Реферат: Педагогикада | Жаңа технологияны қолдануда ақпараттық жүйенің әсері

Реферат: Педагогикада | Жаңа технологияны қолдануда ақпараттық жүйенің әсері

Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған.
Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс-әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады.Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді.
Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын және оның өзін-өзі тәрбиелеуге бағыталған сәйес іс-әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс-әрекетінде тәрбиеленушінің бойында өзін-өзі жетілдіруге бағытталған және оның педагогтармен, жолдастаымен және қоғаммен қарым –қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды.
Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Кездейсоқ мәліметтерде жалпы жіктелу белгісі бойынша «әдістер сыйпатын» қоса алғанда өзін-өзі бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа даәдістер бар.
Оқушылардың жүріс – тұрысын ынталандыру, іс-әрекетін ұйымдастыру және сенім әдісіннің үйлесуіне сәйкес жіктеледі. И.С.Марьенко келесі тәрбие әдісінің жіктелу тобын көрсетеді: анықтау – репродуктивті, проблемалық – ситуатсиялық, дағдыландыру – жаттықтыру, ынталандыру, тежелу (кедергілеу), жетекшілік және өзін - өзі тәрбиелеу.
Тәрбие әдісінің мақсаттылық, мазмұндылық, іскерлік жақтарын қамтитын дәстүрлі классификация болып табылады. Бағыттаушылық негізіне сай әдістердің үш түрлі тобын көрсетуге болады. Олар сананы қалыптастыру әдістері (әңгімелеу, түсіндіру, анықтау дәріс, этикалық әңгімелесу, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама, өнегілілік); ұйымдастырушылық пен мінезді қалыптастыру әдістері ( жаттығу, тапсырма, тәрбиелік жағдаят); ынталандыру әдістері (жарыс, ынталандыру, жазалау).
Профессиялық педагогикада педагогтар мен тәрбиеленушілер негізінде әдістер классификациясы қалыптасқан:
● коллективті ұйымдастыру әдістері.
● сендіру әдістері
●ынталандыру әдістері.
Коллективті ұйымдастыру әдістері. Ұйымдастырылған кәсіпкерлік ұжым мен мүшелерінің тәрбиенің жоғарғы деңгейі мен қарым – қатынас мәдениетін анықтайды. Осыған орай келесі әдіс түрлерін көрсетуге болады: дисциплина (пән,тәртіп), өз-өзіне қызмет көрсету, жарыс және өзін-өзі басқару.
Дисциплина – бұл ұжым мүшесінің қарым-қатынас мәдениетін қамтитын тәрбие әдісі. Сондай-ақ, ол ішкі тәрбие ережелері мен пайдалы дәстүр мен жақсы мінездердің қалыптасуына және олардың бір-біріне деген тең дәрежедегі талабы ретінде ұсынылуы қамтылады.
Өз-өзіне қызмет көрсету – ұжым еңбегі мен өмірінің ұжымдық шарттарының пайда болуын көздейді.
Қазіргі қоғамда өзіне қызмет ету өмір сүру нормасына айналды. Кәсіпкерлер ұжымы мен оқушылар ұжымында өзіне қызмет көрсету мекеме мен жұмыс орнын жинастырудан бастап, оны безендіру дейін жетеді (көгалдандыру, демалыс орындарын жасау, безендіру т.б.). Өзіне қызмет көрсетуге ұжымның барлық мүшелерінің қатысуы маңызды болып табылады.
Өзі - өзіне қызмет көрсету мен оның рационализациясының ұжымдық нормалары педагогтардың бақылауын алатын басты пәнге айналады. Ол қажетті материалдар мен қ ұралдармен қамтамассыздандыру сияқты дайындықты, қызметтердің бөлмесін жұмыс істеуді анықтайтын нақты кестені көрсетеді.
Соревование - жеке және ұжымдық еңбекті ынталандырады және оның қатысушыларының қызғаныштық қатынасын қамтиды. Бұл жерде бірлескен ұжымның нәтижелерді салыстыру мен тіркеу маңызды рол атқарады, сондықтан қатысушыларды ынталандыру, оның ішіндегі жеңімпаздарды ынталандыру да ең маңызды ролді иеленген. Жарысты тәрбиенің нәтижелі тәсіліне айналдыру үшін оның шарттарын орындау қажет. Біріншіден, ұйымның ұжымдық талпынысы шынайы төгіліп тұруы қажет және өндіру мен оқыту қажеттілігімен бекуі керек. Екіншіден, жарыс шарттарын орындаушы педагогтар мен өзін-өзі басқарудың мүшелері сияқты жағдай мен нақты өзекті тапсырмалардың шығуы керек. Үшіншіден, жарыстың негізін ұйымдастырушылық нәтижелердің тікелей тіркелуінен құрылуы тиіс, екінші формалдық көрсеткіштерден емес.
Өзін-өзі басқару – жауапкершілік пен ұйымдастырушылықты қамтамассыз етеді. Бірақ, оның шарттары: ұжым жұмысын басқаруға жұмысқа қабілетті және нақты құқықтары мен мүмкіндіктері анықталады. Органдардың қатысуы қажет.
Нақты ұжымда өзін басқару құрылысы үш түрлі фактормен анықталады: коллектив құрылымы, оның өмір сүру мазмұны, оның мүшелерінің ұйымдастырушылық қабілетімен анықталады. Басқару – бұл күрделі әлеуметтік функция . Ол табысты болуы үшін барлық ұжым мүшелерін жүйелі және бірізді қабілетпен және ұйымдастырушылық икемділігін қаруландыру керек. Сондай-ақ, тіркеу мен бақылауды ұйымдастыруға, жоспарлауға, ұйымдастырылған кеңес пен жиналыстардың өткізуіне есеп беру формасы мен нұсқауды жүргізуге үйрету керек.
Сендіру әдістері – конференция, дискуссия, ағарту істеріне қатысушы болашақ мамандардың гуманитарлық көзқарасы мен жеке пікірлеріне негізделеді.
Сендіру бір ұғымның саналы дәлелі мен өнегелі позициясын және орын алған жағдайда бағалауды болжайды. Айтылғандардың шын екендігіне көз жеткізсек оқушы өзінің әлемге, қоғамға, әлеуметке деген көзқарасын қалыптастырады. Сендіру де тәрбие әдістері тәрбие түрлерінің формалары арқылы жүзеге асады. Сендіру көркемдік шығармаларды үздікті оқу, әртүрлі пікір-талас жүргізу формаларынан тұрады.
Сендіру өзін - өзін тәрбиелеу әдісі болып табылады. Сендіру өзін сендірумен тығыз байланысты және бұл тәрбиеленушілердің әлеуметтік проблемасын қабылдауға саналы, өз шешімімен жеке көзқарасын қалыптастырады. Осы құрылым негізінде талқылау мен қорытындылау жатады.
Ақпарат – тәрбиеленушілердің белгілі бір мағұлыматтарымен қамту. Бұл әдісті бастапқы деп санауға болады, себебі ол жаңа идея, теория, ереже, тәрбие мазмұнын құраушы басқа ақпараттармен алғаш танысуда қолданылады.
Ақпарат әдісін қолданудың ең басты тәсілі педагогтың жеке мысалы мен өз сөзі болып табылады. Сондықтан әңгіме, сұхбат, нұсқау, лекция формаларын да қолданады. Мақсатқа лайықты басқа да адамдардың осы іске деген назарын бөледі. Олар маңызды оқиға куәгерлері, оқымыстылар, политиктер және қоғам қайраткерлері т.б.
Поиск (іздеу) – ақпаратты жинау мен зерттеу құндылықтарының бағдарлануына және өздігінен білім алу процесіне тәрбиелеуді бағдарлайды. Іздену барысында өзін-өзін оқыту мен дағдылану қалыптасады. Іздену түрлері – туристтік-краеведтік жұмысты, туған жерінің атақты адамдарының өмірі туралы ақпарат жинау, яғни биографиялық іздеу болып ажыратылады. Бұлар қазіргі заманғы, тұлғалар болуымен қатар тарихи тұлғалар болуы да мүмкін. Бұл өте күрделі тәсіл бола келе әдеттің негізін қалаушылар туралы конспектілеуді жиналған деректі сұрыптауды, видиофильм жасауды т.б. талап етеді.
Дискуссия – тәрбиеленушілердің пікір алмасуына және өнегелік – этикалық ойларының дамуына, сондай-ақ , сынай білуге, сынды қабылдай білуге, қиын бір жағдайлардан шыға білуге үйретеді. Дискуссия барысында серіктесіңе адамгершілік көмек беріп, оны демеу, қиын жағдайлардан көңіл бөлу де маңызды болып табылады. Дискуссия тақырыбының дамуын, қозғалыс үстінде болуы маңызды болмақ. Бірақ бұл зиянсыз сын мен жалған ұсыныстардың ашылмай қалуына кепіл бола алмайды..
Дискуссия достар, оқушылар мен оқытушы арасындағы сенімділікті нығайтуға, жастар мен қамқоршыларының арасындағы бір-біріне деген сыйластықты күшейтуге, ұжым мүшелерінің жақсылық тілеуін болжайды, көрсетеді.
Взаимное просвещение ( жауапты ағарту) - өз білімін дәлелдеу қажеттілігіне бағытталып, достарының арасында оқушылырдың білімін дәлелдеудегі оның көзқарасын, сенімін қамтамассыз етеді. Бұл этапта ұжым тәрбие істерінің субъектісіне айналса, педагог , көмекші және консультант қызметін атқару болып табылады. Жауапты ағарту ұжымның тәрбие функциясын күшейтеді және өз білімін басқалармен бөлісуге адамдар санын көбейтеді.
Ынталандыру әдісі - бұл топ өмір сүруге үйренушілердің құрылымынан тұратын формалдық саласына бағытталады. Ынталандыру әдістері талап, ынталандыру, жазалау, болашақ пен көпшілік пікірлерінен тұрады. Педагогика саласында оның басты компоненті ретінде ынталандыру мен жазалау кең таралған.
Ынталандыру – оқушыларыдың жақсы бағалануын көрсетеді. Ол жағымды дағдылар мен әдеттерді бекітеді және қалыпты эмоция мен сенімділікті қалыптастырады.. Ынталандыру әртүрлі формада беріледі: мақұлдау, мақтау, мадақтау, марапаттау т.б. Ынталандыру барысында индивидтің жеке қасиеттерін ескеру қажет.
Жазалау – ынталандыру әдісінің бір түрі. Ол оқушыларды ескерту, тоқтату, үшін қателіктері басқа адамдар алдында өзін кінәлі сезіндіруге бағытталады. Жазалаудың әр түрі бар. Мысалы, қос тапсырма беру, кейбір мүмкіндіктерге шектеу қою, талқыға салу т.б. Жазалау әділетті, дұрыс ұйымдастырылған болуы керек. Бірақ, педагог жазалау оқушыға әсер ететініне көзі жеткенге дейін асықпауы тиіс. Ынталандыру әдісі адамдардың өз мінездерін дұрыс бағалауға, өз қажеттіліктерін, өмір мәнін, түсінуге, түрткі мен мақсат таңдауына көмектеседі.
Талап – оқушылардың тәртібіне, олардың іскерлік адамгершілік сапасын ынталандырады және педагог пен оқушы арасындағы жеке контактының басқарудағы ұсыныстарын сақтау нормаларын көрсетеді. Көрсету ұсыну формаларына сай тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей талапқа анықтылық, нақтылық, түсініктілік тән болса, жанама талапқа психологиялық факторлар: уайым, ұмтылыс, қызығушылық тән.
Перспектива (болашақ) - педагогикада ынталандыру әдісі ретінде оқушылардың қалауын арттыратын, ұмтылысын, қызықты мақсат көздеу, қоғамға пайдалы әрекеттерді қамтамассыз ету. Педагогтың шеберлігі оның оқушылар алдындағы маңызды перспективаларды құрудан көрінбек. Өмірлік жоспар мен мақсаттар құратын оқушыларды ынталандырып отыру керек.
Перспективаны: жақын (достармен кездесу, кинотеатрға бару, клубқа бару), орта ( дәстүрлі мереке, демалыс т.б.), алыс – оқушылардың өмірлік жоспарының белгілі түрі ( алдағы оқу, кәсіптік әрекет, отбасы өмірінің перспективасы.).
Қоғам пікірі - ұжым мүшелерінің адамгершілік бағалау әрекеті, қоғамның маңызды перспективаларының құрылымын және оқушылардың талапты орындауындағы моральдік қасиеттерін таныту мен қоғамның пайдалы әрекеттерді қамтамасыз етеді. Қоғам пікірі адамдардың мінезіне әсер етеді. Қоғамдық пікір болдырмаудың бір тәсілі белгілі бір жұмысты, әлде мерекелік шараны ұйымдастыруға таңданып алынған қауымның қызметі болып табылады. Әрекет етуші болып радиовещание де қызмет жасауы мүмкін.
Тәрбие формалары.
Тәрбие практикасында тәрбие процесінің сыртқы тұлғасы қалыптасқан тәрбие формасы деген ұғым жиі ұшырасады. Тәрбие процесінің нәтижесі көбіне оның ұйымдастыру формаларына байланысты екені анықталады.
Тәрбие формасының әртүрлі классификациясы бар Оқушыларды ұстаған тәрбие процестерінің көлеміне қарай тәрбие формалары индивидуалды, микрогруппаға арналған форма, ұжымдық және көптік болып бөлінеді. Тәрбиеленушілер көбейген сайын тәрбиеленушілердің тәрбие сапасы өседі.
Берілген педагогикалық тапсырмаларға байланысты тәрбие жұмысы үш ке бөлінеді:
1). Оқу процесіндегі басқару және өзін- өзі басқару формасы (жиналыс, митингі, апта жаңғырығы, куратор сағаты т.б);
2). Таным формалары ( экскурсия, саяхат, газеттершығару т.б.);
3). Көңіл көтеру формалары (кеш, КВН және т.б.);
Әрбір тәрбие формасы педагогика процесінің бір ғана тәрбиелік тапсырманы орындап қоймайды. Осылайша көңіл көтерумен тәрбие формалары оқушылырдың интелектуалдық, рухани сай бола келе, оның денсаулығының нығаюына ықпал етуі керек. Бірақ бұл процесс өткізудің, ұйымдастырудың, дайындықтың жүйелі, дұрыс жасауында ғана жүзеге асады.
Негізгі тәрбие процесінің формасы ретінде басқа классификация: сабақ ( лекция, семинар, практика, диспут, саяхат сабақтары); құжаттар (пәндік, техникалық шығармашылық, экономиялық және экономикалық білімдер, өзіндік шығармашылық); қызығушылық тұтастықтары ( фото мен киностудия, интернет-клубтар, мәдениет университеттері, стройотрядтары, спорттық секциялары т.б.).
Тәрбие жұмысындағы ең кең таралған формасы сынып сағаты болып табылады. Бұл тәрбие формасы оқушыны адамгершілік , эстетикалық, құқықтық, әлде басқа тәрбие түрлерін үйрету қажеттілігінен туындаған. Сынып сағатының басты компоненті болып оқушының алдын – ала жоспарланған тақырыбының оқушылырмен бөлісуі болып табылады. Сабақтан тыс қызығушылықтары, оқу процесіндегі жүргізілген жұмыстар болып табылады.
Жиі қарастыратын тәрбие жұмысының бір формасы – жиналыс. Жиналыс оқушының өзін-өзі басқарудың жоғарғы формасы түрінде қарастырады. Жиналыс мәселесі алдын-ала анықталады және талқыланатын сұрақтар саны 1-3 тен аспауы керек. Әрбір сұраққа қатысты доклад оқылып, ол талқыланып, шешім қабылданады. Жиналысты таңдаулы мүше немесе оқушының өзін - өзі басқару ортасының басшысы өткізеді. Талқыланған мәселелер тізбегі мен қабылданған шешім жиналыс протоколына тіркеледі.
Тәрбие технологиясы.
Тәрбие технологиясы - бұл педагогтардың тәрбиелік іскерлігі. Тәрбие технологиясы жобаланған қорытынды мен жетістіктер тәсілінің жоспарымен, сол тәсілдерді моделдеумен, жасалған жоспар мен моделдің жүзеге асырылуымен, басқару іскерлігімен және осы жоспарды орындаушы адамдар тәртібімен байланысты.
Тәрбие технологиясымен жұмыс жасау барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет.
Тәрбие процесі біртұтас және оны бөліктерге ажыратуға болмайды. Тәрбие әсері бірізді-паралельдік түрде емес, комплексті түрде жүзеге асырылады.
Тәрбиелі технологиялық процесті басынан аяғына дейін жеткізу қажеттілігінен қойылған. Аталмыш жағдайда жалпы тәрбие технологиясында сүйенетін индивидуалды шеберлік ескерілуі қажет. Тәрбиелеу технологиясының төңірегінде дамып келе жатқан тұлға жолында кездесетін барлығына ортақ жалпы этаптар кездеседі. Технологиялық шешім қабылдау барысында әрбір тәрбиеші алдын-ала анықталған белгілеріндегі шығармашылық мүмкіндіктері арқылы қорытындысын коррекциялап, бақылау арқылы мақсақа қол жеткізу жолынан өтуге міндетті.
Тәрбие процесінің тұтастық идеясы практикалық технологияда комплекстік тұрғыдан жүзеге асырылады. Комплекстік әдіс формасының ықпалы мен өзара әрекеттің және әдістердің мазмұн, тапсырма, мақсаттың бірлігін білдіреді.
Қазіргі тәрбиелеу технологиясы комплекстік әдістемеге міндетті түрде тіркелген талаптар тұрғысынан келуді көздейді:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағыттағы: сана, сезім, тәртіп арқылы ықпал ету.
2. Тұлғаның өзін-өзін тәрбиелеуі мен сыртқы педагогикалық ықпалдың шектеулі түрде бірігуі арқылы қол жеткізілген оң қорытындылар.
3. Ұжымдық топ, провалық тәртіп-органдары, жанұялар, әдебиет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік институттар мен бірлестіктер тәртібіне қатысты бар барлық күштер кординациясы мен бірлігі.
4. Тұлғалық қасиеттер нақты тәрбиелік жұмыстарының жүйесі арқылы құрылады.
5. Комплекстік әдіс тәрбие процесін және оның басқарылу жүйелілігін көздейді. Өзара байланыс пен сыртқы және ішкі факторлардың тәрбиеге әсері ескерілгенде ғана, басқару нәтижелі болмақ. Басты факторлар қатарына мыналар жатады:
- Берілген қабілеттерінің дамуына оң әсерін немесе кері әсерін тигізетін оқушының қалыптасқан өмір сүру әдісі.
- өмір шарттары
- бұқаралық ақпарат құралдары және пропаганда
- оқушының тұлғалық қасиетіне әсер ететін ұжымның өмір сүру шарттары мен даму деңгейі (тәрбиелік жүиелер, бағалау құндылығы, өнегелік нормалары, психологиялық климат)
- қарым-қатынас нормалары.
- Тәрбиеленушілердің тұлғалық және индивидуалдық ерекшеліктері.
Тұлғаны қалыптастырудағы комплекстік әдісте көрсетілген шарттардың жиынтығы ескерілуі керек. Тұлғаға ықпал еткен жағымды әсер сыртқы шарттардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділілігі, комплекстілілігі мен үздіксіздігі практиканттар қолдануды жөн көретін «тәрбиелік іс» деген ұғымға жақын келеді. Тәрбиелік іс – бұл тәрбиеленушілердің нақты дамуының жүзеге асуы мен ұйымдастыру формасы. Тәрбиелік істің ең басты ерекшеліктері – бұл қажеттілік, пайдалылық және іске асырушылық. Тәрбиелік прцесс тоқтамайтын тәрбиелік істер тізбегінен тұрады.
Тәрбиелік істер ұжымдық , шығармашылық, қасиетке ие бола келіп, « ұжымдық тәрбиелік істер» деп аталады. Егер тәрбиелік істі оқудың жекеленген жүйесі ретінде қарастырар болсақ, онда олар этаппен құрылатындығын байқауға болады:1). Мақсатты болжау (ситуация анализі, тәрбиелік мақсаттардың құрылысы); 2). Жоспарлау ; 3). Ұйымдастыру және дайындық; 4). Әрекеттің орындалуы; 5). Қол жеткізілетін қорытындыларға анализ жасау.
Тәрбиелік мақсат нақты әрекет тапсырмасын анықтайды. Көрнекілік әрекет барысында тәрбиенің жалпы бағыттарының бірімен сай келетін өзекті мәселе дараланады. Мақсаты мен бағытына қарай тәрбиелік істердің көптеген түрлері ажыратылады: әлеуметтік –хабарлаушылық, эстетикалық, танымдық, спорттық, еңбектік т.б. Әлеуметтік- хабарлаушылық деп – қоғамдық белгіленген сапалы тәрбиелеудің басты мақсаты ретінде жұмсалатын тәрбиелік істі атаймыз. Аталмыш бағыттың тәрбиелік ісінің басты мақсаты – қоғамға және тәртіп сақшыларына деген оқушылардың қалыптасуындағы әлеуметтік қатынастағы жүйесі. Тұлғаның өзекті сапаларының мазмұнына, орын алған жағдайға жеке қатынасын таныту арқылы құрылған азаматтық позиция жатады. Тәртіптілік тәрізді тұлғалық қасиет те паралельді түрде құрылады.
Мақсатқа бағытталған және жүйелілік әсер барысында тәрбиелеушінің санасы, сезімі, тәртібінде өнегелік қабілет құрылымы жүзеге асады.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі тапсырмасы болып:
- адамгершілік сана құрылымы
- адамгершілік сезімдердің дамуы мен тәрбиесі
- адамгершілік жүріс-тұрысындағы әдеттер мен қабілетті сараптау
Адамгершілік тәрбие адам санасының қоғам мен байланыстың құрылымын, соған сай өз мінез-құлұын қоғам қызығыушылығымен келістіру қажеттілігін, үлгі идеалдарымен танысуды, қоғамдағы талапты, өнегелік білімнің өнегелік сенімге айналуын, адамгершілік, сезім мен сапа тұрақтылығын, жүріс-тұрыстың жоғары мәдениеттілігімен қамтиды.
Эстетикалық жұмыстар эстетикалық құрылымның өмірге деген қатынасын көрсетеді. Олар: еңбекке, қоғамдық қызметке, табиғатқа, өнерге, мінез-құлыққа машықтандыру. Эстетикалық мәдениеттің басты критериі болып табылады.

Ұжым туралы түсінік.
Ұжым (collectives –лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым – ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Профессионалды білім алу саласында ұжымдық бірлестік үшін маңызды ролді оқушыларға деген нақты талап жүйесі мен олардың жүріс – тұрысын иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған педагог бірінші күннен бастап-ақ барлығына ортақ талап қоюуы тиіс. Бұл талаптардың қойылуы уақытына емес, әрбір педагогтың жалпы ұжымның үздіксіз әреккеті болуға тиіс. Егер оқушыларға мақсатқа бағытталған талапты ұжым емес бір ғана педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ.
Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап – бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі – педагогикалық ұжымның өзіндегі жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр педагогты – жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап шығаруға болады.
Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Әрбір педагог оқушылар ұжымына немесе оның бір мүшесіне қойылатын талаптардың нақтыланған, сарапталған болуы керектігін жақсы біледі. Ал оқушылар болса мұндай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін өте жақсы білуі тиіс. Педагог оқушыдан не талап ету керектігін, ал оқушы өзіне қойылған талаптың қандай екенін түсінгенде ғана ұжымдағы талаптылық бекілген.
Ең мақсаты деп табылатын талаптар қатарына мыналар жатады:
- жалпы талаптар
- теориялық оқу сабағындағы оқушылардың өзін - өзі ұстауына қойылатын талаптар.
- шығармашылық оқудағы оқушыларға қойылатын талаптар.
- Жатаханадағы жүріс- тұрысына қойылатын талаптар.
Аталмыш талаптарды орындау оқушыларға оның мән-мағынасын, мазмұнын, жүйелік дайындығы мен бақылауын түсінуге көмектеседі. Түсіндіру немесе анықтау талаппен жүргізіліп отыру тиіс, оны алмастырудың қажеттігі жоқ . Талаптың міндеті орындалуын талап ете алатын және сол талаптарды категориялық формада ұсынып білетін оқытушылар мен шеберлер ғана мұндай біріккен, ортақ талаптардың орындалуына қол жеткізе алады.
Оқушының бұл талаптарды орындау маңыздылығы мен пеагогтың қатаң талабын түсіну өте қажет. Жүріс – тұрыс ережелерін орындау талабы оқушының бұйрығы түрінде де жүзеге асуы тиіс.
Қойылар талаптардың орындалуына оқушылардың еркін араласуы, яғни оқу орнындағы кезекшілік арқылы тәртіп сақтаулары да үлкен орынды иеленеді. Бұзылған тәртіп ережелері өз уақытында көңіл бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл дифференциалды түрде, жүріс – тұрыс мотивтарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық жағдайлардың бірі болмақ .
Барлық талаптарды орындау жұмыстары тек оларды жүйелі бақылауға алғанда ғана жүзеге асады. Бақылау әсері оның үнемі жүргізіліп отыруына байланысты әрі оқушылар шығарылған қорытындыларды біліп отыруы тиіс.

Ұжымның түрлері.
Кәсіптік мектептегі жұмыстар үшін ұжым және ұжым мүшелерінің құрылымы туралы хабардар болуы маңызды болмақ .
Алғаш ұжым – мұнда тәрбиеленушілер үнемі іскерлік және тұлғааралық өзара әсерде болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және уақытша түрлері бар. Дамыту немесе жетілдіруге қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр түрлі жетілдіру қызметтері (сыныптар, отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана түріне негізделуі (кружоктар, клубтар, секциялар. т.б.); тұрғылықты жері бойынша оның немесе басқа түрлері негізінде ұйымдасқан жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады. Жас ерекшеліктеріне қарай алғашқы ұжым құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай, әр жастағы да болуы мүмкін.

Ұжымды басқару мүшелері.
Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс болып табылады. Оперативті тапсырмалардың орындалуы үшін староста және профорг сайланады. Топтың бас мүшелері осылар болады.
Старостаны жиналыста жақсы оқитын оқушылар қатарынан сайлап, оны оқу орнының директорының рұқсатымен бекітеді. Егер староста өзіне жүктелген қызметті дұрыс орындай алмаса, топ басқа старостаны талап ете алады. Староста оқу ісі меңгерушісінің басшылығында қызмет жасап, оған есеп беріп отырады.
Топ старостасы (топ жетекшісі): мұғалімдерге сабақ өткізуді дайындауға көмектесуге, оқушыларды ішкі тәртіпті сақтаумен қамтуға, тәртіп бұзылған жағдайды топ жиналысында мәлімдеуге, кезекшіні тағайындап, оның өз міндетін атқаруын қадағалауға, топы әр түрлі кружоктар мен спорттық секцияларға қызықтыруға міндетті болып табылады. Профоргпен бірге староста сынып оқушыларының тәрбиесі туралы жиналыс өткізеді.
Белсенді топтардың қарастыратын мәселелері төмендегілер: үлгерімді жоғарылату, нашар оқушыларға көмектесу, экзаменге дайындық, тәртіптің мықтылығы, мәдени шаралар жүргізу т.б.
Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі формада келеді. Олар: индивидуалды және топтық инструтаж, кеңесулер және тәжірибе алмасу семинарлары, т.б. Актив топтармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек: индивидуалды кеңестерді активист жұмыстарын анализдеу; оның топтағы нақты тіркелген жағдайының тапсырмасын анықтау, кеңес рекомендацияларын белсенді қабылданғандығын тексеру , өзі үшін қандай қортыдылар жасады осыны барлығын тексеру. Топ кеңестерінде оқудағы қорытындылар, конференцияға дайындық,, шығармашылық қабілет мәселелері т.б. қаралады.
Белсенді ұйымдастыру – бұл тұтасқан, мықты оқушылар ұжымының ұйымдасуына алғашқы қадам болмақ .Мұндай ұжымдардың әрекеті тәрбиесіне де зор үлесін қосады. Сапалы білім мен тәрбие алудағы басты ролді оқушылардың өздері иеленуі тиіс. Ұжымның жұмысын оның мүшелері жауапкершілікті тек өздері үшін ғана емес жалпы ұжым үшін де сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Ұжымды қалыптастыруда, ұжым мүшелеріне тапсырмалардың дұрыс бөлінуі де маңызды орын иеленеді. Әрбір оқушы өз тапсырмасын орындау барысында топ ісіне өз үлесін қосып отырады. Сондықтан,еңбек тәртібіне, жүріс-тұрыс мәдениетіне, еңбек қауіпсіздігіне дайын өнімді тапсыру мен ОТК –ға жауаптыларды тағайындау керек.
Ұжым уақытша, оқушылық, тәрбиелік бщлып бөлінед.
Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып, берілгені уақыт көлемінде өз қызметн атқарып, өмір сүруін тоқтады.
Бұл ұжым өзінің уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық қарым-қатынас пен уақытша ұжымдағы жұмыс істеу деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл ойлары, қажеттіліктері бір жерден шыққан оқушылар мен оқытушылар тарапынан жүзеге асады.
Профессионалды оқу орнының ұжымы басқа ұжымдардан өзінің оқыту жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің мақсаты тек қана білім алу емес, сондай-ақ қабілеттілік, кей жағдайда тіпті өнімі шығару болып табылады. Аталмыш ұжымға қатынас спецификацияся ондағы оқушылардың жас ерекшеліктерімен және педагогикалық емес ұжым құрылымымен анықталады. Топты басқару өндірістік оқытудың шебері және сынып жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.
Ұжым құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне: ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік және табандылық, іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап қалу шеберлігі жатады.
Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің өзін-өзі тануына, дамытуына зор үлес қосады.
Оқыту ұйымы басқа әлеуметтік ұйымдарда оқитындарға тәрбие әсерін ескере алмайда. Олардың ішінде әншілер, суретшілер, спортшылар т.б. маңызды орынды иеленеді.Ұйымдар өмір сүру уақытымен (уақытша және тұрақты) басқару формасымен
( формалды емес ұйымдар) , кәсіпкерлік мазмұнымен ( қоғамдық – политикалық, потриоттық, танымдық т.б.) классификацияланады. Мұндай шағын ұйымдар оқушылар мен мұғалімдердің бірігіп, жеке экономикалық мәселелерді шешіп отыру үшін құрған топтары. Бос уақытқа арналған ұйымдар оқушылардың сенімділігін , мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен қарым- қатынасын жасау мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі.

Ұжым дамуын басқару.
Оқу орнында педагог пен оқушы алдында тұрған тапсырмаларға барлық оқушы өзінің қатынасын сезінетін қалпын жасауы керек. Бұл жағдайда оқушылардың өз ұжымын басқару басты орынды иеленбек. Өзін басқарудың дамуы әлеуметтік қарым-қатынасты сезінуге көмектеседі.
Өзін- өзі басқаруды түсінудің жаңа әдісі оқушылардың әлеуметтік қалыптасу шарттарының пайда болуын болжайды. Ал бұл ұжымдағы күрделі мәселелерді шешуімен қамтамассыз етеді. Оқушылар осындай күрделі мәселелерді шешуге атсалысу барысында, өмірде кездесетін қиындықты төтеп бере алатын қасиетке ие болады. Басқарушылық проблемаларының шешімін табу позициясы олардың бірлескен іскерлікке деген қатынасына тәуелді болады.
Оқушылардың өзін -өзі басқару – қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін өздігінен жеке шешімдер қабылдауды дамытудағы оқушылар ұжымындағы ұйымның формасы. Өзін -өзі басқару ол оқушылардың таңдау мен алға қойылған мәселелерді өзі шешім қабылдайтын жағдайда ғана пайда болады. Сонымен ұжымның дамуы мен қалыптасуында шешім қабылдау ғана бастау болады.

Қорытынды
Қортынынды шығару, ұжымдық рефлекция ұжым мүшелерінің кезең-кезеңімен ұжымдық қызметтің бірлесе отырып жасауға жаңа мақсат қоюына әкеледі.
Өзін-өзі басқару оқушылардың кез-келген қызметтері түрінде дамыды. Тез дамыған сайын қызығушылар көлемі де кеңейе түседі.
Өзін-өзі басқарудың спецфикалық қызметтерін мақсатты түрде бөлу Соларға өзін-өзі реттеу, ұжымдық өзін - өзі бақылау.
Өзін-өзі активациялау - әртүрлі сферадағы істердің жүйелі орындалуына жііне басқару мәселелерінде шешім қабылдауда мүшелер санын көптеп кірістіруді қарастырады.
Ұйымдастырудың өзін-өзі реттеу - ұжымның өзінің құралын ұйымдастырудың мәселелерін шешуде одан әрі жақсарту үшін және ұйымдастыру қызметтерін шешуде ұжым мүшелерінің табандылығы мен белсенділігі және авторитеті дегенді ұғындырады.
Ұжымдық өзін-өзі бақылау – жеке ұйымдастырушы мен өзін-өзі басқару органдарының өзінің атқаратын іс-шараларына өзін-өзі таңдау, үнемі анализ жасап отыру – басқарудағы мәселелерге қолайлы шешім табуға жол іздеу үшін қолданылады.
Өзін-өзі басқарудың дамуында өндірістік оқыту шеберінің ролі міндетті. Оның оқушыларға олардың мүмкіндіктері мен жауапкершіліктерін түсіндіріп отыру өте маңызды. Шебердің басты мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттырып, іскерлік түрі мен ұйымдастыру формасын таңдауға көмектесу.
Ұжымдағы өзін-өзі басқарудың дамуындағы жетекші факторлардың бірі - бұл оқушылардың іскерлік белсенділігін арттырып қана қоймай, қарсыластық рухпен жігерлендіретін топаралық бақталастық қарым-қатынас. Тек мұндай қарым-қатынастарды барынша адамгершілік құндылықтармен толықтыру керек, бұл оларды адалдыққа баулиды. Педагогтар өзара көмекке бағытталған іскерлікті қолдануы керек.
Барлық оқу орындарындағы ұжымындағы оқушылардың өзін-өзі басқарудағы дамуы топтағы өзін-өзі басқарудағы дамуымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орындарындағы өзін-өзі басқару олардың алға қойған тапсырмаларын орындауға бағытталған. Топ ұжымы өзінің өспелі және тұрақты құрамымен олардың әрқайсысы үшін қоғамдық іскерлікке араласу мүмкіндіктерінжасайды. Сондықтан оқу орындарындағы өзін-өзі басқару топтық ұжымдардың инциативасы мен дербестігін шектемеу керек.
Педагог оқу орындарындағы өзін-өзі басқару қалай жүзеге асыратылатындығын қадағалап отыру тиіс. Бұл үшін білім алушылармен сауалнама жүргізу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Аймауытов Ж .Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 1924.
2. Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесі. Қызылорда, 1929.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы, 1980.
4. Алтынсарин тағылымы. ( Құрастырған М. Жармұхамедов ) Алматы, “ Жазушы ”, 1991.
5. Амонашвили Ж.А. Здрасвствуйте, дети! Москва “ Просвещение ”, 1983.
6. Антология педагогический мысли Казахстана. Алматы, “ Рауан ”, 1995.
7. Ахмедова Ж. Мектеп басқарудың кейбір мәселелері. Алматы, 1973.
8. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1996.
9. Әлмаханова Х. Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1990.
10. Бабанский Ю.К. Педагогика. Москва, “ Просвещение ”, 1988. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Жаңа технологияны қолдануда ақпараттық жүйенің әсері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогикада жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жаңа технологияны қолдануда ақпараттық жүйенің әсері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]