Реферат: Химия | Жаппай қыру қаруларының қолданылуы және оның салдары
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротильдық эквивалентпен өлшенеді. Тротильдық эквивалент тоннамен, килотоннамен және мегатоннамен өлшенеді.
Ядролық жарылыс ауада, жер ( су ) бетінде және жер астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.
Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.
Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультра күлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.
Өткір радиация – гамма – сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп, бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.
Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма – сәуленің бета – бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоктивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.
Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумдағы қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттарды, электрондық есеп машиналары жарамсыз болып қалады.
Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құраладрын пайдалану туралы хабардар ету керек; радиоактивтік заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет; радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор; дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек; су мен тамақты радиоативтік ластануға зерттеу жаау қажет.
Химиялық қарудың жарылу ошағы.
Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал – жануарды, тірі организмдерді, өзен – көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Улау заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:
1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік – салдық әсері ( зарин, зоман, V типті заттар ); тері жарасы әсері ( иприт, люизит), жалпы улау әсері( синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері ( фосген, фифосген), психикаға әсері (BZ), тітіркендіру әсері (CS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және басқалары.)
2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбтік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар ( иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа дейін улау қасиетін жоғалтпайды.
3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.
4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.
5. Қолданылуы ықтимал улау заттары (V ) және фосфорорганикалық заттар.
6. Басқалары жатады.
Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы.
Бактерологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.
Бұл қарудың қауіптілігі – приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан,ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунт қымбат.
Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай – ақ қазіріг заманғы қырып – жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырану орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай – ақ улағыш заттардан, бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан сенімді қорғауды қаматмасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманға қырып – жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және хими ялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттерінің бірі.
Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.
Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Қорғану жолдары
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана ғана сақтай алады.
Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан бірнеше мыңға дейін болады.
Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.
Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы / см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.
Сәуленің мөлшері – калориямен анықталады.
Жарық импульсі – 1 кал / см
Жарықты сәулелену – адам денесін, жан – жануарды күйдіреді, соқыр қылады.
Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:
1- ші дәрежелі – 4 кал / см, - болса
2- ші дәрежелі – 4 – 7,5 кал / см;
3- ші дәрежелі – 7,5 – 12 кал – см/ тері сыдырылады.
4- ші дәрежелі – 12 жоғары кал / см/ терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі.
Жарықты сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады; ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация – ядролыө жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан – жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10 – 15 сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.
Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр – жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді.
Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1 гр затты не 1 куб.см көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентгенмен алынады. 1 рентген – 1 куб. См ауада, 0 градус температурада қысымы сынап бағынасымен 760 мм болғанда – 2,08 млд пар иондардң болу деңгейі.
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.
Ашық траншея – 3 есе азайтады
Жабық траншея – 7 -10 есе
Бір қабатты ағаш үй – 3-5 есе
Бір қабатты тас үй – 10-15 есе
Жер астындағы үйде – 7 -15 есе
Арнайы дайындалған жер асты үйлері – 100 – 400 есе
Арнайы салынған баспана – 1000 есе
Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды
Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды – радиоактивті заттар жерге түседі. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: