Реферат: Биология | Жасуша ядросы

Реферат: Биология | Жасуша ядросы

Ядро. Ядро-өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі. Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал ядросы жетілмеген организмдерді прокариоттар деп атайды. Грекше “карион” ядро деген мағынаны білдіреді.
Ядроның құрылысы күрделі. Оның қатысуымен жасушада өте маңызды тіршілік процестері жүзеге асырылады. Ядроның сыртын әрқайсысы үш қабаттан тұратын екі мембрана қоршайды (45-сурет).
Ядро мембранасы құрылсы жөнінен цитоплазма мембранасына ұқсас және ол эндоплазмалық тормен тікелей байланысады (46-сурет). Жасушаның бөлінуі кезінде ядроның мембранасы жойылып кетеді де пайда болған жас жасушаларда қайтадан қалпына келеді. Оның мембранасы шалаөткізгіштік қасиетке ие. Жасушалар ядросының санына қарай бір ядролы және көп ядролы болып бөлінеді. Омыртқалы жануарлардың бауыры, сүйек, бұлшық ет ұлпалары және қарапайымдар көп ядролы болады. Ядроның құрамы күрделі, онда тірі организмнің тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттерін сақтайтын хромосомалар, ядро шырыны, ядрошық, РНҚ және т.б. құрамдас бөліктер болады.

46-сурет. Ядро цитоплазма және эндоплазмалық тор мембраналарының байланысы: 1-эндоплазмалық тор; 2-Гольджи жиынтығы; 3-ядрошық; 4-кариоплазма

Жасушаның тіршілігіне байланысты ядроның құрамы, қызметі, пішіні мен мөлшері өзгеріп отырады. Жасушаның тіршілік циклі екі кезеңге бөлінеді: ә)екінші циклі – ядроның бөлінуге дайындық кезеңі, оны интерфаза деп атайды. Енді бөлінбей тұрған кездегі жасуша ядросының құрамдас бөліктеріне тоқталайық.
Ядро шырыны – ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарды толтырып тұратын қоймалжың зат. Оның құрамында нәруыздар, нуклеин қышқылдары мен көмірсулар болады.
Клетканың ядросына тән үшінші құрылым – ядрошық. Ядрошық – ядро шырынында орналасқан тығыз, дөңгелек денешік. Әр түрлі клеткалардың ядроларында, сондай-ақ бір клетканың ядросында функциялық жағдайына қарай ядрошықтардың саны 1-ден 5-7-ге дейін, кейде одан да көп болуы мүмкін. Ядрошықтардың саны жинақтығы хромосомалар санынан көп болуы мүмкін; бұл р-РНҚ синтезіне жауапты гендердің таңдамалы редупликация есебінен болатын жағдай. Ядрошықтар бөлінбеген ядроларда ғана болады, митоз кезінде хромосомалардың шиыршықталуынан және бұрын түзілген барлық рибосомалардың цитоплазмаға шығуынан ядрошықтар жоғалып кетеді де, ал бөліну аяқталғаннан кейін пайда болады
Ядрошық ядроның жеке дербес құрылымы емес. Ол р-РНҚ құрылысы кодталған хромосоманың айналасындағы учаскеде түзіледі ( 5.17-сурет).
Хромосоманың бұл учаскесі-ген-ядрошықты ұйымдастырушы (ЯҰ) деп аталады және онда р-РНҚ синтезі жүреді.
Сонымен, ядрошық- қалыптасуының ір түрлі кезеңдеріндегір-РНҚ мен рибосомалардың топтасуы болып табылады, олардың негізінде р-РНҚ–ның құрылысы туралы тұқымқуалаушылық ақпараты бар ген- ядрошықты ұйымдастырушы алып жүретін хромосоманың учаскесі жатыр.



5.17-сурет. Ядрошық құрылысының сызбанұсқасы: 1-белоктар, 2-р-РНҚ, 3-рибосомалардың кішкене бөлшектері.


Хромосомалар. Хромосомалар – ДНҚ –ның жіпшелерінен және нәруыздан тұратын ядроның аса маңызды бөлігі. Хромосоманы өзіне тән бояулармен бояп, жасушаның бөлінуі кезінде қарағанда, құрылысы мен құрамы өте жақсы және анық байқалған (47-сурет).
Әр түрге тән хромосомалар пішіндері және сандары жөнінен бір-бірінен айырмашылықтары болады. Мысалы, адамда – 46, жылқыда – 66, бақада – 26, дрозофилада – 8, жүгеріде – 20, бұршақта – 14 хромосома бар.
Хромосома дегеніміз – ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созлыңқы тығыз денешік. Олар бірнеше бөліктерден тұрады: алғашқы бөлік және екінші ретік бөдік. Хромосоманың құрамында 40% ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқыл нәруыз және өте аз мөлшерде РНҚ болады. ДНҚ организмге қажетті әр түрлі нәруызды синтездеуге ақпараттар береді. Гистон дегеніміз – хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз.

47-сурет. Хромосоманың құрылысы

Қышқыл нәруыз хромосоманың қозғалысына,ДНҚ мен РНҚ-ның синтезіне, организмдегі белгілерге жауап беоетін нәруыздың қызметін атқарады. РНҚ ядро мен цитоплазманың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Көп уақытқа дейін ғылымдар хромосомаларды жасушаның бөлінуінен кейін жойылып кетеді деген пікірде болды. Бірақ таңбалы атомдар әдісі арқылы олардың жасушадағы тұрақты құрылым екендігі дәлелденді.Әрбір хромосоманың мөлшері мен рішіні тұрақты болады дедік. Еңдеше, хромосоманы сыртынан қарағанда, екі буынның бар екенін аңғаруға болады (47-сурет).Бірінші буыеды центромералы буын деп атайды.Бұл буынмен ахроматин жіпшелерінің бір ұшы байланысады. Центромераларының орналасуына байланысты хромосомалардың пішіндері өзгеріп отырады. Осыған қарамастан әрбір хромосомадағы центромералардың орны тұрақты болады.
Центромералар хромосоманы екі ашаға бөледы, осыған байланысты олар бірнеше типке бөлінеді (48-сурет).
Центромералар ақ дөңгелектермен белгіненген.

48-сурет. Хромосомалардың әр түрлі типтері (Г.А.Левитский бойынша): 1,7 – метацентрлі(тең ашалы) хромосомалар; 2 – субметацентрлі хромосома; 3,4,5 – акроцентрлі хромосома; 6 – телоцентрлі хромосома; 8,9 – спутникті хромосома. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Жасуша ядросы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жасуша ядросы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]