәслихаттар жұмысының басқа да ұйымдық-құқықтық нысандары арасында сессия басты орын алады.Мәслихаттар жұмысының осы нысанынан олардың өкілді мемлекеттік өкімет органдары ретіндегі сапасы толық көрінеді.Мәслихаттар-ұжымдық басшылық органдары.Сондықтан олар өздерінің қарауына жатқызылған ең маңызды мәселелерді сессияға үнемі жинала отырып қана қарап,шеше алады.Сессиялар депуттар мен олар өкіл болып отырған сайлаушылардың тәжірибесі мен пікірін жан-жақты ескеруге,халықтың мүдделеріне,қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының қоғамдық қажеттеріне сай келетін шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Сессия – мәслихаттың өздері үшін ортақ бір күн тәртібі бар,бірінен кейін бірі болатын бір немесе бірнеше отырыстары. «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» қолданылып жұрген Заң сессиялар ұғымы мен практикасын байытты.Енді сессиялар мәслихаттың жай ғана жиналысы немесе отырысы ретінде емес,қайта,күн тәртібіндегі мәселелердің жан-жақты және іскерлікпен талқыланып шешілуіне бағытталған шаралар кешенін қамтитын күрделі құбылыс ретінде қарастырылады.Аталған Заңның 13-бабында «мәслихаттың сессиясы тұрақты комиссиялардың-жалпы күн тәртібімен біріктірілген жалпы отырыстары нысанында өткізіледі» деп баянды етілген.
Егер мәслихаттың сессиясына тиісті мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде 2/3 бөлігі қатысса, ол заңды болады. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және жүргізіп отырады. Бірінші сессияның одан кейінгі жұмысы хатшының төрағалық етуімен өтеді. Мәслихаттың одан кейінгі кезекті және кезектен тыс сессияларын сессияның төрағасы ашып жүргізеді. Мәслихат сессиясының төрағасының мәслихат өз депутаттары арасынан сайлайды. Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы мәслихаттың жұмыс жоспарын ескере отырып, мәслихаттың соның алдындағы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
Сессияның төрағасына мынадай өкілеттіліктер берілген:
А) мәслихаттың сессиясының шақыру туралы қаулы қабылдады және сессия мен оның қарауына енгізілетін мәселелердің әзірленуіне басшылықты жүзеге асырады;
Ә) сессияның отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Б) мәслихаттың қаулыларына, мәслихаттың сессиясында қабылданатын немесе бекітілетін өзге де құжаттарға қол қояды.
Мәслихаттың сессиясын оның төрағасы шақырады. Кезекті сессиялар жылына кем дегенде төрт рет шақырылады. Кезектен тыс сессиялар тиісті мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде 1/3 бөлігінің, сондай-ақ жергілікті әкімшіліктің бастамасы бойынша 2 апта мерзімінен кешіктірілмей шақырылады. Сессияны шақыру туралы ұсынысы талқылауға ұсынылатын мәселелер болуға тиіс. Мәслихат сессиясының шақырылатын уақыты мен өткізетін орны, сондай-ақ оның қарауына енгізетін мәселелер туралы мәслихаттың хатшысы депутаттрға, әкімшілікке және халыққа сессияға дейін 10 күннен кешіктірмей хабарлайды. Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер жөнінде мәслихаттың хатшысы аталған мерзімде депутаттар мен әкімшіліктің басшысына қажетті материалдарды табыс етеді. Мәслихаттың қарауына мәселелерді сессияның төрағасы, тұрақты және өзге комиссиялар, депутаттық топтар мен депутаттар, жергілікті әкім енгізеді. Сессияның күн тәртібіне ұсыныстарды сессияның төрағасына төменгі мәслихаттар, жоғары тұрған өкімет және басқару органдары, поселке, ауыл, село, ауылдық (селолық) округ азаматтар өкілдерінің жиналыстары, қоғамдық бірлестіктер табыс ете алады. Сессияның күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.
Сессия жұмысының барысы, онда қабылданған шешімдер туралы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары жеті күн мерзімінен кешіктірмей хабарлайды.
Мәслихаттардың құзыретін іске асыруда олардың тұрақты комиссиялары маңызды рөл атқарады.
Тұрақты комиссиялар жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясында оның өкілеттігі мерзіміне комиссиялардың төрағалары мен мүшелері құрамында құрылады. Тұрақты комиссия комиссиясының төрағасын, орынбасары мен хатшысын сайлайды.Тиісті мәслихаттың хатшысы, мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелері, тиісті мәслихат сессиясының төрағасы мәслихаттың түрақты комиссиясының құрамына сайлана алмайды.
Комиссиялар функционалдық және салалық белгілер бойынша құрылады.Функционалдық белгілерге жоспар-бюджет,заңдылық және құқық тәртібі комиссиялары жатады.Комиссиялардың көпшілігі салалық белгілер бойынша құрылып,әдетте бір-екі басқару саласын қамтиды.Жұмысты бірқатар салаларға байланысты комиссиялар да болады.Олар өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік мүдделерді есепке алу мен қамтамасыз ету үшін құрылған.Бұлар-жастар ісі,спорт және туризм жөніндегі,әйелдердің еңбегі мен тұрмысы,ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі,табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі комиссиялар.
Заңдарда мәслихаттардың ең маңызды мәселелер бойынша кейбір комиссиялар құру міндеті тікелей белгіленеді.Басқа комиссияларды мемлекеттің,шаруашылық және мәдени құрылыстың салалары мен аясы бойынша мәслихат өз қалауы бойынша құрады.Мәслихаттарда заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі,жастар ісі жөніндегі,табиғат қорғау жөніндегі комиссиялар мен мандат комиссиясы міндетті комиссиялар қатарына жатады.Ең көп тараған салалық және салааралық комиссиялар қатарына жататындар:табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану,денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі,халыққа білім беру,ғылым және мәдениет жөніндегі комиссиялар.Мәслихаттың түрі мен сан құрамына қарай олар 5-6- дан 8-12-ге дейін құрылады.
Тұрақты комиссиялар мәслихаттардың үздіксіз және тиімді жұмыс істеуін,депутаттардың шешімдер әзірлеуге,орындауды ұйымдастыру мен бақылауға тікелей және кеңінен қатысуын қамтамасыз етеді.Олар мынадай негізгі міндеттерді:
Дайындаушылық-кеңесшілік;
Бақылаушылық;
Ұйымдастырушылық міндеттерді жүзеге асырады.
Бұл міндеттер барлық буындағы мәслихаттардың тұрақты комиссияларына тән.Аталған міндеттерді орындау комиссиларға қажетті өкілеттіктер беру арқылы қамтамасыз етіледі.Комиссиялардың міндеттерін жүзеге асыруының ерекшеліктері мыналар да болып табылады:олар дербес мемлекеттік органдар ретінде әрекет жасамаса да,бұл жағдайда комиссиялар алдында белгілі бір міндеттер,мысалы,комиссияларға қажетті мәліметтерді хабарлау,олардың ұсыныстарын қарау және қараудың нәтижелерін белгілі бір мерзімде хабарлау,ұсыныстар бойынша қажетті шаралар қолдану міндеттерін атқаратын әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық органдармен,кәсіпорындармен,мекемелермен және ұйымдармен тікелей қатынастар жасауы мүмкін.
Дайындық-кеңесшілік міндеті мемлекеттік өкімет және басқару органдарының ұсыныстар әзірлеуімен,мәслихаттардың қарауына мәселелер дайындауымен байланысты.Ол комиссиялардың мәлихат пен оның органдарының мәселелері мен актілерінің жобаларын дербес әзірлеуі және оларды әзірлеуге қатысуы,олардың қаралып отырған мәселелер менжобалар бойынша ұсыныстар енгізуі,олар жөнінде қорытындылар беруі жолымен,сондай-ақ комиссиялардың мәслихаттар сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар жасауы жолымен іске асырылады.Комиссялардың аталған міндеттрді жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын аса маңызды құқықтары:ұсыныстар енгізу,мәселелер мен ұсыныстарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат алу;қаралып жатқан мәселелер бойынша қорытынды беру құқығы; мәслихаттың сессияларында баяндамалар және қосымша баяндамалар жасауға өздерінің баяндамашылары мен қосымша баяндамашыларын ұсыну құқығы.
Тұрақты комиссиялардың бақылаушылық міндеті мәслихаттар мен жоғары тұрған органдардың актілерін орындауға, орындалуын тексеруге, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін сақтауға жәрдемдесу болып табылады. Тұрақты комиссиялар мәслихатқа бағынышты органдарға, кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ оның аумағында орналасқан, оған бағынбайтын, бірақ бақылауындағы ұйымдарға қатысты бақылауды жүзеге асырады.Бақылау объектілері мыналар: мәслихат пен жоғары тұрған өкімет және басқару органдарының актілерін ұйымдастыру, заңдарды, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін сақтау.Осы міндеттерді жүзеге асыруға байланысты аса маңызды өкілеттік:сессияларда сауал салу құқығы; комиссияның отырысында тиісті басшылардың, лауазымды адамдардың баяндамалары мен хабарламаларын тыңдау құқығы; бақылаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық органдарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға жол берілген оқылықтарды жою туралы ұсыныстар беру құқығы; лауазымды адамдарға жауаптылық қолдану туралы мәселе қозғау құқығы;сессияларға тексеру жүргізу туралы ұсыныстар енгізу құқығы.
Ұймдастырушылық міндет тұрақты комиссиялардың тәрбие жұмыстарын, мәслихаттар мен жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындау жөніндегі әртүрлі нақты шараларды хабарлау, нұсқау беру және үйлестіру, озық тәжірибені тарату әдістерінің көмегімен ұйымдастыру жөніндегі алуан түрлі қызметі болып табылады.
Комиссиялардың ұймдастырушылық қызметкебайланысты өкілеттілігі: комиссияның жұмысына белсенді қоғамдықжұмыс істеушілерді, мамандарды тарту құқығы;ұсыныс беру құқығы;мемлекеттік және қоғамдық органдардан, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларынан жәрдем сұрау құқығы болып табылады.
Тұрақты комиссиялардың міндеттерін іске асыруға қызмет ететін актілері қорытындылар мен қаулылар болып табылады.
Тұрақты комиссияның қаулылары мен қорытындыларына комиссияның төрағасы қол қояды. Қаулылардағы ұсыныстарды мемлекеттік және қоғамдық органдар, кәсіпорындар мен мекемелер міндетті түрде қарауға тиіс. Қараудың нәтижелері туралы немесе қолданылған шаралар туралы комиссияларға олар белгілеген мерзімде хабарлануға тиіс.
Комиссиялар маслихаттар актілерінің жобалары бойынша, тиісті органдардың тапсырмалары мен өтініштері бойынша немесе өз бастамасы бойынша қортындылар кіреді. Қортынды ерекше құжат ретінде ресімделуі немесе жобаға виза қоюдан көрінуі мүмкін.
Мәслихат өз өкілеттілігін депутаттардың алуан құрлы қызметінің құралдары бойынша да іске асырады.
Депутаттар сайлаушылардың өкілетті өкілдері болып табылады және мәслихатта олардың еркі мен мүдделерін білдіреді. Олардың мәртебесінің негіздері «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңда баянды етілген.
Депутаттың өкілеттілігі оның депутат болып сайланған күнінен басталады және жаңадан сайланған мәслихат депутаттарының сайланған күні не өкілеттікті мерзімінен бұған доғарған жағдайда аяқталады
Депутаттың заң бойынша депутаттық міндеттерді орындаумен сыйыспайтын қызметке сайлануына және тағайындалуына байланысты, не депутат болып табылатын адам жөніндегі соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты, сондай-ақ депутаттың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылған жағдайға мәслихаттың шешімі бойынша депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын доғарылады. Депутаттың өкілеттігі депутаттың өкілеттігін орындауына кедергі жасайтын мән-жайлар себепті орнынан түсуі туралы өзі берген арызға байланысты мәслихаттың қабылдаған шешімі бойынша мерзімнен бұрын доғарылуы мүмкін.Депутаттың өкілеттігі Парламент сенатының шешімі бойынша, сондай-ақ оны сайлаушылардың кері шақырып алуы салдарынан мерзімінен бұрын тоқтатылуы ықтимал.
Мәслихат пен ол құратын органдардың қызметіне депутаттың белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ететін құқықтары барынша толық болады, депутат олардың алдында міндет атқарады,олардың тапсырмаларын орындайды. Депутат мәслихаттың сессиясында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Ол мәслихаттың органдарын сайлауға және оларға сайлануға,қарау үшін мәселелер ұсынуға;мәслихатқа есеп беретін және оның бақылауындағы кез келген органның не лауазымды адамның есебі мен ақпаратын сессияда тыңдау туралы ұсыныс енгізуге;мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға сауал салуға құқылы.
Депутаттық сауал- депутаттың мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға өкілді органның сессиясында сол органның немесе лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша негізделген түсіндірме беруді немесе айқындамасын баяндауды ресми түрде жасаған талабы. «...Жергіліктіөкілді және атқарушы органдар туралы» Заңның 23-бабында депутаттардың сауал беру құқығын іске асыру тәртібі былай деп регламенттелген: «Депутат,мәслихаттың тұрақты комиссиясы мәслихат сессиясының төрағасына және мәслихаттың хатшысына,тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті әкімшілік пен оның органдарының,кәсіпорындардың,ұйымдар мен мекемелердің басшыларына мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сауалдар беруге құқылы.Сауал сессияда жазбаша немесе ауызша түрде енгізіледі.Жазбаша түрде енгізілген сауал жария етілуге тиіс.Сауал берілген мемлекеттік орган,лауазымды адам мәслихаттың сессиясында сауалға жазбаша немесе ауызша жауап беруге міндетті.Сауалға жауап мәслихат белгілеген мерзімде беріледі және сессияда жария етіледі.Сауалға қайтарылған жауап бойынша жарыссөз жүргізілуі мүмкін.Оны талқылаудың нәтижелері бойынша мәслихат қаулы қабылдайды».
Депутат үшін сауал салу құқығын іске асыру-сессияда мәлімделген талап арқылы кемшіліктерді жоюға,заңдар мен шешімдерді,тиісті тәртіпті және істің дұрыс атқарылуын сөзсіз орындауға қол жеткізу деген сөз.
Депутаттың сауал салу құқығын оның басқа құқығымен өтініш жасау құқығыменшатастырмаған жөн. Олардың арасында принсипті айырмашылық бар. Депутаттық сауал салу құқығы - өкілді орган сесиясының барысында, ал өтініш жасау құқығы сесиялар арасындағы кезеңде ғана іске асырылады. Лауазымды адамға салынған сауалға жауап тек қана сессияларда қайтарылады, ал өтінішке жауапты тиісті басшылар сессиядан тыс және тікелей депутатқа қайтаруға міндетті.
Жергілікті өкілді органдардың тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты депутаттардың сайлау округтеріндегі халық арасында жүргізетін қызметі болып табылады. Сайлау округі- сайлау жүйесінің аумақтық бастауыш ұясы, қоғамымыз мүшелерінің мүдделері мен қажеттерінің бірлігі мен алуан түрлілігі соның шеңберінде көрініс табады. Депутаттың округтегі жұмысы жеке және топтық мүдделерді үнемі анықтап отыруды, оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабында көзделгеніндей, неғұрлым жалпы, сайып келгенде жалпы мемлекеттік мүдделермен салыстыруды және байланыстыруды талап етеді. Ддепутаттардың өз сайлаушыларымен тұрақты, тығыз байланысы: біріншіден, халықтың мүдделерін зерделеу, оның пікірлері мен қажеттерін ескеру мен білдіру үшін, яғни депутаттың өкілдік міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет. Екіншіден, ол мәслихаттардың өздері қабылдаған актілердің орындалуына бақылау жасалуын, оларды орындауды ұйымдастыруға депутаттардың тікелей қатысуын қамтамасыз етеді. Үшіншіден, депутаттардың сайлау округінде жүргізілетін жұмысы халық таңдаулыларына халықтың үнемі бақылау жасап отыруына, мәслихаттар жұмысының жариялылығын, олардың қызметіне сайлаушылардың тікелей ықпал жасауын қамтамасыз етеді. Депутат өзінің сайлау округінде:
Сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жұртшылық пікірін, халықтың мұң-мұқтажы мен қажеттерін зерделеуге, олар жөнінде маслихат пен оның органдарына хабарлауға, оларды қанағаттандыру үшін ұсыныстар енгізіп, шаралар қолдануға;
Халыққа тиісті мәслихаттың жұмысы туралы, аумақтық экономикалық және әлеуметтәк даму бағдарламаларының, мәслихат шешімдерінің орындалуы, сайлаушылар аманаттарының іске асырылуы, сондай-ақ өзінің сайлау алдындағы бағдарламасы туралы үнемі хабарлап отыруға;
өзін-өзі басқарудың әртүрлі нысандарына, азаматтарды мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға тарту ісіне жәрдемдесуге міндетті.
Сайлау округінде депутаттың қызметтің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) ақпараттық-түсіндіру қызметі. Ол округтің ерекшеліктеріне, депутаттың даярлығы мен тәжірибесіне қарай әртүрлі әдістермен жүргізіледі. Депутаттар халықтың тұрғылықты жері бойынша жиналыстарында, ал сайлау округтері үлкен болған жағдайда – еңбек ұжымдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарында сайлаушылар алдында хабарлама жасайды, азаматтармен үйлерінде әңгімелесіп, радио мен баспасөзде пікір айтады;
2) заңдардың, мәслихат пен оның органдары шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру мен бақылауға қатысу. Бұл бағыт тиісті басшыларға өтініш жасау белгіленген шараларды мемлекеттік және қоғамдық органдармен бірлесе отырып жоспарлау, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мәслихат қарауына жатқызылған және басқа мәселелер жөніндегі жұмысын тексеру сияқты алуан түрлі әдістермен жүзеге асырылады;
3) келіп түскен шағымдар мен арыздарды қарау, азаматтарға өздерінің құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыру және қорғау жөнінде жәрдемдесу.
Депутат өзіне келіп түскен ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарайды, оларды дұрыс, дер кезінде шешу жөнінде шаралар қолданады, шағымдарды туғызатын, себептерді зерттеп, тиісті мәслихатқа, басқа да мемлекеттік органдарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға өз ұсыныстарын енгізеді. Бір жағдайларда шағымдарды қанағаттандыру үшін мемлекеттік органның шешімі қажет болады, басқа бір жағдайларда депутаттың кәсіпорын,мекеме немесе ұйым басшысына, өзге де лауазымды адамға өтініш жасауы жеткілікті.
Депутат әрқашанда заңдардың сақталуын қадағалап,құқық бұзушылықпен күреске азаматтарды жоғары саналылық азаматтық борышын орындау,заңдылықты мүлтіксіз сақтау рухында тәрбиелеуге белсенді түрде қатысуға міндетті.Азаматтардың құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылғаны немесе заңдылықтың өзге де бұзылуы байқалған жағдайда депутат мұндай жолсыздықтардың тоқтатылуын талап етуге,ал қажет болған жағдайларда мұндай жолсыздықтарға тыйым салу жөнінде тиісті органдар мен лауазымды адамдарға талап қоюға құқылы.Заңда халық қалаулыларының жолсыздықтарды тоқтатуды талап ету құқығы олардың өкімет өкілдері жағдайымен байланыстырылады. «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңның 22- бабында депутаттардың заңды талаптары бірнеше рет еленбеген жағдайда кінәлі лауазымды адамдар тиісті мәслихат хатшысының ұсынуымен заңдарда белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапқа тартылады.
Депутаттардың өз құқықтары мен міндеттерін толық жүзеге асыруын қамтамасыз ету ақсатында жоғарыда аталған заңдарда материалдық, құқықтық, ұйымдық және өзге де жағдайлар кеңінен белгіленген.Заңға сәйкес мәслихаттардың депутаттары сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырысы кезінде, сондай-ақ өзге де жағдайларда депутаттық өкілеттігін жүзеге асыру үшін өндірістік және қызметтік міндеттерін атқарудан босатылып, оларға негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы және депутаттық қызметке байланысты басқа да шығындары тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Депутаттиісті мәслихат аумағында жолаушылар таситын көліктің барлық түрлерінде тегін жүру құқығын пайдаланады. Депутаттық құжат мәселелері бойынша депутат мәслихаттың аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға емін-еркін бару құқығын, сондай-ақ олардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдаының міндетті түрде қабылдауы құқығын пайдаланады.
Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында, меншік нысанына қарамастан, барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдайды.
Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын көбейтуді көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкескелмейтін шешімдерінің сот тәртібімен күші жойылуы мүмкін. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: