Реферат: Құқық | Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс

Реферат: Құқық | Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс

Кіріспе..................................................................................................................... 3
1. Жастар арасындағы құқық бұзушылық, әлеуметтік жұмыстағы көкейкесті мәселелер...............................................................................4 – 12
1.1 Қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс...................................................................................................... 13 – 17
1.2 Жастар арасындағы нашақорлық, және оның алдын алу................... 18 – 21
2. Жастардың девиантты мінез – құлқы, жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар............................................................................ 22 – 25
2.1 Қазақстан Республикасындағы Жастар ұйымдары..............................26 – 29
2.2 Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты...................................30 – 33
Қорытынды .........................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................35
Кіріспе
Біз өзіміз жүргізіліп отырған қайта құруларда, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік серіктестіктерінің белсенділіктерін дамыту жолында, біздің бозбалалармен бойжеткендеріміздің мүмкіндіктері мен энергиясын жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, жас ұрпақтың рөлін бекітуді қажет етеміз.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көрсетілгендей біздің еліміздің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтасыз ету міндеті мен жауапкершілігі тек сіздерге жүктеледі. Барлық келешек ұрпақтың күшін біріктіру біздің өмірімізді демократияландырудың негізгі факторы, азаматтары, әсіресе жастары өзін, өз отбасын, өзінің ата –аналарын игілікті өмірмен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға болатын гүлденген мемлекетті құрудың басты шарты болып табылады. Қазақстандық қоғам үшін жас ұрпақтың маңыздылығын статистикада дәлелдеп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда жасы он алтыдан жиырма тоғызға дейінгі 3788,1 мың азамат өмір сүреді, ол халықтың төрттен бір бөлігін немесе еңбекке жарамды халықтың қырық пайызын құрайды. Міне, Қазақстан жастары туралы осындай нақты мәліметтердің өзі жас ұрпаққа арналған және осы жас ұрпақтың өзі жүзеге асыратын, жалпы қоғамның мүддесін қорғайтын мақсатты, ғылыми негізделген әлеуметтік саясаттың аса қажеттігін көрсетіп отыр. Мұндай саясатты жасау және осы жас ұрпақтың өзі жүзеге асыратын, жалпы қоғамның мүддесін қорғайтын мақсатты, ғылыми негізделген әлеуметтік саясаттың аса қажеттігін көрсетіп отыр. Мұндай саясатты жасау және оны кейіннен жүзеге асыру «әлеуметтік жұмыс» және «әлеуметтік педагогика» деп аталатын гуманитарлық пәндерге жүктеледі.
Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі – егіз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алматынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет.
Біріншіден, құқық қорғау мен мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қаматассыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шараларын жетілдіру жөніндегі іс – қимылдарын үйлестіруді күшейту керек.
Екіншіден, өз назарымызды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет.
Үшіншіден, өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен ұлтаралық қылымыс секілді қателіктерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.
Төртіншіден, елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтассыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеңінен тарту керек.


1. Жастар арасындағы құқық бұзушылық, әлеуметтік жұмыстағы көкейкесті мәселелер
Девианттық мінез – құлықтың өткір формасына заңды тұрғысынан жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар, яғни мемлекеттік немес қоғамдық не жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен бостандығына, басқарудың бекітілген тәртібіне қол сұғатын құқыққа қарсы әрекеттер жатады.
Барлық құқықты бұзушылық қылмыс пен теріс қылықққа бөлінеді. Юристік тұрғыда бір жағдайда – құқық нормаларын бұзуға қатысты болғанымен, бұлар әртүрлі түсініктер. Олардың айырмашылығы қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты. Егер жеке тұлғаның әрекеті қоғамдық қауіпті деп қылмыстық құқыққа тиым салынса, онда қылмыс болып табылады. Теріс қылық – қылмысқа қарағанда, қоғамдық қауіпті сипаты жоқ, қылымыстық заңда қарастырылмаған, қоғамдық зиянды әрекет. Теріс қылықтар қылмыстан басқа, азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі.
ТМД елдерінің қазіргі даму кезеңі құқық бұзушылықтың, соның ішінде қылымыстың барынша өсуімен сипатталады. Бұл процестің ерекшелігіне жастар қылмысының, соның ішінде жасөспірімдер қылмысының «ерсектерге» қарағанда жылдам қарқынды өсуі жатады. Статистика мәліметтері бойынша, Қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың көпшілігінің жасы 18 – 29 жаста екен, ал әрбір оныншы 18 жасқа толмаған.

Республикадағы қылмыс жасаған тұлғалардың саны, мың адам

1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000
Қылмыс жасаған барлық тұлғалар 89,8 107,0 108,9 111,2 116,7 97,5 89,3 97,5 100,3
Соның ішінде 14 – 17 жастағылары 12,4 12,5 11,4 10,6 8,9 8,4 6,9 7,0 7,5 7,5
Сотталғандар құрамы ( % )

1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000
Барлық сотталғандар 100 100 100 100 100 100 100 100 100 100
Соның ішінде кәмелетке толмағандар 14,0 13,9 10,7 9,7 8,0 7,2 7,1 7,8 7,7 7,5

Мамандар жастар ортасындағы криминализацияның мынандай алаңдаушылық туғызатын үдерістерін көрсетеді:
1) қазіргі уақытта жастар мен жасөспірімдердің қылмыс белсенді түрде өршіп келеді. Ол жастардың негізігі әлеуметтік – демографиялық, аймақтық және кәсіптік – білім беретін аспектіліріндегі топтарын қамтиды. Жастар жұмыссыздығының өсуіне қарай жастардың ештеңеге тартылмаған топтарының арасынан криминалдық әсерге бейім топтар қалыптасып келеді.
2) жастар қылымыс «жасырып» келеді: криминогендік әсерге бейім «қауіпті» жасқа жеке бас дамуындағы маңызды кезең 15 – 16 жас аралығы жатады; жасөспірімдер арасындағы қылмыс өсіп келеді, олардың істері Қылмыстық кодексте қаралғанымен, оларға 14 жас толмағандықтын қылмыстық іс қозғалмайды немесе тоқтатылады.
3) Жастардың әйелдер бөлігінің қылмысы, әсіресе нашақорлық пен жезөкшелекке байланысты қылмыстар үлесі өсіп келеді.
4) Жастар қылмысының құрамында ауыр қылмыстар: қасақана кісі өлтіру, тонау, қарақшылар, үлесі өсіп келеді.
5) Жастар қылмысының топпен жасалатынын саны өсіп отыр, жастардың асоциалдық сипатындағы бейресми бірлестіктерінің құқыққа қарсы жағына қатысты әрекеттері өз шеңберін кеңейтіп келеді. Бақылаусыз қалаған жасөспірімдер қылмыстық әлемді өздеріне сіңірген жартылай криминалдық топтарға бірігеді.
6) 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар ересектердің құқық бұзушылықтары сияқты қасақана, зорлық жасау арқылы жасайтын құқыққа қарсы мінез-құлықтарға барады. Кейбір криминологтардың пікірлерінше, көрсетілген жастағы жас адамдардың арасында кеңінен тараған "типтік" қасақана құқық бұзушылықтарына-жастар арасында сәнді болып есептелетін заттарды (радиоаппаратура, "дүңгіршіктерден" шарап, темекі заттарын және т.б.) ұрлау, автокөліктерді ұрлау; зорлық арқылы жасалытын құқық бұзушылықтарға – денеге жарақат жасау арқылы жасалатын жастар арасындағы "талқылаулар", сексуалдық зорлау. Сонымен қатар, жасөспірімдердің қылмыстарының сапалық құрамы кеңейіп келеді, оларға дәстүрлі қарақшылықтар мен тонаулардан басқа бопсалау мен қорқытып ақша талап етулер жатады.
7) Кәмелетке толмағандардың қылмысы мыналардан тұрады.
Жоғарғы жасырындылығы (қылмыстардың толықтай анықталмауы), себебі:
а) жасөспірімдерден зардап шеккен ересектер көбіне ол туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды;
ә) қылмыстың басты бөлігі " жариялылық", "сатып кету" сияқты түсініктер қоштала бермейтін, арнаулы қарым-қатынас орнаған орталарда жасалады;
б) құқық қорғау органдарының аса жұмыс бастылығының кесірінен одан гөрі жеңілдеу деп есептелетін жасөспірімдер жасаған қылмыстар әдетте тіркелмей, қарастырылмай қалады;
Олармен күрес жүргізудің (ересектер қылмысына қарағанда) "сезімталдығының", оның отбасы,тәрбие мекемелері, әлеуметтік қызметтер тарапынан бақылау деңгейінің жоғары дәрежеде болуы.
Осы қарастырылып отырған жастар девиациясы саласында жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагог жастар қылмысының жоғарыдадағы тенденцияларының себептерін білулері қажет.
Жастар ортасындағы криминалдық процестердің күре тамыры посткеңестік елдердің қоғамдық өмірлерінің көптеген салаларына енген. ТМД елдерінің Мемлекет аралық статистика комитетінің бағалауынша жалпы қылмыстың, соның ішінде жастардың қылмысының өсуіне барлық факторлардың ішінде негізгі рөлді жүргізілген реформаларға байланысты туындаған теріс факторлар орнайды екен. Сол факторлардың ішіндегі ең деструктивтісі, жалпы қоғамға да, криминалдық жағдайларға да, әсер ететін, капитал мен қаржының жеке тұлғалардың қолдарында жоғарғы деңгейде шоғырлану қарқыны болып табылады. Бұл халықтың жеке топтарының арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен атногенезмді туғызып қана қойған жоқ, криминалдық тәжірбиесі бар және қылмыс әлемімен байланысы орныққан жаңадан пайда болған бизнесмендердің арасындағы әсер ету салалары үшін күрестің өршуіне әкеп соқты.
Жастар қылмысның өсуіне жағдай жасайтын және өркендеуінің қолайлы ортасына көптеген азаматтардың, отбасылардың кедейшіліктің алдында тұруы, олардың материалдық қамтамасыздығы, жұмыссыздықтың, инфляцияның, тұрмыстық қажетті тауарлардың бағаларының өсуінің қайыршылық жағдайға әкелуі жатты. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстандағы бай мен кедейге экономикалық жағынан қабылданған шектен асып кетті. Мұндай бөліну қалыпты емес, ол қоғамның экономикалық тұрғысынан сауығанына кедерге болып, әлеуметтік ширығудың көзі болып табылады. Тонау мен ұрлық жасаудың себептерін атағанда жас қылмыскерлердің оны «байларды шешіндіру» деп атауы да тегін емес. Қазақстандағы қасақана және мүлікке жасаған қылмыстардың үлесі олар жасаған барлық қылымыстың 87 % - ын құрайды екен. Көптеген жас алдамдар құқықты бұзбай –ақ «криминалдық табалдырықтан» ойша өтіп те алды: олардың ішінде үштен екі бөлігі құқық бұзуға мүмкіндіктері барлығына сенсе, үштен аса бөлігі оны өздерінің болашақта жасауы мүмкін деп есептейді. Ақша табу жолында олардың көпшілігі заңды бұзып табуға болатынына төзімділікпен, немқұрайлылықпен қарайды, тіпті қолдау көрсететіндері де бар.
Жастар арасында болып жатқан құндылықтарды бағдарлау реформациясы заңдылықты ұстанудың, өз еркін, күштілігі мен қаталдығын бекітудің алғы шарты болып табылады, өйткені аморализация мен қылмыс арасының жігі алде қайда қозғалмалы. Оның үстіне, осы моральдық нормаларды теріске шығару жас адамдардың көптеген қылмыстарының негізіне жатады.
Қоғамдағы, соның ішінде жастар ортасындағы «қоғами адамгершіліктердің қатаңдану» процесі, құқықтық нигилизмнің күшейюімен заңға деген нем құрайлық, өмірілік проблемаларды шешуде күш қолдау мүмкіндігін ұстанудың қалыптасуы, құқықтық білім берумен қорғаудың тиімді жүйесінің жоқтығы, жастарға адамгершілік және құқықтық тәрбие беруде білім беру жүйесінің әсерінің әлсіздігі – осының барлығы жастар арасындағы криминогендік әсердің өсуіне барынша жағдай жасайды.
Жастарды криминализациялаудың тағы бір салмақты факторына қоғамда көптеген маргиналдық жіктер мен топтардың пайда болуы жатады, бұл жағдай оларды қылмыстың әлеуеттік қорына айналдырады. Бұл – қараусыздар, «бомждар», жезөкшелер, қайыршылар, алқаштар, нашақорлар. Осы проблема миграциялық процеске жасалатын бақылаудың әлсіздігінен өрши түседі, ол процесс ауылдық жерлердегі әлеуметтік – экономикалық жағдайға байланысты туындаған ауыл жастарының қалаға қарай ағылуынан болып отыр. Мысалы, Алматының өзінде - ақ 1997 жылы 50 мыңнан астам адам тұрақты мекен жайсыз, өмір сүрудің тұрақты көзінсіз жүрді. Осыдан - ақ криминалдық ортаның қандай қорға сүйенетінін білуге болады.

Қылмыс жасаған тұлғалардың жас құрылымы, мың адам

1995 1996 1997 1998 1999
Барлық тіркелген қылмыстар 183,9 184,0 163,4 142,1 139,4
Барлық қылмыс жасаған тұлғалар 111,2 116,7 97,5 89,3 97,5
Соның ішінде: 14 – 17 жас, 18 – 19 жас

8,9
49,7

8,4
51,7

7,9
44,0

7,0
43,8

7,5
47,2
30 жас және одан жоғары 51,7 55,1 43,8 38,5 42,8

Әлеуметтік қызметкер нақты клиентпен немесе азғантай адамдар тобымен жұмыс істейтіндіктен, оның жас құқық бұзушылармен жүргізетін жұмысының бірінші мәселесіне жеке бас факторы жатады, онда ол құқыққа қарсы әрекетке бейім немесе барған жасөспірімдер мен бозбалалардың әлеуметтік – психологиялық мінездерін зерттеп алу жатады. Осыған байланысты, әлеуметтік қызметкердің басты назары әлеуметтік қауіптілік тобында қалыптасқан жас адамға аударылуы керек. Әлеуметтік қауіп тобы - өздерінің әлеуметтік жағдайларымен өмір салттарының күшіне қарай қауіпті теріс қылықтарға бейім болып, нәтижесінде қоғамның қалыпты өміріне қауіп төндіретін ( немесе төндіруі мүмкін) біріккен адамдар тобы. Дәстүрлі типтік қауіптілік топтарына, қоғамның әлеуметтік ауруларының көрінісі ретінде қарастырылатын алқаштар, нашақорлар, жезөкшелер, гомосексуалдар, бомждар жатады. Осы бір қауіптік топтар әкелетін әлеуметтік шығын адамгершілік ұстанымдарының азғындауынан жеке адамаралық қатнастарыдың бұзылуынан, қоғамда әлеуметтік паразитизмнің, зорлықтың және қылмыстың өсуінен көрінеді. Мысалы статистика көрсетіп отырғандай, «бомждардың» 1 % өсуі қылмыстың 5 % өсуіне себепкер болады екен.
Жастардың әлеуметтік қауіптік тобының әлеуметтік толысуы мен ересектер тобына енуі кезеңінде теріс қылықтарға бейімдеуі ерекше болады, өйткені бұл уақытта олардың психикасы тұрақсыз, әрі мінез –құлықтары қалыптаспаған болып келеді. Алқаштардың, нашақорлардың, рецидивистердің балалары өздерінің осы отбасында дүниеге келуімен – ақ қауіпті топтың аса ауыр тобына жатады, олардың болашақта қылмыскер болуы қалыпты отбасына балаларына қарағанда 3 – 4 есе жоғары. Қауіпті топтарға толық емес, отбасынан шыққан, жалғыз шешесі мен немесе әкесімен тұратын балаларды да жатқызуымызға болады. Әкесі болсын, шешесі болсын заңды жоғары ұстанатын және ішімдікті аузына азаматтар болса да, бұл балалар үшін, екі ата –анасымен де тұратын балаларға қарағанда, қылмыскер ортасына түсу мүмкіндігі 1,5 есе жоғары. Одан да басқа «... әл –ауқаты жоғары, толық огтбасыларынан шыққан балалардың өздері мінез –құлықтары мен психикасында, қолайсыз жағдайларда қайғыға ұшыратуға апаратын, ерекше белгілерге ие болғанда, қауіпті топқа жатқызылуы мүмкін» деген осындай пікірлер де орын алған. Бұл мынандай балалар:
• басқа дамға жаны ашымайтын, өзін оның орнына қоя білмейтін;
• еңбек ете білмейді, не оны жақсы көрмейді, оның күрделенген нұсқасы: олар сонымен қатар өмірдің деңгейіне жоғары талаптар қояды;
• қорқақ және дербес емес, өзінің қадір – қасиетін бағалай білмейтін, көсбасшылардың басқаруында қалатын;
• эмоцианалды дамымаған, беріліп жақсы көру мен тереңінен сезіне білу қасиеттері жоқ;
• өзінің қылықтарының саналы түрде бағалай алмайтын, түк құрымаса, алдыңғы күнін болжай алмайтын;
• рухани және мәдени қызығушылықтары жоқ, оның барлық қажеттіліктері түкке тұрғысыз нәрселердің маңайына шоғырланған: дәмді тамақ ішу, «видик» көру, керемет «прикид» кию, «клевый» дос немесе құрбы тауып алу;
• қызғаншақ өзгенің табысы мен қуанышына қуна алмайтын.
Қазақстандық заңгер М. Нарықбаевтың жастар қылымысына әсер ететін жас адамның әлеуметтік – психологиялық мінезіне қатысты пікіріне келер болсақ, жас адамдар жасамайтын зорлық жасап істеген қылмыстың өсуінің проблемасына талдау жасай отырып, ол ересектерге қарағанда жастар әдетте, еріктері төмен дамыған қабылдағыш, мінездері үлкен конформизмді болып келеді деген. Жастарды әлі де болса өзіндік қалыптасып қалған көзқарастары мен қағидалары жоқ, олар қоғамға қарсы элементтердің теріс әсерлеріне тез елігіп кетеді. Адамның жас кезінде мінезінің және темпираментінің тұрақсыздығы зор рөл атқарады. Жастар да қызулық пен қозғыштық басым болады да, өмірлік тәжірбие арқылы бекітілетін және құрылатын ұстамдылық сияқты салмақты дағдылар аздау. Бұл жастағы тұлғалардың өздеріне тән ерекшеліктеріне ауыр зорлау арқылы жасалатын қылмыстарды бұзықтықпен жасауы жатады. Мұндай бұзықтықпен жасаудың себебіне өзін көрсетуге деген гипертрофирленген ұмтылыс, көп жағдайда оның әрекетін өз қалауынша жұмсаған басқа адамдардың осы әрекетке деген бағасын, реакциясын жатқызуға болады.
Жас құқық бұзушылардың құқықа қарсы мінездерінің табиғатын, сипатын түсіну үшін қоғамға қарсы теріс қылықтың қалыптасу процесінің механизмін білу де маңызды. Адамның кез – келген мінезі, соның ішінде қоғамға қарсы мінездері орта мен жеке адамның өзара әрекеттестігінің формасы деп есптесек, онда оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
а) қоғамға қарсы бағытталған жеке адамның қалыптасуы;
ә)субъектіде қоғамға қарсы теріс қылық жасауға нақты шешім қабылдауының қалыптасуы;
б) бұл теріс қылықты жасай отырып, осы шешімді жүзеге асыру және оның зиянды салдарының болуы.
Осы кезеңдердің әрбірінде жас адамның сыртқы ортамен өзара әрекеттестігі әртүрлі. Бірінші кезеңде орта жеке бастың ұстанымдары мен құндылықтарына әсер ете алады. Жас құқық бұзушылардың жеке басының қалыптасу процесін зерттегенде көбіне субъект осы тұста қолайсыз өмірлік жағдайларды бастан өткіздіктен, оның жеке басының қалыптасуы, соның ішінде өзін өзі тәрбиелеуі қарама- қайшы, көбіне теріс қалыптасатынын көруге болады. Екінші кезеңде - шешімдерді қабылдауды қоғамға қарсы теріс қылықтар шешеді – ортамен өзара әрекеттестігі субъектінің санасына орта анықтап берген мінездердің қалыптасумен көрінеді. Орта мен өзінің теріс қылықтары моделі құрылады да, оны бағалай отырып жас адам белгілі – бір шешімге келеді. Үшінші кезеңде – субъект белсенді теріс қылық жасаушы ретінде көрінеді, ол ортаға қоғам үшін теріс бағыттан әрекет етеді де, құқық бұзушылықтар, қылмыс жасайды.
Қоғамға қарсы теріс қылықтардың қалыптасуының бұл кезеңдері ұзақтығына қарай әртүрлі. Қылмыстық статистика көрсетіп отырғандай, жеке тұлғаның қоғамға қарсы бағыты ұзақ уақыт қалыптасады екен, әдетте ол жылдар бойы қалыптасады, ал кәмелетке толмағандардың қылмысын зерттегенде, бұл процестің орташа ұзақтығы шамамен екі жыл деп көрсеткен.
Шешім қабылдау одан аз уақытты алады. Бұл жағдайларда ол күндермен, тіпті минуттармен өлшенеді. Ол қабылдайын деп отырған шешімдерге де байланысты. Сондай –ақ, үшінші кезеңнің – теріс қылықты физикалық тұрғыда жүзеге асырудың да ұзақтығы әртүрлі. Ол көздеп атуды қажет ететін бірнеше секундтан бірнеше күнге дейін созылады.
Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкердің әрекет етуінің негізінде ең алдымен, жоғарғы да аталған кезеңдердің біріншісі, яғни қоғамға қарсы теріс қылықтарының қалыптасу процесі болып табылатыны түсінікті де, сондықтан осы бағыттағы профилактикалық жұмыстардың тиімді жүргізілуі жеке тұлғаның дамуындағы кемшіліктері ерте анықтауға әсер етеді. Осыдан психологтар, педагогтар, криминологтар, әлеуметтік қызметкерлер құқық бұзушылар шығуы мүмкін деп балалық және өспірімдік шақтарға үлкен назар аударады. Құқық бұзушылықтардың алдын – алу бойынша жүргізетін әлеуметтік қызметкердің әрекетінің стратегиясы мен тактикасын жасауда негізгі айқындама ретінде психологтар мен криминологтардың кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды жіктеуді алу керек. Жастар қылмысы саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің әрекеттерінің келесі бір құрамдас бөлігіне – құқық бұзған, сол үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан жас адамдармен жұмыстар жүргізу жатады.
Д.И. Фельдштейн жасөспірім – құқық бұзушыларды, жеке бастарының қоғамға қарсы бағыттылығының дәрежесін есепке ала отырып, бес топқа бөледі.
Бірінші топтың өкілдері қара дүрсін, аморальдық қажеттіліктері бар, қоғамға қарсы көзқарастары мен түсініктері қалыптасқандар болып сипатталады. Оларда жолдастық, батылдық сияқты түсініктер теріс қалыптасқан, ұят сезімі жоқ. Олар өзімшіл, ызалы, агрессивті, басқалардың қайғысына немқұрайлы қарайды. Жасаған құқық бұзушылықтарын саналы түрде сезіну, еңбекқорлықтың жоқтығы және уақытты жақсылық өткізуге ұмтылыс, жалқаулық, пайдакүнемдік осы топтағы жасөспірім – құқық бұзушыларға тән ерекшеліктер болып табылады. Мұндай жасөспірімдерді түзету үшін қойған мақсаттарға жетуге деген жігерлерін, көзге түсуге деген ұмтылыстарын, жартылай өздерінің әлеуметтік толықтай қалыптаспағандарын саналы сезінулері пайдаланып қоғамдық – пайдалы еңбекке ұсынылады.
Екінші топты сұраныстары бұзылған, бірінші топтағыларға еліктеуге тырысатын жасөспірімдерді жатқызуға болады. Олар дарашылдар, бейімсіздер, әлсіздер мен кішілерге ғана әлдері келетіндер. Оларға импульстілік, тұрақсыздық, көңіл – күйдің тез ауысуы тән. Олар құқықты негізінен жағдайға қарай аяқ астынан туындай қалған жеке себептерінің бағыттылығына қарай бұзады. Бұл топтағы жасөспірімдерге өзін - өзі асыра бағалау сезімі, қулық, өтірік айту, шыжбалақтық, қырсықтық, адамдарға деген сенімнің болмауы тән. Қайтадан бұларды тәрбиелеу үшін қоршаған ортаны және ол үйренген мінез – құлық формаларын өзгерту маңызды, оларға деген сезімді білдіру керек, жетістіктерін қолдап, тек бағынуды ғана емес, басқара білу керектігін түсіндіріп, оған дағдыландыру қажет.
Үшінші топтың құқық бұзушы – жасөспірімдері үшін бұзылған және теріс қажеттіліктер мен көзқарастар арасындағы қарама – қайшылық тән, бірақ соңғысы олардың мінездерін реттемейді. Ләззат алуға деген өзімшіл ұмтылыстар мен жігерсіздік, жағдайға қарсы тұра аламаушылық оны ассоцияналдық қылықтар жасауға итермелейді. Оларды тәрбиелеуде қарқынды және ширыққан еңбек әрекеті, өзін көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыс пайдалы болып табылады.
Төртініші топқа қажеттіліктері әлсіз бұзылған жасөспірімдер жатады. Оларға жігерсіздік, еліктегіштік, жеңілтектік, өз күшіне сенбеушілік, өзінен күштірек құрдастарына жарамсақтану тән.
Бесінші топтың өкілдері – құқық бұзушылық жолға кездейсоқ түскен жасөспірімдер. Олар еңбекқор, тыңғылықты, бірақ жігерсіз, микро ортаның әсеріне тез елігіп кететіндер. Соңғы екі топтың жасөспірімдердің қалыпты өмірге қызығушылықтарын оятып, болашығының жақсаруына жағдай жасап, пайдалы іске тарту маңызды. Оларға жүйелі бақылау жасап, әрекеттеріне баға беріп, жеке жауапкершіліктерін ояту керек.
Келтірілген құқық бұзушы – жасөспірімдерді жіктеуде негізгі белгі ретінде қажеттіліктердің бұзылуы мен оның дәрежесінің көрсетілуі тегін емес. Егер жас құқық бұзушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына талдау жасаса, онда көпшілігінің қарапайым қажеттіліктерінің шектеулі екенін көруге болады, олардың рухани байлықтар дамымаған, қызығушылықтары көп жағдайларда қарапайым, әрі бір жақты. Жас адамдардың қылмыстық мінез –құлқын зерттегенде бұрмаланған қажеттіліктеріне талдау жасау, басқаша айтқанда қажеттіліктерінің бұзылуына талдау жасау өте маңызды. Көптеген бұрмаланған қажеттіліктер заңды дәріптейтін адамға тән қажеттіліктер тобына ( материалдық, әлеуметтік қарым – қатынас, танымдық және т.б.) да тән, бірақ олар өзінің мазмұнына қарқындылығына байланысты ерекшеленеді.
Қазақстандағы Маңғыстау облысында жастардың, әсіресе, мектеп қабырғасында жүрген жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыстың арта түсуі жергілікті билікті алаңдатып отыр. Мысалы, Ақтау қаласы бойынша былтыр 92 қылмыс тіркелсе, биыл жыл басынан бері оқушылардың қолымен төрт қылмыс жасалған. Үстіміздегі жылдың көрсеткіші бойынша жасөспірімдер қолымен жасалатын ауыр қылмыс өткен жылмен салыстырғанда біршама көбейіпті.
Оның бір себебі, білім беру орындарындағы тәрбие жұмыстарының төмендігінде болса керек. Осыған орай, құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің қызметкерлері тағы да басқа жауапты орындар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда мектептер мен колледждердегі тәрбиелік жұмыстарды жетілдіру туралы ұсыныстар айтылды.
Қазіргі мәлімет бойынша, облыс халқының 29 пайызын жастар құрайды. Аймақта жастар саясатын қолдайтын көптеген ұйымдар ашылып, түрлі орталықтар жұмыс істеуде. «Соған қарамастан, жасөспірімдер қолымен жасалатын ауыр қылмыс түрлерінің көбеюі жастардың қоғамдық санасының өзгергенін көрсетеді» деді дөңгелек үстелге қатысқандар. Тәрбие басы – отбасынан басталатынын баса айтқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қылмыстық оқиғалар көбіне ата-ананың қадағалауынсыз, бақылауынсыз қалған жастардың қолымен жасалғанын жеткізді. Өткен жылғы мәлімет бойынша, 1200-ден астам ата-ана бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биылғы жылдың басында қаланы шулатқан қайғылы оқиғаға да туған күн кешін үлкендердің қатысуынсыз өткізуге рұқсат берген ата-аналар кінәлі. Себебі төбелеске қатысқан жасөспірімдердің тәртібі мен мінезі, үлгерімі мұғалімдер тарапынан «жақсы» деп бағаланып келген.
Жиын барысында «жастар арасындағы қылмысты азайту үшін білім беру мекемелеріндегі оқу бағдарламасына бірлік пен татулықты, достықты және ұлттық тәрбиені жастар бойына сіңіру туралы өзгерістер енгізу» деген ұсыныстар айтылды. Себебі соңғы кездері жастардың құқықтық білімін жетілдіру үшін жауапты мекеме өкілдерінің қатысуымен кәмелет жасына жетпеген жастар мен олардың ата-аналарымен кездесулер өткізуге мән беріле бастапты. Жақында сондай кездесулердің бірі №14 мектепте өтті. Мектеп оқушылары қалалық ішкі істер басқармасы мен жас кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесті. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, облысымызда өткен жылы жасөспірімдердің қатысуымен жасалған ауыр қылмыс түрлері көбейіп отырғанымен, жалпы қылмыс саны 21,6 пайызға төмендепті. Былтыр 109 қылмыс жасалса, оның 60 пайызы ауыр қылмыстар. Қылмыстық оқиғалар көбіне қоғамдық жұмыспен айналыспайтын, бос жүрген жасөспірімдердің қатысуымен орын алады екен. Спорттық үйірмелерге қатысып жүрген жасөспірімдердің айтуынша, рухани әлсіз балалар, өз күштеріне сенбегендіктен, суық қару қолдануға бейім келетін көрінеді. «Тәрбиелік мәні зор мұндай кездесулер алдағы уақытта барлық оқу орындарында жалғасын табады».
Жастар қылмысы саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің әрекеттерінің келесі бір бір құрамдас бөлігіне – құқықты бұзған, сол үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан жас адамдармен жұмыстар жүргізу жатады. Бүгінде кеңінен таралған жазаның түріне кінәліні қоғамнан мәжбірлеп бөлектеп, құқықтық шектерден тұратын басбостандықтарынан айыру жатады. Басбостандығынан айырылуға сотталғандар жазаларын түзету және тәрбиелеу колониясында өтейді.
Жазаны өтеу орындарында жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар:
• олар жабық және бөлектенген мекемелерде жүзеге асырылады;
• оның обьектісіне әлеуметтік жағынан жағдайсыздығы жоғары индексті және стреске бейімдігі жоғары тұлғалар жатады;
• «түрме персоналы» және «түрме әлемі» деп аталатын менталитетке негізделген этико – құқықтық тұжырымдарға қарсы келу антогонизмінің жағдайында жүргізіледі;
• ол жазаны өтеп болғанннан кейін де тоқтатылмайды, себебі бұрынғы қамаудағы адам сыртқы ортаға бейімделуі қайта әлеуметтендіруді қажет етеді.
Бас бостандығыннан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін қалыпты әлеуметтік ортаға қалыпты жағдайларға қайта бейімделу процесі өте күрделі құбылыс, интеллекті, құқықты сезінуі, мораль, білімі, мамандығы, еңбек дағдылары т.б жатады. Басты рөлде мұнда отбасы ойнайды. Егер сотталған отбасының әл –ауқаты жақсы болса, ол әлеуметтік бейімделуі үшін оңай болады, ол жұмысқа орналасуға немесе оқуға көп септігін тигізеді. Егер отбасы қандай да бір себептермен жазасын өтеу орындарынан келген ұлына немесе қызына қатысты өз міндеттерін орындай алмаса, онда мұндай отбасыларымен шаралар кешенін қолданған дұрыс.
Теріс жолға түсіп кеткендерге қолдау көрсеткен әлеуметтік қызметкер оның отбасына әсер етіп, онымен дұрыс қарым – қатнас орнауына жағдай жасауы керек, ол әлеуметтік оқшаулануды жеңуге, жаңа әлеуметтік топтарға ықпал етуіне көмектеседі.
1.1 Қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Жастар ортасындағы теріс мінез – құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші – балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектегі жастар тобына қолданылады.
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық – кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар – педогогикалық бақылаумен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірілері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата – анасынан ( немесе қамқорлығынан ) және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата – аналары ( қамқоршылары ) балаларына тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата – аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық әл –ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады. Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық тәртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік өмір салтын сүру, әлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. 1995 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 201 1 бабы бойынша қаңғыбастық өмір кешетін тұлғаларды еңбекпен түзету жұмыстарымен жазалау немесе бір – екі жылға бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тарту да көрсетілген еңбек пен тұрақты орнын ауыстыруға бостандық беру кепілдігіне қайшы келді.
Жазаны алып тастау, әрине, проблеманы алып тастамайды. ТМД елдерінің барлығында, соның ішінде Қазақстан қараусыздық пен қаңғыбастық өткір, әрі аумақты проблема болып, әлеуметтік қыфзметкер жағынан аса басты назар аударуды қажет етіп отыр.
Қазақстандағы бұл құбылыстың аумағы туралы мынандай жанама мәліметтер келтіруге болады: Семей қаласында ( республикадағы осы көрсеткіші аса қолайсыз емес қала ) жасөспірімдердің уақытша бөлу, бейімдеу және реаблитациялау Орталағын әр күн сайын 20 – дан астам қараусыз қалған балалар – кірлеген, жүдеген, педикулезбен, басқа да тері ауруларымен балалар баспана қылады екен. 2000 жылы 6 ай ішінде Алматы қаласының жасөспірімдерін уақытша бөлу, бейімдеу және реаблитациялау Орталығына 1000 бала әкелініп, тапсырылған, олардың 231 Алматы қаласының тұрғындары, 489 Қазақстанның алыс және жақын аймақтарынан келген, 257 – ТМД елдерінен (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанннан) келсе, олардың 75 – і 3 – 7 жас аралығында, 8 – 13 – ке дейін – 496 бала, 223 – 14 –тен 16 – ға дейін, 205 – і 16 –18 – ге дейінгі балалар болып шыққан. РАН тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық проблемаларының институтының жүргізген зерттеулері мынандай «қараусыз қалған адамның типтік» портретін жасаған. Бұл жасы 8 –ден 15 жас аралығындағы жасөспірім, әдетте қалалық тұрғын, олардың 83 % ұлдар, бірақ соңғы уақыттары қыз балалар көбейіп келеді, 57 % үлгерімі нашар балалар, кейбірі бірнеше жыл бірі сыныпта отыр, көпшілік қараусыз қалғандардың отбасы бар, 8 % отбасы толық, 24 % толық емес, 16 % ата –аналарымен, аталарымен, әжелерімен тұрады, қалғандары қашып кеткен.
Осы зерттеулерден байқағанымыздай, 1996 – 2000 жылдары пайда болған қараусыз қалғандар үрдісінің шамамен 70 % топтарға біріккен, оларды ересек жасөспірімдер, немесе ересек адамдар басқарады. Қоғамдағы дарашылдық идеясының кеңінен тарауы жасөспірімдер үшін де өз ізін қалдырды, сол себепті мұндай топтар азайған. Одан да басқа себептер бар: оқығысы келетін оқушылардың саны екіге азайған, бұл балалар аса еңбектенбей – ақ ақша тауып, өмір сүруге болатынын «түсінген». 1996 жылы қараусыз қалғандарды сұрағанда, оларда әлі де болса, қоғамға көмектесетініне кішкентай болса үміттері бар екені анықталған. Қазіргі қараусыз қалғандар қатал, өзгелерге сенімсіздеу, ештеңеге сенбейді: ешқандай көмек керек жоқ деген балалар тобының саны екіге өсті, ешкім оларға көмектесе алмайды деген балалар саны 17 % - дан, 56 - % - ға дейін өсті. Қараусыздық пен қаңғыбастық – баланың, жасөспірімнің, жас адамның жеке драмасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол мыналардан көрінеді:
• алғашқы қоғамдық ырғақтан ( оқу, еңбек ) үлкен адамдар тобы қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды, себебі қараусыз қалғандар мүлдем оқымайды, көпшілігінің білімдері орта және арнаулы орта;
• қылмыс үшін және криминалдық факторға қолайлы орта қалыптасады: мамандардың ойынша, 85% қараусыз қалғандар мен 35 % «бомждар» суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, тонау, ауыр қылмыстардың қатысушылары;
• әлеуметтік «түпте жатқан» өкілдердің антисанитарлық жағдайлада өмір сүруінен олар көбінесе әртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары
болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық – гигиеналық аспектілерімен айналысуға мәжбүр болып отыр.
Қараусыз қалған және «бомждарға» айналған жас адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырмастан бұрын, қараусыздықты болдырмау, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде себептерін білу өте маңызды. Әлеуметтік – экономикалық себептерге ұзақ уақыт бойы еңбек салтын бұзатын және адамдардың бұзылуына әкеп соғатын мынандай факторлар жатады: экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, аштық, эпидемиялар, әскери жанжалдар әсерінен болатын үдемелі миграциялық процестер.
Әлеуметтік – экономикалық себептердің салдары болып есептелетін әлеуметтік – психологиялық себептер ең алдымен отбасындағы дағдарыспен, айырылысудың көбеюімен, ата – анасының бірінен айырылу, отбасындағы көңіл – күйдің ширығуы, балаларға қатал қарау, денесіне жарақат салардай жазалау, кейде ересектер тарапынан сексуалдық зорлаулармен байланысты. Сонымен қатар, жиі кездесетін факторларға маскүнемдік пен алқаштық, таксикомания, нашақорлық жатады.
Қараусыздықтың психологиялық себебіне жасөспірімдер арасында психофизикалық аномалияның, асоциалдық мінез –құлық белгілерінің, кері қылықтарға бейімділік, қылмыстық романтикаға қызығушылық сияқты құбылыстардың өсуін жатқызуға болады. Кейбір ғалымдар оларды генетикалық бейімделуден болған дейді. Болашақ ұрпақтың 3 – 4% осыларға жатады деген болжау бар.
Қоғамның дамуының өтпелі кезеңінде, әлеуметтік – экономикалық өмірдің тұрақсыздығы жағдайында, реформаларды жүзеге асыру кезі халықтың негізгі бөлігі үшін ауыр болады, балалардың, жасөспірімдердің өміріне теріс әсер еттіп, қараусыздықты тудыратын қосымша факторлар іске қосмылады. Ондай факторларға мыналарды жатқызуға болады:
1. халықтың өмір сүруінің төмендеуі, отбасындағы балаларды асырау жағдайларының нашарлауы;
2. нарықтық қатнастар мен мемлекеттің бюджеттік арнайы ақша бөлінуінің қысқаруына байлынысты балалармен жасөспірімдердің демалыстары мен бос уақыттарын өткізуді қамтамассыз ететін инфрақұрылымның таратылуы;
3. үлкендердің еңбек ақыларын кешіктіруге, жұмыссыздыққа және т.б. жағдайлар әсерінен психоэмоцианалды күштің өсуі, өз кезегінде жас ұрпаққа тікелей әсер етпей қоймайды;
4. балалармен отбасында және интернаттық мекемелерде олардың тағдырларына жауапкершіліктің төмендеуіне байланысты қатал қарауының кеңінен тарлуы, мемлекет пен қоғам тарапынан олардан алшақтықтың тереңдеуі;
5. білім беру мәдениет салаларының комерциялануы.
Барлық осы факторлар қандай да бір дәрежеде ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да орын алған. Жоғары да көрсетілген факторлардың қалай болса да отбасына келіп тірелетінін байқау қиын емес, себебі осы отбасы қараусыздыққа жіберудің механизмі рөлін орындайды.
Қараусыз қалағандардың негізгі психофизикалық қасиеттері үйсіз өмірде қалыптасады, мазмұны көшедегі қатал күрес пен үлкендердің тәрбиелік көмегі мен қалыпты балалардың ортасынан қалыптасты. Қараусыз қалғандарды өзін - өзі сақтау инстинкті өте жоғары дамыған, оны өзімен жасты балалар мен жасөспірімдерден байқай алмаймыз. Эмоцианалды қозушылық жақсы байқалады, оны көбіне жасанды қоздырғыштар – алкогол, есірткі, тұрмыстық химия заттарын қолдану арқылы күшейтіп отырады. Жыныстық өмірдің элементтері қалыпты жастық физиологиялық нормадан бұрын жетіледі де, ол тәртіпсіз жыныстық қатнастарға бару, жезөкшелікке әкеп соғады.
Үйсіз өмірдің салдарынан психикалық және физикалық денсаулық пен дамудың жағдайын бұзады. Көптеген қараусыз қалғандарда асқазан – ішек трактасының жұмысының бұзылуы, бронх - өкпе жүйесінің бұзылуы, аллергиялық аурулар, венериялық аурулар кездеседі.
Қараусыз қалу және қаңғыбастық жолына түскен көптеген жастарды «өмірдің жиегіне» шығарып тастау, әрине, әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтардың, мемлекеттік және қоғамдық институттардың кәсіби назар аударуы қажет.
Жастардың осы котегорияларымен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде, біріншіден, жеке тұлғаның әлеуметтік байланыстарының процесін болдырмайтын моральдық, психологиялық, экономикалық қолдау көмектесетінін ескеру керек, мұнда кейде десоциализацияның алдын алу үшін көбіне экономикалық, ресурстық және ұйымдастырушылық қолдаулар бұл байланыстардан гөрі тиімді екенін де білген жөн: екіншіден, егер жеке тұлға өзінің әлеуметтік қауымдастығынан шығып қалған болса, онда әлеуметтік қызметкер әлеуметтік – психологиялық бұзылуларды болдырмау үшін, жаңа мәртебе табу үшінде көмек көрсетуге міндетті; үшіншіден, жеке тұлғаның өз бетімен сырттан келетін көмексіз, соның ішінде әлеуметтік қызметкердің көмегінсіз «әлеуметтік шұңқырдан» шығуы мүмкін емес: осы әлеуметтік шұңқырдың 36 % тұрғыны ғана шығуы болады деп есептесе, 43 % экономикалық проблемалары бойынша РАН институтының мәліметтері бойынша.
Қараусыз қалған және қаңғыбас жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарды үш кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең, баланы қаңғыбастық жолға итермелейтін отбасының әл –ауқатсыздық белгілері байқалған кезден бастап отбасымен жұмыс;
Екінші кезең, қараусыз қалғандар мен қаңғыбастармен жұмыс;
Үшінші кезең, бұрынғы қараусыз қалғандармен олардың қайтадан бейімделуімен жұмыс.
Әлеуметтік қызметкердің бірінші кезеңде табысты жұмыс жүргізуі одан кейінгі екі кезеңде жүргізетін әлеуметтік жұмыстар ауқымын азайтып, бұл құбылыстың көлемін азайтатыны сөзсіз.
Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлауы кейбір отбасыларына өз балаларына толықтай жағдай жасауды қамтамассыз етуге кедергі келтіреді. Әсіресе өз балалары үшін жауапкершілікті ала алмайтын немесе алудан бастартқан отбасыларында жағдай мүлдем күрделі. Мұнда балалар маскүнемдік, нашақорлық және т.б. құбылыстарды тікелей бастан өткізеді. Осындай отбасындағы тәрбие әлеуеті жоқ, балалар жиі зорлық көреді, олардың денелеріне зақым келтіреді, тіпті сексуальдық тұрғыда зорлық көрсету адамның абыройын тәлкілейтін жағдайлар да жиі кездеседі. Өткір болмаса да алаңдатушылық туғызып отырған тағы бір құбылыс, толық емес және жиі жанжалдасатын отбасыларында ата – аналары айырылысу алдында тұрған отбасыларында байқалатын балалардың депривациясы. Ата – анасының бәрінің болмауы, материалдық қиындықтар тудырып ғана қоймай, қатнастардың психологиялық құрылымын бұзатындығын, рухани қиындықтар да туғызады.
* Баласының қараусыз қалуы көкейкесті мәселесі болып тұрған отбасымен жүргізетін әлеуметтік жұмысты былай бөлуге болады:
• отбасының тұрақтылығын қолдауға бағытталған;
• жедел, балаға ата – анасы тарапынан төніп тұрған жағдайда.
Әлеуметтік қызметтің, әлеуметтік қызметкердің жедел араласуы балаға ата –анасы тарапынан қатыгездік көрсетудің байқалуымен байланысты оны тез ол жерден әкету қажеттігі туғанда жасалады. Жедел араласу отбасында туындаған төтенше және аяқ астынан болған өткір жанжал жағдайында да немесе әлеуметтік қызметкердің отбасындағы жағдайды тұрақтындырудағы шаралары тиімсіз болғанда да жасалауы мүмкін.
Әлеуметтік қызметтің жедел шарасын қолдану балаларға зорлық жасау проблемасына байланысты да болады. Бұл жаңа феномен емес, дегенмен отбасыларында пайда болған өткір проблема ретінде соңғы уақытта қаралып жүр. Зорлық көрсетуге балалардың денесіне жасалатын зақымдар ғана емес, оларға жасалатын психикалық қанаудың әртүрлі нысандары жатады. Мұндай жағдайларды әлеуметтік қызметкердің жұмысы ондай ата –аналарға қарсы заңды санкциялар қолдану туралы мәселе көтеруден тұрады. Ата –аналары өздері балаларын қаңғыбастыққа, қайыр тілеуге мәжбүрлесе, оларға қолданылатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде баптар бар, соларға сәйкес қылмыстық іс қолданылады.
Келесі кезең – қараусыз қалғандар мен қаңғыбастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс. Бұл кезеңде әлеуметтік қараусыз қалғандардың тұлғасымен әртүрлі құрылымдар жұмыс істейді: полиция, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекция, жасөспірімдерді уақытша бөлу, бейімдеу және реаблитация Орталақтары, жергілікті басқару органдарының кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын Комиссия және т.б.
ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан елдерінде Қазақстанда соңғы уақыттары қараусыз қалған, бейімделмеген жасөспірімдер үшін арнаулы реаблитациялық әлеуметтік қызметтер кеңінен таралып отыр. Бұл мекемелердің атаулары әртүрлі – баспаналар, тәрбие үйлері, орталықтар және т.б., бірақ, олардың мақсаттары біреу – баланың отбасылық байланысын қайта қалпына келтіру немесе алмастыру. Мұнда негізгі үш бағытты алып көрсетуге болады:
1. баланы өз отбасына қайтару;
2. оған қамқар болатын отбасын табу;
3. сол мекемеде отбасылық жағдай жасау.
Сонымен әлеуметтік жағынан қараусыз қалған балалардың реаблитациялық кезінде реаблитациялық мекеменің онымен байланысқа түсіп, жаңа ортаға, жаңа қатнастар жүйесіне бейімделуі үшін мыналар қажет: жақсы тұрмысты қамтамасыз ететін, білім алуға және еңбеке теуге тартуға қайта оралуға мүмкіндік жасаудың жағдайлар кешені: медико – психологиялық тексеруден және қалпына келтіруден өткізу және патронаж.

1.2. Жастар арасындағы нашақорлық, және оның алдын алу
Елбасы нашақорлыққа қарсы күрес жүр¬гізу¬дің 2014 жылға дейінгі стратегиясы мен 2008 жылға дейінгі іс-әрекет ету бағдарла¬ма¬сын бекіткені белгілі. Егер өткен жылы тір¬кеуде есірткіге тәуелді 48 мың адам тұрса, үсті¬¬мі¬здегі жылы бұл сан 5 мыңға ұлғайып отыр. Республика бойынша 280 адамға бір нашақор¬дан келеді екен. Есірткінің ең көп тараған жері және нашақорлықпен көп ауыратындар Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Ақмо¬ла, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павло¬дар облыстарында көрінеді. Әрине, ең басты алаңдатарлық мәселе, есірт¬кінің балалар мен жастар арасында көптеп таралуы дер едік.
Заң бойынша есірткіні тұтынатындар мен оны тарататындар қоса жауапқа тартылады. Үстіміздегі жылдың 5 айы ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшімен 4 мың нашақорлық қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғандағы көр¬сеткіштен 4 есе асып отыр. Оның 4,5 пайы¬зын есірткі сатушылар құрайды. Жыл басы¬нан бері есірткі сату ісімен маманданған 6 қылмыстық топ ұсталды. Заңсыз айналымнан 3 тонна 700 кило түрлі есірткілік заттар тәр¬кі¬ленген. Оның жүзден аса килосын ге¬роин құ¬райды. Жыл басынан бері елімізде 94 түрлі контрабандалық қылмыстар анықталған. Бұл контрабандалық қылмыстар саны да биыл 13 пайызға артып отыр. Осыған байланысты есірткі саудасының алдын алу шараларын жүр¬гізу қатаң қолға алынды. Соның арқасында шекарадан кеден арқылы өткен контра¬бан¬далық қылмыстар да анықталып отыр. Түнгі клубтар мен ойын-сауық отауларында нашақорлық қылмыстарына қатысты жұмыстар жалғасын тауып келеді. Біздің республикамызда жастардың бірнеше демалатын ойын-сауық орны бар, соларда жыл басынан бері 60 шақты есірткіні тұты-ну фактілері анықталды. Ал өткен жыл бойына бар-жоғы 25 факті анықталған еді.
Нашақорлық – жастар арсындағы девианттық мінез – құлықтың ең қауіпті нысандарының бірі. Қазір бұл қасірет қазақ жерінде де өз кесепаттарын тигізуде. Нашақорлықпен және наркобизнеспен күресу бойынша республикалық Агенстволардың мәліметтері бойынша, 45 мыңнан астам адам нашақорлар ресми түрде тіркелген екен. 50 пайыздай нашақорлар – 18 – ден, 35 жас аралағындағы жастар. Есірткі қолданушылардың жас табалдырығы төмендеп барады: егер бірнеше жыл бұрын ол 15 – 16 жасты құраса, қазір ол 11 – 13 жаста, 1990жылы республикада ресми түрде 68 кәмелетке толмаған нашақорлар тіркелсе, 1997 жылы – 677 тіркелген, ал 2000 жылдың алты айында 1875 тіркелген. Қазақстаннның социологтары мен саясаттанушыларының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта жасөспірімдердің, бозбалалар мен бойжеткендердің 5 - 6 % есірткі қабылдаса, 9 – 10 % оны өмірлерінде бір рет болса да тартып көрген. Жастар нашақорлығы республиканың барлық қалаларын қамтып отыр, ол ең алдымен: Алматы, Астана, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Орал қалалары. Республиканың Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары осы мәселе бойынша аса алаңдатушылық туғызып отыр.
Болашақты болжасақ оның еш қуанарлығы жоқ. Оның қиыны ТМД елдерінің әлемдік наркобизнес жүйесіне тартылуы. Қазақстан есірткіні Ауғанстан мен Пәкістан, Ресей мен Батыс Еуропаға тасудың таптырмас көпірі болып отыр.
Нашақорланудың әлеуметтік салдары өте ауыр. Нашақорлар қоғамдық өмірден – еңбектен, саясаттан, отбасынан және т.б. алшақтайды, ол жеке бастың дене, әлеуметтік деградациясы кесірінен болады. Есірткіге құлша тәуелді болу оларды аморальдық қылықтарды, қылмыстық істерді жасауға итермелейді. Есірткіні шектен тыс қабылдау өлімнің өсуіне, соматикалық және психикалық аурулардың дамуына әкеп соғады. Нашақорлық жас ұрпаққа кері әсер етеді: балалар күрделі дене және психикалық ауытқулармен туады, ол өз кезегінде отбасының айырылысып, елдің генефондына қауіп төндіреді.
Қазіргі уақыттағы нашақорландыру ұлттық қауіпсіздікке келтіретін қауіп ретінде қарастырылып отырылуы тегін емес, ал есірткіні қабылдау деңгейі, егер оны халықтың 5 % қабылдай бастаса, ол ұлттың генефонына келетін зардап болып есептеледі. Жастардың девиантты мінез – құлқының осы түрімен кәсіби түрде айналысатын әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік пеагогтар үшін нашақорландыру мен нашақорлық туралы жалпы біліп қана қою жеткіліксіз. Жастарды есірткіге апаратын ерекше себептерді білу де өте маңызды.
Соңғы уақыттары жастарды нашақорландырудың әлеуемттік демографиялық құрылымы едәуір өзгеріске ұшырады. Қазіргі есірткіні жиі қолданушылар қатарынан әлеуметтік жағынан жеткілікті бейімделген және әл –ауқатты адамдарды көруге болады. Сонымен қатар нашақорлықтанудың жастардың элитарлық тобының – студенттердің арасында өріс алуы жиі байқалады. Жастар ортасындағы нашақорлық пен нашақорлар туралы теріс қабылдау табалдырығы төмендеп келеді. Жастардың есірткілерді қолдануға деген жаппай бейтарап, кей жерде тіпті қолдайтын қарым – қатнасы жастар мәдениетінің жалпы құлдырауы, рухани құндылықтырының девальвациясы, адамгершілік нормасынан, өмірге деген тұтынушылық – эгоистік қатнастардан бас тарту, өзіне және басқаларға апатия, селқостық сияқты құбылыстар негізінде қалыптасты. Есірткі заттар қолданатын жасөспірімдер мен жастар оларды қоршаған жастар үшін табысты, батыл, дербес болып қабылданады.
Есірткі заттарды қолданатын жасөспірімдер мен жастар біраз уақыттан кейін белгілі бір әлеуметтік топтарға айналады да, криминалдық мінез –құлықты ортаны толықтырады. Олар есірткіні сақтау және өткізу, оларды дайындауға байланысты қылмыстарға қатысушылар болады. Бұл заңды да: жастардың осы психоактивтік заттарға тәуелдігінің кесірінен олар криминалдық құрылымдардың бақылауында болады.
Соңғы бірнеше жыл ішінде СПИД ТМД елдері үшін үлкен проблемаға айналып отыр. Осы аурудың таралауынан бірінші орында Украина, содан кейін Ресей, Белорусия және Қазақстан тұр. Қазақстан бойынша ең қауіпті облыстарға бүгінгі күні Қарағанды облысы, содан кейін Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы жатады.
Егер бұрындары бұл аурудың таралуы негізінен жыныстық жолмен болады десе, қазір бұған «шприцтік» нашақорлар қосылды. Есірткі пайдаланушылар өскен сайын ВИЧ инфицирленгендер саны да өсіп жатыр. Республика бойынша 2343 ВИЧ инфицирленгендердің 85,1 % есірткі қолданылады. Өскелең ұрпақты нашақорландыру процесі қоғам мен мемлекет тарапынан, соның ішінде әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік қызметкердің адекватты жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Нашақорлыққа қарсы шараларды келесідей бөлуге болады:
1. алдын алу, ескерту;
2. емдік реаблитациялық;
3. ұйымдастырушылық – басқарушылық;
4. заңды.
Мемлекеттік нашақорлыққа қарсы әлеуметтік саясатының ауқымында жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар жүзеге асырылуы керек, ал оның негізгі бағыттары мыналар:
• бала кезден бастап нашақорлық туралы білім беру;
отбасы институтын нығайту: отбасына педагогикалық білім, отбасыларына ішімдік ішпеудің, нашаны қабылдамаудың дәстүрлерін қалыптастыру;
• балалармен жасөспірімдердің мінезіндегі қолайсыз ерекшеліктеріне ерте психореакция жүргізу.
Жас адамның салауатты өмір салты – ол өз денсаулығының өмір салтының аспектілері мен басқа жақтарын жүзеге асуы мен дамуының, «қауіптілік факторларының» пайда болуы мен аурудың дамуын жеңу жағдайы және алғы шарты ретінде, сақтау және нығайтуға бағытталған белсенді іс - әрекеті.
Қазақстанда салауатты өмір салтының проблемаларымен ғылымдар – медиктер, педагогтар, психологтар айналысады, олар денсаулықты сақтаудың, нығайтудың және жетілдірудің, адам мүмкіндіктерінің барлық әлеуеттерін жүзеге асырудың теориялық – методологиялық негіздерін жасайды.
Бұл күнде нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін алты мемлекеттік орган ен¬ген штаб құрылып отыр. Олар есірт¬кі¬нің жылжу бағыты мен есірткіні таратушы және оны алушыға дейінгі жолды сүзгіден өткізіп, бақылайды. Соған сәйкес наша¬қор¬лық пен есірткі бизнесі жөніндегі заң¬ға өзгерістер мен толықтырулар енгізі¬лді. Нашақорлық адамзаттың тауқыметіне айналып отырған мәселе. Сондықтан, ондай кеселмен күрес жан-жақты бағытта жүргі¬зілуі тиіс. Бұл біздің елімізде түрлі шаралар арқылы көрініс тауып та отыр. Аталған Комитет үстіміздегі жылдың бес айы ішінде өзге де мемлекеттік орган¬дармен бірлесе оты¬рып жасөспірімдер мен жастар ара¬сын¬дағы нашақорлыққа бай¬ла¬нысты көптеген кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер өткізді. Бұдан басқа көптеген үйір¬ме¬лер, спорттық секциялар, өнертап¬қыш¬тар орталықтары жұмыс істейді. Соның арқасында соңғы жылдары елімізде жас¬өс¬пі¬рімдер уақытын салауатты өткізетін дем¬алыс орындарының саны 5 есеге артты.
Бір сөзбен айтқанда, қазір Қазақстан¬ның баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында есірткі насихаты жоқ деуге келеді. Есірткі мәселесінен еш¬кім де сырт қалған емес. Бұған Біріккен Ұлттар Ұйымы да назарын тігіп отыр. Әсіресе, БҰҚ есірткіге қарсы насихат жүр-гізуде де сақтық керек екені айты¬ла¬ды..

2. Жастардың девиантты мінез – құлқы, жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс

Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциальдық сипатындағы зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез – құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен - өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар арасында кең таралған. Жастар арасындағы теріс қылық реакциясына талдау жасағанда ғылыми әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады, асоциальдық, антисоциальдық, девиантты, делинквентті, аддиктивті, аморализм сияқты мінез – құлық « кесіндісін » қоғамға тән мінез – құлық нормаларынан белгілі бір ауытқу дәрежесін сипаттайды. Олардың ішіндегі ең кеңінен тараған жалпылама түсінік «девиантты мінез құлық », себебі барлық әлеуметтік мінез –құлықты қалыпты және девиантты ( латынша – жалтару, ауытқу ) деп екіге бөлуге болады.
Девиантты мінез – құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданаған немесе қолданатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс -әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларға не жататынын білу керек. Әлеуметтік норма нақты қоғамда тарихи қалыптасқан адамдар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік ұйымдар мінез – құлқының, әрекетінің шегі, шарасы, мүмкіндік аралығымен анықталады. Әлеуметтік нормалар қоғамды мінез – құлық эталондарымен ( стандарттарымен ) қамтамассыз етеді және топтар мен жеке тұлға арасындағы қатнастарды тұрақтандыру ( реттеу ) қызметін атқарады. Қоғам қандай да бір нормаларды мінез – құлық үлгісі ретінде қабылдай отырып, оларға сәйкес келетін қоғамдық және моральдық және құқықтық қолдау механизмін құрады, яғни қоғамдық және мемлекеттік әсер етудің санкциялары бар дегенді білдіреді. Негативті девиантты мінез құлық мынандай түрлерге бөлінеді:
аморальды- қоғамда қабылданаған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар, делинквентті ( латын тілінен аударғанда теріс қылық жасаушы, заң бұзушы ) – қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстықтан басқа нормаларға қайшы келеді, және қылмыстық заңдылықтар нормасы бұзылады.
Жасөспірімдер мен бозбалалардың теріс мінез – құлқының басқа да түрлері бар. Олар:
3. реактивті негізделген ( қашып кету, суицидтер ), әдетте психиканың зақымдануы негізінде болады;
4. дұрыс берілмеген тәрбие нәтижесінде болатын, жеке адамның төменгі моральдық деңгейінен болатын түрі ( есірткі қолдану, маскүнемдік, құқық бұзушылық );
5. биологиялық фактор негізінде болатын потологиялық дерт негізінде болады;

Әлеуметтік, әлеуметтік – педагогикалық және психологиялық жұмыс үшін негізгі түсініктер туралы білу әрине өте маңызды, бірақ әлеуметтік патология формаларымен ( нашақорлық, маскүнімдік, жезөкшелік, қылмыс және т.б. ) зардап шегетін тұлғалардың девиантты мінез –құлықтарының себептерін анықтап алу одан да маңызды.
Девиантты мінез –құлық факторлары күрделі жүйені құрады, оның түрлерін әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады, мысалы, барлық асоциальдық нысандарға ортақ макросоциальдық және әрбір жеке « қауіпті топтарға » арналған арнаулы: ішкі, психологиялық, сыртқы, орташа және т.б. Оның үстіне осы факторлардың бір – бірімен өзара байланысты, өзара әрекеттестікте екенін ескерген жөн.
Қазіргі уақытта кең таралған бәріне ортақ, макросоциалдық девиантты мінез –құлықтың себебі қоғамның әлеуметтік қатнастарындағы өзгерістер, ол « маргинализация » түсінігімен байланысты, яғни қоғамның тұрақсыздығы, « аралықтылығы », « өтпелілігі ». Жалпы экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздық, бұрынғы өмір салтының бұзылуы, үйреншікті құндылықтар жүйесінен бас тарту әлеуметтік девиацияға әкеп соғады.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі девиантты мінез – құлықтың екінші себебіне әлеуметтік теңсіздік, қажеттіліктерді қанағаттандырудың шынайы мүмкіндіктері арасындағы қоғамдық айырмашылықтар, ол ең алдымен жеке бастың және қоғамдық топтың әлеуметтік айқындамасына, олардың қоғамдық құрылымдағы орнына байланысты. Қанағаттандыру мүмкіндіктерінің арасындағы айырмашылықтар витальдық ( өмірлік күшті қолдау қажеттілігі ) себепке ғана байланысты емес, біздің жағдайда беделге, мәртебеге, өзін көрсетуге және т.б. әлеуметтік қажеттіліктердің аса маңыздылығы қарсы реакцияны тудыруға, соған сәйкес девиантты мінез – құлық танытуға әбден себеп болады. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, девиантты мінез – құлықтың негізгі себебіне материалдық және рухани қанағаттану деңгейі емес, оларды қанағаттандырудағы мүмкіндіктердің дәрежесі, айырмашылық аумағы, « бөлінуі » жатады.
Халықаралық тәрбие көрсетіп отырғандай, « децильді коэффицент » ( 10 % ең бай адамдар мен 10% ең кедей адамдар арасындағы табыс деңгейінің айырмашылығы ) деп атауға болатын әлеуметтік қолайлы деңгейіне 4 – 6 – ның 1 – ге қатысы жатады. ТМД елдерінде бұл көрсеткіш осы деңгейден әлдеқайда « шкаладан асып тұр ». Қазақстанда ең байларының 10 % мен кедейлерінің 10 % ақшалай табыс деңгейінің алшақтығы 1999 жылы 11 ретті көрсетті, ал реформадан бұрынғы жылдары бұл 4 ретті ғана көрсеткен. Егер қалада осы коэфицент 10,4 – ке тең болса, ауылдық жерде ол – 18,4 – ке тең. Девиантты мінез – құлықтың таралуына моральдық – этикалық факторларда әсер етеді. Жастарға « капиталдың алғашқы жиналу кезеңі » деп атауға болатын моральдық бетімен кету жағдайында, қоғамның экономикалық өмірі базарға ұқсап, барлығы сатылып, сатып алынатын кезде, адамның тәнін, тіпті өмірін сату үйреншікті жағдай болып есептелетін кезде өмірге жаңа көзқараспен қарауға тура келеді.
Мұндай жағдайларда көптеген жастар жалпы көпшілік қабылдаған құқықтық және адамгершілік мінез –құлық нормаларынан бас тартуды ақтайды, немесе оған селсоқтық танытады.
Қазақстандағы жасы кәмлекетке жетпеген құқық бұзушылардың әлеуметтік портреті мынаны көрсетті, олардың 60,6 % өмірден өз орындарын тауып, қалыпты өмір сүруге қажеттілердің болғанын қалайды екен, бірақ 38,2 % респонденттер бұл молшылыққа қылмыстық жол арқылы жеткісі келеді екен. Девиантты мінез – құлықтың күшейюінің маңызды факторларының біріне құқықтық нигилизм, заңға, құқық қорғау органдарына және оның өкілдеріне селқос қару жатады.
Білім жүйесінің жастардың құқықтық және адамгершілік тәрбиесінің азаюы, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы құқықтық « вакуумға » әкеліп соққан заң шығару ісіндегі «тоқтаулар» құқық қорғау органдарының жұмысының тиімсіздігі – осының барлығы жастарда өздерінің өмірлік проблемаларын заңды «айналып», ішінде қылмыстық жолмен шешуге мүмкіндік алуының қалыптасуына әкеп соқты. Осы аталған девиантты мінез – құлықтардың макро факторларының әрекеті жастардың өзінде әртүрлі дәрежеде қабылданады.
Әлеуметтік жұмыс тәжірбиесі үшін жастар арасында девиацияның пайда болуына әсер ететін микросоциальдық факторларды білу де маңызды. Макросоциальдық факторларға әдетте жасөспірімдер мен жастардың үш негізгі өмірлік әрекеттерінің салаларын жатқызады: отбасы, мектеп және құрдастарының референттік тобы, оларға белгілі бір жас келгенде әскер қатары, жұмыс орны қосылады.
Отбасы тәрбиесі салаларында қолайсыз факторларға гипоропека деген сияқты тәрбие стильдері жатуы мүмкін, олардың біріншісі тәрбиеленушіге деген аса қатты, шектен тыс назар аудару, зейін қою болса, екіншісіне керісінше оның жетіспеушілігі жатады. Отбасында екі түрлі делинквенттілік қалыптасуы мүмкін: агрессивті – қорғанушылық және опозициялық. Бірінші отбасындағы эмоциянальдық келеңсіздік жағдайында қалыптасса, екіншісі – тәрбиедегі «отбасы кумирі» түрінде қалыптасады.
Делинквенттіліктің агрессивті – қорғану түріне мінез – құлқы ерекше қиын, агрессивті жастар жатады: олар төбелескіш, өшпеншіл, дау – жаншал, көне қоюы қиын, тәртіп бұзушы, дөрекі бұзықтарға, ерте маскүнемдікке бейім болып келеді. Мұндай делинквинттілік араз, дау – жанжал жиі болып тұратын отбасында қалыптасады. Үнемі жүйкесінің ширығып тұруы, үйдегі үлкендердің қорлауынан қорғану агрессивті қорғану қалпын қалыптастырады.
Делинквенттіліктің опозициялық типі ата –ананың өз баласын шексіз жақсы көріп, үнемі оның қылықтарына сүйсініп, айтқан нәрсесін мүлтіксіз орындап, кемшіліктеріне, теріс қылықтарына кешіріммен қарап тәрбиелеу жағдайында қалыптасады. Мұның бәрі балада өзін, өзінің құқықтары мен міндеттерін керісінше ұғуды қалыптастырады, мұндай әдетте бір беткей, аса өкпелегіш, қоршағандарымен жиі тіл табыспайтын, өзін бөліп қарап, көрсетуге ұмтылатын, басқарып жалпы қабылданған құндылықтардан әдейі бас тартқыш болып келеді. Отбасында әлеуметтік қатнастар жайлы басқаша қалыптастырған бала өз отбасының «теплицалық атмосферасынан» шығып, шынайы өмірге бірден тап болады.
Отбасы факторы тәрбие стиліне ғана емес, «ауқатты – ауқатсыз» отбасы деген түсінікпен де өлшенеді. Жасөспірімдік және жастар девиациясы көбіне ауқатсыз отбасылардан шығады деген пікір қалыптасып қалған, ол тұрақсыз неке, айырылысу, отбасындағы келеңсіз қарым –қатнас және балаларды әлеуметтендіру, ата –анасының біреуінің немесе екеуінің де маскүнем немесе нашақор болуына байланысты сипатталады.
Девианттық мінез – құлықтың жалпы себебіне жеке тұлғаның обькетивтік қасиеттерінің ( оның қабілеттері, нышандары, сондай – ақ әлеуметтендіру нәтижесінде алған қасиеттері ) қоғамдық қатнастар жүйесіндегі ұстанаған айқындама талаптарына сәйкес келмеудің нәтижесінде пайда болатын «әлеуметтік жағдайсыздық» жатады. Осындағы айқындама өзінің объективтік мүмкіндіктерінен төмен болуы мүмкін, жеке тұлға қоғамның ресми құрылымдарынан сыртта қалуы мүмкін ( қаңғыбас, панасыз, бомж және т.б. ). Әлеуметтік жағдайсыздықты адам сезінбеуі мүмкін, егер сезіне қалса, онда психологиялық қанағаттанбаушылық пайда болады. Маргиналдық топтардың девиантылықтың жоғарғы деңгейде болуы осы себептерге байланысты түсіндіріледі. Девианттық мінез –құлықтың нақты нысандар деңгейіндегі ерекше факторлары бір – бірімен өзара әрекеттеседі, өйткені шығу тектері бір бола отырып, девианттық мінез –құлықтардың әр түрлі нысандары белгілі – бір жағдайларда өзара байланысты. Әлеуметтік потология формаларының индукциясы байқалады, ол бір теріс құбылыстың екіншісінен басым тұруынан көрінеді ( маскүнемдену – бұзақылық пен кейбір зорлау арқылы жасалған қылмыстар және т.б. ). Себеп пен салдар түрінде емес, қоғамдық құбылыстардың бір әлеуметтік себебі болып табылатын әлеуметтік патологияның әртүрлі формалары бір – бірімен сәйкес келеді, бірін – бірі күшейте түседі.
Барлық осы жағдайларды девианттық мінез –құлықты жастардың нақты санаттарымен – қараусыздарымен, маскүнемдермен, нашақорлармен, жезөкшелермен, құқық бұзушылармен және т.б. әлеуметтік жұмыс ұйымдастыруда ескерген дұрыс.
2.1 Қазақстан республикасындағы Жастар ұйымдары. Қазақстан Республикасының балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығының, жастардың инновациялық әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлықтарын қалыптастыруға ықпал ететiн басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметтерiн дамыту. Жастар саясаты жастарды кепілдiктермен қамтамасыз ету тетіктерін кеңейтуге және қол жеткен нәтижелердi баянды етуге, жастардың белгiлi бiр мақсаттағы топтары шеңберiнде атаулы көмектердi арттыруға, нақты проблемаларды шешуге әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған және соған бағытталған. Осы проблеманы шешу жөнiндегi неғұрлым тиiмдi жол жастардың кәсіпкерлігі үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Президенттің Қазақстан халқына "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлетті халық үшін" деген 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауында, онда атап айтқанда: "Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешушi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады" деп айтылғаны - жастар қоғамды қалыптастырудағы неғұрлым қуатты факторға айналып отыр. Сонымен бiрге жастар халықтың ең бiр осал топтары болып табылады, ал олардың жағдайы iзгіліктi проблема ретінде қаралады.
Нарықтық қатынастар жастар саясаты мәселелерін iс жүзінде шешуде елеулi өзгерiстер енгiзедi. Бұл мыналарды көздейдi:
• барлық меншiк нысандарындағы кәсіпорындарда жастардың еңбек ету құқықтарын әзiрлеу мен жүзеге асыру;
• жастарды жұмыссыздықтан қорғау және оларды еңбек рыногының терiс әсерлерiне байланысты табыс табудан айырмау жөнiнде және жастардың экономика саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiндегi кепілдiктердiң тиiмдi жүйесiн құру;
• еңбекке жарамсыз, еңбек қабiлетi шектеулi адамдарды және жас отбасыларының әлеуметтiк-экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету;
• жастардың психологиялық-педагогтік және заң көмегi жүйелерiн құру;
• балалар үйлерiнiң бұрынғы тәрбиеленушiлерiне, қамауға алу орындарынан оралған және басқа да қайта әлеуметтендiрудiң ерекше жағдайларын талап ететiн адамдарға кәсiби бағдар беру және оларды еңбекке орналастыру, әлеуметтiк-еңбекке бейiмдеу жағдайларын қамтамасыз ету;
• Қазақстан Республикасының балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығының, жастардың инновациялық әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлықтарын қалыптастыруға ықпал ететiн басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметтерiн дамыту.

Балалар және жастар ұйымдары

№ Атауы Жетекшісінің аты-жөні Жұмыстың бағыты Мекен-жайы Телефоны
1. Астана қаласының «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қозғалысы Сыздықова Бақыт Ахметқызы Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту. «Қазақстан - 2030» стратегиясын, патриоттық тәрбиені насихаттау Республика даңғылы 72, 325-кабинет
Сейфуллин көшесі 44, 412 кабинет 2300 34 (ү)
32 25 10 (ж)
2. «Астаналық КТК лигасы» қоғамдық ұйымы Разумков Максим Валентинович Жастардың бос уақытын ұйымдастыру, КТК қозғалысын дамыту «Жастар» сарайы, Республика даңғылы 72, 325 каб. 32 87 20
3. «Астана қаласының Жастар Парламенті» қоғамдық ұйымы Бердонғаров Тәңірберген Маратұлы «Қазақстан - 2030» стратегиясы мен жастар саясатын жүзеге асыруда жастардың белсендігі мен жастардың жемісті дамуы үшін жағдай жасау «Жастар» сарайы, Республика даңғылы 72, 326 кабинет Факс 746147
746148
4. «Жас заңгерлердің Қазақстандық ассосациясы» республикалық қоғамдық ұйымы Плеханов Борис Владимирович Қазақстанда құқықтық және демократиялық мемлекеттің даму процесіне жас заңгерлердің кәсіби деңгейін көтеру арқылы ықпал жасау, ҚР республикасының азаматтары мен жас заңгерлерінің құқығын қорғау «Молодежная» ш.а. 26/1, 9-пәтер Ү.т.377225
5. «Жас көшбасшылар ассосациясы» қоғамдық қорының филиалы Смаилов Марат Темірбайұлы Қоғамдағы демократиялық түрленуге жастарды азаматтық білім беру мен лидерлік дайындық арқылы қатыстыру «Молодежная» ш.а.
№27 орта мектебі 225196
225195
6. «Жас жігер» жастар қоғамдық ұйымы Қапақов Әділет Мектеп жастарын қоғамдағы демократиялық түрленуге қатыстыру, серіктестік пен көшбасшылық машықты қалыптастыру, басқа жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту Оқушылар сарайы, Бөкейхан көшесі 1, 308-кабинет 253727
7. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» жастар орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы филиалы Қожахметов Рустем Мемлекеттік жастар саясатының аясында мәдени және интеллектуалды құндылықтарын насихаттау, жастарды қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатыстыру, жастар БАҚ-ын құру, үкімет ұйымдарды жастар мәселесіне тарту Әл-Фараби ш.а. 16, 91-пәтер
8. «Жастардың жетістігі» аймақтық орталығы» қоғамдық қоры Энтина Ирина Леонидовна Жастардың экономикалық білім деңгейін көтеру. Білім алу қызметтерінің кең спектрын ұсыну Жамбыл көшесі 69/2, Қазіргі заманғы экономикалық лицей 328148
211423
9. «Астана қаласының жастар одағы» қоғамдық ұйымы Жұпанхан Айбек Жастарға қолдау көрсету Бейбітшілік көшесі 34 22-16-05

10. «Астана қаласы жастар ұйымдары ассосациясы» заңды тұлғалар ұйымы Катенов Ильдар Загедерейевич Балалар мен жастардың рухани, интеллектуалды дамуына бағытталған бастамаларды қолдау Уәлиханов көшесі 4-12 328720
322510


11. «Единство» жастар қоғамдық ұйымы Кинирейш Иван Балалар мен жастарға қатысты бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу, жастарды патриоттық сезімге баулу, танымдық және рухани дамуын қалыптастыру Республика даңғылы 72, 325 каб. 328720
12. «Қалалық АЛЬЯНС пікір-сайыс орталығы» жастар қоғамдық ұйымы Жанашев Бақытжан Исабекұлы Пікір-сайыс білімділік бағдарламасын дамыту арқылы қалада гуманитарлық білім беруді жаңартуға жәрдем беру Гумилев көшесі 5
13. «Шаңырақ балалар орталығы» қоғамдық ұйымы Чунтонов Вадим Балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру Сейфуллин көшесі 44, Республика даңғылы 72, 325 кабинет 322510
14. «Union жастар ассосациясы» қоғамдық ұйымы Тойметов Азамат БҰҰ ұйымдарын үлгілеу Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 111 кабинет
15. «Қазақстанның дарынды жастары ассоциациясы» қоғамдық ұйымы Нақыпбеков Тимур Арсенұлы Дарынды жастармен жұмыс жасап, оларға қолдау көрсету Гумилев атындағы ЕҰУ 177 кабинет 353806
ішкі 10-20
16. «Магистр» мәдени білім орталығы Мадеев Сабыржан Маратұлы (Князева) Жастардың мәдени ағарту қызметіне ықпал ету, білім беру бағдарламасының ашылуын ұйымдастыру Пушкин көшесі 166-5
17 «Қазақстан Республикасы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бітірушілер ассоциациясы» ҚҰ Әбдірахимов Ғабидолла Рахматуллаұлы Бітірушілердің кездесуін ұйымдастыру, семинарларға қатысу Бейбітшілік көшесі 2, каб. 612 152243
18 «Қазақстан жастар одағы» республикалық жастар қоғамдық ұйымы Бекбергенов Тимур Қадырбекұлы Жастар саясатының ілгерілеуі Бейбітшілік көшесі 34,
19 «Имидж.KZ» қоғамдық ұйымы Сергеев Владислав Алексеевич Қоғамның саяси өміріне белсенді қатысу Бейбітшілік көшесі 64 а, 28 пәтер 328970
327928
20 «Евразия Лидер Групп» қоғамдық ұйымы Ли Елена Сафроновна Жастар саясаты, жас отбасыларға көмек беру Республика даңғылы 9/2-9 325507
(325306)
21 «Астана қаласы студенттерінің альянсы» қоғамдық ұйымы Жанашев Бақытжан Исабекұлы Студенттерді біріктіру,
қолдау көрсету Республика даңғылы 72-320
22 «Астана қаласының дарынды жастарының конгресі» қоғамдық ұйымы Байзақов Талантбек Толыбекұлы Жастардың шығармашылық бастамасының дамуына ықпал ету Республика даңғылы 72-320 328970
23 «Қазақстан жастар конгресінің мемлекеттік қызмет мектебі» жастар қоғамдық ұйымы Жүзбаев Жалел Мемлекеттік мекемелердің жас мамандарына көмек көрсету Республика даңғылы 72-320 (328797) 326763
24 «Жас кеденшілер конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі Маханов Мұратбек Кеден қызметінің жас мамандарын біріктіру Республика даңғылы 72-320 328797
25 «POP STAR продюсер орталығы» жастар қоғамдық ұйымы Ербосынов Дидар Еркінбекұлы Жас таланттарды қолдау және продюсерлеу Ташенов көшесі 4/2-99 229999 (үй)
26 «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры Ахметов Кенжол Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, СПИД-ке қарсы күрес Республика даңғылы 72-320 328970
327928
27 «Жас мүгедектердің қалалық қоғамы» қоғамдық бірлестігі Әбдімомынов Мұрат
Өсербайұлы Мүгедектер арасында салауатты өмір салтын енгізу және насихаттау 4 шағын ауданы, 8 үй, 25 пәтер



2.2 Қазақстан Республикасының Жастар саясаты

Шет елдік саясатының жасалуы мен қызмет ету тәжірбиесіне талдау жасау нарықтық экономикадағы ашық қоғам жағдайында, сондай – ақ қолайлы және тиімді жаңа жағдайларда кеңестік уақытта жүргізілетін жастармен жұмыс тәжірбиесін ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасында қолданылған және қолданылатын болады. 1991 жылы Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі сол уақытқа ілгерінді «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң қабылдады. 1996 жылы 9 қазандағы « Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру шаралары туралы» Жарлығында берілген болатын, онда біркелкі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсаттары, оның құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, жастардың шығармашылығы мен әлеуметтік жағынан маңызды бастамашылықтарын қолдау, жастардың жұмысқа орналасуы және бос уақытты өткізу проблемаларын анықталған. Президенттің жарлығы бойынша жастар саясатының мақсатын, міндеттерін, қызмет ету механизмдерін анықтайтын негізгі құжат «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Заң, онда Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген әлеуметтік мемлекет құрылымының қағидасының, әлеуметтік бағдардағы тұжырымдамалық реформа қалдықтарынан мемелекеттік басқарумен халықтың пассивтілігі, соның ішінде өзінің әлеуметтік жағдайын қорғаудағы жастардың пассивтігінен тұратын абсалютизмге өтуі ескеріледі.
Республикадағы жастар саясатын заң жүзінде жасалуының бірінші қадамына «Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының Тұжырымдамасы» жатады, бұл жоба 1998 жылы ақпанда өткен студентер мен республиканың жастар ұйымдарының өкілдерінің бірінші съезі қорытындысы негізінде құрылған «Қазақстанның болашағы үшін» деп аталатын жастар қозғалысының ұсынысымен жасалған болатын.
«Тұжырымдама» Жалпыға арналған адам құқығының Декларациясы мен Қазақстан Республикасының Коституциясы, БҰҰ Бас Ассамблиясының «2000 жылға дейінгі жастарды дамыту бойынша әрекет етудің Бүкіл Одақтық бағдарламасы» атты 50/81 Қарары, Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының идеаларымен қағидаларының негіздеріне сүйенеді.
Республикада жастар саясатының Тұжырымдамасын қалыптастыруға деген қажеттілік біріншіден, Қазақстан тәуелсіздік алып, реформалау, ашық, нарықтық, әлеуметтік бағдарлы экономикалы демократиялық қоғам құру жолына түсуі; екіншіден, жастар саясаты жеткілікті түрде қоғамдық қатнастарға түспеуі; үшіншіден, жастар проблемасын шешуді қамтамассыз етуде әрекеттегі заңдылықтардың тиімсіздігі себепкер болды.
Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты келесі қағидалар негізінде құрылуы керек:
• парасаттылық, абырой, өз Отанына деген құрмет, патриотизм, мамандану, өзінің адамдарға және мемелекетке қажеттіліне деген сенімділік, өзі үшін және туыстары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты жастардың жеке қасиеттерді беделді қылатын, қоғамда қолайлы орта туғызу;
• жастардың өкілдерін жалпы жастарға қатысты мемлекеттік маңызды шешімдерге келу және қабылдау процесіне тікелей қатысуға тарту;
• жеке тұлғаның негізгі құқықтар мен бостандығын, жастардың өздеріне тән мүдделерін есепке алу;
• жастар мен балалардың ұйымдарының әрекетіне мемлекет тарапынан барынша қолдау жасау.
Тұжырымдағы сай жастар саясатының басым бағыттары мынадай болуы керек:
• балалар мен жастарға құқықтық білім мен патриоттық тәрбие беру;
• жастар ұйымдарының әрекетерінің белсенділігі мен кеңеюіне ат салысу;
• жастар кәсіпкерлігі мен өздерін жұмыспен қамту ісін қолдау және дамыту;
отбасы, балалар мен жастар мүддесіне сай әлеуметтік саясатты жүзеге асыру механизмін жетілдіру;
• жас ұрпақты әлемдік және ұлттық мәдениеттің классикалық құндылықтарына құрметпен қарауға тарту;
• спорттың көпшілікке арналған түрлерін дамыту және салауатты өмір салтына насихаттау.
Қазақстан Республикасында жастар саясатын басқару мен жүзеге асырудың инфрақұрылымын қалыптастыру процесі комсомол қызметін шектелген түрде атқараған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар ісі бойынша Комитетпен байланысты болды. Облыстарда бұрынғы комсомол құрылымыдары мен дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитеттердің негізінде облыстық әкімшілік жанына жастар істері, спорт және туризм істері бойынша Комитеттер құрылды. Жастар проблемасының көптеген мәселелерін шешу Білім беру Басқармасында ( департаментерінде ), халықты еңбек және әлеуметтік жағынан қорғау Басқармаларында, Ішкі істер Басқармаларында және т.б. шоғырландырылды. Қазіргі уақытта Республикадағы жастар саясатын жүргізу және жүзеге асырудың реттеуші орталығы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінде, ал жергілікті жерлерде – соған сәйкес облыстық басқармаларда орналасқан.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы 28 тамызда №73 жарлығымен бекітілген мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы республикадағы жас ұрпақтың азаматтық қалыптасуы мен әлеуметтік өзін - өзі жетілдіру үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық алғышартын құру және бекітуді мақсат етеді, ол өз кезегінде жастар проблемасын шешу жолдарын нақты көрсетіп, жастарды қазақстандық қоғамдық реформалау процесінде толықтай араласуы нысандары мен әдістерін анықтайтын мемлекеттік жастар саясатын құрудың тікелей негізі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респубдликасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасы жасалды, онда оның қалыптасуы мен жүзеге асыруының құқықтық негіздері анықталған. Осы жобаға сәйкес, мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
• жастардың рухани, мәдени, білім алу, кәсіптілік жағынан қалыптасуы мен физикалық дамуы үшін, олардың жалпы қоғамға пайдалы шығармашылық әлеуетін ашуға әлеуметтік – экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау;
• олардың құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау;
• жастарға көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету;
• жастардың әлеуметтік жағынан маңызды бастамаларын жүзеге асыру;
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі принциптері
Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:
• жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
• өркендеу мен жаңашылдық;
• тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
• жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
• жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
• жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.
Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс. Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.
Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету
Мемлекеттік жастар саясаты Конституцияда және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген жас адамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық, жеке құқықтары мен бостандықтарын толық тануға негізделеді.
Заңда белгіленген тәртіптен тыс жас азаматтың қайсыбір бостандықтары мен құқықтарына шектеулер енгізуге, өзге жастағы азаматтар міндеттерімен салыстырғанда қосымша міндеттер жүктеуге жол берілмейді. 18 жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған тұлғалар мемлекеттің айырықша қамқорлығында болуға тиіс. Бұл ретте мемлекет кәмелетке толмағандардың жастығына орай өз әрекеттеріне толыққанды баға бере алмайтындығын, мұның өзі олардың қосымша құқықтар мен заңдық жауапкершіліктер алу мүмкіндіктерін шектейтіндігін басшылыққа алады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық Әділет жүйесін (мамандандырылған соттар, жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу орындары т.б.) қалыптастыру қажет. Атқарушы билік жүйесінің барлық деңгейіндегі тиісті құрылымдар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, бетімен кетушілік пен өзге де тәртіп бұзушылықтың алдын алу, жетім балалардың, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жартыкеш және сәтсіз отбасылардан шыққан балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ауқымындағы кешенді шараларды үздіксіз жүзеге асырып отыруы тиіс. Ювеналдық Әділеттің қалыптасуы, жастарға арналған әлеуметтік қызмет мекемелерінің дамуы қоғам тұрақтылығын нығайтумен қатар, жастар ортасындағы түрлі шиеленісті төмендетіп, қоғамның жастар арасындағы құбылыстарға айтарлықтай белсенді ықпал етуіне мүмкіндік береді.
Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін дарытуды көздейді.


Қорытынды

Қорыта келе жалпы Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алып, түбегейлі әлеуметтік реформалар жасауға, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға кірісті. Содан бері еліміз жеке меншік және еркін даму жолындағы әлеуметтік саясатқа негізделген демократиялық жолға түсті. Жаңа Қазақстан өзінің дербес жолын таңдап, жылдан – жылға әлемдік қоғамдастыққа барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Бүгінде экономикамен өз мемлекетіміздің берік іргетасын қамтамассыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстан жастарының одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор әлеуметтік экономикалық негізге қоюға мүмкіндік береді.
Біз аға мен ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлықпен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғарғы сапасы мен алдыңғы қатарлы стандарттарын қамтамассыз ететін қоғам құрудамыз. Тәуелсіздік туы желбіреген күннен бастап Қазақстан Президенті жастармен көптеген іс – шаралар жүргізіп, еліміз бүкіл әлемге танылуда. Осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан жастар мәселелеріне байланысты, бүгінгі таңда көптеген ұйымдар құрылып, басшымыз болып, бүкілхалық болып ынтымақтастықпен ат салысуда. Әлбетте елімізде атқарылатын және атқарылып жатқан бұдан да басқа ауқымды істер көп. Еліміздегі саяси тұрақтылық өзіндік сара жолын тауып, Қазақстан жастарының тату –тәтті достық сезімі жаңаша дәстүрмен қалыптасып, қанаттанып келе жатқан тұста, мұндай игі істер көбейе бермек деп ойлаймыз.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев өзінің еңбегінде былай деген еді: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, өркендеп келеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз де онымен бірге өсіп келеді. Олар жақсы білімді, тамаша денсаулықтары бар, өз ұрпағының жауапты және қажырлы өкілдері болады. Олар аталар мұрасын сақтай отырып, нарық экономикасы жағдайында жұмыс істеуге дайын болады. Олар қазақ тілін де, орыс тілін де, ағылшын тілін дебірдей білетін болады. Олар өздерінің бейбіт өмір сүрген, гүлденген, жедел дамыған,бүкіл әлемге белгілі және құрметті елдің болашақ патриоттары болады» - деген болатын.
Қазақстандық осындай жастардың қалыптасуы үшін республиканың әлеуметтік қызметкерлері өз үлестерін қосатынына сенімдімін. Болашақта Қазақстан Республикасының жастарының әлеуметтік ахуалы жақсарып, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы экономикасы дамыған мемлекеттер қатарына қосылатынына сенімім мол!
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс» Агафонов Н.А.
2. «Социальная работа: теория и технология» Менлибаев, Туганбекова.
3. «Введение социальную работу» С.В. Тетерский.
4. «Социальная работа с молодёжью» Қазақ үн – ті 2003 ж. 109 б.
5. «Социальная государство». Волгин Н.А.
6. «Социальная рабата» Кожамкулова Л.Т.
7. «Индустрия Қазахстана» 2006 ж. №8. 14 18 стр
8. «Заң және қоғам» 2005. 22 ақпан
9. «Заң газеті»2006ж. 12 – наурыз
10. «Қазақстан Президентінің Өкімі» 1999ж. 28 тамыз.
11. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» – Астана, 2007 ж. 28 ақпан.
12. «Қазақстан 2030 даму Стратегиясы»
13. «Егемен Қазақстан» – 2006. 23 тамыз
14. «Ақиқат» – 2006-№ 7, шілде – 64 -66 б.б.
15. «Егемен Қазақстан» – 2006 ж. 29 желтоқсан
16. «Егемен Қазақстан» 2007ж 30 қазан №333 – 334.
17. «Егемен Қазақстан» 2006.06. 23.
18. «Отбасы және Денсаулық» 2006 - №11.
19. «Алматы ақшамы» – 2006ж. -26 желтоқсан.
20. «Астана хабаршысы» – 2007 – 16 мамыр.
21. «Айқын» – 2007. 16 – мамыр.№86
22. «Алматы ақшамы» 2007 ж. 4 қыркүйек.
23. «Ақиқат».17. 02. 2007 жыл.
24. «Жас алаш» – 2007 11 – қыркүйек
25. «Жетісу» – 2006 ж. 18 қараша. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Құқық жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]