Реферат: Дінтану | Дін тарихы республика жерінде таралған негізгі діндер

Реферат: Дінтану | Дін тарихы республика жерінде таралған негізгі діндер

Дін тарихы республика жерінде таралған негізгі діндер.
Діннің тоқтық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашу – марксизмнің дін саласындағы өзекті мәселесі Совет үкіметі адамзат тарихында бірінші болып ұлттық тамаға - тұйықтылықты , діни алауыздықты жойып шын мәнінде ұждан бостандығын іс жүзінде асырады. Совет өкіметінің деген көзқарасы жалкамсовтың 1918 ж 28 февральда қабылдаған. Шіркеуді мемлекеттен және мектепте шіркеуден бөлу туралы декретінде берілген. Өзінің мазмұны мен мәні жағынан бұл декрет жұмысшы табы мен оның партиясының дін жөніндегі программасы. Бұл деректің мазмұны СССР конституциясының 52 – ет – нда бекітілген. Біздің конституциямыз шын мәніндегі ұждан бостандығын қамтамасыз етумен бірге барлық азаматтардың атенстік насихат жүргізу провасын да мойындады. Алайда бұл діни қауымдардың ішкі өміріне араласу деген сөз емес. Шіркеу мен мешіт өздерінің ішкі өмірін ұйымдастыруда мемлкетке тәуелсіз болып қала береді.
Қазақстандағы илслам діні VIII – дың бас кезінде Батыс Түрік қағанатындағы құлдырау арабтардың орта Азия мен Қазақстанда өз үстемдігін күшейтуіне жол ашты. Осы кезде Оңтүстік Қазақстанда мекендеген тайпалардың арасында ислам діні тарай бастады. ХІІІ – ІХ ғасырларда құрлық ақсүйектері ислам діні Қарахан әулеті (ХІ – ХІІ ғ.) тұсында едәуір тарады. Бұл дәуірде діни фонатизм үстемдікті ете бастайды. Беркехан (1255 – 66) тұсында Алтын орда хандарының арасында ислам дінің ықпалы күшті болды. 1285 жылы Туда - Мөке хан, ал одан Өзбек хан ислам дінін қабылдайды. Ақсақ Темір тұсында ислам дінінің ықпалы күшейді. Ислам дінін насихаттауда мұсылман миссионерлерінің , яғни ислам дінін басқа дінді уағыздаушылардың арасында таратушылардың ролі артты. Қазақ сахарасында араб елдерінен келген иман, молдалар көбейді. Олар қазақ ауылдарын аралап, Құран уағыздары мен шариғат заңдарын насихаттады , діни кітаптарын таратты. Қазақстанда ислам дінінің тауына Әлім хан (1800 – 09 ж.) биік өткен тұсында күшейген Қоқан қандығы едәуір ықпалын тигізеді. Осы хандыққа қарайтын халықтың көпшілігі ислам дінін қабылдаған өзбектер болатын. Солармен тығыз экономик байланыс жоспар, егін шаруашылығымен шұғылданған отырықшы және жартылай отырықшы қазақ тайпаларына ислам дінінің ықпалы, күшті бтиді. Қазақстанның Түркістан, Жаркент, Сайрам қалалары Мұсылман дін иелерін даярлайтын ислам дінін рухани орталығына айналады. Түркістан екінші мекке аталады. Мұнда ХІ – ХІІІ ғасырларда мешіттер салына бастайды. Қазақ арасынан мекке мен Медине қалаларына қажыға барушылар көбейді. Орта ғасырлық дін ілімімен , философия және логика ғылымдарымен араб тілін зерттеуінен шұғылданған Әбу – насыр Әл – Фараби, Исхақ – Отырари, Жамал Түркістани, Қыдырғали Жалайри сияқты ғалымдар шықты. Ислам дінінің қазақ халқының эконмик, қоғамдық – саяси және рухани өмірінде болған тарихи өзгерстермен байланысты.
Христиан және басқа діндердің таралуы. Самодержавие жергілікті халық арасында христиан дінін таратуға тырысты. Мұнысынан ештеңе шығара алмаған соң патша өкіметі ислам дінін қалауға көшті. Қалаларда мешіттер салдырып діни кітаптар бастырып шығартты. Шығыс – Қазан баспасы алғашқы шығарған “Иман Шарт” Баддам Таки – Ғажап, осы максаттағы діни кітапшалар еді. 1802 – 1805 жылдар арасында Шығыс – Қазан баспасынан Құранның толық тексі мен оның жеке бөлімдері, сол сияқты “Стуани”, “Субат – ул – Гаджизм”, “Пиргули” кітаптары көп тиражбен басылып қазақ жерінде таратыла бастайды. Ислам дінін бір орталықтан басқарып , оның уағыздарын көшпелі халық арасында кеңінен насихаттау үшін мұсылмандардың жоғары діни мекемесі муфтият құрылды. Ауылдарда ислам дінін таратушыларды даярласпайтын мектеп - медреселер ашылды. Қазақ жастары Бұхара , Қазан, Әндіжан, Хиуа қалаларына барып діни медреселерде оқыды. Ұлы Окт. ревалюциясынан кейін халқымыздың рухани өмірінде түбегейлі өзгерістер болып, халық бұқарасы діннің ықпалынан азат етіле бастады. Бірақ ислам дінінің ықпалынан түбегейлі өзгерістер болып, халық бұқарасы діннің ықпалынан азат етіле бастады. Бірақ ислам дінінің ықпалынан түбегейлі арылды деуге болмайды. Діни идеологияны зиянды сарқыншақтары кейбір адамдардың санасында әлі күнге дейін сақталып келеді. Қазақстанның Россияға қосылуы мен байланысты Қазақ даласына христиан діні ене бастайды. Қазақстан жерінде орыс провославия шіркеуінің секторлары да пайда болады. 1. Орыс провославия шіркеуінің бөлініп шыққан секторлар (ескі әдетғұрыпшылар, молокондар, духобарлар, хлыстар).
2. Бастыс еуропа елдерінен келген секторлар. оларға баптистер, христиан еванглистері, 7 – күннің адвентистері жатады.3. Имперализм дәуірінде Россия жерінде пайда болған секторлар. оларға иегова, куәлары, пятидесятниктер, адвентит - реформистер секторлары жатады. Осы секторлардың ішіндегі кең таралғаны – баптизм. Ол Қазақстанда мекендеген немістер арасында кездеседі.
Республикамыздың , ірі қалаларында баптистік ұйымдары бар. Олар баптистер қауымына бірікен . Совет өкіметінің тыйым салған, зиянды секторына пятидесятниктер мен иеговистер жатады. Қазақстан көп - ұлтты Республика. Басқа ұлттарымен бірге республика жерін көрейлер мен еврейлер де мекендейді. Дінге сенушілерін көрейлер мен еврейлер де мекендейді. Дінге сенуші керейлер арасында будда дінінің тибет - монголдық түрлама дінінің сарқыншақтары кездеседі. Дінге сенуші еврейлер арасында , иудей дінінің ырым - жарлары сақталған. Қазіргі иудей реакцияшыл. Сионизм – иудей дінінің саяси және рухани өктемдігін күшейтуге бағытталған діни – ұлтшылдық ағым. Бұл реакциялық ілімде ұлтшылдық – шовинистік көзқарас, еврейлердің ұлттық тамаға тұйықтылы уағыздалған.
Таралуы мен алатын орнына қарай барлық дін дүние жүзілік және ұлттық дінге бөлінеді. Дүниежүзілік діндерден ең көп таралғаны – христиан діні. Көбінесе Еуропа, Америка мен Австралияда тұратын 1,9 млрд – тай адам ұстанады. Ол негізінен дүние жүзінің Азия мен Африканың көптеген елдерінде мемлекеттік дін ретінде қабылданған . Дүниежүзілік діндердің ішінде үшінші орынды Орталық Оңтүстік - Шығыс Азияда таралған буддизм (350 млн адам) алады.
Соңғы жылдары дүниежүзілік дамуға ислам факторы зор әсер етуге. Қазір мұсылман әлемі 50 – ден астам елдерді біріктіріп, 120 елдерде мұсылман қоғамдастығы бар.
Адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында былай делінген: "Әркімнің ар-ождан бостандығына кұқығы бар." Адамның қандай діни сенімге енуі, оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2030" деген Казақстан халқына жолдауында: "Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ,"-деген болатын.
Конституцияның бесінші бабында дін және діни бірлестіктер туралы былай жазьшған: Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың ідызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшьшарын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.
Он төртінші бапта былай жазылған:
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкзндай кемсітуге болмайды."
Он тоғызынша бапта:
Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататының өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
Жиырмасыншы бапта:
Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет кауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. Демек, дін және діни бірлестіктер туралы құқықтық конституциялық негіз жасалған. Бірақ, бүгінде 1992 жылы қабылдаған "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" заңды 1995 жылғы қабылдаған соңғы Конституция негіздіріне сай етіп, қайта толықтыру мәселесі басылым беттерінде талқыланып жатыр.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік идеология болғандықтан діни әрекетке шектеу қойылған болатын. Марксистік-лениндік ілімнің келмеске кетуімен бірге атеизм бұрынғы күшін жойды. Атеистік дәстүр орнына дінге сену ісі өріс алды. Қазіргі Қазақстанда 46 конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік құқық қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бәрі 1992 жылғы "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" заңмен реттелген.
Соңғы халық санағы бойынша қазақтардың еліміздегі үлес салмағы елу пайыздан асқандықтан ислам дінінің қоғам өміріндегі орны ерекше.
Мұсылмандар діни басқармасының мәліметтеріне қарағанда қазіргі Қазақстанда 24 этностан тұратын 11 миллион мұсылман бар. Мұсылмандар діни бірлестігінің саны 1313. Қазір көптеген елді мекендерде мешіттер салынып, олар өз міндеттеріне сай қызметтер атқаруда. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жыддан бастап дербес қызмет атқара бастады. Бұған дейін Орта Азия мен Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасына бағынып келген. Осы уақыттан бастап Ислам дінін тарату ісі жетіле түсті. Елімізде жиырмадан аса медресе, 1977 жылдан бері Алматыда Ислам институты діни мамандар даярлауда. Арнайы дінтану факультеттері Шымкенттегі Халықаралық Қазақ Араб және Қазақ Кувейт сонымен қатар Түркістан каласындағы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Қазақ-Түрік университеттерінде бар.
Діни басқарма тарапынан "Ислам әлемі" (1997 жылдан) деген атаумен 2000 жылға дейін көпшілік-бұқаралық журнал шығарылып, кейін ол журнал "Ислам және өркениет" деп аталатын газет ретінде қайта жаңғырып көпшілік қауым игілігіне ұсынылды. Сонымен қатар діни басқарма тағы да басқа бірқатар діни басылымдарды жарыққа шығаруда. Діни Басқарманы араб тілі мен әдебиетінің маманы, дінтанушы профессор, бас муфти Әбдісәттар Қажы Дербісәлі басқаруда.
Ислам діні Қазақстанда мемлекеттік дін болмағанымен жұртшылық арасында беделі зор. Сондықтан Қазақстандағы ислам дінінің жақтастары да дұшпандары да бар. Республикада Ислам дінінің өрістеуіне шет елдік мұсылман елдері ресми тұрғыдан ынта білдіруде. Олар мешіттер салуға, діни оқу орыңдарын ұйымдастыруға өз көмектерін білдіруде. Сонымен бірге Ислам дінінің атын жамылған, өзге ниеттегілер де әрекеттер жасауда. Мұны дінді саясатқа айналдыру тәсілдері деп түсіну керек. Бұған дәлел ретінде Түркістан қаласының 1500 жылдық мерекесі үстінде қолға түскен "Хизбу - Тахрир" экстремистік ұйымының мүшелеріне қарсы Шымкент қаласында болған сот қорытындысын айтуға болады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері олардан мемлекет құрылысын күшпен құлатуға шақыратын үндеулер, "діни" әдебиеттер, сонымен қатар қару-жарақтар, есірткілер тапқан.
1989-1997-ші жылдар аралығында республикамыздағы діни бірлестіктер арасында айтарлықтай өзгерістер орнап, тіпті кейбірінің арақатынасында қомақты өзгешеліктер байқалды. 1989-шы жылдың бірінші қаңтарына дейін діни бірлестіктер саны 671 болып, оның басым көпшілігі 122 діни бірлестіктен тұратын Евангелиялық христиан баптистері болды. Ал православиялық христиан және мұсылман діни бірлестіктерінің саны 46-ға жетер жетпес еді. Жалпы алғанда нақ сол кезде мұсылман және православ діни бірлестіктері барлық діни бірлестіктердің тек 22,3 пайызын ғана құрайтын.
Бұдан кейін мұсылман және православ діни бірлестіктерінің саны күрт өсті. Сонымен қатар бір кездері саны жағынан жоғары діндер құлдырауға түсті. Мысалы: Лютеран шіркеуі 171-ден 110-ға дейін азайды, бұл оны ұстанушы неміс ұлты өкілдерінің көпшілігінің Герман мемлекетіне қоныс аударуынан туындады. Ал католиктік діни бірлестіктер саны керісінше 42-ден 73-ке шейін өсімділік танытты.
Еліміздегі діндердің көптігі Қазақстанның тек бір дінді ұстанушы діни мемлекет болу мүмкіндігін туғызбайды. Тарих тұңғиығына көз жүгіртетін болсақ археологиялық деректер Қазақстан территориясында бүгінгі күнге дейін сан түрлі діндердің, діни дәстүрлердің, көне түрік-моңғол культтерінің, зоростризмнің, манихейлік, будда, христиан және ислам діндерінің сан түрлі бағыттарының әр түрлі қарқынмен өріс алғандығына кез жеткіземіз. Осыдан бүгінгі күнгі (Қазақстан халқының діни-мәдени салада сан қырлы болуының тамыры тереңде, Еуразияның өткен тарихында екендігіне көз жеткізуге болады.
90-шы жылдардың бас кезінен Қазақстан Республикасы төңірегінде бұрын белгілі болмаған, бірақ шет елдерде бұрыннан танымал болған жаңа діни ағымдар көптеп көбейе бастады. Олар "Кришна санасы қоғамы", бахайилықтар және кейбір "Иегова куәгерлері" сияқты христиан дінінің жаңа бағыттары.
Соңғы жылдарғы республика тұрғындарынан әлеуметтік сұраулар жүргізу нәтижесі бойынша еліміз тұрғындарының бірқатары дінге сенбейтіндер немесе өзінің нақты сенімдерін анықтамағандар және "бөгде" діндерге сенушілер екендігі анықталды. Әрине соңғысы пайыздық көрсеткіштер нәтижесінде дәстүрлік діндерге сенушілерге қарағанда соншалықты елеулі емес, алайда бұл этноконфессиялардың жаңа замандық дамуында жаңа тенденциялардың туындап жатқандығын көрсетеді.
Православиенің орыс ұлтынан басқа республикамыздағы славян топтары ұстанады. Олардың ішіне украиндар, белорустар және түркі тілдес чуваштар жатады. Орыс ұлтты тұрғындардың этносаяси қарқынына конфенционалды факторлар мүлдем әсерін тигізбейді.
1991 жылы Ватикан осында Қазақстан мен Орта Азияның апостолдық әкімшілігін бекітіп, епископ тағайындады. К,азір одан Орта Азия приходтары шығарылып, өзі жеке епископтық ретінде қызмет жасайды.
Бүгін республикада 80-ге тарта католиктер қауымы бар. Францискандықтар орденінің ерлер және әйелдер монастырлері ашылды. Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Астана, Павлодар қалаларында костелдер салынды. Қарағанды қаласында діни семинария және Солтүстік Қазақстан облысының Корнеевка селосында бастауыш христиан мектебі шәкірттер дайындайды. Ай сайын "Кредо" газеті шығып тұрады.
Қазір Қазақстанда 400-ден астам протестанттық бірлестік, жиырмаға тарта конфессия мен деноминация бар. Біз олардың неғұрлым ірілеріне ғана тоқталамыз. Республикада лютеран шіркеуінің негізгі үш бағытының өкілдері бар. Олар — евангелие шіркеуі, лютеран ағайындар және Миссури синодының қолдаушылары. Бұлардың бәрі өз ілімдерін Аугсбург дін уағызына (1530 ж.) негіздейді. Айырмасы - құлшылықты атқару рәсімдерінде ғана. Сондықтан олар бір-біріне қарсы келмек былай тұрсын, әрдайым жәрдем көрсетіп отырады.
Меннониттер. Бұл діни ағымның негізін салушы католик священнигі Менно Симонс. Ол анабаптистерге (грекше дінге қайтара емгіземін, екінші қайтара шоқындырамын) етіп, өмір шындығын мойындау, қиянат жасамау принциптеріне негізделген өз қауымын құрды. Кейінірек меннинизм принциптері "Біздің ортақ христиан дініміздің бас статьяларының декларациясы" деген құжатта (1632 ж.) нақтыланды.
Меннониттерге тән нәрсе — адамдарды кәмелет жасқа жеткен соң шоқындыру. Шіркеу иерархиясы мойындалмайды. Сондықтан әр қауым өзін өзі басқарады. Бірақ, барлық қауымдардың жұмысын үйлестіру үшін АҚШ-та Меннониттердің дүниежүзілік конференциясы құрылған. Меннонизмде басты екі бағыт бар: шіркеулік және ағайындық. Соңғысы баптистермен жақындасып, солардың құлшылық жиындарына қатысатын болды. Бертін келе баптистер құрамына түгелдей еніп кетті.
Бүгінде ағайын меннониттердің үлкен қоғамы (250 адам) Қарағандыда орналасқан. Оның Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында бөлімдері бар. Олар шет елден қаржыланады. Бұл өз баспаханасын ұстауға, діни журнал, түрлі діни әдебиеттер шығаруға мүмкіндік береді. Соңғы кездері неміс ұлтының өз отанына қоныс аударуына байланысты меннониттер қатары сейіліп келеді. Шіркеу меннониттері түгелдей дерлік тарады.
Қазақстанға ең кейін келген - баптистер. "Баптист" гректің "шомылдырамын" деген сөзінен шыққан. Олар республикада XX ғасырда ғана пайда болды. Бірақ олардың діни ілімінің жүздеген жылдық тарихы бар. Тұңғыш баптист қауымдары Голлавдия мен Англияда ХҮП ғасырда пайда болды. Кейіннен Америкаға тарады. Казір ол АҚШ-та христиан конфессиялары мен деноминациялары ішінде жетекші орында. Баптизм Европаға XIX ғасырда тарай бастады.
Баптистер өз іліміне лютерандық пен кальвинизмнен көп нәрселерді көшіріп алды. Олар христиандықтың жеті қағидасының төртеуін ғана мойындайды. Солардың өзін догмат есебінде емес, қарапайым салт есебінде ұстанады.
Баптистер қауымдарын пресвитерлер мен кеңестер басқарады. 1905 жылдан баптистердің Дүниежүзілік кеңесі жүмыс істейді. Одақ тарқағанға дейін евангелие христиан-баптистерінің Одақтық кеңесі болды. Қазір ол Ресей баптистер одағы болып өзгертілді. Қазақстанда баптистердің шіркеулер одағы қүрылған. Оның діни орталығы Сайран қаласында. Жеті аймақтық орталығы бар. Қазақстанда қазір 120-дан астам евангелие христиан баптистері қауымы тіркелген. Мұның сыртында тіркелмеген қауымдастықгар да бар.
1995 жылы Алматыда евангелие христиан баптистері шіркеулері кеңесінің діни ағарту орталығы құрылды. Сол сияқты 1992 жылдан бері Славян евангелиеленген қоғамының Інжіл миссиясы сырттай оқытатын Інжіл мектебін ашты. Ол бастауыш діни білім береді. Діни әдебиеттерді тарататын "Свет на Востоке", "Эммануил", "Каждый дом для бога"деген сияқты миссиялары бар. .
Баптизмнен бастау алатын қауымдардың бірі — пятидесятниктер. Ол XX ғасырда АҚШ-та құрылды.
Олардың діни ілімінің негізі — Жаңа өсиеттерде айтылғандай, Қасиетті Рух Ғайсаның тірілгенінен 50 күн өткен соң, оның шәкірттеріне қонғаны сияқты әрбір дінге сенушіге қонуы мүмкін. Кауымның аты да осыдан алынған. Ал Қасиетті Рух дарыған адам пайғамбарлыққа, түрлі кереметтер жасауға, беймәлім түрлі тілдерде сөйлеугс қабілетті болады. Бұған жету үшін құлшылық мәжілістері алдында әркім өзін есалаңның сәл алдындағы жағдайға дейін жеткізіп, қатаң ауыз бекіту қажет. Сондықтан құлшылық мистикалық жағдайда өткізіледі. Осыдан бұл ағымдағылар түрлі аяндарға. т.б. мистикаларға сенеді.
Қазақстанда пятидесятниктердің толып жатқан ағымдары бар. Олардың сан алуандығы соншама, тіптен аталуы бірдей бірнеше қауым бірін-бірі мойындамайды, 30 қауым ресми тіркелген. 90-шы жылдары Алматыда корей пятидесятниктер шіркеуі пайда болды.
Пресвитериандык; республикада негізінен американдық және кореялық миссионерлердің үгітімен соңғы жылдары ғана пайда бола бастады. Бұл — ХҮІІ ғасырда Шотландия мен Англияда король және англикан шіркеуінің абсолютизміне қарсылық ретінде туған кальвинизмнің бір ағымы. Оның басты принциптері "Вестминстр дін уағызында" (1648) нақгыланған. Пресвитерандар адамдарды күнә үшін жаралған, бәрі тағдырдың жазуынан деп сенеді. Құлшылық рәсімдері өте қарапайым. Қауымдарын пресвитер мен пастордан тұратын консисторийлер басқарады. Қазақстанда 20-дан астам өздігінен қызмет қылатын пресвитер құрылымы бар.
Жаңа апостол шіркеуі республикада 1991 жылы пайда болды. Оның негізін салған - неміс дін уағызшылары. Шіркеу қатаң орталықтандырылған. Қауымдар Ақмола облысындағы Алексеевка селосындағы республикалық орталыққа бағынады. Ол елуден астам қауымды біріктіреді.
Жетінші күн адвентистері. Бұл дінге сенушілер жетінші, мейрам күні жексенбі емес, сенбі деп сенеді. Бұл күні жұмыс істеуді былай қойғанда, ас жасауға да тыйым салынады. Адвентистерге "лас жануарлардың" (шошқанын) етін жеуге, шарап, кофе, шай ішуге, шылым шегуге болмайды. Қауымның өр мүшесі өзінің кірісінің оныншы бөлігін шіркеуге бөлуге міндетті. Адвентистер рухтың мәңгі жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Олар Ғайсаны екінші қайтара келеді, сонда барлық замандарда жасаған күнәсіздер тіріліп, көкке ұшады, мың жыл салып, жерге қайтып оралады, күнәлілер біліспен бірге майып болады, жер беті отпен тазартылып, құтқарылғандардың мекеніне айналады, деп уағыздайды.
Адвентизмнің (латынның "келу", "оралу" сөзінен) негізін жасаған Уильям Миллер (1782-1849) Ғайса жерге 1843 жылы оралып, мың жыл патшалық қүрады деген сеуегейлік жасаған болатын. Бүл сөуегейлік жалған болып шықканымен, Ғайсаның таяуда оралуына деген сенім өшкен жоқ, бірақ адвентизм осыдан кейін бірнеше ағымдарға бөлінді. Олардың ішіндегі ең ірісі — Жетінші күн адвентистері. Бұл дін шіркеуіндегі сөзсіз бедел — Елена Уайт (1827-1916). Оның еңбектері Інжілмен қатар кұрметтеледі. Астанада Жетінші күн адвентистерінің республикалық орталығы — жетінші күн христиан адвентистерінің Кдзақстандық конференциясы бар. Ұйымдық жағынан ол Орта Азия және Кавказ аймақтық құрылымдарын біріктіретін оңтүстік унионға қарайды. Орталығы — Алматы каласы. Қазақстандағы дін жақтастары үшін айына бір рет "Благовестник" газеті шығарылады.
Иегово куәлары — қазірде жылдам жетіліп келе жатқан шіркеулердің бірі. Діни агым XIX ғасырдың екінші жартысында адвентизмнің бұтағы ретінде АҚШ-та пайда болды. Бастапқыда "Інжілді зерттеушілер" деп аталды. Орталығы — АҚШ-тағы "Бруклин орталығы" деген ұйым. Екі жүзден астам елде жұмыс істейтін жүзге жуық филиалы бар. "Сторожевая башня" және "Пробудитесь" деген журналдары 160 тілде миллиондаған тиражбен шығарылады.
Иегов куәлары қауымдары жиын деп аталады. Оларды ақсақалдар алқасы басқарады. Ақсақалдарының бірі бақылаушы немесе пресвитер болып тағайындалады. Жиындар 5-6 адамнан тұратын студияларға бөлінеді. Барлық құрылымдар Бруклин орталығының нұсқауына сөзсіз бағынады.
Иегов куәлары да адвентистер тәрізді жанның мәңгілігін мойындамайды. Бірақ ілімдерінде айырма да жоқ емес. Мәселен, олар бір ғана құдайды — Иеговоны (Яхве) мойындайды. Ғайсаны құдайдың ұлы, бірақ өзі қүдай емес деп уағыздайды. Ол, куәлардың ілімі бойынша, періштелерді бағындырған кәміл адам. Иегов куәлары тамұқты жоққа шығарады. Ілімдеріндегі басты нәрсе — Армагеддон, яғни игілік пен зүлымдықгың таяуда болатын шайқасы. Қазақстанда бүл қауымның жүзге тарта шіркеуі бар.
Қазақстанда соңғы жылдары харизм қозғалысы (грек тіленде - игілік) кең тарады. Харизматтар ілімінің негізі адам жаралғанда кунәға бейім, осы бейімдікті жеңіп, о дүниеде рахатқа жеткізетін құдіретті күш жоғарыдан келеді-міс. Олар осы игілікке кез-келген адам жете алады, ол үшін шіркеу талаптарын орындаса болғаны, деп уағыздайды. Қазақстанда бұл қозғалыстың "Агапе", "Новая жизнь", "Иллия" сияқты ондаған бірлестіктері бар. Олар өз сенімдерін дәстүрлі христиан ортасында ғана емес, тұрғылықты халық арасында да таратуға бағытталған белсенді жұмыс жасауда. Мәселен, осы мақсатпен "Новая жизнь" қауымының жанынан Алматы қаласында арнайы қазақ және ұйғыр филиалдары құрылған. Қауым бұрынғы кеңес үкіметі елдерінің өкілдері оқитын Інжіл колледжін ашты. Газеттер мен журналдар, балаларға арнап "Королевство любви" газетін шығарады. Бүгінде республикада қырықтан астам харизмат бірлестігі жүмыс істейді. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Дін тарихы республика жерінде таралған негізгі діндер туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Дін тарихы республика жерінде таралған негізгі діндер на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Динтану жоспарымен, казакша реферат жоспар, Дін тарихы республика жерінде таралған негізгі діндер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]