Реферат: Құқық | Жеке тұлғалардың азаматттық құқықтық субъектілігі

Реферат: Құқық | Жеке тұлғалардың азаматттық құқықтық субъектілігі

Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық-

құықықтық қатнастар орнығады.Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер

жасасып, құқық субъектісінің тұлға деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде

ғана құқықтық қатнастарға қатыса алады.

Қ.Р заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті –азаматтық құқық

субъектілікті иеленетін,яғни азаматтық құүқықтар мен міндеттерді иеленуге

және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер)және олардың

кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары,мемлекет,әкімшілік- аумақтық

бөліністер)азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп

танылады.Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық

құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның ,мейлі ол Қазақстан

Республикасының азаматы болсын,мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе

азаматтығы жоқ адам болсын,азаматтық құқық субъектілігі болады,демек ол

азаматтық құқық субъектісі деп танылады.Ал ұйым- бұл басқаша жағдай. Ол

азаматтық құқықтың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе

азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін.Заңды тұлғалар деп

танылған ұйымдардың,сондай-ақ мемлекет пен әкімшілік- аумақтың

бөліністердің азаматтық құқық субъектілігі бар.

Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық

субъектілігін шатастыруға болмайды.”Азаматтық құқық субъектісі”ұғымы

оның құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді

(атауды),тұрғылықты жерді(тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық субъектіліктің бастаулары экономикадық тауарлы
қатнастарға сүйенеді,ал азаматтық заңдарда “құқық субъектілігі” термині
пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттің өзін қолданылып жүрген
құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымының өзін заң ғылымы
қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.
ҚР Азаматтық кодексі азаматтық құқықтардың субъектілеріне жеке тарау (2-тарау)арнаған, онда “құқық субъектілері”және “тұлғалар”терминдері бір мағыналы терминдер ретінде пайдаланылады.Құқық субъектілері туралы нормалар АК- да ғана емес, сондай- ақ басқа да заң актілерінде кездеседі.
Азаматтық құқық субъектілерінің (тұлғаларының) ішінен АК ҚР азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетеді, оларға осы оқулықтың бір тарауы арналған. Тарауда азаматтық құқық субъектіліктң жалпы ұғымдары мәселелері ең аз қажетті шамада сөз болған, ал қажетті жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігі мәселелері салыстырмалы тұрғыда қарастырылады.
“жеке тұлға” жалпы ұғымы ҚР АК-ның 12- бабында тұжырымдалған.Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді),сондай- ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді.Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым көпшілігі оның азаматтары болғандықтан, ал АК ҚР- дың ұлттық заңы болып табылатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес,жеке тұлғаларды да белгілеу үшін кең мағынада әдетте “азамат”терминін қолданады.Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді атқаратындықтан,”азамат” терминін осылайша кең мағынада түсінуге болады.(ҚР Конституциясының 12- бабының 4- тармағы, ҚР АК- ның 3- бабының 7—тармағы).”Азамат” ұғымы әлдеқайда кең маңызды ие болып,құқықтың барлық салаларында қолданылғанымен,мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері ретінде сөздің арнайы мағынасында ғана айтылады.
Азаматтық құқық субъектілік –салалық құқық субъектіліктің бір түрі.Бұл ұғымды талдау кезінде ,жалпы алғанда ,заңдық шындық ретінде құқық субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданылады деген сұрақ бірден туады.Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай:азаматтық құқықтың ерекше институты- құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар-адамдарды құқықтық қатнастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу қажеттігіне байланысты. Сондықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардың қоғамдық , заңдық қасиеттері болып табылады.Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі.ҚР Конституциясы адамдардың құқық қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу және айыру негізінде жіктейді.Адам құқықтарына қарағанда,азаматтың құқықтары көлемді болады.Олар адамның бүкіл құүқықтарын,бұған қоса, ҚР азаматтарына ғана
тән құқықтар мен міндеттерді қамтиды.(мысалы, саяси құқықтар,әскери қызметті өтеу міндеттерді)
Азаматтық құқықта нақты құқықтар мен міндеттерді иеленудің алғышарты- құқық субъектіліктің болуы қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар –ақша және өзге де қатнастарды жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады.
Азаматтық құқық субъектіліктің жалпы ұғымдарын ескермейінше, азаматтық құқық субъектіліктің бір түрі- жеке тұлғалардың құқық субъектілігін түсіну қиынға соғады.Бұл арада, объективті өмір сүретін құқықтық шындық, жеке адамдардың жалпы қасиеті ретінде оны осы құқықтық шындықтың көрінісі – құқық субъектілік ұғымымен шатастырмау керек.Нақты өмірде құқық субъектілік деген жоқ, олардың жалпы заңдық қасиеті ретінде жеке тұлғалардың Құқық субъектілігі бар.Бұл қасиет, кейде мұны заң әдебиеттерінде көрсететіндей, әлде бір ойда бар, ұғымда ғана сақталатын жинақталған тұлғаға тиісті емес,ол нақты жеке тұлғалардың жалпы қасиеті, яғни әрбір жеке субъектіге тән жалпы қасиет болып табылады.ҚР Конституциясының терминологиясында құқық субъектіліктің нақ әрбір тұлғаға тиімтілігі айқын көрінеді, оның 13 – бабында әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқықғы бар екені айтылған.
Оқу әдебиеттерін қоса алғанда, заң әдебиеттерінде нақты субъективтік құқықтар мен міндеттер құқығын иеленудің абстрактілік алғы шарты ретінде құқық субъектіліктің сипаттамасы кең таралған.Мұнымен бір ғана ескертпе арқылы абстрактіні ұғымда бар нәрсе ретінде ғана емес,сондай-ақ жеке тұлғалардың нақты, жалпы заңдық қасиеті ретінде де түсіну арқылы келісуге болады.
Кейбір авторлар құқық субъектілігі құқықты иеленудің абстрактілік мүмкіндігі ретінде құқық субъектісінің жеке құқықтарының жиынтығы немесе кешені түрінде көріне алмайды деп ойлайды.Мұнымен келісуге болмайды,өйткені құқық субъектіліктің абстрактілік сипаты мүлде оның мазмұнсыздығын көрсетпейді. Азаматтық құқық субъектіліктің өз көлемі, өз мазмұны бар,оның үстіне, әр түрлі тұлғаларға, атап айтқанда, жеке және заңды тұлғаларға қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие көлемі мен мазмұны болады.Бұған қоса,тіпті әр түрлі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқық субъектілігінің көлемі мен мазмұны болады. Бұған қоса, тіпті әр түрлі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқық субъектілігінің көлемі мен мазмұны да түрліше болады.АК-ның 14- бабында азаматтардың құқық субъектілігінің негізгі мазмұны, оның құрамдас элементтері туралы айтылады.Атап айтқанда, бұл бапта азаматтың мүлікті меншіктену, мүлікті мұраға алып,мұраға қалдыру,республика аумағында еркін жүріп- тұру және тұрғылықты жер таңдау,заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысу, жеке өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп, заңды тұлғалар құру, мәмілелер жасасып, міндеттемелерге қатысу, материалдық және моральдық зиянның орнын толтырудыталап ету құқығы, басқа да мүліктік және өзіндік құқықтары көзделген.
Өзінің заңдық табиғаты жөнінен азаматтық құқық субъектілік ерекше субъективтік құқық- мәмілелер жасау және субъективтік құқықта мен міндеттерді иелену құқығы болып табылады.Субъективтік құқық ретінде құқық субъектіліктің табиғаты заңдардан, оның ішінде Конституция нормаларынан ерекше айқын байқалады. Мәселен, Конституцияда әркімнің құқықтары туралы, республикада кімдердің заңды түрде тұра алатыны, бұл аумақта еркін жүріп- тұру, тұрғылықты жерін таңдау құқығы туралы, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы туралы айтылады. Конституция әркімнің құқық субъектісі ретінде танылу құқығын баянды етіп, оның адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының тізбесі түріндегі негізгі мазмұнын ашып көрсетеді (ҚР Конституциясының 13,21,26-баптары).
Белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыруды жазалау шарасы ретінде көздей отырып,ҚР Қылмыстық кодексі азаматтардың құқық субъектілгі элементтерінің бірінқұқық деп атайды.(41-бап).
Құқық субъектілікті ерекше субъективтік құқық деп танудың теориялық қана емес, сондай- ақ практикалық маңызы бар. Атап айтқанда, оны бұлайша тану құқық субъектілікті жүзегеасыру кезінде азаматтық құқықтарды жүзеге асыру туралы АК-ның 8- бабының нормаларын қолдануға мүмкіндік береді.Мәселен, құқық субъектілікті жүзеге құқықтың басқа субъектілерінің құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс,адал, әділетті өтуі тиіс.
Адамның заңдық қасиеті ретінде, ерекше субъективтік құқық ретінде азаматтық құқық субъектілікті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерден айыра білу керек. Өзінің табиғаты жөнінен құқық субъектілік те субъективтік құқық болып саналғанымен, нақты субъективтік құқықпен салыстарғанда бұл өзгеше деңгейдегі құқық болып табылады:олар бір – бірімен жалпы және жеке –дара арақатынаста болады.Басқаша айтқанда, әрбір құқық субъектілік тұлға тиісті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелене алады.Әрбір құқық субъектісінің заң актілерінде көзделген көлемде құқық субъектілігі бар. Нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерге қатысты қатысты мәселе басқаша.Әрбір тұлға үшін олардың жиынтығы жеке – дара болады және ұдайы өзгеріп отырады.Мысалы, барлық жеке тұлғалардың меншік құқығында мүлкі, атап айтқанда, меншігіндегі пәтері болуы мүмкінАлайда кез келген адамның іс жүзінде белгілі бір мекен- жайдағы белгілі бір үйдегі нақты пәтерге меншік құқығы бола бермейді.Кез келген басқа мүлік жөнінде де осыны айтуға болады.Нақты субъективтікқұқық ретінде меншік құқығы қашан да жеке дараланған – бұл белгілі бір адамның белгілі бір мүлікке құқығы.
Кейде құқық субъектілік пен нақты субъективтік құқық арасындағы айырмашылықтар келтірілген мысалдағыдай срншалықты көрнекті көрінбейді, бірақ осыған қарамастан, олар қашан да өмірде кездеседі.Мысалы,құқық субъектілік элементі ретінде әрбір азаматтың тұрғылықты жерді таңдау құқығы бар, бірақ қалаған жерінде тұру- бұл енді нақты субъективтік құқық болады.
Белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде кез келген субъективтік құқық пайда болады, өзгереді және тоқтатылады. Мысалы, азаматтың құқық субъектілігі ол туған сәттен басталып оның өлімімен тоқтатылады
Нақты субъективтік құқық, сонымен қатар, алуан түрлі заңдық фактілердің негізінде пайда болады және тоқтатылады.Кейде нақты субъективтік құқық бір фактінің негізінде емес, іс жүзінде құрам деп аталатын бірқатар фактілердің негізінде пйда болады және тоқтатылады.Мәселен, сатып алу- сату, сыйға тарту, мұра алу секілді заңдық фактлердің негізінде белгілі бір адамның белгілі бір объектілерге меншік құқығы пайда болады, бірақ бұл қашан да тиісті құқық субъектілігібар адамда туады. Ол нақты субъективтік құқықтардың пайда болуының алғышарты болып есептеледі және олар пайда болғанда толық көлемде сақталады. Алайда құқық субъектілікті шектеу осымен бірге тиісті нақты субъективтік құқықтың тоқтатылуына себепші болады.
Құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігінің бөлінбес бірлігі түрінде өмір сүретін заңды тұлғалардың құқық субъектілігінен өзгеше, жеке тұлғалардың азаматтық құқық суубъектілігі құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне бөлінеді, бұлар Азаматтық кодексте жеке тұлғалар туралы параграфта әр түрлі баптармен беріледі.

Азаматтық хал актілері
Туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда тіркелуге тиіс.
Азаматтық хал актілерін тіркеуді Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдер, ал мұндай бөлімдер жоқ жерлерде жергілікті атқару органдары жүргізеді. Жергілікті негіздер болған жағдайда жеке мүдделі адамдардың арасында дау тумаған жағдайда Азаматтық хал актілері жазбаларында өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді Азаматтық хал актілерін жазатын органдар жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау туған жағдайда Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу, оларды түзету мәселелері сот тәртібімен шешіледі.
Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы арыздар арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша Азаматтық хал актілерін жазатын орынға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының Азаматтық хал актілерін жазатын органдарда тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтыға жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктеріне немесе консулдық мекемелеріне беріледі.
Азаматтық хал актілердегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жазылған жер бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазуға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
“Неке және отбасы туралы” Заңның 169-бабына сәйкес Азаматтық хал актілері жазбасының: 1) сот шешімінің негізінде; 2) мүдделі адамдардың арызы бойынша; 3) жойылуға тиісті бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайталап жазылған жазбаны тапқан Азаматтық хал актілерін жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкін.

Азаматтық кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға
құрмайтын құқық субъектілігі
Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын құқық субъектілігі – бұл азаматтың құқық субъектілігінің ерекшелігін және маңызын ескере отырып, АК-ның “Азаматтық құқықытардың субъектілері” деген 2-тарауында арнайы бап арналған бірден-бір саласы.
ҚР Конституйиясы 26-бабының 4-тармағындағы әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бпр деген нормасына сәйкес, АК азаматтар заңды тұлғалар құрып қана қоймастан, сонымен бірге заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы деп белгілейді. Бұл жерден өзгешелікті заң актілері ғана белгілей алады және ол кәсіпкерліктің белгілі бір саласына ғана қатысты болады. Мысалы, банк саласы қызметімен арнайы қызметімен арнайы заңды тұлғалар ғана – банктер айналыса алады.
Азаматтардың заңды тұлға құрамай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуын АК нормаларымен қатар, Жеке кәсіпкерлік туралы заң және басқа да бірқатар нормативтік құқықтық қатынастарда өзгеше көзделмесе, онда азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормалар қолданылады.
Азаматтардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы тұлға құрмайтын құқық субъектілігі, азаматтардың жалпы құқық субъектілігі секілді, тең болып табылады. Азаматтар өздерінің қаулы бойынша жеке кәсіпкерлікпен өздері немесе бірлесіп айналысуға құқылы. Азамат жеке кәсіпкерлікті өзіне меншік құқығы ретінде тиесілі мүліктің, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге рұқсат беретін өзге де құқықтардың негізінде дербес жүргізеді. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар (жеке кәсіпкерлер) тобы заңды тұлға құрмай-ақ, азаматтардың меншік құқығы ретінде тиесілі мүліктерінің негізінде, сондай-ақ осы мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге рұқсат беретін өзге де құқықтардың негізінде жүзеге асырады. Шаруа қожалықтарындағы кәсіпкерлік, сондай-ақ қарапайым серіктестік түріндегі бірлескен кәсіпкерлік бірлескен кәсіпкерлікке мысал бола алады.
Жеке кәсіпкер өз қызметін өзінің атынан жүрзеді. Бірлескен жеке кәсіпкерлікте кәсіпкерлік қызметке байланысты барлық мәмілелер заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде бірлескен кәсіперліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, сондай-ақ құқықтар мен міндеттер алынады.
Заң актілері азаматтардың жеке кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқық субъектілігін жүзеге асыру шараларын да көздейді. Мәслен, жеке кәсіпкерлер екі жағдайда міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Біріншіден, егер олар ұдайы жалданушы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын болса. Екіншіден, салық заңдарына сәйкес есептеліп шығарылған жиынтық жылдық табыс жеке тұлғаларға заң актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын көлемінен артатын болса. Барлық өзге жағдайларда жеке кәсіпкер, өз қызметін тіркелусіз-ақ жүргізе алады, бірақ өзінің қалауы бойынша оны тіркеуге құқылы.
Лицензияланатын қызмет түрлеріне лицензия алу жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарттарының қатарына жатады.
Жеке кәсіпкер дәрменсіз болып қалатын жағдайлар үшін заң актілері оның банкрот болуын да көздейді. Банкроттың рәсімін және несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру кезектілігін ҚР АК мен басқа да заң актілері белгілейді.








Мазмұны


I.Кіріспе

1.1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі.

II. Негізгі бөлім

2.1. Құқық қабілеттілік

2.2. Әрекет қабілеттілік

2.3. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары

2.4. Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары

2.5. Азаматтың хал актілері

2.6. Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын құқық субъектілігі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер














Пайдаланылған әдебиеттер:

1.”ҚР-ның Азаматтық құқығы”
ҚазМза 2001
Төлеуғалиев Б.И 2001

2.”Азаматтық құқық” I том
Жауапты редакторлар:М.К Сулейменов
Ю.Г. Бассин

3.Қазақстан Республикасының Конституциясы
Алматы 2000ж.

4.Н.Дулатбеков, А.Турлаев, С. Амандықов
Мемлекеттік және құқық негіздері
Алматы 2001 жыл

5.Ғ.Сапарғалиев , А.Ыбырайева
Мемлекет және құқық теориясы
Астана 1998 жыл

6.Қ. Жоламан , А. Мұқтарова , А.Тәуекелов
Мемлекет және құқық теориясы
Алматы 1999 жыл

7.Ғ.Сапарғалиев
Қ.Р-ның Конституциялық құқығы
Алматы 1998 жыл

8. Джунусов А.М. Власть и оппозиция, историко-теоритические аспекты. Алматы 1997

9. Мухаммедов М.Б. Формирование основных приоритетов внешней политике Казахстана. Алматы: Бастау, 1997 г.

10. Кушалиев Г.А. Роль Экологических НПО в построении гражданского общества в Казахстане. // Суверенный Казахстан как политическая реальность. Алматы 2001г. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Жеке тұлғалардың азаматттық құқықтық субъектілігі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар Құқық жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жеке тұлғалардың азаматттық құқықтық субъектілігі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]