Реферат: Медицина | Денсаулық нығайтатын факторлар
Денсаулықты нығайтатын экономикалық табиғи – климаттық факторлар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҮ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық- физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып- дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты (стандарт) мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың, алып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байлайысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып (норма) стандарт етіп алады, Бірақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір-бірінен айырмашылығы әжептәуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т. б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «калып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.
Денсаулыққа залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі, гиподинамия (қимыл жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы, тиімсіз және жөнсіз тамақтану, қоршаған айналаның (ауаның, жердің, судың) көптеген химиялық заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шараптарға, шылым тарту, есірткі заттарды қолдану т. б.) жатады. Ас тұзын, артық қолдану қан қысымының көтерілуінің бір себебі болуы мүмкін. Кардиология институты Ұйғыр ауданы тұрғындарының арасында гипертония ауруының жиі кездесетіні туралы мәліметтер келтіріп отыр.
Адам денсаулығы өте көп факторларға тәуелді, ішкі және сондай-ақ сыртқы себептермен бірге әркімнің өзінің және әлеуметтің, мемлекеттің денсаулығына деген кемел, ұтымды да, тиімді көзқарастарына байланысты.
Әркімнің байлығы, шынындада, неден, қалай жинақталатыны жөнінде казақ халқында бейнелі көркем анықтама бар:
«Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық»
яғни айткднда, «бірінші байлық — денсаулык, екінші байлық — ана бастаған отбасы (шығыста күйеуге шыққан әйел тазалықтың, игілікті ойлардың және отбасы амандығының символы ретінде басына ақ орамал тартатын болған); үшінші байлық —үй шаруашылығындағы үлкен-кішінің негізгі тағамы дайындалатын сүт беретін сауын малдар.
Жер шары халықтарын әлеуметтік-гигиеналық тексеріске алу нәтижесінде жинақталған көп құжаттарды талдағаннан кейін ДДСҮ (дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы) мынадай қорытындылар жасады: «Түрғындар денсаулығының қалпы 49-53% шамасында, өмір сүру салтына байланысты, бір сөзбен айтқанда, өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, 17-20% шамадан тыс ортаға (айтқандайын, жыл санап бұл фактор әлемдік, экологиялық жағдайсыздықтардың асқынуынан кең етек алып келе жатыр), 18-22% түқым қуалайтын себептерге (генотип), жеке бас ерекшеліктері және т. б., сонымен тек 8- 10% денсаулық сақтау жүйелерінің қызмет жұмысына байланысты».
Дене жаттығуларының әсерiнен бұлшық еттерде едәуiр өзгерiстер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсiздене бастайды, балбырайды,көлемi кiшiрейе түседi. Дене жаттығулары, олардың көлемiн ұлғайтады,нығаюын ыңғайлайды. Сондай-ақ, бұлшық еттердiң өсуi, олардың талшықтар санының көбеюiнен, ұзаруынан емес, жуандауы әсерiнен өзгередi. Бұлшық еттердiң созылуы арта түседi. Тонусы күшейедi. Қан айналымы және бұлшық еттердiң микро-және макро элементтермен коректенуi күшейе түседi. Денсаулық күшейiп, ғумыр сүру артады. Мұның бәрi өмiр тәжiрибелерiнен алынған қағида.
Дене жаттығуларымен айналысқан шақта, көптеген қан жүретiн түтiкшелер (капиллярлар) кеңейiп, қан жақсы айналым жасайды. Капиллярдың саны мен сапасы артады. Өйткенi жаңадан капиллярлар түзiледi. Әсiресе мидың қан жүретiн капиллярлi кеңейiп, қан аиналымы күшейедi. Адамның миы өте қарқынды түрде ой қызметiн атқарады. Бас ауырмайды. Ұлы физиолог И.М.сеченов ми дамуы үрдiсiнде бұлшық ет қозғалысының маңызды екенiн талай рет көрсеткен болатын.
Жаттығу кезiнде оттек тұтыну деңгейi кенет көтерiледi. Өйткенi бұлшық ет жүйесi қаншалықты жүмыс iстесе, соншалықты жүректе әлеуметтi түрде функциялар атқарады. Денешынықтырумен, спортпен айналыспайтын адамдардың бұлшық еттерi әр бiр жиырылған сайын, қолқа тамырға (аортаға) 60-мл мөлшерiнде ғана қан жүректiң сол жақ бөлiмiнен (қарының басынан) лықсып шығаратын болса, белсендi қимыл жасап жаттыққан адамдарда жүрек минутына 70-80 рет жиырылады да 100-150 мл (миллиметр) қанды ығыстырып денеге таратып тұрады. Дене жаттығуларымен айналысқан адамдардың жүректерi минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиiлiгi 1 минут iшiнде небәрi жүрек 50-60 рет қана жиырылады. Ал үнемi жаттығулармен шұғылданатып спортшыларда пульс 30-40-тан аспайды. Қорыта айтқанда, физкультурамен шұғылданып жаттыққан адамдардың жүрегi әр систола деп аталатын құбылыста медициналық термин қанды денеге көп таратып тұрады. Жаттыққан адамдардың жүрегi үнемдi және ұтымды жұмыс жасайды. Денсаулығы жақсарып, ғұмыры ұзара түседi. Ол өмiр қағидасы.
Дене жаттығулары өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығын арттырады. Қабырға араларында еттер қарқынды жетiлiп тыныс алуды күшейтедi. Денедегi шемiршектердiң икемдiлiгiн арттырады. Дем алудың минуттiк көлемi қалыпты жағдайда 8-10 литр мөлшерiнде ал тәулiгiнде адам өкпесi 12-15 мың литр оттектi қабылдайды. Марафон жүгiрiсiмен шұғылданатын спортшы минутына 160 литр ауа жұтады.
Дене шынықтырумен айналысу зат алмасудың барлық үрдiсiн жақсартатыны сөзсiз. Зәр шығару үрдiсi көбейе түседi. Қан айналымы, ми айналымы күшейедi. Денсаулық артады, ғумыр ұзаратыны сөзсiз. Дене жаттығулары жамбас қуысына қанның iркiлiп қалмауын үдетедi, геморроймен ауыратын адамдар мүлдем жазылып кетедi.
Қандай да болмасын, дене жүктемесi – склероздық өзгерiстердi болдырмайды. Дене жаттығулары адамдардың психикасына да үлкен әсерiн тигiзетiнi өмiр тәжiрибесiнен белгiлi. Адамның психикасы жақсарғаннан кейiн, оның жүйке жүйесiнiң күш-жiгерi артады. Iшкi сiлкiнiс (эндокринная железа) бездерiнiң жақсы жұмыс iстеуiне мүмкiншiлiк тудырады. Адам ағзасына жағымды эмоциялық құбылыстардың болуына әсер етедi. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: