Реферат: Экономика | Жапония бағалы қағаздар нарығы

Реферат: Экономика | Жапония бағалы қағаздар нарығы

Экономикасы жақсы дамыған мемлекеттердің бірі Жапония қор нарығын қарастырсақ оның күрделі екеніне көз жеткіземіз. Жапонияның бағалы қағаздар нарығы 1949 жылдың мамырында соғыстан кейінгі қайта ашылу сәтінен бастап, Жапонияның ірі биржасы – Токиолық қор биржасы дамыды. Ұзақ уақыт бойы Жапонияның бағалы қағаздар нарығы провинциалды сипатта болған. 1968 жылы Жапония ең бірінші Қаржы министрлігінің лицензиясын алуға брокерлердің міндетін енгізуіне қарамастан, 1970 жылдарда осы нарықта халықаралық сипаты әлсіз айқындалған болатын. 1980 жылдың соңына қарай жағдай күрт өзгерді, яғни 1989 жылдың ортасында Токиолық қор биржасында айналатын бағалы қағаздардың нарық құны 3,815 млрд. доллар болды, яғни Нью-Йорк қор биржасы (2,445 млрд. доллар) және басқа биржалармен салыстырғанда едәуір өсті. Ол бірінші орынға шыға отырып, жылдың аяғына қарай жапон нарығының жалпы капиталдануы 4 трлн. доллардан асты.
Жапониядағы бағалы қағаздар мен қор биржалар туралы заңы 1947 жылы жарық көрді. Оның өңдеу барысында (1965 жылы, 1971 жылы, 1981 жылы, 1988 жылы) құқықтық нормалардың бірқатары 1933-1934 жылдары АҚШ-тың заңдылығының сәйкес нормаларына жақындастырылды. Жапон заңы тиімді экономикалық даму мен инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында алғашқы және екінші нарықтың реттеуін қамтамасыз етеді.
Облигациялар жапон нарығы (қарыз қаржы құралдарының нарығы) - әлемде шамасы бойынша екінші болып есептелетін қарыз қаржылық құралдарының нарығы. Жапон облигациялар нарығының инвесторлық базасы кейбір топтармен шектеледі:
- Банктер;
- Банктермен байланысты қаржы институттары;
- Ауылшаруашылық және басқа кіші кооперативті ассоциациялар;
- Пошта жинақ жүйесі;
- Ұзақ мерзімді несиені ұсынатын банктер;
- Жеке инвесторлар.
Жапониядағы шетел несие алушылар «Самурай облигацияларды» шығарады, олар бойынша купондар жарты жылда бір рет төленеді. Осы қағаздар жапон қор нарығында ерекше орын алады. Еуроиеналық облигациялар жапониядан тыс жерде шығарылады, бірақ олар иендерде деноминацияланған. Мәмілелерді реттеу Euroclear және Cedel жүйелері арқылы жүргізіледі. Осы нарықта жергілікті де және шетел инвесторлары де белсенді қызмет етеді. Облигациялардың эмитенттер арасында үлестер келесідей бөлінеді:
- Орталық үкімет(46%)
- Қаржы институттар(37%)
- Кәсіпкерлер(10%)
- Жергілікті басқару органдары(4%)
- Шетелдіктер(3%)
1970 – 1980 жылдары фирмалар бағалы қағаздар биржаларында бағаланатын акцияларды шығаруын көбейте бастады, себебі бұл сәтті қызмет етуінің негізгі шарттардың бір болып есептеледі. Халық бағалы қағаздардың эмиссиясына өз көзқарасын өзгереді, бұл да 1980 жылдарда екінші жартысында акциялардың бағамдарының секіруіне әкеп соқты. Жеке тұлғалар көп мөлшерде бағалы қағаздарды сатып алатын болды; мұнда бағалы қағаздардың «артық» массасының өсуі пайда болды, бұл қаржылық тұрғыда олардың бағаларының ары қарай өсуіне әкелді. Капиталдың тез қорлануы, жапон банктерінің елде және шетелде қызмет етуі, іскерлік белсенділікті мемлекетпен ынталандыруы, бәсекелестердің тәжірибе жақтарын пайдалану бағалы қағаздармен операциялардың саны мен көлемінің өсуіне әсер етеді. Бірақ бұған дейін халық қаражаттарын көбінесе депозиттерге салатын, бұл жағдай қор операцияларына теріс әсерін тигізетін.
Сонымен 1980 жылдардың соңында Жапонияда банктер қор биржаларының белсенді инвесторлары ретінде қатысатын экономиканы қаржыландырудың жаңа үлгісін қалыптастырды. Банктер, сонымен бірге, бағалы қағаздармен халықаралық операцияларда әсіресе АҚШ пен Батыс Еуропа нарықтарында белсенді болған. Ал батыс еуропалық және американ банктері жапон кәсіпорындарын қаржыландыра бастады. Осы өзара байланыстарға жапон заңдылығы да көмектесті, басқа елдердің бағалы қағаздарын орналастыруға жағымды жағдай жасады. Бірақ мемлекет қор құндылықтар нарығын ынталандырумен қатар, нарықта өзінің тікелей қатысуын қысқартады. Жапония батыс елдерінің тәжірибесін үнемі пайдаланады, жеке алғанда, әртүрлі «аралас» бағалы қағаздар мен басқа қаржы құралдарын (мысалы, варрантымен облигацияларды, яғни кепілдеуші куәлігімен) биржалық белсенділікті арттыру үшін пайдаланады. 1986 жылдары ең алғаш варранттар Токиолық қор биржасында пайда болды, ал 1987 жылдары онда осы қағаздардың әлемдік эмиссиялардың ½ бөлігінен көп айнала бастады. 1980 жылдары конверсияланатын облигациялар 50 есе көп шығарыла бастады. Экономистер бұны осы елдің нарығының ерекшеліктерімен түсіндіреді (варранттар акционерлік капиталды көбейту үшін қолданылады). Жапон биржасы басқа да жаңа қаржылық құралдарды пайдаланады. Осы ел әлемде алғашқылардың бірі болып электрондандыруды жүзеге асырады.











Жапониядағы бағалы қағаздар нарығын реттеу.

Жапонияның қор нарығын ұйымдастыру жүйесі американдық жүйеге ұқсас келеді. Мұның өзі саяси факторлармен байланысты, яғни екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ – тың әскери топтарының Жапонияны отарлаумен байланыстыруға болады. 1948 жылдардан бастап, мұнда американдық Гласс – Стигал заңының баламасы жүрді (1948 жылдары бағалы қағаздар туралы заңның 65 бабы). Жапонияда екі деңгейлі реттеу жүйесі қалыптасты. Мұнда қор нарығына бақылауды мемлекет те (Қаржы министрлігі), өзін-өзі реттейтін ұйымдар да жүргізеді.
1948 жылдары АҚШ – тағы сияқты Жапонияда да Бағалы қағаздар бойынша Комиссия құрылды. Бірақ американдықтар кеткен соң, Комиссия 1951 жылдары жойылды, ал оның қызметі қызметкерлерімен бірге қаржы министрлігіне өтті. Қаржы министрлігі жеке меншік бизнеспен өте тығыз байланысты. Жапонияда мынадай «Амакудари» деп аталатын дәстүр бар. Оған сәйкес мемлекеттік бюрократ 55 жастағы зейнетақы жасына жеткен соң, жеке меншік секторында жоғары жалақысы бар лауазымға ие болады, мемлекеттік мекемеде салыстырмалы түрде төмен жалақысында қызмет еткен жылдар үшін сыйақы ретінде төленеді.
Осы мәселе бойынша қаржы министрлігі мен брокерлік – дилерлік фирмалар қоғамдастық арасында тікелей байланысы бар. Сонымен Жапонияның Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздар Басқармасындағы қызметкерлер саны көп емес, яғни 150 адам ғана болатын.
Қаржы министрлігі жанында – бағалы қағаздар мен биржалық бойынша Кеңес құрылды. Кеңес бағалы қағаздар индустриясымен байланысты және 2 жылға министрлікпен сайланатын 20 мамандардан тұрады. Кеңестің қызметіне бағалы қағаздар бойынша заңдылықты жетілдіру бойынша қаржы министрлігі үшін ұсыныстарды дайындау жатады.
Жапонияның Қаржы министрлігі Жапонияның басты қаржылық реттеу органы болып табылады. Оның құзыры банктерге де таралады.
1992 жылы шілде айында Жапонияда Бағалы қағаздар мен биржалар бойынша жаңа Комиссиясы пайда болды, оның қызметі нарықтағы жағдайға бақылау мен қадағалау жасау болып табылады.
АҚШ-ның Комиссиясына қарағанда жапондық Комиссиясы Қаржы министрлігінің аффирленген мекемесі болып табылады. Ол бұрынғыша қадағалау функциясын орындайды. Комиссиясының пайда болуы 1990-1991 жылдары Жапония қор нарығындағы дағдарыспен байланысты болды. Дағдарыс кезінде нарықта көп қиянат етулер, бағалармен манипуляция мен қызмет ақпаратты орын алды. Кәсіби қатысушылардың дұрыс қызмет ету тәртібіне қадағалау жасауға комиссия шақырылды.
1993 жылдың 1 сәуірінде Жапонияда қаржы жүйесін қайта құру туралы заң күшіне енді. Заң банктер мен брокерлік фирмалар арасындағы кедергілерді жартылай жойды. Осы заң негізінде жапон банктеріне (алғашқыда ұзақ мерзімді несие беретін, кейін қалғандарға да) тұрақты пайызды бағалы қағаздардың андеррайтингін жүргізуге рұқсат берілді. Бір уақытта брокер – дилерлік фирмалар үшін сенімді банк операцияларына жол ашылды.
1994 жылы Қаржы министрлігі қалалық банктерге (ірі коммерциялық банктер) бағалы қағаздармен сауда бойынша еншілес компанияларды құруға рұқсат берді (акциялар және олардан туындайтын бағалы қағаздармен мәмілерді жасауға құқығынсыз).
1998 жылдың сәуір айында Жапонияда қаржы жүйесінің жаңа кең көлемдегі реформасы басталды, 1986 жылы ағылшын реформасы сияқты «Үлкен сілкініс»(Big Bang). Реформа бірнеше жылдарға арналған және қаржы жүйесінің кезеңдік толық ырықтандыруын қарастырады. Мысалы, қаржылық холдингтік компанияларды құруға рұқсат берілді (бұған соғыстан кейін тиым салынған болатын). Банктер ұжымдық инвестициялардың құралдарымен – юниттрасттардың жарналарымен сауда құқығына ие болды. Бағалы қағаздар бойынша компаниялар фирманың кастадиондық қызметтерді орындау құқығына ие болды, яғни бағалы қағаздармен брокерлік операцияларды мемлекеттік лицензиялаусыз жүргізе алады. Банктер, бағалы қағаздармен жұмыс жасайтын компаниялар мен сенімді банктер арасында кедергілер толығымен жойылады: олар бір – бірінің бизнесімен айналыса алады. 1999 жылдың соңына қарай қор нарығындағы мәмілелер бойынша бекітілген (тұрақты) делдал ақыларының толық жойылуы болды. 2001 жылы банктер мен бағалы қағаздармен жұмыс жасайтын компанияларға сақтандыру компаниялардың қызметтерін орындауына тыйым салынады және керісінше. Резидент еместердің листинг компаниялардың акцияларын иемденуіне шектеулер қойылды (бұрын 10%-дан көп емес) және қаржы нарығындағы заңсыз операцияларға жазалар күшейді.
Бұрын болған компаниялардың меншікті акцияларын сатып алуға салынған тыйым өз күшін жойды.
Реформаның элементтерінің бірі болып Қаржы Министрлігінен тыс арнайы реттеу органдары ретінде Қаржы қадағалау агенттігінің құрылуы табылады. Осы Агенттік елдің барлық қаржы жүйесіне бақылау жүргізеді (175 Ұлттық банктер, 93 шетел банктер, 76 сақтандыру компаниялары, 226 брокер – дилерлік фирмалар, т.б.). Ол 1998 жылдың маусым айында қызметіне кірісті.
Агенттік тікелей премьер – министрге бағынады. Қаржы министрлігі қаржылық саясатының жалпы жоспарлауына және тұжырымдалуына жауап береді және де халықаралық қаржы қатынастар аясында, әсіресе валюталық саясатпен байланысты мәселелерді шешкен кезде қызметті үйлестіру (координациялау) жұмыстарын жүргізеді.
Агенттік қаржы мекемелерге қатысты нормативті құжаттарды даярлауға қатысуы керек. Жапония банкі банктерді тексерді, қажет болғанда құқық бұзушылардың шоттарына тоқтам сала алады, бірақ жазалау шараларын Агенттік тағайындайды.
Агенттікте жұмыс жасайтын қызметкерлер 400-ге жуық және олардың көбі (80%) қаржы министрлігінен ауысқан қызметкерлер болып табылады.

Токио қор биржасы.

Жапонның басты қор биржасы Токио Қор Биржасы болып табылады. Онда мүшелердің екі типі әрекет етеді: толық мүшелер және "saitori" мүшелер. Толық мүшелер бағалы қағаздармен төмендегідей мәмілелер жасаса алады:
- бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алу және сату;
- бағалы қағаздарды клиенттердің тапсырмасы бойынша және олардың есебінен сатып алу және сату;
- бағалы қағаздардың жаңа эмиссиялары жағдайында консорционалдық мәмілелер;
- жаңа эмиссияларды сатылмаған бағалы қағаздарды қабылдауға кепілдікпен орналастыру.
"Saitori" мүшелер толық мүшелердің тапсырмаларын орындап және өз есебінен әрекет етусіз, олардың арасында делдалдар ретінде әрекет етеді. Олардың негізгі міндеті – бағалы қағаздардың бағамын айқындау, бұл орайда ол мүшелердің әрқайсысы бағалы қағаздардың белгілі бір түрімен жұмыс істейді
Токио қор биржасы – Жапонияның ең ірі биржасы және елдің қор қабілетін анықтайды. 1992 жылы Токио қор биржасы елдегі акциялар айналымындағы үлесінің 86% құрайды. Биржаның жұмысының ұйымдастырылуы бірінші және екінші секциялардың жұмыстарында құралады және биржадан тыс нарықтың жұмысын қамтиды. Биржаның негізгі міндеті сауда алаңдарының жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
Биржадағы сауданы ұйымдастырумен қатар оның мүшелерінің қызметіне және олардың қаржылық жағдайына қадағалау жасау, биржалық сауда ережелерін орындалуын бақылау жүргізіледі.
Токио қор биржасы келесі ерекшеліктерімен ерекшеленеді:
- Сауда бөлмесінде сауда секциялар бойынша жүреді, олардың бағалы қағаздары экономиканың әртүрлі салаларына тиісті;
- Сауданың ерекше технологиясы бар: сауда залында – биржаның бірінші секцияның бағалы қағаздар үшін; компьютерлік жүйеде – екінші секцияның бағалы қағаздар үшін;
- Есеп айырысулар үшінші жұмыс күні жүргізіледі.
Биржаның реттеуші қызметі биржалық қор саудасын бұзушыларды шығару мақсатында оның мүшелеріне бақылауын қарастырады. Бақылау бөлімі жалған мәмілелерді жасау, бағалармен манипуляциялау, жасырын мәмілелер, жасанды жолмен бағаларды өсіру немесе азайту мақсатымен бағалы қағаздарды сатып алуға жол бермейді.
Токио қор биржаның жұмыс көрсеткіштерінің құрылымы американ және еуропалық биржалардың бағалау жүйесіне ұқсас. Табыс бөлігі көбінесе мүшелік жарналардан, ал шығыс бөлігі жабдықтарға кететін шығындардан және биржаның қалыпты жағдайда ұстап тұрудан құралады.
Токио қор биржасының ұйымдастырылу құрылымы ұйымдық – экономикалық механизмнің құрылуында сызықты – функционалды әдістік белгілерін сақтай отырып, қор нарығының қатысушыларына қызмет көрсету бойынша негізгі міндеттерді шешу үшін жағдай жасайды.
Токио қор биржасының ең жоғарғы басқару органы – биржа мүшелерінің жалпы жиналысы, оған президент есеп береді. Ол биржаның қызмет етуінің жедел басқарылуын сызықты басқару аппараты арқылы жүргізеді.
Басқарудың ұйымдық құрылымы сызықты және функционалды бөлімшелердің қызметтерінің үйлесуі негізінде құралған деңгейлі жүйе болып табылады. Биржаның сызықты басқару аппаратында: президент, басқарушылар, бөлім бастықтары, топтар мен бағыттардың жетекшілері кіреді.
Негізігі функционалды бөлімшелеріне сауда жүйесінің бөлімі және электронды сауда жүйе бөлімі, облигациялар мен қор жинақтарының бөлімдері, клирингтік бөлім, қазынашылық және листинг бөлімі. Қызмет көрсету функцияларын материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, персоналмен жұмыс жасау бөлімі, ақпараттық бөлім, секретариат (Хатшылық) және жалпы бөлім атқарады.
Биржа мүшелерімен жұмыс бойынша бөлім, биржалық мүше фирмаларды тексеру бойынша бөлім, арбитражды, нарықты қадағалау, халықаралық байланыстар бөлімдері көмекші функциялар атқарады.
Токио қор биржасының өзіне тән сипаты – бұл ұйымдастыру құрылымында зерттеу бөлімінің болуы. Токио қор биржасының қызметі қор нарығы мен қор биржаның, биржалық технологиялар мен сауда жүйелерінің, биржалық өнімдерінің даму мүмкіндіктерін ашумен байланысты.
Сонымен, барлық елдердегі қор биржалары қор нарығының мемлекеттік реттеу құралы болып табылады және экономикалық жағдайына тәуелді. Әсер етуші экономикалық және заң базасы арқылы жүзеге асырылады. Ол жұмсақ та, қатаң да бола алады. Басқарудың «жұмсақ» түрі қор нарығы бұрыннан бері қалыптасқан, технологиясы дамыған, қор биржалардың ұзақ мерзімді қызмет ету тәжірибесі жинақталған елдерге тән. Оларға Нью-Йорк, Лондон қор биржаларды жатқызуға болады. Ал «қатаң» басқару стилі қор нарығының дамуының үлкен емес тарихы бар, немесе тарихы сыртқы факторлар әсерінен тоқтатылған елдерде қолданылады. Оларға Токио мен Неміс қор биржаларын жатқызуға болады.
Биржалардың координациялау функцияларды орындауында белгілі бір ерекшеліктері бар. Мысалы: Нью-Йорк қор биржасында брокерлердің сауда ережелерін орындауына бақылау жасалынады, Лондон, Неміс қор биржалары өзінің бақылау, реттеу функцияларын мемлекет көлемінде жүргізеді. Әлемнің жетекші қор биржаларының ұйымдастыру-басқару құрылымдары, кейбір ауытқулардан басқасы жалпы ұқсас болып келеді. Оған сауданы қамтамасыз ететін бөлімшелермен қатар, орындалған мәмілелер бойынша өзара есеп айырысуларды және бағалы қағаздарға меншік құқықтарын қайта тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бөлімдер кіреді.
Бұдан басқа, міндетті түрде мыналар:
- Бағалы қағаздардың листинг процедурасын және сараптаманы жүргізуін қамтамасыз ететін бөлімшелер;
- Биржалық ақпаратпен қызмет ететін ақпарат агенттігі және департаменттер;
- Биржа мүшелерімен қызмет ететін құрылымды бірліктері;
- Технологиялық процестерді автоматтандыру қызметі;
- Тәртіптік комитеттер;
- Биржалық қауіпсіздік бөлімшелері.
Қор биржалық құрылымына бақылау блогы, қор құндылықтарымен сауда блогы, сауда алдыңдағы және саудадан кейінгі қызмет көрсету блоктары кіреді. Биржаның әрқайсысы өз қызметін белгілі бір ұйымдық – құқықтық формасы аясында жүзеге асырады. Бірақ, оларға тән бір ерекшелік коммерциялық емес мақсаттарының болуы. Сондықтан қарастырылған қор биржалар үшін табыстар мен шығыстар құрылымы ұқсастау келеді. Биржа түсімдері техникалық, ақпараттық қызмет ету үшін, төлемнен, өзара есеп айырысулар, биржалық, сауда төлемдерінен тұрады, ал шығыстары биржаның қызмет ету қабілеттігін ұстап тұруға бағытталады.
Жапонияның басты қор индексі - Nikkei ("nihon keizai" сөз тіркесінен қысқартылған - "nihon" жапонша Жапония, ал "keizai" - "қаржы, экономика"). Оның іріктеліміне Токио қор биржасында саудаланатын 225 акция кіреді. Бұл DJIA есептеп шығарылатын әдістеме бойынша есептеп шығарылатын безбенделмеген орташа арифметикалық индекс. 1950 жылдан бастап жарияланады.
Екінші едәуір танымал индекс - Topix, 1968 жылдан бастап ТҚБ 1-ші секциясында саудаланатын барлық акциялар бойынша есептеп шығарылады.
JPN Токио қор биржасында қызу саудаланатын және жапон экономикасының барлық салаларының жалпақ қимасын білдіретін 210 жай акцияның динамикасын бейнелейтін бағасы бойынша безбенделген өзгертілген индекс болып табылады. JPN Nikkei индексімен тығыз байланысады, бірақ оған сәйкес емес. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Жапония бағалы қағаздар нарығы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жапония бағалы қағаздар нарығы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]